Қауіпті өндірістік объектінің қауіптілігінің жалпы деңгейін айқындау қағидаларын туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 300 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 ақпанда № 10242 тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 10.08.2022 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 110) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 14.07.2023 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қауіпті өндірістік объектінің қауіптілігінің жалпы деңгейін айқындау қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 10.08.2022 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):

      1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін бұқаралық ақпарат құралдарында және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму


министрінің міндетін атқарушы

Ж. Қасымбек


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау және

      әлеуметтік даму министрі

      ____________ Т. Дүйсенова

      2015 жылғы 14 қаңтар

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _______________ Е. Досаев

      2015 жылғы 15 қаңтар

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      _____________ В. Школьник

      2015 жылғы 12 қаңтар



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрі міндетін атқарушының
2014 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 300 бұйрығымен бекітілген

Қауіпті өндірістік объектінің қауіптілігінің жалпы деңгейін айқындау қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 10.08.2022 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қауіпті өндірістік объектінің қауіптілігінің жалпы деңгейін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 110) тармақшасына сәйкес әзірленді және қауіпті өндірістік объектінің қауіптілігінің жалпы деңгейін айқындау тәртібін белгілейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 14.07.2023 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      2. Қауіпті өндірістік объектінің қауіптілігінің жалпы деңгейін айқындау қауіпті өндірістік объектінің лауазымды тұлғасы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі жүзеге асыратын өнеркәсіптік қауіпсіздік мониторингі жолымен қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінен жеке және заңды тұлғалардың, қоршаған ортаның қорғалуының жағдайын бағалау мақсатында жүргізіледі.

      3. Осы Қағидаларда сәйкес анықтамалары бар келесі терминдер қолданылады:

      1) қауіптілігінің жалпы деңгейі – қауіпті өндірістік объектідегі өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайының кешенді көрсеткіші;

      2) жұмысқа қабілетсіз (авариялық) жағдай – өндірістік ғимараттар мен технологиялық құрылыстар құрылымының тіректік қабілетінің жоғалуы туралы куәландыратын, ал шаралар қабылданбаған жағдайда бұзылуға алып келетін техникалық жағдайы;

      3) жұмысқа қабілетті жағдай – өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын қанағаттандыратын өндірістік ғимараттар мен технологиялық құрылыстар конструкцияларының техникалық жай-күйі;

      4) өндірістегі жазатайым оқиға – өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын орындау кезінде қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар, оқыс оқиғалар кезінде туындайтын, нәтижесінде қызметкердің өндірістік жарақат алған, денсаулығының күрт төмендеген немесе уланған, уақытша немесе мүлдем еңбек қабілетінен айырылуына не қаза болуына алып келетін қауіпті өндірістік факторлардың қызметкерге зиянды әсер етуі;

      5) өндірістік ғимарат – тұйықталған көлем түзетін тіректік және қоршау немесе біріктірілген (тіректік және қоршау) конструкциялардан тұратын, өнеркәсіптік өндірістерді орналастыруға, адамдардың еңбек етуі мен технологиялық жабдықтардың, қауіпті техникалық құрылғылардың пайдаланылуы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге арналған құрылыс жүйесі;

      6) технологиялық құрылыс – тіректік, ал жекелеген жағдайларда қоршау конструкцияларынан тұратын және әр түрлі өндірістік процестерді орындауға, материалдарды, бұйымдарды, жабдықтарды сақтауға, адамдардың уақытша болуына, адамдар мен жүктердің орын ауыстыруына арналған көлемді, жазық немесе жер үсті желілік немесе жер асты құрылыс жүйесі.

2-тарау. Қауіптілігінің жалпы деңгейін айқындау тәртібі

      4. Қауіпті өндірістік объектінің қауіптілігінің жалпы деңгейі осы қауіпті өндірістік объектінің қауіпті өндірістік факторларының зиянды әсерінен жеке және заңды тұлғалардың, қоршаған ортаның қорғалуының жай-күйін сипаттайды.

      5. Қауіпті өндірістік объектінің қауіптілігінің жалпы деңгейі мынадай көрсеткіштер бойынша айқындалады:

      1) өндірістік ғимараттардың, технологиялық құрылыстардың жай-күйі;

      2) техникалық құрылғылардың жай-күйі;

      3) қауіпті техникалық құрылғылардың жай-күйі;

      4) орын алған авариялар;

      5) орын алған оқыс оқиғалар;

      6) өндірістегі жазатайым оқиғалардың жиілігі;

      7) соңы өлімге алып келген өндірісте болған жазатайым оқиғалар.

