Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және оны түзету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 194 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 наурызда № 10459 тіркелді

Қолданыстағы

      «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-3-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және оны түзету қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде және мерзімдік баспасөз басылымдарында ресми жариялауды;
      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Е. Досаев

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
______________ А. Мамытбеков
2015 жылғы 12 ақпан


«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
______________ Ә. Исекешев
2015 жылғы 29 қаңтар

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
______________ В. Школьник
2015 жылғы 16 қаңтар



Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 194 бұйрығымен бекітілген

Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын
(жобасын) бекіту және оны түзету қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және оны түзету қағидалары «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.
      2. Табиғи монополия субъектісінің (бұдан әрі – субъект) инвестициялық бағдарламасы (жобасы) Қазақстан Республикасы дамуының басымдықтарын және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін ескере отырып, тиісті кезеңге жүйелерді қалпына келтірудің, реконструкциялаудың, жаңғыртудың салалық және жергілікті бағдарламаларының бекітілген көрсеткіштері мен индикаторларына қол жеткізу үшін әзірленеді және жаңа активтерді құруға, қолда бар активтерді кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға, реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға бағытталған.
      Бекітілген инвестициялық бағдарламада (жобада) көзделген субъектінің негізгі құралдарына салымдар көлемі реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) тарифтерінің (бағалардың, алым мөлшерлемелерінің) шекті өсу болжамын ағымдағы кезеңге және ұзақ мерзімді перспективаға есептеу кезінде ескеріледі.
      3. Cубъектінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) іске асыру Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 тіркелген) Шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібінің (бұдан әрі – Ерекше тәртіп) талаптарына сәйкес қалыптастырылған тарифтік сметаға сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Субъектінің инвестициялық бағдарламасы (жобасы):
      1) іске асыру мерзімдері бойынша – қысқа мерзімді (1 жылға дейін қоса алғанда), орташа мерзімді (1 жылдан астам және 4 жылға дейін қоса алғанда) немесе ұзақ мерзімді (5 жыл және одан көп);
      2) мәртебесі бойынша – республикалық және жергілікті;
      3) іс-қимылдардың бағыттылығы бойынша – бiр немесе бiрнеше инвестициялық жобаларды қамтитын, техникалық-экономикалық тиiмдiлiк алу мақсатында қысқа мерзiмдi, орташа мерзiмдi немесе ұзақ мерзiмдi кезеңге арналған субъектінің жаңа активтерін жасауға, қолда бар активтерді кеңейтуге, қалпына келтiруге, жаңартуға, қолдауға, негiзгi құралдарын реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға инвестициялар болып бөлінеді.
      5. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) болжамды тарифтік смета – инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асырудың әрбір жылына тарифтік смета;
      Өңірлік электр желілік компаниялар үшін болжамды тарифтік сметалар ретінде табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамада белгіленген нысан бойынша ресімделген өңірлік электр желілік компаниялардың желілері бойынша электр энергиясын беру және тарату жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне жүргізілген салыстырмалы талдау нәтижелері туралы ақпарат қолданылады.
      2) инвестициялық бағдарлама – бiр немесе бiрнеше инвестициялық жобаларды қамтитын, техникалық-экономикалық тиiмдiлiк алу мақсатында қысқа мерзімді, орташа мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезеңге арналған субъектінің жаңа активтерді жасауға, қолда бар активтерді кеңейтуге, қалпына келтiруге, жаңартуға, қолдауға, негiзгi құралдарын реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға жұмсалған қаражатты салу және қайтару бағдарламасы;
      3) инвестициялық жоба – жаңа өндiрiстердi құруға, қолданыстағыларын кеңейтуге және жаңартуға инвестицияларды көздейтiн iс-шаралар кешенi;
      4) мемлекеттік орган – мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясында) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган. Табиғи монополия субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумағында реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін субъектінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) келісуді жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады;
      5) тарифтік кіріс – субъектінің уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифтер (бағалар, алым мөлшерлемелері) бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсетуден алған кірісі;
      6) уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
      7) уәкілетті органның ведомствосы – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті.

2. Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қарау және бекіту тәртібі

      6. Субъектінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) осы тармақтың екiншi бөлiгінде көрсетiлген жағдайды қоспағанда, уәкiлеттi органның ведомствосы мемлекеттiк органмен бiрлесiп бекiтедi.
      Субъектілердің Мемлекеттiк тiркелiмiнiң жергiлiктi бөлiмiне енгiзiлген әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумағында реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін субъектінің инвестициялық бағдарламасы (жобасы) жергілікті атқарушы органмен келісіледі және оны уәкілетті органның ведомствосы бекітеді.
      7. Субъекті инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту үшін уәкілетті органның ведомствосына мыналарды:
      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын);
      2) қаржылық және техникалық сараптамалар қорытындыларын;
      3) мыналарды көздейтін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысанда табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасы (жобасы) тиімділігінің көрсеткіштерін, оның ішінде іске асырылатын технологиялық және техникалық іс-шаралардың тізбесін, оның ішінде технологиялық процесті және коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған басқару жүйелерін (олар болған кезде) көрсете отырып, инвестициялық бағдарлама (жоба) тиімділігінің есебін;
      4) баға деңгейлерінің салыстырмалы талдауын қоса бере отырып, сатып алынатын негізгі құралдарды, құрылыс-монтаж жұмыстарының құнын көрсете отырып, инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыруға арналған инвестициялық шығындар туралы ақпаратты;
      5) болжамды мөлшерді және алдын ала қаржыландырудың шарттарын растайтын құжаттарды, оның ішінде қарыз ресурстарын (қарыз қаражаттары бойынша сыйақы, қаржыландыру кезеңі, комиссиялық төлем ақылар, қарыз қаражаттарын қайтару мерзімдері мен шарттары);
      6) негізгі құралдар құнына жүргізілген қайта бағалау нәтижелерін (ол болған кезде);
      7) егер инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру үшін республикалық, жергілікті бюджеттерден қаражат бөлінетін немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігімен кредиттер (инвестициялар) тартылатын болса, оны қаржыландырудың мөлшері мен шарттарын растайтын құжаттарды;
      8) егер субъекті инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру үшін қарыз қаражаттарын тартуды жоспарламаған жағдайда, қарыз қаражаттарын (оның ішінде шығындарды, нормативтік ысыраптарды одан әрі төмендету мүмкін еместігін растай отырып) пайдаланбаудың экономикалық тиімділік есебін;
      9) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру әсерін ескере отырып, болжанған тарифтік сметаны;
      10) жүргізілген энергетикалық сараптама (оны жүргізген жағдайда) нәтижелерін қоса бере отырып, өтінім береді.
      Инвестициялық бағдарламаға (жобаға) қоса берілетін құжаттар тігіледі, нөмірленеді және субъекті басшысының мөрімен және қолымен расталады. Қаржылық құжаттарға субъектінің басшысы және бас бухгалтері не оларды алмастыратын адамдар қол қояды және субъектінің мөрімен расталады.
      Нормативтік техникалық ысыраптарды жоспарланған төмендету есебі жөніндегі талаптары темір жол көлігі объектілерімен, темір жолдары кірме жолдары, аэронавигация, порттар, әуежайлар, магистральдық темір жол желілері салаларында қызмет көрсететін субъектілерге таратылмайды.
      8. Инвестициялық бағдарламаның (жобаның) бюджетін жоспарлау және жасау Ерекше тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
      9. Инвестициялық бағдарлама (жоба) мынадай критерийлерді ескеретін іс-шараларды сақтай отырып әзірленеді:
      1) салалық және өндірістік ерекшеліктерге қарай шикізат, материалдар, отын, энергия шығыстарын төмендету;
      2) қаржылық-экономикалық тәуекелдерді барынша азайту;
      3) субъекті әзірлеген және іске асыратын іс-шаралар жоспарына негізделген нормативтік ысыраптар болған жағдайда оларды төмендету және (немесе) нормативтен тыс ысыраптарды жою;
      4) қарыз қаражаттарын пайдаланған жағдайда қарызға беру және қарыз қаражаттарын қайтару схемаларын оңтайландыру;
      5) ұсынылатын реттелiп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемін ұлғайту және/немесе сапасын арттыру;
      6) технологиялық процестерді басқару және энергияны есепке алудың коммерциялық аспабының автоматтандырылған жүйесін енгізу (оларды енгізу қажет болған жағдайда);
      7) субъектінің реттелiп көрсетiлетiн қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушылардың дебиторлық берешегі болған жағдайда, оның деңгейін төмендету бойынша кешенді іс-шаралар;
      8) негізгі кұралдардың тозуын төмендету;
