Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) бекіту, оларды түзету, сондай-ақ олардың орындалуы туралы ақпаратқа талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 194 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 наурызда № 10459 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 № 567 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-3-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) бекіту, оларды түзету, сондай-ақ олардың орындалуы туралы ақпаратқа талдау жүргізу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 № 567 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде және мерзімдік баспасөз басылымдарында ресми жариялауды;

      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Е. Досаев


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрі

      ______________ А. Мамытбеков

      2015 жылғы 12 ақпан


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      ______________ В. Школьник

      2015 жылғы 16 қаңтар


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ______________ Ә. Исекешев

      2015 жылғы 29 қаңтар


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 194 бұйрығымен бекітілген

Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламаларын
(жобаларын) бекіту, оларды түзету, сондай-ақ олардың орындалуы
туралы ақпаратқа талдау жүргізу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 № 567 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) бекіту, оларды оны түзету, сондай-ақ олардың орындалуы туралы ақпаратқа талдау жүргізу қағидалары "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 15-3-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес әзірленді.

      2. Қағидалар іске асырудың мынадай кезеңдерін көздейді:

      1) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) және тарифтік сметалардың жобаларын бекітуге өтінімді ұсыну;

      2) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қарау және бекіту;

      3) жоспарланатын инвестициялық бағдарламаны (жобаны) оны бекіту кезінде түзету;

      4) бекітілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) түзету;

      5) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) орындау туралы ақпаратқа талдау жүргізу және осындай талдау жүргізу кезінде инвестициялық бағдарламаны (жобаны) түзету;

      6) субъектінің инвестициялық бағдарламаны (жобаны) орындау барысыс туралы туралы тұтыншуыларды хабардар ету;

      7) субъектінің инвестициялық бағдарламаны орындауы туралы ақпаратты орналастыруы.

      2. Табиғи монополия субъектісінің (бұдан әрі – субъекті) инвестициялық бағдарламасы (жобасы) Қазақстан Республикасы дамуының басымдықтарын және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін ескере отырып, тиісті кезеңге жүйелерді қалпына келтірудің, реконструкциялаудың, жаңғыртудың салалық немесе жергілікті бағдарламалардың бекітілген көрсеткіштері мен индикаторларына қол жеткізу үшін әзірленеді және энергия үнемдеуді қамтамасыз етуге және энергия тиімділігін арттыруға, жаңа активтерді құруға, қолда бар активтерді кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға, реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға бағытталған.

      Бекітілген инвестициялық бағдарламада (жобада) көзделген субъектінің негізгі құралдарына салымдардың көлемі реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) тарифтерінің (бағалардың, алым мөлшерлемелерінің) шекті өсу болжамын ағымдағы кезеңге және ұзақ мерзімді перспективаға есептеу кезінде ескеріледі.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.11.2015 № 738 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2-1. Инвестициялық бағдарламада (жобада) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды олар табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) және олардың шекті деңгейлерінің өсуіне алып келмеген жағдайда шарттарда іске асыруға, сондай-ақ бір немесе бірнеше инвестициялық жобаны қамтитын, техникалық-экономикалық нәтиже алу мақсатында қысқа мерзімді, орташа мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған табиғи монополия субъектісінің қолда бар активтерін кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға, қолдауға, негізгі құралдарын реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңа активтерін жасауға бағытталған қаражат айқындалады.

      Ескерту. 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.11.2015 № 738 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Cубъектінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) іске асыру Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 тіркелген, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбiнің талаптарына сәйкес қалыптастырылған тарифтік сметаға сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Субъектінің инвестициялық бағдарламасы (жобасы):

      1) іске асыру мерзімдері бойынша – қысқа мерзімді (1 жылға дейін қоса алғанда), орташа мерзімді (1 жылдан астам және 4 жылға дейін қоса алғанда), ұзақ мерзімді (5 жыл және одан көп);

      2) мәртебесі бойынша – республикалық және жергілікті;

      3) іс-қимылдардың бағыттылығы бойынша – бiр немесе бiрнеше инвестициялық жобаларды қамтитын, техникалық-экономикалық тиiмдiлiк алу мақсатында қысқа мерзiмдi, орташа мерзiмдi немесе ұзақ мерзiмдi кезеңге арналған субъектінің энергия үнемдеуін қамтамасыз етуге және энергия тиімділігін арттыруға, жаңа активтерін жасауға, қолда бар активтерді кеңейтуге, қалпына келтiруге, жаңартуға, қолдауға, негiзгi құралдарын реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға инвестициялар болып бөлінеді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.11.2015 № 738 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) болжамды тарифтік смета – инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асырудың әрбір жылына тарифтік смета;

      2) инвестициялық бағдарлама – бiр немесе бiрнеше инвестициялық жобаларды қамтитын, техникалық-экономикалық тиiмдiлiк алу мақсатында қысқа мерзімді, орташа мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезеңге арналған табиғи монополия субъектінің энергия үнемдеуді қамтамасыз етуге және энергия тиімділігін арттыруға, жаңа активтерін жасауға, қолда бар активтерін кеңейтуге, қалпына келтiруге, жаңартуға, қолдауға, негiзгi құралдарын реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға, сондай-ақ жаңа активтерін жасауға бағытталған қаражатты салу және қайтару бағдарламасы;

