Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін оңайлатылған мемлекеттік реттеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 176 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 наурызда № 10512 тіркелді

Қолданыстағы

      «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін оңайлатылған мемлекеттік реттеу ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде және мерзімдік баспасөз басылымдарында ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін  күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі
      ________________ Ә. Исекешев
      2014 жылғы "____" ______________

Қазақстан Республикасы   
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 176 бұйрығымен бекітілген

Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін
оңайлатылған мемлекеттік реттеу ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін оңайлатылған мемлекеттік реттеу ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеудің оңайлатылған тәртібін айқындайды.
      2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      қуаттылығы аз табиғи монополия субъектіс (бұдан әрі – субъект) – мынадай:
      жиырма Гкал/сағатқа дейін және оны қоса алғанда белгіленген жалпы қуаты бар жылыту қазандықтарынан жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) онымен жабдықтау жөніндегі;
      жылына жүз елу мың текше метрге дейінгі көлемімен сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру;
      көлемі мың вагон/км-ге дейін кірме жолдар саласындағы қызметтерді көрсететін табиғи монополия субъектісі;
      Лондон банкаралық нарығының ставкасы – жылдық пайыз ретінде көрсетілетін пайыздарды есептеу кезеңінің бірінші күніне құны бойынша (немесе пайыздарды төлеу күніне құны бойынша пайыздарды есептеудің бастапқы кезеңі жағдайында не пайыздарды есептеудің осындай кезеңі күні, не пайыздық есептеудің бірінші күні алдындағы келесі күні) алты айлық бір валюталық депозиттер бойынша Лондон банкаралық нарығындағы ұсыныс ставкасы.
      негізсіз алынған табыс – субъектінің уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифтің (бағаның, алым ставкасының) деңгейінен немесе оның шекті деңгейінен асатын құн бойынша төлем алу және (немесе) тарифтік сметада көзделген амортизациялық аударымдар қаражатын мақсатқа сай пайдаланбау, тарифтік сметаның шығын баптарын уәкілетті органның ведомствосы бекіткен мөлшерден бес пайыздан астамға орындамау нәтижесінде алынған қосымша табыс;
      уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      уәкілетті органның ведомствосы – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы;
      тарифті (бағаны, алым ставкасын) бекітуге арналған өтінім – субъектінің уәкілетті органның ведомствосына реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекіту туралы жазбаша өтініші;
      тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлігіне енгізілетін шығындардың түрлерін шектеу – тарифті (бағаны, алым ставкасын) бекіту кезінде ескерілмейтін шығындардың тізбесін анықтау;
      шығыстардың деңгейін шектеу – белгіленген және (немесе) бекітілген нормалар, нормативтер, стандарттар және лимиттер негізінде тарифте (бағада, алым ставкасында) ескерілетін шығындар деңгейінің шегін белгілеу;
      Осы Ережеде пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

2. Реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтерді
(бағаларды, алымдар ставкаларын) бекіту тәртібі

