Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған ең озық қолжетімді технологиялар тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның ресми жариялауға бұқаралық ақпараттық құралдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр В. Школьник
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылық министрі
___________ А. Мамытбеков
31 желтоқсан 2014 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
____________ Ә. Исекешев
23 желтоқсан 2014 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
_________________ Е.Досаев
18 желтоқсан 2014 жыл
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2014 жылғы 28 қарашадағы № 155
бұйрығымен бекітілді
Ең озық қолжетімді технологиялар тізбесі
1. Сарқынды суларды салалар бойынша тазарту
№ |
Сала |
Сарқынды сулардың түрі |
Ең озық қолжетімді технология * |
||
1-кезең |
2-кезең |
3-кезең |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1. Суармалы жер шаруашылығы |
|||||
1) |
Коллекторлық-дренаждық суларды (КДС) тазарту |
Ағындардың бөлігін суландыру үшін қайталама пайдалану мақсатында КДС-ны тоғандарда, ыдыстарда, жинақтағыштарда тұндыру |
Бірінші кезең бойынша тоғандарда, жинақтағыштарда тұндырған соң одан әрі түйіршікті сүзгілерде сүзумен коагулянттар, флокулянттар қосумен ауаға қанықтыру |
Екінші кезеңге қосымша: жоғары сулы өсімдіктер бар биоплатоларда соңына дейін тазарту немесе электр диализ немесе кері осмос әдісімен соңына дейін тазарту |
|
2. Коммуналдық сарқынды суларды тазарту |
|||||
1) |
Қалалық аэрация станцияларынан шаруашылықтұрмыстық және өндірістік сарқынды сулардың қоспасы |
Құрамында азот бар қосылыстардың шоғырлануын төмендету үшін итрификациялаумен-денитрификациялаумен аэротенкаларда механикалық және биологиялық тазарту |
Бірінші кезеңге қосымша: түйіршікті сүзгілерде сүзу; ауаға қанықтырылатын биотоғандарда өңдеу; десорбция градирняларында аммиакты флотациялау, коагуляциялау, үрлеу |
Екінші кезеңге қосымша: |
|
2) |
Кәріздің және ағындарды Тазартудың орталықтандырылған жүйелерінің жоқ кезінде ауылды елді мекендердің және қала типтес кенттердің тазартылмаған ағындарын орналастыру |
Шаруашылық-тұрмыстық ағындар; 100 текше м кем тәуліктік көлеммен тамақ, сүт, қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының сарқынды сулары |
Тазартылмаған ағындарды ассенизациялау және сүзу алаңдары мен сарқынды суларды жинақтағыштарға төгу |
Кәріз бен тазартудың орталықтандырылған жүйелерін салу. Су объектілеріне төгу; олардың жоқ кезінде - сүзу алаңдарына немесе жинақтағыштарға төгу |
Екінші кезеңге қосымша: жоғары сулы өсімдіктері бар тоғандарда соңына дейін тазарту |
3. Жеңіл өнеркәсіп |
|||||
1) |
Мақта-мата, тоқыма, жібек, жүн фабрикаларының сарқынды сулары |
Минералды коагулянттарм ен және полимерлі флокулянттар мен өңдеу, тұндыру немесе флотациялау, сүзгілерде түйіршікті тиеумен соңына дейін тазарту |
Минералды коагулянттармен және органикалық катиондық реагенттермен өңдеу, тұндыру, сүзгілерде түйіршікті тиеумен соңына дейін тазарту |
Минералды коагулянттармен және полимерлі флокулянттармен өңдеу, тұндыру, сүзгілерде құмды тиеумен немесе сорбциялы сүзгілерде соңына дейін тазарту |
|
2) |
Былғары өңдеу жөніндегі кәсіпорындардың сарқынды сулары |
Орташаландыру, тұндыру, реагенттік өңдеу және ақшылтғандыру |
Бірінші кезеңге қосымша: |
Екінші кезеңге қосымша: |
|
4. Тамақ өнеркәсібі |
|||||
1) |
Қант қызылшасы зауыттарының, шарап зауыттарының және жеміс-консерві зауыттардың сарқынды сулары |
Тұндыру, 2-сатылы аэротенкаларда немесе ұзартылған ауаға қанықтырумен аэротенкаларда биологиялық тазарту |
Бірінші кезеңдегідей |
Екінші кезеңге қосымша: жоғары сулы өсімдіктері бар тоғандарда соңына дейін тазарту |
|
2) |
Салқындатқыш сусындарды өндіру жөніндегі кәсіпорындардың сарқынды сулары |
Қышқылдықты/сілтілікті орташаландыру, тұндыру және бейтараптандыру |
