Қауіпті өндірістік объекті қауіптілігінің жалпы деңгейін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 300 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 ақпанда № 10242 тіркелді

Қолданыстағы

      «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-2-бабынының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қауіпті өндірістік объекті қауіптілігінің жалпы деңгейін айқындау қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін бұқаралық ақпарат құралдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастыруды;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрінің міндетін атқарушы                       Ж. Қасымбек

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрі
      ____________ Т. Дүйсенова
      2015 жылғы 14 қаңтар

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      _______________ Е. Досаев
      2015 жылғы 15 қаңтар

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі
      _____________ В. Школьник
      2015 жылғы 12 қаңтар

Қазақстан Республикасы      
Инвестициялар және даму     
министрі міндетін атқарушының
2014 жылғы 26 желтоқсандағы 
№ 300 бұйрығымен бекітілген 

Қауіпті өндірістік объектінің жалпы қауіптілік деңгейін айқындау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қауіпті өндірістік объектінің жалпы қауіптілік деңгейін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-2-бабының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді және қауіпті өндірістік объектінің жалпы қауіптілік деңгейін айқындау тәртібін белгілейді.
      2. Қауіпті өндірістік объектінің жалпы қауіптілік деңгейін айқындау қауіпті өндірістік объектінің лауазымды тұлғасы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі жүзеге асыратын өнеркәсіптік қауіпсіздік мониторингі жолымен қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінен жеке және заңды тұлғалардың, қоршаған ортаның қорғалуының жағдайын бағалау мақсатында жүргізіледі.
      3. Осы Қағидаларда азаматтық қорғау саласында заңнамада белгіленген терминдер және анықтамалар, сондай-ақ тиісті анықтамалары бар мынадай терминдер қолданылады:
      1) жалпы қауіптілік деңгейі – қауіпті өндірістік объектідегі өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайының кешенді көрсеткіші;
      2) жұмысқа қабілетсіз (авариялық) жағдай – өндірістік ғимараттар мен технологиялық құрылыстар құрылымының тіректік қабілетінің жоғалуы туралы куәландыратын, ал шаралар қабылданбаған жағдайда бұзылуға алып келетін техникалық жағдайы;
      3) жұмысқа қабілетті жағдай – өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын қанағаттандыратын өндірістік ғимараттар мен технологиялық құрылыстар конструкцияларының техникалық жай-күйі;
      4) өндірістегі жазатайым оқиға – өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын орындау кезінде қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар, оқыс оқиғалар кезінде туындайтын, нәтижесінде қызметкердің өндірістік жарақат алған, денсаулығының күрт төмендеген немесе уланған, уақытша немесе мүлдем еңбек қабілетінен айырылуына не қаза болуына алып келетін қауіпті өндірістік факторлардың қызметкерге зиянды әсер етуі;
      5) өндірістік ғимарат - тұйықталған көлем түзетін тіректік және қоршау немесе біріктірілген (тіректік және қоршау) конструкциялардан тұратын, өнеркәсіптік өндірістерді орналастыруға, адамдардың еңбек етуі мен технологиялық жабдықтардың, қауіпті техникалық құрылғылардың пайдаланылуы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге арналған құрылыс жүйесі;
      6) технологиялық құрылыс – тіректік, ал жекелеген жағдайларда қоршау конструкцияларынан тұратын және әр түрлі өндірістік процестерді орындауға, материалдарды, бұйымдарды, жабдықтарды сақтауға, адамдардың уақытша болуына, адамдар мен жүктердің орын ауыстыруына арналған көлемді, жазық немесе жер үсті желілік немесе жер асты құрылыс жүйесі;
      7) қауіпті техникалық құрылғылар:
      оларды бақылауды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын, қауіпті өндірістік объектілерде пайдаланылатын 0,07 мегаПаскальдан аса қысыммен немесе судың 115 градус Цельсийден аса қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін техникалық құрылғылар жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, фуникулерлер, лифтілер;
      оларды бақылауды жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен және (немесе) 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін бу және су жылыту қазандықтары (жылумен жабдықтау ұйымдары), 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар, жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер.