      9) реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсетудің барлық кезеңдеріне есептеу аспаптарының технологиялық ерекшеліктеріне байланысты орнату.
      10. Уәкілетті органның ведомствосы инвестициялық бағдарламаны (жобаны) оны уәкілетті органның ведомствосына енгізген сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.
      Уәкілетті органның ведомствосы инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуге өтінімді алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде субъектіні оны қарауға қабылдау немесе:
      1) субъектінің осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын ұсынбауы;
      2) субъектінің осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынбауы;
      3) ұсынылған инвестициялық бағдарламаның (жобаның) осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген критерийлерге сәйкес келмеу жағдайларында инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қабылдаудан бас тарту туралы жазбаша хабардар етеді.
      11. Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қарау кезінде уәкілетті органның ведомствосы оны іске асыру кезеңінде тарифтерге (бағаларға, алым мөлшерлемелеріне) әсерін айқындау мақсатында тиімділікке экономикалық және қаржылық бағалау жүргізеді.
      Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қарау нәтижелері бойынша уәкілетті органның ведомствосы мемлекеттік органға инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қоса бере отырып, инвестициялық бағдарлама (жоба) туралы қол қойылған шешім жобасын жолдайды не дәлелді қорытындыны қоса бере отырып, субъектіні инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуден бас тарту туралы хабардар етеді.
      12. Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы шешім жобасы субъекті ұсынған немесе уәкілетті органның ведомствосы түзеткен инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуді көздейді.
      13. Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы шешімнің жобасы ұсынылған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде мемлекеттік орган уәкілетті органның ведомствосына инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы қол қойылған шешімді жібереді не субъектіні инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қоса бере отырып, инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы шешімнің жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттігі туралы хабардар етеді не дәлелді қорытындыны қоса бере отырып, инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуден бас тарту туралы хабардар етеді.
      14. Мемлекеттік органның дәлелді қорытындысы болған кезде уәкілетті органның ведомствосы субъектіге инвестициялық бағдарламаны (жобаны) пысықтауға қайтарады.
      Субъекті енгізілген дәлелді қорытындыны ескере отырып, инвестициялық бағдарламаны пысықтайды және оны уәкілетті органның ведомствосына қайта қарауға жолдайды.
      Субъектінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) қайта қарауды уәкілетті органның ведомствосы мен мемлекеттік орган осы Қағидалардың 1013-тармақтарында көрсетілген мерзімде жүзеге асырады.
      15. Субъектінің инвестициялық бағдарламасы (жобасы) осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, уәкілетті органның ведомствосының және мемлекеттік органның бірлескен бұйрығымен бекітіледі.
      Субъектілердің Мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумағында реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін субъектінің инвестициялық бағдарламасы (жобасы) нөмірленуге және сол жақ жоғарғы бұрышында «Келісілген», ал оң жақ жоғарғы бұрышында қабылдаған күні тіркеу нөмірі көрсетілген «Бекітілген» деген белгісімен мазмұны бар бірінші парақ мөрмен расталған болуы тиіс.
      16. Субъектінің бекітілген инвестициялық бағдарламасын (жобасын) уәкілетті органның ведомствосы мен тиісті мемлекеттік орган өздерінің интернет-ресурстарына орналастырады.
      17. Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуден бас тартуға негіздер Заңның 15-3-бабының 4-тармағында белгіленген.
      18. Егер инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңінде субъект осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген тәртіппен инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуге жаңа өтінім берсе, уәкілетті органның ведомствосы инвестициялық бағдарламаның қолданыстағы тарифтердің (бағалардың, алым мөлшерлемелердің) деңгейіне әсеріне талдау жүргізеді.
      Егер жаңа инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) деңгейін бекітілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асырудың қалған мерзіміне болжанған көрсеткіштерден астам өзгертуді талап ететін жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы Заңның 15-3-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес оны бекітуден бас тартады.

3. Бекітілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) түзету тәртібі

      19. Субъекті ағымдағы жылдың соңына дейін күнтізбелік 90 күннен кешіктірмей уәкілетті органның ведомствосына инвестициялық бағдарламаны (жобаны) түзету туралы ұсыныспен жүгінеді.
      Осы тармақтың талаптары осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес пысықтауға инвестициялық бағдарламаны (жобаны) түзету бойынша ұсыныстарды уәкілетті органның ведомствосы қайтарған жағдайда субъектіге қолданылмайды.
      20. Бекітілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) түзету туралы ұсынысқа:
      1) инвестициялық бағдарламаға (жобаға) түзетулер енгізуді негіздейтін материалдарды (бизнес-жоспар, прайс-парақтар) қоса бере отырып, түзетулер ескерілген инвестициялық бағдарламаның (жобаның) жобасы;
      2) инвестициялық бағдарламаға (жобаға) түзетулер (басымдылық) енгізу қажеттілігі туралы субъектіні бағалау;
      3) қаржыландырудың және қарыз қаражатын қайтарудың ықтимал шарттары қоса беріледі;
      4) егер инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру үшін республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттен қаражат бөлінетін немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігімен кредиттер (инвестициялар) тартылатын болса, онда қаржыландырудың мөлшері мен шарттарын растайтын құжаттар қоса беріледі.
      Қоса берілетін құжаттар тігіледі, нөмірленеді және субъекті басшысының мөрімен және қолымен расталады. Қаржылық құжаттарға субъектінің басшысы және бас бухгалтері не оларды алмастыратын адамдар қол қояды және олар субъектінің мөрімен расталады.
      21. Уәкілетті органның ведомствосы осы Қағидалардың 9-18-тармақтарында көзделген тәртіппен субъектінің бекітілген инвестициялық бағдарламасын (жобасын) түзету туралы ұсынысты қарайды.

Табиғи монополия субъектісінің 
инвестициялық бағдарламасын  
(жобасын) бекіту және оны түзету
қағидаларына 1-қосымша     

нысан

Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасы (жобасы)
___________________________________
(субъектінің атауы)
___________________________________
(қызмет түрі)
201_-20__ жылдарға арналған

р/с

Инвестициялық бағдарлама (жоба) іс-шараларының атауы

Өлшем бірлігі

Көлемі

Инвестициялардың сомасы, мың теңге (ҚҚС қоспағанда)

Инвестициялардың көзі, мың теңге

меншік

қарыз

Өзге де қызмет есебінен

1

2

3

4

5

6

7

8

_____ жылға инвестициялық бағдарламаның жобасы


201_ жылға БАРЛЫҒЫ







1.








1.1








2.








_____ жылға инвестициялық бағдарламаның жобасы


201_ жылға БАРЛЫҒЫ







1.








1.1








2.








      Ұйымның басшысы _________________________
                         (Т.А.Ә., қолы, күні)

Табиғи монополия субъектісінің 
инвестициялық бағдарламасын  
(жобасын) бекіту және оны түзету
қағидаларына 2-қосымша     

нысан

Табиғи монополия субъектісі инвестициялық бағдарламасы
(жобасы) тиімділігінің көрсеткіштері
___________________________________
(субъектінің атауы)
___________________________________
(қызмет түрі)
201_-20_ жылдарға арналған

р/с

 
 

Жаңа жабдықтың сипаттамалары (ЖЖ)

Ауыстырылған жабдықтың сипаттамалары

Жабдықтың және шығарушы зауыттың атауы (сорғы, құбыр диаметрі және т.б.)

Саны, дана, м

Бірлік бағасы мың. теңге

Жабдықтың атауы (сорғы, құбыр диаметрі және т.б.)

Саны, дана, м

Құны, мың теңге

1

2

3

4

5

6

7

1.1.







2..








201_ жылға БАРЛЫҒЫ






1..







1.1.







2.







кестенің жалғасы

Іске асыру кезеңіне, жылына арналған ивестициялық бағдарламаның (жобаның) экономикалық тиімділігі есебі

Шығыс баптары бойынша сомаларды төмендету, мың теңге

Заттай көрсеткіштегі шикізат, материалдар, отын, энергия шығыс нормаларының төмендеуі

Негізгі құралдар тозуының төмендеуі, %

Нормативтік ысыраптардың төмендеуі, %

Іске асырудың 1-жылы

Іске асырудың 2-жылы

Іске асырудың ... жылы

Іске асырудың 1-жылы

Іске асырудың 2- жы лы

Іске асырудың ... жылы


Іске асырудың 1-жылы

Іске асырудың 2-жылы

Іске асырудың ... жылы

Іске асырудың 1-жылы
 

Іске асырудың 2-жылы

Іске асырудың ... Жылы

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19









































































      Ұйымның басшысы ______________________
                       (Т.А.Ә., қолы, күні)