Бірінші кезеңге қосымша: |
Екінші кезеңге қосымша: |
|
3) |
Сүт өнеркәсібі кәсіпорындарының сарқынды сулары |
Механикалық тазарту: торлар, құм тұтқыштар (орташа шығыны тәулігіне 100 шаршы м астам кезінде), май ұстағыштар (ағындардағы майдың шоғырлануы 100 мг/л астам кезінде), ақшылттандырғыштар, тік тұндырғыштар |
Бірінші кезеңге қосымша: |
Екінші кезеңге қосымша: |
|
4) |
Ет өнеркәсібі кәсіпорындарының сарқынды сулары |
Ішкі цехтық және орталық (аулалық) механикалық тазарту: тезек ұстағыштар, торлар, құм тұтқыштар, май ұстағыштар, ақшылттандырғыштар, тұндырғыштар |
Бірінші кезеңге қосымша: құмды сүзгілер, микро сүзгілер, биологиялық тазарту |
Екінші кезеңге қосымша: электрофлотокоагуляция, көбікті айыру, пропеллерлік және пневмомеханикалық ауаға қанықтырумен аэротенкалар, гидроциклондар, жоғары сулы өсімдіктер бар тоғандарда соңына дейін тазарту |
|
5) |
Балық өнеркәсібі кәсіпорындарының сарқынды сулары |
Механикалық тазарту: торлар, құм тұтқыштар, тұндырғыштар |
Бірінші кезеңге қосымша: қысымды флотация, табиғи ауаға қанықтырумен ақшылттандырғыштар (шығын тәулігіне 400 текше м астам кезде), биологиялық тазарту |
Екінші кезеңдегідей |
|
6) |
Май-тоңмай өнеркәсібінің кәсіпорындары |
Физикалық-химиялық тазарту: тоң майларды күкірт қышқылды алюминиймен коагуляциялау, ауаға қанықтыратын май ұстағыштарды және флотаторларды (екі сатылы) қолданумен қысымды флотация |
Биологиялық тазарту |
Екінші кезеңге қосымша: су түбіндегі пленкалы тиеумен биотенкалар, биосүзгілер тұрақтандырғыштар, жоғары сулы өсімдіктер бар тоғандарда соңына дейін тазарту |
|
5. Мұнай өңдеу |
|||||
1) |
Мұнай өңдеу зауыттарының сарқынды сулары |
Құм тұтқыштарда, мұнай аулағыштарда, радиалды тұндырғыштарда тазарту, коагулянтты (алюминий сульфаты) пайдаланумен қысымды флотаторларда өңдеу, аэротенкаларда екі сатылы биологиялық тазарту, кейіннен биотоғандарда немесе белсенді көмірде сорбция әдісімен соңына дейін тазартумен үйінді сүзгілерде сүзу |
Құм тұтқышпен біріккен көп қабатты мұнай аулағыштарда тазарту, коагулянтты (ВПК-101, ВА-1) пайдаланумен қысымды флотаторларда өңдеу, екі сатылы биохимиялық тазарту, құмды сүзгілерде сүзу және белсенді көмірдің бар болуы кезінде биосорбция әдісімен бұдан әрі терең соңына дейін тазарту |
Екінші кезеңге қосымша: |
|
2) |
Мұнай сақтағыштар, жөндеу кәсіпорындары |
Шағын кәсіпорындар: мұнай аулағыштар, ассенизация, сарқынды сулардың жинақтағыштарына төгу |
Бірінші кезеңдегідей |
Бірінші кезеңдегідей |
|
6. Көмір өндірісі |
|||||
1) |
Орташа минералданған қышқыл шахталық сулар |
Ағындар реакциясының көрсеткішін (рН) 7,5-8,5-ге дейін сілті реагенттермен (әкпен, әктаспен) өңдеу, тұндырғыш тоғандарында тұндыру және хлормен немесе хлорлы әкпен залалсыздандыру |
СО2-ні жою үшін суды ауаға қанықтыру, реагентпен бейтараптандыру, құмды сүзгілерде сүзу және хлорлау |
Реакциялық ағындар көрсеткішін бірінші сатыда 4-6-ға, екінші - 8,5-9-ға дейін жеткізумен секциялық қоспалағыштарда екі кезеңді бейтараптандыру, флокулянт қосу, құмды сүзгіде сүзу және хлорлау |
|
2) |
Бейтарап тұзды (минералданған) шахталық сулар |
Әр түрлі конструкциялардағы (тік, көлденең, секциялық, сөрелік) тұндырғыштарда тұндыру және хлормен немесе хлорлы әкпен залалсыздандыру |
Коагулянттарды және флокулянттарды пайдаланумен реагенттік өңдеу, тұндырғыштарда тұндыру, құмды сүзгілерде сүзу, хлормен немесе хлорлы әкпен залалсыздандыру |
Салынды заттарды жою және тұрудың құрамды төмендету мақсатында шахталық суды өңдеудің кез келген түрі қолданылады: |
|
7. Гальваникалық өндірістер |
|||||
Қышқылды сілтілі сарқынды сулар |
Тазартудың кез келген әдістері қолданылады: |
Тазартудың кез келген әдістері қолданылады: |
Тазартудың кез келген әдістері қолданылады: |
||
8. Түсті металлургия |
|||||
1) Қорғасын және мырыш өндірісі |
|||||
Кенді сулар |