      3. Субъектілер реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын), тарифтік сметаларды өткен күнтізбелік жылдың фактісі бойынша тұтыну бағаларының индексінен аспайтын шамаға жылына бір рет дербес өзгерте алады.
      Тариф (баға, алым ставкасы), тарифтік смета осылайша өзгерген жағдайда субъект уәкілетті органның ведомствосын тарифті (бағаны, алым ставкасын), тарифтік сметаны өзгерту күнінен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей тарифтің (бағаның, алым ставкасының), тарифтік сметаның өзгеру себептерін көрсететін ақпаратты қоса бере отырып хабардар етеді.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайда субъект өзгерткен реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тариф (баға, алым ставкасы), тарифтік смета тиісінше реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тариф (баға, алым ставкасы) және тарифтік смета болып табылады.
      Реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифті (бағаны, алым ставкасын), тарифтік сметаны тұтынушы бағаларының индексінен асатын шамаға өзгерту қажет болған кезде субъект осы Ережеде белгіленген тәртіппен тарифті (бағаны, алым ставкасын), тарифтік сметаны қайта қарау үшін өтініммен уәкілетті органның ведомствосына жүгінеді.
      4. Реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифті (бағаны, алым ставкасын), тарифтік сметаны тұтынушы бағаларының индексінен асатын шамаға өзгерту бойынша өтінімге мыналар қоса беріледі:
      1) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекіту қажеттілігін ашатын және реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша жылдар бөлінісінде тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) соңғы бекіту сәтінен өткен кезең ішіндегі субъектінің қызметіне қаржы-шаруашылық талдауды қамтитын түсіндірме жазба;
      2) осы Ережеге 1-қосымшаға сай нысан бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтік сметаның орындалуы туралы есеп;
      3) осы Ережеге 2-қосымшаға сай нысан бойынша тарифтің (бағаның, алым ставкасының) және тарифтік сметаның жобасы;
      4) қаржылық есептілік;
      5) уәкілетті органның ведомствосы бекіткен:
      нормативтік техникалық ысыраптардың;
      субъектілердің шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының;
      субъект персоналының нормативтік санының болуын растайтын ақпарат;
      6) субъектінің негізгі құралдар құнының өсуіне әкелмейтін ағымдағы және күрделі жөндеуге және басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына бағытталатын шығындардың жылдық сметаларының уәкілетті органның ведомствосымен келісілгенін растайтын ақпарат;
      7) негізгі құралдар құнының өсуіне әкелетін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге бағытталатын шығындардың жылдық сметалары;
      8) негізгі құралдарды пайдалану мерзімдерін көрсете отырып, амортизациялық аударымдардың есебі;
      9) субъект желілерінің (жабдығының) жобалық қуаты және оны іс жүзінде пайдалану туралы деректер;
      10) реттеліп көрсетілетін қызметтердің жоспарлы көлемін растайтын құжаттар (ниет хаттамалары, шарттар);
      11) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу бағасын растайтын құжаттар;
      12) негізгі құралдарды соңғы қайта бағалау нәтижелері туралы мәліметтер.
      10. Өтінімге қоса берілетін материалдарға қойылатын талаптар:
      1) өтінімнің материалдары тігіледі, нөмірленеді, мөрмен және субъект басшысының не оны алмастыратын тұлғаның қолымен расталады. Бұл ретте қаржы құжаттарына субъектінің басшысы және бас бухгалтері не оны алмастыратын тұлға қол қояды әрі субъектінің мөрімен расталады;
      2) материалдар субъект ұсынатын реттеледі көрсетілетін қызметтердің әрбір түріне жеке дайындалады және ағымдағы және өткен күнтізбелік жылдардағы шығындар туралы іс жүзіндегі деректерді қамтиды;
      3) көлемдердің маусымдық ауытқуларының тарифтерге (бағаларға, алым ставкаларына) әсер етуін болдырмау мақсатында негіздемеге қаржы жылына арналған есептердегі деректер қабылданады.
      6. Тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) есептеу кезінде негіз үшін ағымдағы және өткен күнтізбелік жылдардағы реттеліп көрсетілетін қызметтердің іс жүзіндегі көлемдері қабылданады.
      7. Субъектілердің өтінімдерін уәкілетті органның ведомствосы он күнтізбелік күннің ішінде қарайды. Өтінімді қарау мерзімі ол берілген сәттен бастап есептеледі.
      8. Уәкілетті органның ведомствосы субъект ұсынған есептер мен негіздеуші материалдарды талдау негізінде тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) жобаларына сараптама жүргізеді. Уәкілетті органның ведомствосы, сондай-ақ ұқсас қызмет түрімен айналысатын субъектілер қызметінің көрсеткіштеріне салыстырмалы талдау жүргізеді.
      9. Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекіту туралы шешім қабылданғанға дейін бір күннен кешіктірмей уәкілетті органның ведомствосы жария тыңдаулар өткізеді.
      10. Уәкілетті органның ведомствосы құзыретті органдардан, сондай-ақ субъектінің өзінен оны ұсыну мерзімін, бірақ кемінде бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімді көрсете отырып, қосымша ақпарат сұрайды.
      11. Субъект талап етілетін ақпаратты уәкілетті органның ведомствосы белгілеген мерзімде ұсынбаған немесе оларды толық көлемде ұсынбаған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезінде мәлімделген шығындарды ескермейді.
      12. Реттеліп көрсетілетін қызметтердің ұсынылатын көлемдері төмендеген жағдайда төмендеуді растайтын материалдар ұсынылуға тиіс.
      13. Уәкілетті органның ведомствосы өтінімді қарау нәтижелері бойынша субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) бекіту немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды және оларды қолданысқа енгізгенге дейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей субъектіге жолдайды.
      Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағалар, алымдар ставкаларын) бекіту бойынша шешім уәкілетті орган ведомствосының бұйрығымен ресімделеді және субъектілерге жолданады.
      Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекітуден бас тартқан жағдайда уәкілетті органның ведомствосы жазбаша негізделген жауапты субъектіге жолдайды.
      14. Субъектілердің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекіткен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап енгізіледі.
      15. Субъект жаңа тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) бекітілгені туралы ақпаратты оларды қолданысқа енгізгенге дейін кемінде үш күннен кешіктірмей тұтынушының назарына жеткізеді.
      Егер субъект тұтынушыларға жаңа тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) енгізу туралы жоғарыда көрсетілген мерзімде хабарламаған жағдайда көрсетілген тарифтер (бағалар, алым ставкалары) келесі айдың бірінші күнінен бастап енгізіледі.

3. Реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтік сметаны бекіту тәртібі

      16. Тарифтік сметаның көрсеткіштері уәкілетті органның ведомствосы белгілейтін тарифтің (бағаның, алым ставкасының) деңгейін негіздейтін және қалыптастыратын субъект табыстарының және шығыстарының баптары, реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі және субъект қызметінің басқа да экономикалық көрсеткіштері туралы негізгі жиынтық деректер болып табылады. Уәкілетті органның ведомствосы тарифтік сметаны тарифті бекітумен бір мезгілде бекітеді.
      17. Тарифтік сметаны қарау және бекіту кезінде осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген есептеулер мен негіздеуші материалдар пайдаланылады.
      18. Субъект уәкілетті орган ведомствосының талабы бойынша тоқсан қорытындылары бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті ұсынады.
      19. Уәкілетті органның ведомствосы реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті қарау кезінде субъектіден өзге де қажетті ақпаратты сұрайды.

4. Шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібі

      20. Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифке (бағаға, алым ставкасына) енгізілетін шығындарды реттеу тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлігіне енгізілетін шығындардың түрлерін шектеу және субъектінің шығыстар деңгейін шектеу жолымен жүзеге асырылады.
      21. Тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлігі субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынуына байланысты шығындардың жиынтығы болып табылады, олар тарифті (бағаны, алым ставкасын) бекіту кезінде ескеріледі. Осы шығындар реттеліп көрсетілетін қызметтің өзіндік құнынан және кезең шығыстарынан (жалпы және әкімшілік шығыстар, өткізу жөніндегі шығыстар) тұрады.
      22. Тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлігіне мыналар енгізіледі:
      1) уәкілетті органның ведомствосы бекіткен субъектілердің шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларына және сатып алу нәтижелері бойынша айқындалған материалдық ресурстардың бағаларына сүйене отырып айқындалатын материалдық шығыстар;
      2) жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына және осы іс-шараларды өткізу қажеттілігінің құжатты растауы болған кезде негізгі өндірістік қорларды жұмыс істейтін күйде ұстауға арналған шығыстар;
      3) сатып алынған қызметтерге және жұмыстарға шығыстар;
      4) нормативтік техникалық ысыраптарға байланысты шығыстар;
      5) міндетті сақтандыру түрлеріне, салықтарға, алымдар мен төлемдерге шығыстар;
      6) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарында көзделген тұтыну бағалары индексінің болжанып отырған өзгерісін ескере отырып, қолданыстағы тарифтерде (бағаларда, алымдар ставкаларында) қабылданған іс жүзіндегі, бірақ субъект персоналының нормативтік санынан және орташа айлық жалақыдан аспайтын санға сүйене отырып айқындалатын өндірістік персоналға еңбекақы төлеуге шығыстар;
      7) шығындарға енгізілетін әкімшілік персоналға еңбекақы төлеуге шығыстар іс жүзіндегі, бірақ субъект персоналының нормативтік санынан аспайтын санға сүйене отырып айқындалады, бұл ретте жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар болып табылатын табиғи монополиялар субъектілерінің әкімшілік персоналының басшы қызметкерлеріне және олармен аффилирленген тұлғаларға еңбекақы төлеудің шекті деңгейі уәкілетті органның ведомствосымен келісіледі.
      Уәкілетті органның ведомствосы қызметтің ұқсас түрімен айналысатын субъектілерге еңбекақы төлеуге арналған шығындарға салыстырмалы талдаудың негізінде тарифке (бағаға, алым ставкасына) енгізілетін әкімшілік және (немесе) өндірістік персоналға еңбекақы төлеуге шығыстардың деңгейін қарайды, сондай-ақ субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтері көлемдерінің серпінін назарға алады;
      8) еңбек заңнамасына сәйкес еңбекақы төлеу жүйесінде көзделген еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар мен үстемеақылар төлеуге байланысты шығыстар;
      9) тік желілік (біркелкі) есептеу әдісі бойынша есептелген негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің амортизациялық аударымдары, бұл ретте субъект қайта бағалау жүргізгеннен кейін амортизациялық аударымдардың ұлғаюы тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлігіне кезең-кезеңмен енгізіледі;
