Қазақстан Республикасы 1992 жылғы 2 шілдедегі «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңының 19-бабының
14-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-ұстау ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күннің ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» құқықтық-ақпараттық жүйесінде ресми жариялануға жолдауын;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Ғ. Ахмедьяровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мұхамедиұлы
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2014 жылғы 29 желтоқсанда
№ 157 бұйрығымен
бекітілген
Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және
күтіп-ұстау ережесі
1. Осы Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-ұстау ережесі тарих және мәдениет ескерткіштерін (бұдан әрі - ескерткіштер) қорғау мен күтіп-ұстау тәртібін айқындайды.
2. Ескерткіштердің меншік иелері мен пайдаланушылар олардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мыналарды жүзеге асырады:
1) зақымданудан және (немесе) жоюдан, тағылық актілерінен, жалған дәріптеуден, өңін айналдырудан, бұрмалаудан, орынсыз өзгерістер енгізуден, тарихи түпмәтіннен үзіп тастаудан қорғау;
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарын меншік құқықтарының болуы мүмкін немесе болған өзгерістері туралы хабардар ету;
3) халықаралық және республикалық маңызы бар ескерткіштерде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуді тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен (бұдан әрі - уәкілетті орган), жергілікті маңызы бар ескерткіштерде – облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу;
4) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен жасалған арнайы шарттарда белгіленетін тәртіппен және шекте ескерткішке ғылыми, мәдени және өзге де мақсаттарда қол жеткізуді;
5) олардың сақталуы қамтамасыз етілетін нормаларға сәйкес күтіп-ұсталуын қамтамасыз ету.
3. «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 18-бабы 7-тармақшасына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, жергілікті атқарушы органдары ескерткіштердің меншік иелері мен пайдаланушыларға қорғау міндеттемесі беріледі.
4. Әрбір ескерткішке ескерткіш туралы негізгі деректер және ескерткіштің мемлекеттің қорғауында екендігіне нұсқама қамтылған қорғау тақтасы орнатылады.