      3) инвестициялық жоба – жаңа өндiрiстердi құруға, қолданыстағыларын кеңейтуге және жаңартуға инвестицияларды көздейтiн iс-шаралар кешенi;

      4) мемлекеттік орган – мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясында) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган. Табиғи монополия субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумағында реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін субъектінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) келісуді жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады;

      5) тарифтік кіріс – субъектінің уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифтер (бағалар, алым мөлшерлемелері) бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсетуден алған кірісі;

      6) уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

      7) уәкілетті органның ведомствосы – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органның ведомствосы.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.11.2015 № 738 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қарау және бекіту тәртібі

      6. Субъекті осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, уәкілетті органның ведомствосына және мемлекеттiк органға инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуге ұсынады.

      Субъектілердің Мемлекеттiк тiркелiмiнiң жергiлiктi бөлiмiне енгiзiлген әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумағында реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін субъектінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) уәкілетті органның ведомствосы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының келісімі бойынша бекітеді.

      Субъектінің бекітілген инвестициялық бағдарламасын (жобасын) уәкілетті органның ведомствосы және Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген мемлекеттік орган осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өздерінің интернет–ресурстарында орналастырады.

      7. Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту үшін субъекті уәкілетті органның ведомствосына және мемлекеттік органға:

      1) 1-қосымшаға сәйкес субъектінің инвестициялық бағдарламасының (жобасының) субъекті жоспарлаған көлемін;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша табиғи монополия субъектінің инвестициялық бағдарламасы (жобасы) тиімділігінің субъекті жоспарлаған тиімділігін көрсеткіштерін, оның ішінде мыналарды көздейтін - іске асырылатын технологиялық және техникалық іс-шаралардың тізбесін, оның ішінде технологиялық процесті және коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған басқару жүйелерін (болған кезде) көрсете отырып, субъекті жоспарлаған инвестициялық бағдарлама (жоба) тиімділігінің есебін;

      3) сатып алынатын негізгі құралдардың, құрылыс-монтаж жұмыстарының құнын көрсете отырып, баға деңгейлерін салыстырмалы талдауды, оның ішінде осындай жұмыстарды жүргізу қажеттілігін құжаттамалық техникалық растауды, жиынтық сметалық есептерді, әрбір объекті бойынша жеке объектілік, локальды және ресурстық сметаларды, бизнес жоспарды, прайс-парақтарды, шарттардың көшірмелерін, белгіленген тәртіппен сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттаманы (болған жағдайда) және т.б. қоса бере отырып, инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыруға арналған инвестициялық шығындар туралы ақпаратты;

      4) болжамды мөлшерді және алдын ала қаржыландыру шарттарын, оның ішінде қарыз ресурстарын (қарыз қаражаттары бойынша сыйақы, қаржыландыру кезеңі, комиссиялық төлемақылар, қарыз қаражаттарын қайтару мерзімдері мен шарттары) растайтын құжаттарды;

      5) егер инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру үшін республикалық, жергілікті бюджеттерден қаражат бөлінетін немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігімен кредиттер (инвестициялар) тартылатын жағдайда, оны қаржыландырудың мөлшері мен шарттарын растайтын құжаттарды;

      6) егер субъекті жоспарлаған инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру үшін қарыз қаражаттарын тартуды субъекті жоспарламаған жағдайда, қарыз қаражаттарын пайдаланбаудың (оның ішінде шығындарды, нормативтік ысыраптарды одан әрі төмендету мүмкін еместігін растап) экономикалық тиімділік есебін;

      7) субъекті жоспарлаған инвестициялық бағдарламаны (жобаны) оны іске асыру кезеңінде оның тарифтеріне (бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) әсер ету болжамын, субъектінің болжанған тарифтік сметасын қоса бере отырып;

      8) өңірлік электр желісі компаниялары үшін техникалық сараптаманың қорытындыларын;

      9) "Энергия аудитінің қорытындысы бойынша Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі әзірлейтін, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 391 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10958 тіркелген) нысан бойынша табиғи монополия субъектісінің бірінші басшысы бекіткен, энергия аудиті қорытындысы бойынша әзірленген энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын қоса беріп өтінім ұсынады.

      Ескертпе: осы тармақтың 9) тармақшасындағы талаптар "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері болып табылатын табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылады.

      Субъекті жоспарлаған инвестициялық бағдарламаға (жобаға) қоса берілетін құжаттар тігіледі, нөмірленеді және субъектінің мөрімен және басшысының не оны алмастыратын адамның, не құзыретіне бухгалтерлік есеп мәселелері кіретін басшысы орынбасарының қолымен расталады. Қаржылық құжаттарға субъектінің басшысы және бас бухгалтері не оларды алмастыратын адамдар қол қояды және субъектінің мөрімен расталады.

