«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде және мерзімдік баспасөз басылымдарында ресми жариялауды;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Е. Досаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
____________А. Мамытбеков
201__жылғы «__» _________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
______________Ә. Исекешев
201___жылғы «__»_________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
_______________В. Школьник
201___жылғы «__»_________
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 186 бұйрығымен бекітілген
Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесі
1. Мұнай және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыр жолдары арқылы тасымалдау саласында:
мұнайды магистральдық құбыр жолдары арқылы тасымалдау жөніндегі қызмет:
бірыңғай бағыттау бойынша операторлық қызмет;
мұнайды магистральдық құбыр жолының жүйесі арқылы қайта айдау;
мұнайды темір жол цистерналарынан құйып алу;
мұнайды темір жол цистерналарына құю;
мұнайды танкерлерге құю;
мұнайды автоцистерналардан құйып алу;
мұнайды автоцистерналарға құю;
мұнайды сақтау;
мұнайды ауыстырып құю;
мұнайды араластыру.
2. Тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбыржолдары және (немесе) газ таратушы жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбыржолдары арқылы тасымалдау саласында:
тауарлық газды жалғастырушы газ құбыржолдары арқылы тасымалдау;
тауарлық газды магистральдық газ құбыржолдары арқылы тасымалдау;
тауарлық газды Қазақстан Республикасының тұтынушылары үшін газ таратушы жүйелері арқылы тасымалдау;
сұйытылған газды топтық резервуарлық қондырғыдан тұтынушыны қосатын кранға дейін газ құбыржолдары арқылы тасымалдау;
тауарлық газды сақтау;
шикі газды жалғастырушы газ құбыржолдары арқылы тасымалдау.
3. Электр энергиясын беру және (немесе) бөлу саласында:
электр энергиясын беру және (немесе) бөлу.
4. Жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау саласында:
жылу энергиясын өндіру;
жылу энергиясын беру және бөлу;
жылу энергиясымен жабдықтау;
жылу энергиясын өндіру, беру және бөлу;
жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау.
5. Электр энергиясын желіге босатуды және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру саласында:
электр энергиясын желіге босатуды және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру.
6. Электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру саласында:
электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру.
7. Магистральдық темір жол желілері саласында:
магистральдық темір жол желісін пайдалануға беру;
жылжымалы құрамды магистральдық темір жол желісі арқылы өткізуді ұйымдастыру;
магистральдық темір жол желісін пайдалануға беру және ол арқылы жылжымалы құрамды өткізуді ұйымдастыру.
8. Концессия шарттары бойынша темір жол көлігі объектілері бар темір жолдар қызметін көрсету саласында:
бәсекелес темір жол болмаған жағдайда, концессия шарттары бойынша темір жол көлігі объектілері бар темір жолдарды пайдалануға беру.
9. Кірме жолдар саласында:
бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда, жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды беру;
бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда маневр жұмыстары, тиеу-түсіру, тасымалдау процесінің басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолды беру.
10. Аэронавигация саласында:
халықаралық ұшуды жүзеге асыратын әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының әуе кеңестігіндегі әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету;
халықаралық ұшуды жүзеге асыратын әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, әуеайлақ маңындағы әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету.
11. Порттар, әуежайлар саласында:
теңіз портының қызметтері:
кейіннен порттан шығып жүк операцияларын жүргізу және/немесе өзге мақсаттар үшін кеменің теңіз портына кіргені үшін (кеменің кіруі) қызметтер;
әуежайлардың қызметтері:
Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңестігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, әуе кемесінің ұшуы мен қонуын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңестігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңестігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, қонатын әуежайда өңдеуге (тиеуге және/немесе түсіруге) жататын жүктер (почталар) болған жағдайда, жолаушылар тасымалдайтын әуе кемесіне қонғаннан кейін үш сағаттан және жүк тасымалдайтын және жүк-жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінің сертификатталған үлгілері үшін алты сағаттан астам тұрақ орнын беру;
әуе кемесіне базалық әуеайлақта тұрақ орнын беру;
жолаушыларды тіркеуге арналған жұмыс орнын (алаңын) беру.
12. Қызметтің осы түрлерін ұсынудың технологиялық мүмкін болмауы не экономикалық орынсыздығы себебінен бәсекелес байланыс операторы болмауы шартымен телекоммуникациялар саласында:
жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялар желісіне ІР-телефония (Интернет-телефония) операторларының жабдықтарын (қолжетімділік тораптарын) қалааралық деңгейде қосу;
13. Телекоммуникация желілерін жалпы пайдаланудағы телекоммуникация желісіне қосуға технологиялық жағынан байланысты кәбілдік кәріздер мен өзге де негізгі құралдарды мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру жөніндегі салада:
телефон кәрізін пайдалануға беру.
14. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында:
сумен жабдықтау қызметтері:
суды магистральдық құбыржолдары арқылы беру;
суды таратушы желілер арқылы беру;
суды арналар арқылы беру;
гидротехникалық сүйеу құрылыстарының көмегімен жер үстіндегі ағынды суды реттеу;
су бұру қызметтері:
сарқынды суларды бұру;
сарқынды суларды тазарту.
15. Почта байланысы қызметтері саласында:
почта байланысының әмбебап қызметтері:
жай хаттарды жіберу;
жай почта карточкаларын жіберу;
жай бандерольдерді жіберу.