«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 463 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 8527 тіркелді, 2013 жылғы 23 қазандағы № 299 (27573) «Казахстанская правда» және 2013 жылғы 23 қазандағы № 237 (28176) «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.Қ. Жұмағалиевке жүктелсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметінің қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Орталықтардың құрылымын және штаттық санын Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – «ХҚКО» РМК) бас директоры бекітеді.»;
15-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
« «ХҚКО» РМК, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік), мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын уәкілетті органдардың пошталық мекенжайлары, телефондар, электрондық пошталары және мекенжайлары, ресми сайттары;»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Орталықтардың қызмет көрсету залдарында Министрліктің және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сенім телефондары бар баннерлер орнатылады.».
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (С.С.Сарсенов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.Қ. Жұмағалиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушысы Ж. Қасымбек