2. Жалпы қауіптілік деңгейін айқындау тәртібі

      4. Жалпы қауіптілік деңгейі қауіпті өндірістік объектілер үшін айқындалады.
      5. Қауіпті өндірістік объектінің жалпы қауіптілік деңгейі осы қауіпті өндірістік объектінің қауіпті өндірістік факторларының зиянды әсерінен жеке және заңды тұлғалардың, қоршаған ортаның қорғалуының жай-күйін сипаттайды.
      Қауіпті өндірістік объектінің қауіптілік деңгейін айқындау мынадай көрсеткіштер бойынша жүзеге асырылады:
      1) өндірістік ғимараттардың, технологиялық құрылыстардың жай-күйі;
      2) техникалық құрылғылардың жай-күйі;
      3) қауіпті техникалық құрылғылардың жай-күйі;
      4) орын алған авариялар;
      5) орын алған оқыс оқиғалар;
      6) өндірістегі жазатайым оқиғалардың жиілігі;
      7) соңы өлімге алып келген өндірісте болған жазатайым оқиғалар.
      6. Қауіпті өндірістік объектінің жалпы қауіптілік деңгейін қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым есептеу әдісімен жылына бір рет айқындайды:
      1) Кғқ – қауіпті өндірістік объектілердің өндірістік ғимараттарының, технологиялық құрылыстарының жай-күйі көрсеткіші мынадай формула бойынша айқындалады:

Кғқ = (n1-n2)/n3

      мұнда: n1 – жұмысқа қабілетсіз (авариялық) жай-күйдегі немесе есептік жыл басына 50 %-дан астам тозығы бар өндірістік ғимараттардың, технологиялық құрылыстардың саны;
      n2 – есептік жыл соңына конструкцияларының жұмысқа қабілеттілігі қалпына келтірілген өндірістік ғимараттар мен технологиялық құрылыстар саны;
      n3 – қауіпті өндірістік объектінің өндірістік ғимараттарының, технологиялық құрылыстарының жалпы саны.
      2) Ктқ – техникалық құрылғылардың жай-күйі көрсеткіші мынадай формула бойынша айқындалады:

Ктқ = (n4-n5)/n6

      мұнда: n4 – есептік жыл басына дайындаушы зауыт белгілеген нормативтік қызмет (пайдалану) мерзімін өтеген техникалық құрылғылар саны;
      n5 – есептік жыл соңына өзінің нормативтік қызмет мерзімін өтегендер ішінен ауыстырылған техникалық құрылғылар саны;
      n6 – ұйым есебінде тұрған техникалық құрылғылардың жалпы саны.
      3) Кқтқ – қауіпті техникалық құрылғылардың жай-күйінің көрсеткіші мынадай формула бойынша айқындалады:

Кқтқ = (n7-n8)/n9

      мұнда n7 – есептік жыл басына нормативтік қызмет мерзімін өтеген қауіпті техникалық құрылғылар саны;
      n8 – есептік жыл соңына қызмет мерзімін ұзартуға арнайы тексеруден өткен, техникалық куәландырудың (гидравликалық сынау, толық техникалық куәландыру) оң нәтижелері және бұдан әрі қауіпсіз пайдалану мүмкіндігі туралы сараптама ұйымының қорытындысы бар қауіпті техникалық құрылғылар саны;
      n9 – ұйым есебінде тұрған қауіпті техниалық құрылғылардың жалпы саны.
      4) Ка – орын алған авариялар көрсеткіші мынадай формула бойынша айқындалады:

Ка = n10/10

      мұнда: n10 – ағымдағы жыл ішінде қауіпті өндірістік объектіде орын алған авариялар саны.
      5) Ки – орын алған оқыс оқиғалар көрсеткіші мынадай формула бойынша айқындалады:

Ки = n11/100

      мұнда: n11 – жекелеген технологиялық желілердің немесе технологиялардың 6 сағаттан астам уақытқа жұмыс істемей тұруына алып келген, есептік жыл ішінде қауіпті өндірістік объектіде орын алған оқыс оқиғалар саны.
      6) Кжо – өндірістегі жазатайым оқиғалар жиілігінің көрсеткіші мынадай формула бойынша айқындалады:

Кжо = n12/N

      мұнда: n12 – авария (оқыс оқиға) нәтижесінде ағымдағы жыл ішінде қауіпті өндірістік объектіде орын алған өндірістегі жазатайым оқиғалар саны;
      N – жыл ішіндегі қауіпті өндірістік объектінің технологиялық персоналының орташа тізімдік саны.
      7) соңы өлімге алып келген өндірісте орын алған жазатайым оқиғалар көрсеткіші мынадай формула бойынша айқындалады:

Кқб = n13/10

      мұнда: n13 – қауіпті өндірістік объектіде авария (оқыс оқиға) нәтижесінде орын алған жыл ішіндегі соңы өлімге алып келген өндірістегі жазатайым оқиғалар саны.
      8) объектінің жалпы қауіптілік деңгейі мынадай формула бойынша айқындалады:

Дқауіпт = Кғқ + Ктқ + Кқтқ + Ка + Ки + Кжо + Кқб.