      6. Қауіпті өндірістік объектінің қауіптілігінің жалпы деңгейі қауіпті өндірістік объектінің пайдаланатын ұйым осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қауіпті өндірістік объектінің қауіптілігінің жалпы деңгейін есептеумен жылына бір рет айқындайды.

      7. Қауіпті өндірістік объектінің қауіптілігінің жалпы деңгейі бойынша ақпаратты қауіпті өндірістік объектінің пайдаланатын ұйым осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне есептік жылдан кейінгі 15 қаңтардан кешіктірмей ұсынады.

  Қауіпті өндірістік объектінің
қауіптілігінің жалпы деңгейін
айқындау қағидаларына
1-қосымша

Қауіпті өндірістік объектінің қауіптілігінің жалпы деңгейін есептеу

      1. Кғқ – қауіпті өндірістік объектілердің өндірістік ғимараттарының, технологиялық құрылыстарының жай-күйі көрсеткіші мынадай формула бойынша айқындалады:

      Кғқ=(n1-n2)/n3

      мұнда: n1 – жұмысқа қабілетсіз (авариялық) жай-күйдегі немесе есептік жыл басына 50%-дан астам тозығы бар өндірістік ғимараттардың, технологиялық құрылыстардың саны;

      n2 – есептік жыл соңына конструкцияларының жұмысқа қабілеттілігі қалпына келтірілген өндірістік ғимараттар мен технологиялық құрылыстар саны;

      n3 – қауіпті өндірістік объектінің өндірістік ғимараттарының, технологиялық құрылыстарының жалпы саны.

      2. Ктқ – техникалық құрылғылардың жай-күйі көрсеткіші мынадай формула бойынша айқындалады:

      Ктқ=(n4-n5)/n6

      мұнда: n4 – есептік жыл басына дайындаушы зауыт белгілеген нормативтік қызмет (пайдалану) мерзімін өтеген техникалық құрылғылар саны;

      n5 – есептік жыл соңына өзінің нормативтік қызмет мерзімін өтегендер ішінен ауыстырылған техникалық құрылғылар саны;

      n6 – ұйым есебінде тұрған техникалық құрылғылардың жалпы саны.

      3. Кқтқ – қауіпті техникалық құрылғылардың жай-күйінің көрсеткіші мынадай формула бойынша айқындалады:

      Кқтқ=(n7-n8)/n9

      мұнда n7 – есептік жыл басына нормативтік қызмет мерзімін өтеген қауіпті техникалық құрылғылар саны;

      n8 – есептік жыл соңына қызмет мерзімін ұзартуға арнайы тексеруден өткен, техникалық куәландырудың (гидравликалық сынау, толық техникалық куәландыру) оң нәтижелері және бұдан әрі қауіпсіз пайдалану мүмкіндігі туралы сараптама ұйымының қорытындысы бар қауіпті техникалық құрылғылар саны;

      n9 – ұйым есебінде тұрған қауіпті техникалық құрылғылардың жалпы саны.

      4. Ка – орын алған авариялар көрсеткіші мынадай формула бойынша айқындалады:

      Ка=n10/10

      мұнда: n10 – ағымдағы жыл ішінде қауіпті өндірістік объектіде орын алған авариялар саны.

      5. Ки – орын алған оқыс оқиғалар көрсеткіші мынадай формула бойынша айқындалады:

      Ки=n11/100

      мұнда: n11 – жекелеген технологиялық желілердің немесе технологиялардың 6 сағаттан астам уақытқа жұмыс істемей тұруына алып келген, есептік жыл ішінде қауіпті өндірістік объектіде орын алған оқыс оқиғалар саны.

      6. Кжо – өндірістегі жазатайым оқиғалар жиілігінің көрсеткіші мынадай формула бойынша айқындалады:

      Кжо=n12/N

      мұнда: n12 – авария (оқыс оқиға) нәтижесінде ағымдағы жыл ішінде қауіпті өндірістік объектіде орын алған өндірістегі жазатайым оқиғалар саны;

      N – жыл ішіндегі қауіпті өндірістік объектінің технологиялық персоналының орташа тізімдік саны.

