Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде фондық экологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 20 қарашадағы № 131 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 26 желтоқсанда № 10025 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде фондық экологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты ресми жариялауға бұқаралық ақпарат құралдарына және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесіне жолдануын;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                          В. Школьник

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрi
      ______________ А. Мамытбеков
      2014 жылғы 20 қараша

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2014 жылғы 20 қарашадағы
№ 131 бұйрығымен  
бекітілген     

Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын
жүргізу кезінде фондық экологиялық зерттеулерді ұйымдастыру
және жүргізу қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде фондық экологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабы 29) тармақшасына сәйкес әзірленген және Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде фондық экологиялық зерттеулерді (бұдан әрі - ФЭЗ) ұйымдастыру және жүргізу тәртібін белгілейді.
      Қағидалар әрекетінің аумақтық шекаралары Каспий теңізінің қазақстандық секторының (су бетінің айнасы) барлық акваториясына қолданылады. Қағидалардың қолданылу аймағына Каспий теңізінің қазақстандық секторына құятын өзендердің сағалық учаскелері, мүйістер, шығанақтар мен теңіз портының акваториясы қамтылады.
      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) бентос - тіршілігінің барлық немесе көп бөлігін мұхит және континеттік су айдындарының түбінде, оның топырағында және топырақта қозғалып және отырып та (жабысып) өмір сүретін ағзалардың жиынтығы;
      2) биотоп - биоценоз мекендейтін рельефтің, климаттың және тағы басқа абиотикалық факторлардың жағдайлары біртектес су айдындарының немесе құрлықтың өңірі;
      3) зоопланктон - планктонның жануар түріндегі нысаны;
      4) ихтиофауна - қандай да бір су айдынындағы немесе оның бөлігіндегі балықтар және дөңгелек ауыздылар түрлерінің жиынтығы;
      5) итбалықтар – теңізде өмір сүруге бейімделген жыртқыш жануарлар;
      6) лицензиялық аймақ – бөлінген аймақта орналасқан лицензиаттың өндірісі;
      7) орнитофауна – белгілі бір аймақта немесе қандайда бір мезгілдің бөлігінде кездесетін құстардың жиынтығы;
      8) сапробионтты ағзалар - су құрамында аздаған еріген оттегі бар органикалық заттармен қатты ластанған су айдындарында тіршілік ететін су ағзалары;
      9) сапробтық деңгей - су айдындарының органикалық заттармен ластану дәрежесінің сипаттамасы, онда тіршілік ететін сапробионтты ағзалардың түрлік құрамымен анықталады;
      10) су түбінің шөгінділері - тұрақты, қозғалатын және сондай-ақ қозғалмайтын су объектісінің түбінде жүзінділердің бөліну нәтижесінде тұндырылған қатты материал;
      11) теңіз ортасы - қоршаған ортаның физикалық, геологиялық, химиялық және биологиялық факторларының теңіз акваториясының үстінде су қабатымен және әуе кеңістігімен шектелген байланысы;
      12) теңіз ортасының компоненттері - атмосфералық ауа, теңіз суы, су түбі шөгінділері, теңіз флорасы мен фаунасы;
      13) теңіз ортасын фондық экологиялық зерттеу - табиғат пайдаланушының келісім шарттық (лицензиялық) аумағында сонымен қатар желілік объектілері учаскелерін қоса теңіз ортасының жай-күйіне арнайы комплекстік зерттеулер жүргізу;
      14) фитопланктон - теңіз және тұщы су айдындарының су қабатында орналасатын және ағынмен пассивті орын ауыстыратын өсімдік ағзаларының жиынтығы.