      Нормативтік техникалық ысыраптардың жоспарланған төмендеуін есептеу жөніндегі талаптар магистральдық теміржол желілері, теміржол көлігі объектілері бар теміржолдар, кірме жолдар, аэронавигация, порттар, әуежайлар, жылу энергиясын өндіру және онымен жабдықтау, су бұру салаларында қызмет көрсететін субъектілерге қолданылмайды.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.11.2015 № 738 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Инвестициялық бағдарламаның (жобаның) бюджетін жоспарлау және жасау Ерекше тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Субъекті жоспарлаған инвестициялық бағдарлама (жоба) мынадай өлшемшарттарды ескеретін іс-шаралар қамтылып әзірленеді:

      1) салалық және өндірістік ерекшеліктерге қарай шикізат, материалдар, отын, энергия шығыстарын төмендету;

      2) қаржылық-экономикалық тәуекелдерді барынша азайту;

      3) субъекті әзірлеген және іске асыратын іс-шаралар жоспарына негізделген нормативтік техникалық ысыраптар болған жағдайда оларды төмендету және (немесе) нормативтен тыс ысыраптарды жою;

      4) қарыз қаражаттарын пайдаланған жағдайда қарыз алу және қарыз қаражаттарын қайтару схемаларын оңтайландыру;

      5) ұсынылатын реттелiп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемін ұлғайту және (немесе) сапасын арттыру;

      6) технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерін және энергияны коммерциялық есепке алу аспабын енгізу (оларды енгізу қажет болған жағдайда);

      7) субъектінің реттелiп көрсетiлетiн қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушылардың дебиторлық берешегі болған жағдайда, оның деңгейін төмендету бойынша кешенді іс-шаралар;

      8) негізгі кұралдардың тозуын төмендету;

      9) реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсетудің барлық кезеңдерінде есепке алу аспаптарын технологиялық ерекшеліктерге байланысты орнату;

      10) инвестициялық бағдарламаға (жобаға) енгізілген іс-шаралардың сапасын, тиімділігін, сенімділігін қамтамасыз ету;

      11) энергия үнемдеуді қамтамасыз етуге және энергия тиімділігін арттыру.

      Ескертпе: осы тармақтың 11) тармақшасындағы талаптар "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері болып табылатын табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылады.

      Субъекті жоспарлаған инвестициялық бағдарлама (жоба) тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) немесе олардың шекті деңгейлері қолданылатын барлық кезеңге әзірленеді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.11.2015 № 738 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Уәкілетті органның ведомствосы және мемлекеттік орган субъекті жоспарлаған инвестициялық бағдарламаны (жобаны) оны ұсынған сәттен бастап күнтізбелік қырық бес күн ішінде қарайды.

      Уәкілетті органның ведомствосы инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуге өтінімді алған күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде субъектіні және мемлекеттік органды оны қарауға қабылдау немесе субъекті жоспарлаған инвестициялық бағдарламаны (жобаны):

      1) субъектінің Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынбауы және (немесе) Қағидалардың 7-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі;

      2) субъектінің Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген құжаттардың топтамасын толық ұсынбауы;

      3) ұсынылған инвестициялық бағдарламаның (жобаның) Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келмеуі жағдайларында қабылдаудан бас тарту туралы жазбаша хабардар етеді.

      Әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумағында реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін, табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен келісу үшін субъекті жоспарлаған инвестициялық бағдарлама (жоба) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына осындай инвестициялық бағдарламаны (жобаны) уәкілетті органның ведомствосына бір мезгілде беріле отырып жіберіледі.

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы субъектінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) келісуді Заңда көзделген мерзімдерде жүргізеді.

      11. Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қарау кезінде уәкілетті органның ведомствосы оны іске асыру кезеңінде тарифтерге (бағаларға, алым мөлшерлемелеріне) әсер етуін айқындау мақсатында тиімділікке экономикалық және қаржылық бағалау жүргізеді.

      12. Субъекті жоспарлаған инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қарау нәтижелері бойынша уәкілетті органның ведомствосы:

      - шешім қабылданғанға дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік органға инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы шешімнің қол қойылған жобасын инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қоса бере отырып жолдайды;

      - не субъектіні инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуден бас тарту туралы, уәкілетті орган мен мемлекеттік орган қол қойған дәлелді қорытындыны қоса бере отырып хабардар етеді.

      Инвестициялық жобаны бекітуден бас тартылған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы мемлекеттік органға уәкілетті органның ведомствосына субъекті жоспарлаған инвестициялық бағдарлама түскен сәттен бастап 35 жұмыс күнінен кешіктірмей дәледі қорытындыны жолдайды.

      Мемлекеттік органға уәкілетті орган ведомствосының дәлелді қорытындысы түскен сәттен бастап мемлекеттік орган бес жұмыс күні ішінде кеңес өткізеді, оның қорытындысы бойынша субъектінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекітуден бас тарту туралы бірлескен шешім қабылданады. Кеңес қорытындысы бойынша хаттама ресімделеді.