      7. соңы өлімге алып келген өндірісте орын алған жазатайым оқиғалар көрсеткіші мынадай формула бойынша айқындалады:

      Кқб=n13/10

      мұнда: n13 – қауіпті өндірістік объектіде авария (оқыс оқиға) нәтижесінде орын алған жыл ішіндегі соңы өлімге алып келген өндірістегі жазатайым оқиғалар саны.

      8. объектінің қауіптілігінің жалпы деңгейі мынадай формула бойынша айқындалады:

      Дқауіпт= Кғқ+Ктқ+Кқтқ+Ка+Ки+Кжо+Кқб

  Қауіпті өндірістік объектінің
қауіптілігінің жалпы деңгейін
айқындау қағидаларына
2-қосымша
нысан

20__ жыл үшін қауіпті өндірістік объектінің қауіптілігінің жалпы деңгейі бойынша ақпарат

      Ұйым ______________________________________________________

      Объектінің атауы ____________________________________________

      Мекен жайы ________________________________________________

      Жауапты орындаушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (телефон, факс, e-mail) _____________________________________________

№ р/с

Көрсеткіш

Есептік кезең ішінде

1.

Кғқ – өндірістік ғимараттардың, технологиялық құрылыстардың жай-күйі, оның ішінде:


n1 – жұмысқа қабілетсіз (авариялық) жай-күйдегі немесе есептік жыл басына 50 %-дан астам тозығы бар өндірістік ғимараттардың, технологиялық құрылыстардың саны


n2 – есептік жыл соңына конструкцияларының жұмысқа қабілеттілігі қалпына келтірілген өндірістік ғимараттар мен технологиялық құрылыстар саны


n3 – қауіпті өндірістік объектінің өндірістік ғимараттарының, технологиялық құрылыстарының жалпы саны


2.

Ктқ – техникалық құрылғылардың жай-күйі, оның ішінде:


n4 – есептік жыл басына дайындаушы зауыт белгілеген нормативтік қызмет (пайдалану) мерзімін өтеген техникалық құрылғылар саны


n5 – есептік жыл соңына өзінің нормативтік қызмет мерзімін өтегендер ішінен ауыстырылған техникалық құрылғылар саны


n6 – ұйым есебінде тұрған техникалық құрылғылардың жалпы саны


3.

Кқтқ – қауіпті техникалық құрылғылардың жай-күйі, оның ішінде:


n7 – есептік жыл басына нормативтік қызмет мерзімін өтеген қауіпті техникалық құрылғылар саны


n8 – есептік жыл соңына қызмет мерзімін ұзартуға арнайы тексеруден өткен, техникалық куәландырудың (гидравликалық сынау, толық техникалық куәландыру) оң нәтижелері және бұдан әрі қауіпсіз пайдалану мүмкіндігі туралы сараптама ұйымының қорытындысы бар қауіпті техникалық құрылғылар саны


n9 – ұйым есебінде тұрған қауіпті техниалық құрылғылардың жалпы саны


4.

Ка – орын алған авариялар, оның ішінде:


n10 – ағымдағы жыл ішінде қауіпті өндірістік объектіде орын алған авариялар саны


5.

Ки – орын алған оқыс оқиғалар, оның ішінде:


n11 – жекелеген технологиялық желілердің немесе технологиялардың 6 сағаттан астам уақытқа жұмыс істемей тұруына алып келген, есептік жыл ішінде қауіпті өндірістік объектіде орын алған оқыс оқиғалар саны


6.

Кжо – өндірістегі жазатайым оқиғалардың жиілігі, оның ішінде:


n12 – авария (оқыс оқиға) нәтижесінде ағымдағы жыл ішінде қауіпті өндірістік объектіде орын алған өндірістегі жазатайым оқиғалар саны


7.

Кқб – соңы өлімге алып келген өндірісте орын алған жазатайым оқиғалар, оның ішінде:


n13 – қауіпті өндірістік объектіде авария (оқыс оқиға) нәтижесінде орын алған жыл ішіндегі соңы өлімге алып келген өндірістегі жазатайым оқиғалар саны


8.

Дқауіпт – объектінің қауіптілігінің жалпы деңгейі


_______________________________
(қолы)

_______________________________
(басшының (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)