      10) қоршаған ортаны ластағаны үшін және табиғи ресурстарды пайдаланғаны, қорғау және ұдайы өсіру үшін төлемдерге байланысты шығыстар;
      11) субъектінің инвестициялық жобасын іске асыруға қарыз қаражаты үшін сыйақылар төлеуге шығыстар.
      Инвестициялық жобаны іске асыру үшін ұлттық валютада алынған қарыз қаражаты бойынша сыйақы төлеуге шығыстар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың екі еселік ресми ставкасын қолданып есептелген сома шегінде тарифті (бағаны, алым ставкасын) есептеу кезінде ескеріледі.
      Инвестициялық жобаны іске асыру үшін шетел валютасында алынған қарыз қаражаты бойынша сыйақы төлеуге шығыстар Лондон банкаралық нарығының төрт еселік ставкасын қолданып есептелген сома шегінде тарифті (бағаны, алым ставкасын) есептеу кезінде ескеріледі.
      Шетелдік валютада алынған қарыз қаражаты үшін сыйақы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарының негізгі көрсеткіштері және Қазақстан Республикасының республикалық бюджетінің болжамды көрсеткіштері негізінде шетелдік валютаға теңге бағамының болжамды өзгеруін ескеріп, тарифтің (бағаның, ставкасының) шығын бөлігіндегі кезең шығыстарында ескеріледі.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасы субъектінің өтінім берген күніне қолданылады;
      12) уәкілетті орган ведомствосының бастамасы бойынша тарифті (бағаны, алым ставкасын) бекіткен жағдайда тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) өзгеруінің атындағы кезеңдегі тұтыну бағаларының индексін ескере отырып, қолданыстағы тарифтерде (бағаларда, алымдар ставкаларында) қабылданған шығыстар шегіндегі жалпы шаруашылық және әкімшілік мақсаттағы шығыстар.
      Уәкілетті органның ведомствосы тарифке (бағаға, алым ставкасына) енгізілетін салықтарды қоспағанда, субъектінің әкімшілік шығындарының іс жүзіндегі құрамына жүргізілген қаржылық сараптама нәтижелері бойынша не реттеліп көрсетілетін қызметтерді іске асыру көлемдері төмендеген және субъектілер қызметінің тиімділігі төмендеген кезде (реттеліп көрсетілетін қызметтің бірлігінің өзіндік құнының ұлғаюы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемдерінің азаюы, кредиторлық және дебиторлық берешектің өсуі) жалпы шаруашылық және әкімшілік мақсаттағы шығыстар сомасының өзгеруін қарайды.
      23. Мемлекеттік бюджет қаражатынан субъектіге бөлінетін субсидиялар тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлігін кемітуге ескеріледі, ал су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелері саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектіге оны ұсыну кезеңінде қолданылатын мемлекеттік субсидиялауды ескере отырып жеке тариф (баға, алым ставкасы) белгіленеді.
      24. Тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлігіне енгізілмейтін жалақыға қоса берілетін сыйлықақыларға және сыйақылардың басқа түрлеріне шығыстарды субъект (мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда) таза табыстан (іс жүзіндегі пайдадан) жүзеге асыра алады.
      25. Инвестицияларды субъектілер өз қаражаты және (немесе) қарыз қаражаты есебінен жүзеге асыруы мүмкін. Кәсіпорынның өз қаражатының көздері пайда (таза табыс) және амортизациялық аударымдар болып табылады.
      Қарыз қаражатын қайтару пайда және (немесе) амортизациялық аударымдар есебінен жүзеге асырылады.
      26. Акцияларды (үлестерді) сатып алу, сондай-ақ субъектінің коммерциялық ұйымдарға қатысуының өзге нысандары уәкілетті орган ведомствосының келісімі бойынша субъектінің таза табысының (іс жүзіндегі пайдасының) есебінен жүзеге асырылады.
      27. Субъектілердің тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) қалыптастыру және бекіту кезінде тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлігінде мыналар ескерілмейді:
      1) нормативтен тыс техникалық және коммерциялық ысыраптарға, тауар-материалдық құндылықтардың және қоймадағы қорлардың бұзылуына және жетіспеушілігіне, басқа өндірілмейтін шығыстар мен ысыраптарға шығыстар;
      2) реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсеткен, ұсынған кезде пайдаланылмайтын негізгі құралдардың амортизациялық аударымдары;
      3) сенімгерлік басқаруға, мүліктік жалға, лизинг бойынша алынған негізгі құралдарды (жалпы шаруашылық мақсаттағы негізгі құралдардан басқа) пайдаланғаны үшін жалдау ақысына және/немесе сыйақылар төлеуге шығыстар;