      Мемлекеттік орган уәкілетті орган ведомствосының инвестициялық бағдарламаны бекітуден бас тарту туралы дәлелді қорытындысын уәкілетті органның ведомствосымен кеңес өткізген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде, бірақ мемлекеттік органға уәкілетті орган ведомствосының дәлелді қорытындысы түскен сәттен бастап жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды және оған қол қояды.

      Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы шешімнің жобасы Қағидаларға сәйкес нысан бойынша инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуді көздейді.

      13. Заңның 15-3-бабы 3-тармағына сәйкес уәкілетті органның ведомствосы мемлекеттік органның келісімі бойынша субъекті жоспарлаған инвестициялық бағдарламаны (жобаны) оны бекітуге ұсыну кезеңінде түзетуге, бекітілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) - оны іске асыру және Қағидаларда айқындалған жағдайларда және тәртіппен орындау туралы ақпаратқа талдау жүргізу кезеңінде түзетуге құқылы.

      Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы шешімнің жобасы ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік орган уәкілетті органның ведомствосына инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы қол қойылған шешімді жібереді не дәлелді қорытындыны қоса бере отырып, инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы шешімнің жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттігі туралы хабарлайды.

      Уәкілетті орган немесе мемлекеттік орган инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы шешімнің жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттігі туралы ақпаратты енгізген жағдайда, инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қарау мерзімі он жұмыс күніне ұзартылады.

      14. Субъекті мемлекеттік органның келісімі бойынша ағымдағы жылдың соңына дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей уәкілетті органды міндетті түрде хабардар ете отырып, тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекiту кезiнде ескерілмеген инвестициялық бағдарламаның (жобаның) іс-шараларын ауыстыруға немесе алып тастауға құқылы.

      15. Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, инвестициялық бағдарлама (жоба) уәкілетті орган ведомствосының және мемлекеттік органның білескен бұйрығымен бекітіледі.

      Әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумағында реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін, табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген субъектінің инвестициялық бағдарламасы (жобасы) нөмірленеді және сол жақ жоғарғы бұрышында "Келісілген", ал оң жақ жоғарғы бұрышында қабылдаған күні мен тіркеу нөмірі көрсетіліп мөрмен расталған "Бекітілген" деген белгісімен, мазмұны бар бірінші парақты қамтиды.

      16. Субъектінің бекітілген инвестициялық бағдарламасын (жобасын) уәкілетті органның ведомствосы және тиісті мемлекеттік орган өздерінің Интернет-ресурстарында уәкілетті органның ведомствосы мен мемлекеттік орган шешім қабылдаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде орналастырады.

      17. Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы шешімнің жобасын уәкілетті органның ведомствосы субъектіге уәкілетті органның ведомствосы және мемлекеттік орган шешім қабылдаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жолдайды.

      18. Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуден бас тарту негіздері Заңның 15-3-бабының 4-тармағында белгіленген.

      19. Егер инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңінде субъекті Қағидалардың 7-тармағында көзделген тәртіппен инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуге жаңа өтінім берсе, уәкілетті органның ведомствосы инвестициялық бағдарламаның қолданыстағы тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемлерінің) деңгейіне әсер етуіне талдау жүргізеді.

      Халықаралық қаржы ұйымдарының қарыз қаражаттарын тартуға немесе мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға байланысты жаңа инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) деңгейін бекітілген инвестициялық бағдарламаның (жобаның) қалған мерзіміне болжанған көрсеткіштерден асырып өзгертуді талап ететін жағдайларды қоспағанда, егер жаңа инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) деңгейін бекітілген инвестициялық бағдарламаның (жобаның) қалған мерзіміне болжанған көрсеткіштерден асырып өзгертуді талап еткен жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы Заңның 15-3-бабының 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес оны бекітуден бас тартады.

3. Жоспарланған инвестициялық бағдарламаны (жобаны)
оны бекіту кезінде түзету тәртібі

      20. Жоспарланған инвестициялық бағдарламаны (жобаны) түзетуді уәкілетті органның ведомствосы Қағидалардың ережелерін ескере отырып жүргізеді.

      21. Егер субъекті ұсынған инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қарау барысында уәкілетті органның ведомствосы оған түзету жүргізген жағдайда, түзету туралы шешім қабылдаудан бұрын келісу мақсатында мемлекеттік органның қатысуымен кеңес өткізіледі, оның қорытындысы бойынша субъекті жоспарлаған инвестициялық бағдарламаны (жобаны) түзетудің мақсаттылығы немесе мақсатсыздығы туралы шешім қабылданады. Кеңес қорытындысы бойынша хаттама ресімделеді, оны уәкілетті органның ведомствосы мемлекеттік органға субъектінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту туралы шешімнің жобасымен бірге жолдайды.

4. Бекітілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) түзету тәртібі

      22. Субъекті ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей уәкілетті органның ведомствосына және мемлекеттік органға (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына) бекітілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) түзету туралы ұсыныспен бір мезгілде өтініш жасауға құқылы.