Әктеу құм тұтқыш, орташаландырғыш , әкті сүтті дайындау торабы, қоспалағыш, бейтараптандырғ ыш), тұндыру (көлденең тұндырғыш), залалсыздандыру (хлорлау блогы) |
Бірінші кезеңге қосымша: түйіршікті сүзгілерде соңына дейін тазарту |
Екінші кезеңге қосымша: |
||
Байыту фабрикаларының сарқынды сулары |
Хлорлау (орташаландыру, кальций гипохлоритін дайындау торабы, қоспалағыш реактор), қалдық сақтауышта тұндыру |
Айналмалы суларды кондиционерлеу (орташаландыру, цианидтерді вакуумдық қуу қондырғысы) және қалдық сақтағышта немесе буферлі тоғанда тұндыру |
Екінші кезеңге қосымша: |
||
Металлургиялық кәсіпорындардың сарқынды сулары |
Әктеу (құм тұтқыш, орташаландырғыш, әкті сүтті дайындау торабы, қоспалағыш, бейтараптандырғыш), тұндыру (көлденең тұндырғыш) және түйіршікті сүзгілерде соңына дейін тазарту |
Градирняларда салқындату жолымен айналмалы суларды салқындату және ион алмастырулық тазарту |
Екінші кезеңге қосымша: |
||
2) Мыс өндірісі |
|||||
Кенді сулар |
Қалдық сақтауыштарда тұндыру және хлормен залалсыздандыру |
Қалдық сақтауыштарда тұндыру, реагенттік коагуляция, тұндыру, гиперсүзу және хлормен залалсыздандыру |
Қалдық сақтауыштарда тұндыру, реагенттік қайта өңдеу, тұндырмадан құнды заттарды кәдеге жаратумен тұндыру |
||
Байыту фабрикаларының сарқынды сулары |
Қалдық сақтағыштарда тұндыру |
Бірінші кезеңге қосымша: |
Сүзбейтін түбі бар қалдық сақтауышта тұндыру, айналмалы суларды кондиционерлеу (көмір сүзгілерде сорбциялы тазарту), ион алмастырушылық тазарту, тұрақтандырушылық өңдеу |
||
Мыс қорыту зауыттарының сарқынды сулары |
Әкті сүтпен өңдеу, көлденең тұндырмаларда тұндыру |
Ашық гидроциклондарда қатты бөлшектерді қоршау, коагулянт ретінде күкірт қышқылды алюминийді қолданумен реагентті ағынды флотация |
Екінші кезеңге қосымша: |
||
Мысты электролит тік рафинадтаудың сарқынды сулары |
Әкті сүтпен бейтараптандыру , натрий сульфидімен соңына дейін тазарту, гравиялы құмды сүзгілерде сүзу |
Алдын ала сілтілендірумен электрокоагуляция , тұндыру, ауаға қанықтыру, гравиялы құмды сүзгіде сүзу |
Тұндыру, реагенттік өңдеу, бұдан әрі элюаттарды қайта өңдеумен және тұздарды кәдеге жаратумен электр диализ, сорбциялы сүзгілерде соңына дейін тазарту |
||
Күкірт қышқылын өндірудің сарқынды сулары |
Әкті сүтпен бейтараптандыру , тұндыру тоғандарында тұндыру |
Бұдан әрі шөгінділерді кәдеге жаратумен сульфидті-пиролюзитті әдіспен күшәнді жою, әкті сүтпен бейтараптандыру, тұндыру тоғандарында тұндыру |
Екінші кезеңдегідей |
||
3) Никель, кобальт өндірісі |
|||||
Кенді сулар |
Көлденең тұндырмаларда екі сатылы тұндыру |
Бірінші кезеңге қосымша: сүзу, адсорбция (адсорбер үзгі) және кварцты сүзгілерді пайдаланумен соңына дейін тазарту |
Екінші кезеңдегідей |
||
Байыту фабрикаларының сарқынды сулары |
Қалдық сақтауыштарда тұндыру |
Бірінші кезеңге қосымша: |
Екінші кезеңге қосымша: |
||
4) Алюминий өндірісі |
|||||
Алюминий тотығын өндірудің сарқынды сулары |
Сүзгіштікке қарсы экранмен шлам сақтағышта тұндыру |
Реагентті өңдеу (қышқыл ерітіндісін дайындау бейтараптандырғыш, әкті сүтті дайындау торабы, қоспалағыш реактор), тұндыру (көлденең тұндырғыш) және тұрақтандырғыштық өңдеу (тұрақтандыру станциясы) |
Екінші кезендегідей |
||
Металл алюминийді өндірудің сарқынды сулары |
Көлденең тұндырғышта тұндыру |
Бірінші кезеңге қосымша: жылдамдықты сүзгіде сүзу |
Екінші кезеңге қосымша: майды кәдеге жарату, айналма суларды салқындату (салқындату станциясы) |
||
Криолит өндірудің сарқынды сулары |
Реагентті өңдеу (әкті сүтті дайындау торабы, суперфосфат ерітіндісін дайындау торабы, қоспалағыш, реакциялық камера), көлденең тұндырғышта тұндыру |
Көлденең тұндырғышта тұндыру, электр диализ |
Екінші кезеңге қосымша: ионды сүзгіде соңына дейін тазарту |
||
5) Титан, магний өндірісі |
|||||
Байыту фабрикаларының сарқынды сулары |
Қалдық сақтағышта тұндыру |