2. Каспий теңізінің қазақстандық секторында фондық экологиялық
зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу тәртібі

       3. ФЭЗ жүргізу табиғат пайдаланушымен жүргізіледі.
      4. ФЭЗ жүргізу мақсатында табиғат пайдаланушымен жеке немесе басқа табиғат пайдаланушылармен бірлесіп ФЭЗ бағдарламасын әзірлейді.
      5. ФЭЗ бағдарламасында:
      1) теңіз ортасының зерттелетін компоненттері (атмосфералық ауа, теңіз суы, су түбі шөгінділері, бентос, зоопланктон, фитопланктон, су өсімдіктері, ихтиофауна, орнитофауна, итбалықтар);
      2) теңіз ортасының әрбір компонент бойынша бақыланатын параметрлерінің тізбесі;
      3) бақылаудың кезеңділігі және ұзақтығы;
      4) сынама алу нүктелерінің кеңістіктегі координаттары мен орналасқан жерін карта-схемада көрсете отырып орналасуы;
      5) барлық бақылау түрлерін жүргізу әдістемелерінің тізімі, ФЭЗ нормативтік-техникалық, әдістемелік және метрологиялық қамтамасыз ету;
      6) есептерді дайындау мерзімдері мен есеп түрлері белгіленеді.
      6. Табиғат пайдаланушы ФЭЗ жүргізу үшін құрамында аналитикалық зертханалары бар арнайы ғылыми-зерттеу ұйымдары немесе ғылыми-өндірістік орталықтарды келісім шарт негізінде тартады.
      7. Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы ФЭЗ табиғат пайдаланушының желілік объектілерінің учаскелерін қоса, келісім шарттық (лицензиялық) аумағында жүзеге асырылады. ФЭЗ сынама алу нүктелері биотоптардың ерекшілігі мен тереңділігін ескере отырып, лицензияланған аумаққа бірдей бөлңнеді. Лицензиялау аумағында сынама алу нүктелерінің саны оннан кем болмауы қажет.
      8. ФЭЗ жобаланатын желілік объектілерде (тасымалдау құбырлары) өтетін желілік объектілері жобаланған трассалардан тыс жүргізіледі. ФЭЗ сынама алу нүктелерінің орналасу схемалары трассадан бір километрден кем емес арақашықтықта оңға және солға біріңғай орналасады. Трасса бойындағы сынама алу нүктелерінің арақашықтығы бір километрден кем болмауы керек.
      9. Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы ФЭЗ қоршаған ортаның бастапқы күйінің бағасын қамтиды.
      10. ФЭЗ нәтижесі бойынша теңізде өткізілген бақылау нәтижелерінің және сынамаларға зертханалық талдау негізінде жылдық есептер дайындалады және олар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға есептік жыл аяқталғаннан кейін үш ай ішінде ұсынылады.

Каспий теңізінің қазақстандық  
секторында мұнай операцияларын жүргізу
кезінде фондық экологиялық зерттеулерді
ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына
Қосымша             

ФЭЗ жүргізу кезінде анықталатын қоршаған ортаның компоненттері
мен көрсеткіштер тізімі