      7. Қауіпті өндірістік объектінің жалпы қауіптілік деңгейі бойынша ақпаратты қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне есептік жылдан кейінгі 15 қаңтардан кешіктірмей ұсынады.

Қауіпті өндірістік объектінің
жалпы қауіптілік деңгейін   
айқындау қағидаларына қосымша

20__ жыл үшін қауіпті өндірістік объектінің жалпы қауіптілік деңгейі бойынша ақпарат

Ұйым _______________________________________________________________
Объектінің атауы ___________________________________________________
Мекен жайы _________________________________________________________
Жауапты орындаушының Т.А.Ә. (телефон, факс, e-mail) ________________

№ р/с

Көрсеткіш

Есептік кезең ішінде

1.

Кғқ – өндірістік ғимараттардың, технологиялық құрылыстардың жай-күйі, оның ішінде:


n1 – жұмысқа қабілетсіз (авариялық) жай-күйдегі немесе есептік жыл басына 50 %-дан астам тозығы бар өндірістік ғимараттардың, технологиялық құрылыстардың саны


n2 – есептік жыл соңына конструкцияларының жұмысқа қабілеттілігі қалпына келтірілген өндірістік ғимараттар мен технологиялық құрылыстар саны


n3 – қауіпті өндірістік объектінің өндірістік ғимараттарының, технологиялық құрылыстарының жалпы саны


2.

Ктқ – техникалық құрылғылардың жай-күйі, оның ішінде:


n4 – есептік жыл басына дайындаушы зауыт белгілеген нормативтік қызмет (пайдалану) мерзімін өтеген техникалық құрылғылар саны


n5 – есептік жыл соңына өзінің нормативтік қызмет мерзімін өтегендер ішінен ауыстырылған техникалық құрылғылар саны


n6 – ұйым есебінде тұрған техникалық құрылғылардың жалпы саны


3.

Кқтқ – қауіпті техникалық құрылғылардың жай-күйі, оның ішінде:


n7 – есептік жыл басына нормативтік қызмет мерзімін өтеген қауіпті техникалық құрылғылар саны


n8 – есептік жыл соңына қызмет мерзімін ұзартуға арнайы тексеруден өткен, техникалық куәландырудың (гидравликалық сынау, толық техникалық куәландыру) оң нәтижелері және бұдан әрі қауіпсіз пайдалану мүмкіндігі туралы сараптама ұйымының қорытындысы бар қауіпті техникалық құрылғылар саны


n9 – ұйым есебінде тұрған қауіпті техниалық құрылғылардың жалпы саны


4.

Ка – орын алған авариялар, оның ішінде:


n10 – ағымдағы жыл ішінде қауіпті өндірістік объектіде орын алған авариялар саны


5.

Ки – орын алған оқыс оқиғалар, оның ішінде:


n11 – жекелеген технологиялық желілердің немесе технологиялардың 6 сағаттан астам уақытқа жұмыс істемей тұруына алып келген, есептік жыл ішінде қауіпті өндірістік объектіде орын алған оқыс оқиғалар саны


6.

Кжо – өндірістегі жазатайым оқиғалардың жиілігі, оның ішінде:


n12 – авария (оқыс оқиға) нәтижесінде ағымдағы жыл ішінде қауіпті өндірістік объектіде орын алған өндірістегі жазатайым оқиғалар саны


7.

Кқб – соңы өлімге алып келген өндірісте орын алған жазатайым оқиғалар, оның ішінде:


n13 – қауіпті өндірістік объектіде авария (оқыс оқиға) нәтижесінде орын алған жыл ішіндегі соңы өлімге алып келген өндірістегі жазатайым оқиғалар саны


8.

Дқауіпт – объектінің жалпы қауіптілік деңгейі


      _____________         ___________________________________
         (қолы)                     (басшының Т.А.Ә.)