Бірінші кезеңге қосымша: коагулянттармен өңдеу (әкті сүтті дайындау торабы, қоспалағыш), тұндыру (көлденең тұндырғыш) |
Екінші кезеңге қосымша: кварцты сүзгілерде соңына дейін тазарту |
||
Металлурги я кәсіпорындарының сарқынды сулары |
Әкті сүтпен бейтараптандыру (орташаландырғыш, әкті сүтті дайындау торабы, қоспалағыш реактор), көлденең тұндырғыштарда тұндыру |
Бірінші кезеңге қосымша: коагулянттармен және флокулянттармен өңдеу (күкірт қышқылды алюминий ерітіндісін дайындау торабы, полиакриламин ерітіндісін дайындау торабы, қоспалағыш), тұндыру (көлденең тұндырғыш), кварцты сүзгілерде соңына дейін тазарту |
Екінші кезеңге қосымша: ион алмастырушылық қондырғыда тұзсыздандыру |
||
6) Құрамында алтын бар рудаларды өндіру және өңдеу |
|||||
Кенді сулар |
Тұндыру, (көлбеу немесе тік тұндырғыштар), залалсыздандыру (хлорлау блогы) |
Тұндыру, коагуляциялау (әкті сүтті дайындау торабы) және залалсыздандыру (хлорлау блогы) |
Екінші кезеңге қосымша: флокуляциялау (полиакриламид ерітіндісін дайындау торабы, көлденең тұндырғышы), сүзу (жедел сүзгілер) |
||
Құрамында алтын бар рудаларды циандаудан кейінгі сарқынды сулар |
Кектің алтыннан арылған ерітінділерін сұйық хлормен тазарту (әкті сүтті дайындау торабы, хлорлау қондырғысы, эжектор, орташаландырғыш) және қалдық сақтауышта тұндыру |
Бірінші кезеңдегідей |
Оны содан кейін сілті ерітіндісімен аулаумен және өндірістік үдеріске қайтарумен көгеретін қышқылды қышқыл ортада айдау, белсенді хлормен соңына дейін тазарту, тұндыру (қалдық сақтауыш) және тұзды құрамы бойынша салқындату (салқындату станциясы) |
Ескертпелер:
Төгінділердің технологиялық нормалары жұмыс істеп тұрған және жоспарланып отырған тазарту құрылыстары үшін мына тазарту технологиялары негізінде белгіленеді:
бірінші кезең типтік жобаларға сәйкес кең қолданылатын технологиялық шешімдерді түсіндіреді;
екінші кезең ең жақсы техникалық-экономикалық көрсеткіштермен сипатталатын неғұрлым прогрессивті техникалық шешім;
үшінші кезең шаруашылық қызметтік қоршаған ортаға кері әсерін толығымен болдырмауға немесе мәнді қысқартуға мүмкіндік береді, ол технологияны енгізудің екі алдыңғы кезеңдерінің (бірінші және екінші кезеңдер) элементтерін үйлестіре алады немесе жаңа техникалық шешім бола алады.
Технологияны таңдау мына факторларды бағалау негізінде жүргізіледі:
сарқынды сулар кәрізінің орталықтандырылған жүйелерінің бар немесе жоқ болуы;
алаңнан тыс тазарту құрылыстарына төгу үшін орнатылған жергілікті тазарту құрылыстарында алдын ала тазартылған сарқынды сулардағы ластағыш заттардың тізбесі және шоғырлану деңгейі;
кәсіпорынның жобалау және/немесе қоршаған ортаға әсерін бағалау жобасын (ҚОӘБ) әзірлеу кезеңінде бағаланатын экономикалық және технологиялық мүмкіндіктерін ескерумен уәкілетті орган белгілейтін сарқынды сулардың түзілетін көлемдерінің шектік мәндері;
уәкілетті орган белгілейтін өзен бассейніндегі су сапасының стандарттары және/немесе су сапасының нысаналы көрсеткіштері.
2. Жылу энергетикасы
№ |
Операциялар санаты |
Ең озық қолжетімді технологиялар |
Қосымша көрсеткіштер және ескертпелер |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. |
Қатты бөлшектердің шығарындылары |
Қаныққан буды қолданумен шаңды басу технологиясы Электр сүзгіні және мата сүзгіні орналастыруға мүмкіндік беретін қазандық ұяшықтарымен жаңадан енгізілетін станциялар үшін газдық трактта алдын ала тазарту кезеңінде циклондарды және механикалық коллекторларды пайдаланумен электр сүзгілер және мата сүзгілер. |
Тазарту тиімділігі -99,4-99,8 %. |
2. |
Күкірт тотықтарының шығарындылары |
Дымқыл скрубберді (қысқару жиілігі - 92-98 %) және бүркігіш кептіргіш-скрубберді (қысқару жиілігі - 85-92 %) пайдаланумен күкіртсіздендірудің техникалық әдістері. |
Қуаты 100 МВт астам қондырғылар үшін |
3. |
Азот тотықтарының шығарындылары |