      Осы тармақтың талаптары инвестициялық бағдарламаны (жобаны) түзету жөніндегі ұсынысты уәкілетті органның ведомствосы қайтарған жағдайда, сондай-ақ Қағидалардың 22-тармағында көзделген жағдайларда субъектіге қолданылмайды.

      Субъекті инвестициялық бағдарламаны пысықтайды және уәкілетті органның ведомствосы қайтарған субъектінің инвестициялық бағдарламаны (жобаны) түзету жөніндегі ұсынысын алған сәттен бастап күнтізбелік он күннің ішінде уәкілетті органның ведомствосы мен мемлекеттік органға оны қайта қарауға жолдайды.

      Уәкілетті органның ведомствосы мен мемлекеттік орган Қағидалардың 10-тармағында көзделген мерзімде субъектінің инвестициялық бағдарламаны (жобаны) түзету жөніндегі ұсынысын қарауды, оның ішінде субъектінің инвестициялық бағдарламаны (жобаны) түзету жөніндегі пысықталған ұсынысын қайта қарауды жүзеге асырады.

      23. Егер субъектінің қызметін тексеру қорытындысы бойынша уәкілетті орган осындай түзету енгізу қажеттігі туралы нұсқама енгізген жағдайда, ол уәкілетті органның ведомствосы мен мемлекеттік органға инвестициялық бағдарламаны түзету туралы ұсыныспен жүгінеді.

      24. Бекітілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) түзету туралы ұсынысқа:

      1) инвестициялық бағдарламаға (жобаға) түзетулер енгізуді негіздейтін материалдарды (бизнес-жоспар, прайс-парақтар, шарттардың көшірмелері, белгіленген тәртіппен сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттама) қоса бере отырып, түзетулер ескерілген инвестициялық бағдарламаның (жобаның) жобасы;

      2) негіздеуші материалдар қоса берілген инвестициялық бағдарламаға (жобаға) түзетулер енгізу қажеттілігі туралы субъектінің бағалауы;

      3) қаржыландырудың және қарыз қаражатын қайтарудың ықтимал шарттары;

      4) егер инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру үшін республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттен қаражат бөлінетін немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігімен кредиттер (инвестициялар) тартылатын болса, онда қаржыландырудың мөлшері мен шарттарын растайтын құжаттар қоса беріледі.

      Қоса берілетін құжаттар тігіледі, нөмірленеді және субъектінің мөрімен және басшысының не оны алмастыратын адамның қолымен расталады. Қаржы құжаттарына субъектінің басшысы және бас бухгалтері не оларды алмастыратын адамдар қол қояды және субъектінің мөрімен расталады.

      25. Уәкілетті органның ведомствосы және мемлекеттік орган (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы) Қағидалардың 22-25-тармақтарында көзделген тәртіппен субъектінің бекітілген инвестициялық бағдарламасын (жобасын) түзету туралы ұсынысты қарайды.

      26. Табиғи монополия субъектісі инвестициялық бағдарламаның (жобаның) іс-шараларын табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер (шарттың екінші тарапының міндеттемелерді орындамауы, конкурс (тендер) өткізілмеді деп тану, еңсерілмейтін күш салдары) бойынша орындамаған жағдайда, инвестициялық бағдарламаның (жобаның) іс-шараларын орындау мерзімдері инвестициялық бағдарламаның (жобаның) іс-шаралары іске асырылатын жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін инвестициялық бағдарламаны (жобаны) түзету арқылы келесі жылға ауыстырылуы мүмкін.

      Субъектi неғұрлым тиімді әдістер мен технологияларды қолдануға байланысты, сондай-ақ энергия аудитінің қорытындысы бойынша әзірленген энергия үнемдеуді қамтамасыз ету және энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыру нәтижесінде, нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету жөніндегі іс-шараларды өткізуге немесе реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемдерін табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер бойынша қысқартуға байланысты немесе конкурстық (тендерлік) рәсімдерді өткізу нәтижелері бойынша шығындарды үнемдеу нәтижесінде туындаған, тарифтік сметаға салынған шығындардың толық пайдаланылмаған бөлігінің кемінде елу пайызын өндірістік активтердің жоспарларын жасауға, оларды кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға, қолдауға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға бағыттайды.

      Мұндай жағдайда субъекті инвестициялық бағдарламаның (жобаның) іс-шараларын іске асыру жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарынан кешіктірмей осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайлардың болуын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, инвестициялық бағдарламаны (жобаны) түзету туралы ұсынысты уәкілетті органның ведомствосына және мемлекеттік органға (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына) жолдауға құқылы.

      Мемлекеттік орган (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы) уәкілетті органның ведомствосына 15 ақпанға дейінгі мерзімде инвестициялық бағдарламаға (жобаға) түзету жүргізу мақсаттылығы немесе мақсатсыздығы туралы қорытынды жолдайды.

      Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген жағдай туындаған кезде, уәкілетті органның ведомствосы мемлекеттік органмен бірлесіп инвестициялық бағдарламаның (жобаның) іс-шаралары іске асырылатын жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмейтін мерзімде инвестициялық бағдарламаны түзету туралы шешім қабылдайды. Түзету туралы шешім уәкілетті орган ведомствосының және мемлекеттік органның бірлескен бұйрығымен ресімделеді.

      Әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумағында реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін, табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген субъектінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) түзету туралы шешімді уәкілетті органның ведомствосы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен келісу бойынша инвестициялық бағдарламаның (жобаның) іс-шаралары іске асырылатын жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей қабылдайды.

      Инвестициялық бағдарламаның (жобаның) осы іс-шараларын орындау мерзімдерін қайталап ауыстыруға жол берілмейді.

      Ескерту. 26-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.11.2015 № 738 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5. Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) орындау туралы
ақпаратқа талдау жүргізу және осындай талдау жүргізу кезінде
инвестициялық бағдарламаны (жобаны) түзету тәртібі

      27. Субъекті инвестициялық бағдарламаны (жобаны) орындау туралы ақпаратты уәкілетті органның ведомствосына және мемлекеттік органға есепті кезеңнен кейінгі айдың жылдың 1 мамырынан кешіктірмей мыналарды:

      1) ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) жоспарлы және нақты көлемдері туралы ақпаратты;

      2) пайда және залал туралы есепті;

      3) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қаржыландырудың нақты жағдайлары мен мөлшері туралы ақпаратты;

      4) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) орындаудың нақты көрсеткіштерін инвестициялық бағдарламада (жобада) бекітілген көрсеткіштермен салыстыру туралы ақпаратты;

      5) қол жеткізілген нақты көрсеткіштердің бағдарламада (жобада) бекітілген көрсеткіштерден ауытқу себептерінің түсіндірмелерін қоса береді.

      28. Табиғи монополия субъектісі инвестициялық бағдарламаны (жобаны) орындау туралы ақпаратты негіздеуші және растаушы материалдарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.

      29. Уәкілетті органның ведомствосы және мемлекеттік орган субъектінің инвестициялық бағдарламаны (жобаны) орындау туралы ақпаратына Заңның 15-3-бабының 9-тармағына сәйкес талдау жүргізеді.

      Субъектінің инвестициялық бағдарламаны (жобаны) орындау туралы ақпаратына талдау жүргізу қорытындысы бойынша мемлекеттік орган Заңның 15-3-бабының 9-тармағында көзделген мерзім аяқталғанға дейін уәкілетті органның ведомствосына инвестициялық бағдарламаны орындау туралы ақпаратты қабылдау мақсаттылығы немесе мақсатсыздығы туралы өз қорытындысын жолдайды.

      Уәкілетті органның ведомствосы субъектінің инвестициялық бағдарламаны (жобаны) орындау туралы ақпаратына талдау жүргізу қорытындысы бойынша Заңның 14-1-бабына сәйкес шешім қабылдайды.

6. Субъектінің инвестициялық бағдарламаны (жобаны) орындау
барысы туралы тұтынушыларды хабардар ету тәртібі

      30. Субъекті тұтынушыларды инвестициялық бағдарламаны (жобаны) орындау барысы туралы есепті кезеңнің 15 маусымынан және 15 желтоқсанынан кешіктірмейтін мерзімде жарты жылда бір рет тиісті ақпаратты өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті орган ведомствосының интернет-ресурсында осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабардар етеді.

      31. Тұтынушыларды инвестициялық бағдарламаны (жобаны) орындау барысы туралы осындай ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастыру арқылы хабардар еткен жағдайда, субъекті уәкілетті органның ведомствосына осындай ақпаратты орналастыру туралы хабарламаны ол орналастырылған сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде тиісті хабарлама жібереді.

      32. Уәкілетті орган ведомствосының интернет-ресурсында инвестициялық бағдарламаны (жобаны) орындау барысы туралы ақпаратты орналастырған жағдайда, мұндай ақпаратты субъекті уәкілетті органның ведомствосына есепті кезеңнің 5 маусымына және 5 желтоқсанына дейінгі мерзімде жіберіледі.

      33. Уәкілетті органның ведомствосы субъекті ұсынған инвестициялық бағдарламаны (жобаны) орындау барысы туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында уәкілетті органның ведомствосына инвестициялық бағдарламаны (жобаны) орындау туралы ақпарат түскен сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде орналастырады.

7. Субъектінің инвестициялық бағдарламаны (жобаны)
орындау туралы ақпаратты орналастыру тәртібі

      34. Субъекті инвестициялық бағдарламаны (жобаны) орындау туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті орган ведомствосының интернет-ресурсында есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей осы Қағидаларға 3-қосымшаға нысан бойынша орналастырады.

      35. Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) орындау туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде өзінің интернет-ресурсында орналастырған жағдайда, субъекті уәкілетті органның ведомствосына осындай ақпаратты ол орналастырылған сәттен күнтізбелік он күн ішінде орналастыру туралы тиісті хабарламаны жолдайды.