      4) ластайтын заттардың нормативтен тыс шығарындыларына (тастандыларына) төлемдер;
      5) сот шығындары;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен салынған айыппұлдар, өсімақылар, тұрақсыздық айыбы және санкциялардың басқа да түрлері;
      7) ұрлықтан болған залалдар;
      8) сапасыз өнімді өндіруден (атаудан) болған шығындар;
      9) қызмет көрсететін өндірістер мен шаруашылықтарды ұстауға шығыстар;
      10) денсаулық сақтау объектілерін, мектепке дейінгі балалар мекемелерін, оқу орындарын, технологиялық қажеттіліктен басқа, құзыретті органмен келісілген кәсіптік-техникалық училищелерді ұстауға шығыстар;
      11) сауықтыру лагерьлерін, мәдениет және спорт объектілерін, тұрғын үй қорын ұстауға шығыстар;
      12) мәдени-ағарту, сауықтыру және спорттық іс-шараларды (демалыс кештерін, спектакльдер, концерттер өткізу) өткізуге шығыстар;
      13) кәсіпорындар қызметкерлеріне тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, бақша үйлерін сатып алуға және үй шаруашылығымен айналысуға берілген несиелерді (пайызсыздарды қоса алғанда) өтеуге шығыстар;
      14) бақша серіктестіктерін абаттандыруға (оның ішінде жол салу, энергиямен және сумен жабдықтау, жалпы сипаттағы басқа да шығыстарды жүзеге асыру) шығыстар;
      15) дәрістер, көрмелер, диспуттар, ғылым және өнер қайраткерлерімен кездесулер, ғылыми-техникалық конференциялар өткізуге және ұйымдастыруға, қоғамдық ұйымдар мен қауымдастықтарға мүшелік жарналарға шығыстар;
      16) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарнамаға, өндірістік мақсатта пайдаланылатын өнімдерді қоспағанда, жарнамалық, плакаттық және типографиялық өнімдер шығаруға шығыстар;
      17) субъектінің персоналы үшін пәтерлерді, тұрғын ғимараттарды және құрылыстарды, жатақханалардан және қонақ үйлерден орын сатып алуға, жалдауға және ұстауға шығыстар;
      18) қаланы абаттандыру, ауыл шаруашылығына көмек көрсету жөніндегі жұмыстарды орындауға және жұмыстың осындай ұқсас түрлеріне шығыстар;
      19) білім беру ұйымдарында оқитын қызметкерлердің демалыстарына ақы төлеуге шығыстар;
      20) сыйлықақы және басқа да сыйақы нысандарын беруге шығыстар;
      21) кәсіптік ауруларды оңалтып емдеуге байланысты шығындардан басқа, субъектінің қаражаты есебінен қызметкерлерді және олардың балаларын емдеуге, демалуға, экскурсияға жолдамаларды төлеуге шығыстар;
      22) өз қызметкерлеріне медициналық көмек беруге денсаулық сақтау органдарымен жасалған шарттар бойынша емханалардың қызметтеріне ақы төлеуге шығыстар;
      23) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген міндетті сақтандыру төлемдерін қоспағанда, сақтандыру төлемдері (кәсіпорындардың өз қызметкерлерінің пайдасына жасалған жеке және мүліктік сақтандыру шарттары бойынша кәсіпорындар төлейтін жарналар);
      24) қызметкерлерге қосымша берілген демалыстарға (заңнамада көзделгеннен тыс) ақы төлеуге, оның ішінде бала тәрбиелеп отырған әйелдерге, қызметкердің отбасы мүшелеріне демалысты пайдаланатын жерге бару және қайту жолына ақы төлеуге шығыстар;
      25) демеушілік көмектің барлық түрлерін көрсетуге шығыстар;
      26) заңнамада көзделгеннен басқа, субъектінің қызметкерлеріне жеңілдіктер;
      27) мерейтойлар күніне арналған немесе қызметкерлерге көтермелеу түрінде берілетін сыйлықтар (автомашиналарды, пәтерлерді, ұзақ пайдаланатын заттарды және басқа тауарларды, сондай-ақ қызметкерлердің жеке шоттарының пайыздық ставкасын көбейтуді қоса алғанда) сатып алуға шығыстар;
      28) мектепке дейінгі мекемелердегі, санаторийлердегі және сауықтыру лагерьлеріндегі балаларды тамақтандыру құнын өтеуге шығыстар;
      29) ұжымдық шартпен айқындалған мақсаттарға кәсіподақтарға арналған аударымдар;
      30) өндірісті өнертапқыштыққа және рационализаторлыққа: тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды жүргізуге, өнертабыс және рационализаторлық ұсыныстар бойынша модельдер мен үлгілерді дайындауға және сынауға, өнертапқыштық және оңтайландыру бойынша көрмелер, байқаулар, конкурстар және басқа да іс-шаралар ұйымдастыруға, авторлық сыйақыларды төлеуге байланысты шығыстар;
      31) реттеліп көрсетілетін қызметтерді өндіруге және көрсетуге тікелей қатысы жоқ және тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) өсуіне әкелетін шығыстардың басқа да түрлері.