Жаңа қондырғылар үшін таңдаушы өршіткілік редукция (бұдан әрі ТКР). Азот тотықтарын таңдаулы өршіткілік емес редукциялау. Ішкі қоспа түзумен жану камералары. Құрамды циклді газдық турбиналар үшін су мен буды бүрку. Өткір үрлеу. Ауа мен отынды сатылы енгізу. Төмен эмульсиялы жанарғыларды қолдану және/немесе қайта жағу. Жоғары шоғырлы шаңды (ЖШШ) қолданумен шаңды жағу технологиясын қолдану |
Шығарындыларды 80-95 %-ға дейін төмендеу |
4. |
Иісті газдың шығарындылары |
Тангенсалды немесе циклонды оттық жобасын қолдану жолымен көміртегінің толық жануын қамтамасыз ету |
|
5. |
Судың ластануының алдын алу |
Салынды бөлшектерді қоршау және тұндыру |
|
6. |
Қатты отынды жағу әдістері |
Стационарлы (көпіршік) қайнау қабатында жағу. |
|
7. |
Жылу қондырғыларының суын салқындату жүйелері |
Конденсаторлар мен градирнялар жылу алмастырғыштарының беті үшін коррозияға төзімді материалдарды таңдау. |
Қолданыста бар қондырғылар, 1, 2, 7-тармақты алып тастағанда жаңа қондырғылар үшін сияқты |
8. |
Теңіз қайраңында пайдаланылатын жылу пайдаланатын қондырғылар |
Аммиакты қолдануды алып тастау |
3. Теңіз және континент мұнай газын өндіру
№ |
Операциялар санаты |
Ең озық қолжетімді технологиялар |
1 |
2 |
3 |
1. |
Континенттік бұрғылау |
Тұщы су сірнелері негізінде бұрғылау ерітінділерін жуу жүйелері |
2. |
Теңіздік бұрғылау |
Бұрғылау ерітінділері және техникалық сұйықтықтар үшін «нөлдік төгінділер» қағидатын қолдану. |
4. Мұнайды, мұнай өнімдерін және көмірсутектік газдарды өндеу және сақтау
№ |
Операциялар санаты |
Қоршаған ортаға эмиссиялардың түрі |
Ең озық қолжетімді технологиялар |
Қосымша көрсеткіштер және ескертпелер |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. Мұнайды өңдеу |
||||
1) |
Атмосфераға шығарындылар |
Отын ретінде мұнай химиясы өндірісінің қалдық газын пайдалану, мұнай өңдеу өндірісінің энергиядағы қалған қажеттіліктерін сұйық отын есебінен қанағаттандыру |
||
2) |
Судың ластануы |
Ластанған, аз ластанған және ластанбаған су ағындарын бөлу әдістерін және тәсілдерін қолдану жолдармен судың ластануын төмендету |
||
3) |
Топырақты және жер асты суларды қорғау |
Ағып кетулерді анықтау үшін аспаптар, ыдыстардың екі қабатты түбі, әлеуетті төгілулер орындарының сүзуге қарсы жабындылары |
||
2. Техникалық операциялар |
||||
Алкилдеу үдерісінде фторлы сутегінің тұрақты шығарындыларын төмендету. |
Газды тазарту жолымен < 1 мг/м3 деңгейіне дейін, суға жіберулерде 20-40 ч/миллион деңгейіне дейін. СО 50-100 мг/м3 дейін, ал NОх шығарындылары үшін - 100-300 мг/м3 дейін |
|||
3. Табиғи газды өңдеу |
||||
1) |
Атмосфераға шығарындылар, жерлерді қорғау |
Отын ретінде құрамында H2S 5 мг/м3 кем емес газды пайдалану |
||
4. Технологиялық операциялар |
||||
Полимерлеу үшін: өршіткіні тұтынуды оңтайландыру; |
||||
5. Мұнай өңдеу өнімдерін сақтау және тасымалдау |
||||
Жүзгіш қақпақты резервуарларда жоғары тиімді тығыздандырғыштарды пайдалану. |
||||
Стационарлық пайдалану кезінде және тиеу-түсіру жұмыстары уақытында резервуарлардағы, көлік құралдарындағы буды қалпына келтіру (ұшқыш емес өнімдер үшін қолдануға болмайды). |
5. Қара металлургия
№ |
Операциялар санаты |
Ең озық қолжетімді технологиялар |
Қосымша көрсеткіштер |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Ыстық және салқын штамптау |
|||
1) |
Шикізатты және көмекші материалдарды сақтау және жұмыс істеу |
Арнаулы әдістерді, мысалға қорғау шұңқырларын және дренажды пайдалану мен төгілулер мен ағып кетулерді жинау. |
|
2) |
Машиналық тазарту |
Машинамен тазарту кезінде қоршау және мата сүзгілердің көмегімен шаң деңгейін төмендету. Түтіннің жоғары ылғалдылығына байланысты мата сүзгілер қолданыла алмайтын жерлерде электр статикалық сүзгілер. |
|
3) |
Қырнап өңдеу |
Машинамен қырнау үшін қоршау және қолмен қырналау үшін қорғаныш қақпақтарымен жабдықталған кабинаны бөлу және мата сүзгілердің көмегімен шаңды азайту. |