      36. Егер субъекті инвестициялық бағдарламаны (жобаны) орындау туралы ақпаратты уәкілетті орган ведомствосының интернет-ресурсында орналастыруды жоспарлаған жағдайда, субъекті уәкілетті органға мұндай ақпаратты осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген күнге дейін кемінде күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей жолдайды.

      37. Уәкілетті органның ведомствосы субъекті ұсынған инвестициялық бағдарламаны (жобаны) орындау туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында уәкілетті органның ведомствосына инвестициялық бағдарламаны (жобаны) орындау туралы ақпарат түскен сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде орналастырады.

  Табиғи монополия субъектісінің
инвестициялық бағдарламаларын
(жобаларын) бекіту, оларды түзету,
сондай-ақ олардың орындалуы туралы
ақпаратқа талдау жүргізу
қағидаларына 1-қосымша

      нысан

Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасы (жобасы)

      ___________________________________

      (субъектінің атауы)

      ___________________________________

      (қызмет түрі)

      Инвестициялық бағдарламаның кезеңі: 201_-20__ жж.

р/с

Инвестициялық бағдарлама (жоба) іс-шараларының атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Инвестициялардың сомасы, мың теңге (ҚҚС қоспағанда)

Қаржыландыру көзі, мың теңге

меншік

қарыз

Бюджет қаражаты

Өзге де қызмет есебінен

1

2

3

4

5

6

7

8


_____ жылға инвестициялық бағдарлама (жоба)



201_ жылға БАРЛЫҒЫ








1.









1.1









2.









_____ жылға инвестициялық бағдарлама (жоба)



201_ жылға БАРЛЫҒЫ








1.









1.1









2.










      Ұйымның басшысы ______ (А.Ә. Т., (болған жағдайда) қолы, күні)

  Табиғи монополия субъектісінің
инвестициялық бағдарламаларын
(жобаларын) бекіту, оларды түзету,
сондай-ақ олардың орындалуы туралы
ақпаратқа талдау жүргізу
қағидаларына 2-қосымша

      нысан

Табиғи монополия субъектісі инвестициялық бағдарламасы
(жобасы) тиімділігінің көрсеткіштері

      ___________________________________

      (субъектінің атауы, қызмет түрі)

      Инвестициялық бағдарламаның кезеңі: 201_-20_ жж

р/с



Жаңа жабдықтың сипаттамалары (ЖЖ)

Ауыстырылған жабдықтың сипаттамалары

Жаңа жабдықтың сипаттамалары (сорғы, құбыр диаметрі және т.б.)

Саны, дана, м

Бірлік бағасы мың. теңге

Жеткізілетін орны көрсетілген жабдықтың атауы (сорғы, құбыр диаметрі және т.б.)

Саны, дана, м

Құны, мың теңге

1

2

3

4

5

6

7

1.1.







2..








201_ жылға БАРЛЫҒЫ






1..







1.1.







2.








      Ұйымның басшысы ________ (Т.А.Ә., (болған жағдайда) қолы, күні)

      1 Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңінде онгың экономикалық тиімлілігінің есебі саланың ерекшелігі ескеріле отырып өзге де көрсеткіштермен толықтырылады.

  Табиғи монополия субъектісінің
инвестициялық бағдарламаларын
(жобаларын) бекіту, оларды түзету,
сондай-ақ олардың орындалуы туралы
ақпаратқа талдау жүргізу
қағидаларына 3-қосымша

      нысан

Табиғи монополия субъектісінің _______ жылға инвестициялық
бағдарламаны (жобаны)* орындау туралы ақпараты*

      _____________________________________________________________________

      Субъектінің атауы, қызмет түрі

№ р/стауарлардың, жұмыстардың

Реттеліп көрсетілетін қызмететрді (тауарларды, жұмыстарды) жоспарлы және нақты ұсыну көлемдері туралы ақпарат

Пайдалар мен залалдар туралы есеп*

Инвестициялық бағдарламаның (жобаның) сомасы

Реттеліп көрсетілетін қызмететрдің (тауарлардың, жұмыстардың) атауы және қызмет көрсетілетін аумақ

Іс-шаралардың атауы

Өлшем бірлігі

Заттай көрсеткіштегі сжобааны

Инвестициялық бағдарлама (жоба) шеңберінде көрсетілетін қызметті ұсыну кезеңі

Жоспар

Факт

ауытқуы

Ауытқу себептері

жоспар

факт

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12














      кестенің жалғасы

Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қаржыландырудың нақты шарттары мен мөлшері туралы ақпарат, мың теңге

Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) орындаудың нақты көрсеткіштерін инвестициялық бағдарламада (жобада) бекітілген көрсеткіштермен салыстыру туралы ақпарат **

Бекітілген инвестициялық бағдарламадағы (жобадағы) көрсеткіштерден нақты қол жеткізілген көрсеткіштердің ауытқу себепртерінің түсіндірмесі

Ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызмететрдің (тауарлардың, жұмыстардың) сапасы мен сенімділігінің артуын бағалау

Өз қаражаты

Қарыз қаражаты

Бюджет қаражаты

Бекітілген инвестициялық бағдарламаға (жобаға) қарай іске асыру жылдары бойынша өндірістік көрсеткіштердің жақсаруы, %