Қуаттылығы аз табиғи    
монополиялар субъектілерінің
қызметін оңайлатылған   
мемлекеттік реттеу ережесіне
1-қосымша         

Нысан

_____________________________________________________________________
                        (субъектінің атауы)

_________________________жылға арналған Реттеліп көрсетілетін қызметтеріне ____________________
тарифтік сметаның орындалуы туралы есеп

Р/с

Тарифтік смета көрсеткіштерінің атауы

Өлшем бірлігі

Бекітілген тарифтік сметада көзделгені

Тарифтік сметаның іс жүзінде қалыптасқан көрсеткіштері

Ауытқу %-бен

Ауытқу
себептері





























Қуаттылығы аз табиғи    
монополиялар субъектілерінің
қызметін оңайлатылған   
мемлекеттік реттеу ережесіне
2-қосымша         

Нысан

_____________________________________________________________________
                          (субъектінің атауы)

Реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтік смета

Р/с

Көрсеткіштердің атауы*

Өлшем бірлігі

Қолданыстағы тарифте бір жылға арналған есептемемен қабылданғаны, барлығы

Табиғи монополия субъектісінің жобасы

1

2

3

4

5

1

Тауарлар өндіруге және қызметтер көрсетуге жұмсалатын шығындар, барлығы

мың теңге



1

Материалдық шығындар, барлығы

-//-




оның ішінде:




1.1

шикізат және материалдар

-//-



1.2

энергия

-//-



1.3

ЖЖМ

-//-



1.4

отын

-//-



1.5

сатып алынатын энергия

-//-



1.6

сатып алынатын су

-//-



2

су шаруашылығы және кәріз жүйелері электр энергиясының технологиялық шығысы (нормативтік ысыраптар)

-//-



3

Еңбекақы төлеу шығындары, барлығы

-//-




оның ішінде:




3.1

жалақы

-//-



3.2

әлеуметтік салық

-//-



4

Амортизация

-//-



5

Жөндеу, барлығы

-//-




оның ішінде:




5.1

негізгі құралдардың құнын ұлғайтуға алып келмейтін күрделі жөндеу

-//-



6

Өзге шығындар, барлығы

-//-




оның ішінде:




6.1

байланыс қызметтері

-//-



6.2

жүктерді бөгде ұйымдардың тасымалдауы

-//-



6.3

күзет қызметтері

-//-



6.4

іссапар шығыстары

-//-



6.5

кадрлар даярлау

-//-



6.6

еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі

-//-



6.7

табиғи ресурстарды (суды және басқаларын) пайдаланғаны үшін төлемақы

-//-



6.8

іске қосу-реттеу жұмыстары

-//-



6.9

өндірістік үй-жайларды дезинфекциялау, дератизациялау, қоқыс шығару және басқа да коммуналдық қызметтер

-//-



6.10

міндетті сақтандыру түрлері

-//-



6.11

лицензияларды сатып алу

-//-



6.12

қоршаған ортаны қорғау

-//-



6.13

басқа да шығындар (толық жазу қажет)

-//-



II

Кезең шығыстары, барлығы

-//-



7.

Жалпы және әкімшілік шығыстар, барлығы

-//-



7.1

Еңбекақы төлеу шығындары, барлығы

-//-




оның ішінде:




7.1.1

әкімшілік персоналдың жалақысы

-//-



7.1.2

әлеуметтік салық

-//-



7.2

банк қызметтері

-//-



7.3

амортизация

-//-



7.4

техникалық басқару құралдарын, есептеу техникасын және т.б. ұстауға және оларға қызмет көрсетуге жұмсалатын шығыстар

-//-



7.5

коммуналдық қызметтер

-//-



7.6

бөгде ұйымдардың қызметтері

-//-



7.7

іссапар шығыстары

-//-



7.8

өкілдік шығыстар, мерзімді баспасөзге, байланысқа жұмсалатын шығыстар

-//-



7.9

еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі

-//-



7.10

жалпы шаруашылық мақсаттағы негізгі құралдарды жалдау

-//-



7.11

салықтар

-//-



7.12

басқа да шығыстар (толық жазу қажет)

-//-



8

Өткізу қызметін ұстауға жұмсалатын шығыстар, барлығы

-//-




оның ішінде:




8.1

жалақы

-//-



8.2

әлеуметтік салық

-//-



8.3

түбіртектерді ресімдеуге жұмсалатын шығыстар

-//-



8.4

қызметтерді өткізуге байланысты амортизация (оның ішінде су өлшегіштердің)

-//-



8.5

ағымдағы жөндеу

-//-



8.6

негізгі құралдардың құнын ұлғайтуға алып келмейтін күрделі жөндеу

-//-



8.7

маркетингтік қызметтер

-//-



8.8

басқа да шығыстар (толық жазу қажет)

-//-



9

Сыйақылар төлеуге жұмсалатын шығыстар

-//-



III

Шығындардың барлығы

-//-



IV

Пайда

-//-



V

Кірістердің барлығы

-//-



VI

Көрсетілетін қызметтердің көлемі

мың м3, мың Гкал, кВтсағ



VII

Номрмативтік ысыраптар

мың м3/мың теңге мың Гкал/мың теңге кВтсағ/мың теңге



VIII

Тариф (ҚҚС-сыз)

мың м3, мың Гкал, кВтсағ



Басшы ______________________________________________________
               (лауазымы, қолы, тегі және аты-жөні)

      М.О

*- шығындар қыжет болған кезде кеңейтілуі немесе толықтырылуы