|
4) |
Ректификациялау үдерістері |
Ректификацияның (қатты заттардың бөлінуі) барлық үдерістерінен суды тазарту және қайталама пайдалану. |
|
5) |
Қайталама қыздыру және термикалық өңдеу пештері |
Пештің құрылымына немесе пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуге жатқызылатын жалпы шаралар. |
SО2 деңгейлері: < 100 мг/м3, < 400 мг/м3, 1700 мг/м3 дейін. Энергияны үнемдеу 25-50 % және NОх шоғырлануын 50 %-ға дейін төмендету NОх шоғырлануын 65 %-ға дейін төмендету |
6) |
Таза желі |
Содан кейін тазартумен суды шашу, бұл кезде қатты бөлшектер (темір тотықтары) бөлінеді және темірді кәдеге жарату үшін жиналады. |
|
7) |
Түзету және дәнекерлеу |
Соратын қақпақтар және мата сүзгілермен содан кейінгі тазарту |
|
8) |
Құрамында ұсақ жоңқа және май бар технологиялық суды тазарту |
Рецикуляция коэффициенті 95 % < жабық технологиялық циклдер. |
С3 < 20 мг/л |
9) |
Көмірсутекті ластанудың алдын алу |
Майды тұтынуды 50-70 %-ға төмендету |
Майды тұтынудың 50-70 %-ға төмендеуі |
2. Салқын прокат |
|||
1) |
Орамдарды жазып ашу |
Сулық перделер, мата сүзгілермен және шаңды кәдеге жаратумен сору жүйесі |
|
2) |
Улау |
Қышқылды тұтынуды төмендету жөніндегі шаралар: |
Шаң 20-50 мг/м3, |
3) |
Сарқынды суды барынша азайту |
Құйылысты ішкі кәдеге жаратумен каскадтық жуу жүйесі (мысалға, улау ванналарында немесе жуу кезінде). |
|
4) |
Сарқынды суды тазарту |
Бейтараптау, флокуляция және с.с. жолымен тазарту, мұнда жүйеден қышқыл суды шығарудан кету мүмкін емес («Сарқынды суларды тазарту» бөлімін қара) |
Салымды заттар (С3) < 20 мг/л |
5) |
Эмульсиялар |
Герметизацияны, құбырларды және т.б. уақтылы тексеру жолымен ластанулардың алдын алу, ағып кетулерді есептеу. |
|
6) |
Прокат және жұмсарту |
Ластанған ауаны тұман аулағыштар көмегімен тазартумен сору жүйесі. |
Көмірсутектер: |
7) |
Майсыздандыру |
Майсыздандыру ерітіндісін тазарту және қайталама пайдалану жолымен майсыздандырудың тоқтаусыз үдерісі. |
|
8) |
Күйдіруге арналған пештер |
Тоқтаусыз жұмыс істейтін пештер үшін NОх шоғырлануын төмендетін жанарғыларды қолдану. |
Ауаны алдын ала қыздырмай NОх-250-400 мг/м3, |
9) |
Жеткізу/майландыру |
Созу қақпақтары және тұман аулағыштар және/немесе электр статистикалық сүзгілер. |
|
10) |
Түзету және дәнекерлеу |
Сору қақпақтары және ауаны содан кейін мата сүзгілермен тазарту. |
Шаң: < 5-20 мг/м3 |
11) |
Салқындату (машиналар және т.б.) |
Жабық циклде жұмыс істейтін суды салқындатудың бөлек жүйелері. |
|
3. Сымды созу |
|||
1) |
Ваннада улау |
Тазарту ваннасының параметрлерін қатаң бақылау: температура және шоғырлану. |
НСl: 20 мг/м3 |
2) |
Улау |
Каскадтық улау (өндіргіштік > 15 000 тонна созбасын жылына) немесе бос қышқыл фракциясын қалпына келтіру және улау қондырғысында қайталама пайдалану. |
|
3) |
Құрғақ созу |
Созу жылдамдығы > 4 м/с созу машиналарын қоршау (және, егер қажет болса, экранды сүзгіге қосу) |
|
4) |
Дымқыл созу |
Созудың майлау майын тазарту және қайталама пайдалану. |
|
5) |
Құрғақ және дымқыл созу |
Сумен салқындатудың жабық жүйелері. Сумен салқындатудың тік ағатын жүйелерін пайдалануды алып тастау |
|
6) |
Күйдіру пештері |
Қорғаныс өнімділік газын жағу. |
Рb < 5 мг/м3, |
4. Қорытындыға үзіліссіз ыстық батыру |
|||
1) |
Майсыздандыру |
Каскадтық майсыздандыру |
|
2) |
Жылулық өңдеу пештері |
NOх құрамын төмендететін жанарғылар. |
Ауаны алдын ала қыздырусыз NОх - 250-400 мг/м3 |
3) |
Қорытындыға батырумен қорғаныс жабындыны жағу |
Цинк бар қалдықтардың, шлактың және гартмырыштың (цинк темір қорытпасы) бөлек жинақталуы және түсті металлургияда пайдаланумен қайта өңдеу |
|
4) |
Гальваникалық күйдіру |
NOх құрамын төмендететін жандырғылар. |
Ауаны алдын ала қыздырусыз |
5) |
Майлау |
Жолақтарды майлау үшін машиналарды қоршау. |
|
6) |
Фосфаттау және белсенсіздендіру/ хромдау |
Технологиялық ванналарды қоршау. |