Бекітілген инвестициялық бағдарламаға (жобаға) қарай іске нақты

асыру жылдары бойынша негізгі қорлар тозуының төмендеуі (нақты), %

Бекітілген инвестициялық бағдарламаға (жобаға) қарай іске

асыру жылдары бойынша ысыраптардың төмендеуі, %,

Бекітілген инвестициялық бағдарламаға (жобаға) қарай

іске асыру жылдары бойынша авариялылылықтың төмендеуі

Амортизация

Пайда

Өткен жылғы факт

Ағымдағы жылғы факт

Өткен жылғы факт

Ағымдағы жылғы факт

жоспар

факт

Өткен жылғы факт

Ағымдағы жылғы факт

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26
















      * пайдалар мен залалдар туралы есеп "Жария мүдделі ұйымдардың (қаржылық ұйымдарынан басқа) жариялауы үшін жылдық қаржылық есептіліктің тізбесі мен нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 20 тамыздағы № 422 бұйрығының 3-қосымшасына сәйкес ұсынылады;

      ** - ақпарат саланың ерекшелігінің ескекре отырып өзге көросеткіштер бойынша да толтырылады (егер бекітілген инвестициялық бағдарламада (жобада) көзделсе);

      **- бұл ақпарат инвестициялық бағдарламаны іске асыру бойынша растайтын құжаттарды (тиісті шарттардың, келісімшарттардың көшірмелері, орындалған жұмыстарды қабылдау туралы актілер, орындалған жұмыстардың және шығындардың құны туралы анықтама, шот фактуралар, мемлекетітк қабылдау комиссиялардың пайдалануға қаылдау туралы актілері, ішкі ілеспе құжататры, реттелетін нарық субъектілерінің пайдалануға енгізу және теңгерімге қабылдау туралы ішкі бұйрықтары) қоса беріліп ұсынылады.

  Табиғи монополия субъектісінің
инвестициялық бағдарламаларын
(жобаларын) бекіту, оларды түзету,
сондай-ақ олардың орындалуы туралы
ақпаратқа талдау жүргізу
қағидаларына 4-қосымша

      нысан

______ жылға табиғи монополия субъектісінің инвестициялық
бағдарламаны (жобаны) орындау барысы туралы/ инвестициялық
бағдарламаны (жобаны) орындау туралы табиғи монополия
субъектісінің ақпараты*

      _____________________________________________________________________

      Табиғи монополия субъектісінің атауы, қызмет түрі, бағдарламаны

      (жобангы) кім бекітті (күні, бұйрықтың нөмірі)

№ р/с

Қаржыландыру көздерінің бөлінісінде инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру туралы ақпарат, мың теңге

Іс-шараның атауы

Өлшем бірлігі

(заттац көрсеткіштер үшін)

Заттай көрсеткіштердегі саны

Инвестициялық бағдарламаның (жобаның) сомасы, мың теңге

Өз қаражаты

жоспар

факт

жоспар

факт

жоспар

факт

ауытқуы

ауытқу себептері

1

2

3

4

5

7

8

9

10

11

12

1











1.1.











….











2.











….























      кестенің жалғасы

Қаржыландыру көздерінің бөлінісінде инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру туралы ақпарат, мың теңге

Қарыз қаражаты

Бджет қаражаты

Реттелмейтін (өзге) қызмет

жоспар

факт

ауытқуы

ауықтқу себептері

жоспар

факт

жоспар

факт

13

14

15

16

17

18

19

20


















































      Ұйымның басшысы _____________ (А.Ә.Т. (болған жағдайда), қолы, күні))

      Табиғи монополия субъектісінің

      инвестициялық бағдарламаларын

      (жобаларын) бекіту, оларды түзету,

      сондай-ақ олардың орындалуы туралы

      ақпаратқа талдау жүргізу

      қағидаларына 4-қосымшасының жалғасы

      нысан

Тиімділік, сенімділік және сапа көрсеткіштері

Есепті кезеңнің алдындағы жылдың (жарты жылдың) фактісі,

жоспар (жыл)

ағымдағы жылдың

(жарты жылдың) фактісі

Тиімділік, сенімділік және сапа көрсеткіштеріне қол жеткізуді бағалау

Тиімділік, сенімділік және сапа көрсеткіштеріне қол жеткізбеу себептері (негіздемесі)

Бекітілген инвестициялық бағдарламаға (жобаға) қарай іске асыру жылдары бойынша өндірістік көрсеткіштердің жақсаруы, %






Бекітілген инвестициялық бағдарламаға (жобаға) қарай іске нақты асыру жылдары бойынша негізгі қорлар тозуының төмендеуі (нақты), %






Бекітілген инвестициялық бағдарламаға (жобаға) қарай іске асыру жылдары бойынша ысыраптардың төмендеуі, %,






Бекітілген инвестициялық бағдарламаға (жобаға) қарай іске асыру жылдары бойынша авариялылылықтың төмендеуі






…..






…..







      Ұйымның басшысы ______________ (А.Ә.Т. (болған жағдайда), қолы, күні)