|
7) |
Сарқынды су |
Тұндыруды, сүзуді және/немесе флотациялауды/шөгуді/іріткілеуді үйлестірумен пайдаланылған суды тазарту. |
С3 < 2 мг/л |
5. Жаймаларды алиттеу (алюминдеу) |
|||
1) |
Улау |
Жабық ванналар және сумен суарумен скрубберді жеделдету, улау үшін скрубберден және ваннадан сарқынды суды тазарту. |
HCl < 30 мг/м3 |
2) |
Никельді жабынды |
Жабық үдеріс, сумен суарумен скрубберді желдету. |
|
3) |
Қорытындыға батырумен жабындыны жағу |
Жабынды қалыңдығын бақылау үшін әуе пышақтар. |
|
4) |
Майлау |
Электр статикалық майлау машиналары. |
|
6. Сымды жабу |
|||
1) |
Улау |
Қоршалған жабдық немесе шатырлармен және сорылатын ауаны тазартумен жабдықталған жабдықтар. |
HCl - 2-30 мг/м3 |
2) |
Суды тұтыну |
Каскадтық шаю, жаңа және барлық ірі қондырғыларда суды тұтынуды төмендету үшін басқа әдістермен үйлестіру мүмкін (> 15 000 тонна жылына). |
|
3) |
Сарқынды су |
Физикалық-химиялық өңдеу жолмен сарқынды суды тазарту (бейтараптау, флокуляциялау және т.б.). |
С3 < 20 мг/л |
4) |
Қождамалау |
Темірді тасымалдауды төмендетуге және ванналарды ұстауға бағытталған өндірісті ұтымды ұйымдастыру және үдерісті басқару. |
|
7. Цинктеу (гальванизациялау) |
|||
1) |
Майсыздандыру |
Егер бөлшектер майдан толық бос болмаса, майсыздандыру тәсілдерін анықтау. |
|
2) |
Улау + жабындыны химиялық улату |
«Араластырылған» сұйықтықтардан қалпына келтіру үдерісі жүзеге асырылмаса, (орында немесе бөгде мамандандырылған жеткізушілер арқылы) бөлек улау және улату. |
|
3) |
Тұз қышқылымен улау |
Пайдаланылған улау ерітіндісінен бос қышқыл фракциясын қалпына келтіру немесе улау ерітіндісін сыртқы қалпына келтіру. |
НСl - 2-30 мг/м3 |
6. Түрлі-түсті металлургия
№ |
Операциялар санаты |
Ең озық қолжетімді технологиялар |
1 |
2 |
3 |
1. |
Технологиялық операциялар |
Мата сүзгісі, ыстық электр статикалық сүзгі және циклон. |
2. |
Металдардың ерітінділерін химиялық тазарту |
Мырышты/қорғасынды тазартқан кезде күшән және сүрменің тотығын перманганатты тазарту. |
3. |
Қалдықтарды қайта өңдеу және жою |
Металдарды қалпына келтіру үшін қалдықтарды қайта өңдеу. |
7. Қалдық сақтауыштар мен үйінділер
№ |
Операциялар санаты |
Ең озық қолжетімді технологиялар |
1 |
2 |
3 |
1. |
Суға төгінділер |
Пайдаланылған суды қайталама пайдалану. |
2. |
Шумен күрес |
Үзіліссіз жұмыс істейтін жүйелерді (мысалы, транспортерлерді, су құбырларын) пайдалану. |
3. |
Бөгетшені жобалау |
Қауіптілігі төмен бөгетшенің авариялық төгіндісінің биіктігін есептеу үшін 100-жыддық кезеңде бір рет су басуды пайдалану. |
4. |
Бөгетшені салу |
Құрылыс учаскесінен топырақтың құнарлы қабатын алу. |
5. |
Бөгетшені пайдалану |
Авариялық жағдай пайда болған кезде тұндырғы су қоймасына түсірілетін ағынның басқа орынға бұру мүмкіндігін қамтамасыз ету. |
6. |
Тұндырғы су қоймасы |
Аңғарда және аңғардан тыс орналасқан су қоймалары үшін табиғи грунтқа суағарды пайдалану. |
7. |
Қалдықтар мен бос жыныстарды (үйіндіні) жою және залалсыздандыруға арналған құрылыстар |
Табиғи сыртқы ағынды бұру. |
8. |
Орнықтылықты бақылау |
Қалдық сақтауышты/бөгетшені бақылау. |
9. |
Авариялардың алдын алу және салдарларын жою |
Авариялар жағдайына іс-шараларды жоспарлау. |
10. |
Бұзылған қоршаған ортасы бар аймақты азайту |
Кері жауып тастауды кен орындарды әзірлеудің шарттарының бірі ретінде қарастыру. |
11. |
Жабу және одан кейінгі өңдеу |
Құнын бағалауды қоса алғанда, жобалау және пайдалану стадияларында жабу және одан кейінгі өңдеу жоспарларын әзірлеу, уақыт өткеннен кейін оларды жаңарту. |
8. Химия өнеркәсібі
№ |
Операциялар санаты |
Ең озық қолжетімді технологиялар |
Қосымша көрсеткіштер |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. |
Сарқынды суларды жинау жүйесі |
Техникалық ластанған және ластанбаған жаңбыр суын және басқа да ластанбаған су ағындарын бөлу. |
|
2. |
Ағындарды басқарудың кешенді схемасы |
Стадияларды пайдалана отырып, ағындарды тазартудың неғұрлым ұтымды схемасын таңдау: |
|
3. |
Құрамында мұнай және басқа да көмірсутегілері бар ағындар |
Мұнайды/суды циклонмен айыру. |
Тазартылған ағындарда: С3 барынша көп болуы: 0,05-1,5; мг/л: оттектегі биологиялық қажеттілік (ОБҚ5)-2-20 |
4. |
Эмульсиялар |
Эмульсиялардың олардың пайда болу көзінде ыдырауы және бөлінген құрамдас құрауыштарды кәдеге жарату |
|
5. |
Істен шыққан газдарды тазарту |
Бөлінетін газдарды жинау жүйесі, тұтану және жарылыс қауіп-қатерінің алдын алу. |
9. Қалдықтарды өңдеу саласы үшін технологиялар тізбесі
№ |
Операциялар санаты |
Ең үздік қол жетімді технологиялар* |
1 |
2 |
3 |
1. Қалдықтарды өңдеу кезінде қызметтің жалпы түрлері |
||
1) |
Табиғатты қорғау қызметін ұйымдастыру |
Қоршаған ортаны басқару жүйесінің болуы; |
2) |
Қалдықтар туралы білім деңгейін арттыру |
Түсетін қалдықтар туралы нақты деректердің болуы (қауіптілік түрі, шығуы, сыныбы); |
3) |
Қалдықтардың пайда болуы |
пайда болатын қалдықтарды талдаудың болуы (атауы, саны, көлемі, орналастыру орны). |
4) |
Басқару жүйесі |
Қалдықтарды өңдеу процесінде мониторинг жүйесінің болуы (процестердің блок-сызбаларын жасау, процестерді жазу, дерекқордың болуы); |
5) |
Ресурсты үнемдеу |
Энерготиімділікті арттыру (энергия үнемдеу технологияларын қолдану, энерготиімділікті арттыру жоспарын іске асыру); |
6) |
Қалдықтарды сақтау |
Сақтаудың негізгі әдістерінің болуы (сақтау орнының орналасқан жерін белгілеу, болуы мүмкін тәуекелдерді болдырмау, тазалау жүйесінің болуы); |
7) |
Өзге жиі қолданылатын технологиялар |
Қалдықтарды ұсақтау және сүзу кезінде сорғыш желдеткіш жүйелерін қолдану; |
8) |
Атмосфералық ауаға зиянды заттардың шығуын төмендету |
Жабылатын бактарды, резервуарлар мен шұңқырларды қолдану; |
9) |
Ағынды суды басқару |
Суды пайдалану көлемін қысқарту (гидрооқшаулау әдістерін қолдану, бактар мен шұңқырларды тексеруді жүргізу, сусіңгіш жүйелерін қолдану); |
10) |
Пайда болатын қалдықтарды басқару |
Пайда болатын қалдықтарды басқару жоспарының болуы; |
11) |
Топырақтың ластануын болдырмау |
Өндірістегі беттерге техникалық қызмет көрсету (жылыстау мен ағу жағдайларын жою, журнал жүргізу); |
2. Қалдықтарды өңдеудің ерекше түрлері |
||
1) |
Қалдықтарды биологиялық өңдеудің техникалық жүйесін негізделген автоматтық реттеу |
Биологиялық жүйелерді реттеу (автоматты есіктер, жарық беретін бункерлер орнату); |
2) |
Сұйық қалдықтарды физика-химиялық өңдеу |
Физика-химиялық әдістерді қолдану; |
3) |
Қатты қалдықтарды физика-химиялық өңдеу |
Бейорганикалық қоспалардың сілтісізденушілігін тексеруді жүзеге асыру; |
4) |
Ластанған топырақты физика-химиялық өңдеу |
Ластанған топырақты бақылауды жүзеге асыру; |
5) |
Пайдаланылған мұнай өнімдерін тазалау |
Түсетін материалды бақылауды жүзеге асыру; |
6) |
Еріткіштерді бастапқы қалпына келтіру |
Түсетін материалды бақылау; |
7) |
Пайдаланылған бейтараптандырғышты бастапқы қалпына келтіру |
Жеңдік сүзгішті қолдану; |
8) |
Белсенді көмір қалдықтарын бастапқы қалпына келтіру |
Сапаны бақылауды жүзеге асыру; |
9) |
Отын ретінде пайдалану үшін қалдықтарды дайындау |
Қалдықтардан өндірілген отын құрамы туралы қолда бар мәліметтерді беру; |
10) |
Қауіпсіз қалдықтардан жасалатын қатты отын өндірісі |
Түсетін қалдықтарды визуалды тексеру; |
11) |
Қауіпті қалдықтардан жасалатын қатты отын өндірісі |
Кептіру және жылыту процестеріндегі тұтану қаупін есепке алу; |
12) |
Қауіпті қалдықтардан жасалатын сұйық отын өндірісі |
Сұйық отынды қыздыру кезінде бакқа кіріктірме жылу алмастырғышты қолдану; |
Ескертпе:
Ең үздік қолжетімді технологиялар бойынша анықтамалық құжаттар ретінде Қоршаған ортаның ластануын болдырмау және оны кешенді бақылау жөніндегі Еуропа бюросымен ұсынылған анықтамалықтар пайдаланылуы мүмкін (IPPC BUREAU - http://eippcb.jrc.es/reference).