      1) метеорологиялық параметрлер.
      Бақылау желдің бағыты мен жылдамдығына, ауа температурасына, ауа райының жай-күйіне (атмосфералық қысым, бұлттылық, атмосфералық жауын-шашын) жүргізіледі.
      Бақылау кезеңділігі: ауа сынамаларын алу (атмосфералық ауадағы ластаушы заттардың шоғырлануын аспаптық өлшеу) уақытында;
      2) атмосфералық ауа.
      Бақылау күкірт қос тотығына, азоттың тотығына және қос тотығына, көміртегі тотығына, көмірсутегілерге, күкіртті сутегіне жүргізіледі.
      Бақылау кезеңділігі: Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында - қыс айында мұзы бар аумақтардан басқа климаттық маусымдар бойынша жылына төрт рет, қалған акваториялар үшін күз және көктем климаттық маусымдарда екі рет;
      3) теңіз сулары.
      Гидрологиялық және гидрофизикалық параметрлер: су температурасы, тұздылығы, электр өткізгіштігі, мөлдірлігі, тереңдігі, лайлығы, толқынның биіктігі мен бағыты, теңіз ағыстарының жылдамдығы және басқа да бақылаулар (теңіз жұмыстары кезінде су бетінің шаңдануы; жоғары лайлылық, көбіктің болуы, өлі организмдер (өсімдік/балық)).
      Бақылау кезеңділігі: Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында - қыс айында мұзы бар аумақтардан басқа климаттық маусымдар бойынша жылына төрт рет, қалған акваториялар үшін күз және көктем климаттық маусымдарда екі рет;
      Гидрохимиялық параметрлер: сутегі көрсеткіші, еріген оттегі, оттегіні биохимиялық тұтыну, оттегіні химиялық тұтыну, аммоний азоты, жалпы азот, жалпы фосфор.
      Бақылау кезеңділігі: Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында - қыс айында мұзы бар аумақтардан басқа климаттық маусымдар бойынша жылына төрт рет, қалған акваториялар үшін күз және көктем климаттық маусымдарда екі рет;
      Теңіз суының сапасы: көмірсутегінің жалпы шоғырлануы, полиаромат көмірсутегілер, синтетикалық беткі активті заттар (анионды беткі активті заттар), фенолдар, ауыр металдар (Al, As, Ba, Cd, Cr, Cu, Fe, Hg, Ni, Pb, V, Zn).
      Бақылау кезеңділігі: Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында - қыс айында мұзы бар аумақтардан басқа климаттық маусымдар бойынша жылына төрт рет; қалған акваториялар үшін күз және көктем климаттық маусымдарда екі рет;
      4) су түбі шөгінділері.
      Гранулометрлік құрамы, тотықтырғыш - қалпына келтіргіш әлеует, бір және төрт сантиметр тереңдіктегі су түбі шөгінділерінің температурасы, органикалық көміртегінің құрамы, ауыр металдар (Al, As, Ba, Cd, Cr, Cu, Fe, Hg, Ni, Pb, V, Zn), фенолдар, көмірсутегінің жалпы шоғырлануы, полиаромат көмірсутегілер енгізіледі.
      Бақылау кезеңділігі: Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында - қыс айында мұзы бар аумақтардан басқа климаттық маусымдар бойынша жылына төрт рет, қалған акваториялар үшін күз және көктем климаттық маусымдарда екі рет;
      Микробиологиялық бақылаулар: микрооганизмдердің жалпы саны, сопрофиттердің, актиномицеттер мен саңырауқұлақтардың саны, микроорганизмдер биомассасы, мұнайды тотықтыратын микроорганизмдер.
      Бақылау кезеңділігі: Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында - қыс айында мұзы бар аумақтардан басқа климаттық маусымдар бойынша жылына төрт рет; қалған акваториялар үшін күз және көктем климаттық маусымдарда екі рет;
      5) бентос.
      Организмдердің жалпы саны, түр құрамы (түрлердің саны және тізімі), жалпы биомассасы, түрлердің саны және биомассасы (зообентостың сандық басым түрлерінің құрамы) бойынша үстем негізгі топтар мен түрлердің саны.
      Бақылау кезеңділігі: Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында - қыс айында мұзы бар аумақтардан басқа климаттық маусымдар бойынша жылына төрт рет, қалған акваториялар үшін күз және көктем климаттық маусымдарда екі рет;
      6) фитопланктон.
      Фитопланктон жасушаларының жалпы саны, жалпы биомассасы, түр құрамы (түрлердің саны және тізімі), сапробтық деңгейі.
      Бақылау кезеңділігі: Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында - қыс айында мұзы бар аумақтардан басқа климаттық маусымдар бойынша жылына төрт рет, қалған акваториялар үшін күз және көктем климаттық маусымдарда екі рет;
      7) зоопланктон
      Организмдердің жалпы саны, түр құрамы (түрлердің саны және тізімі), жалпы биомассасы, сапробтық деңгейі, негізгі топтардың саны және түрлері, негізгі топтар және түрлер биомассасы.
      Бақылау кезеңділігі: Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында - қыс айында мұзы бар аумақтардан басқа климаттық маусымдар бойынша жылына төрт рет, қалған акваториялар үшін күз және көктем климаттық маусымдарда екі рет;
      8) су өсімдіктері.
      Қоғамдастықтың флористикалық құрамы, қоғамдастықтардағы түрлердің таралу пайызы, су түбі шөгінділерін өсімдіктермен жобаланған пайыздық жамылғысы, өсімдіктердің құрылымы (тігінен, көлденеңінен), өсімдіктердің өзгеру дәрежесі.
      Бақылау кезеңділігі: Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында - қыс айында мұзы бар аумақтардан басқа климаттық маусымдар бойынша жылына төрт рет, қалған акваториялар үшін күз және көктем климаттық маусымдарда екі рет;
      9) ихтиофауна.
      Ихтиологиялық зерттеулер бойынша балық аулары қондырғылары қойылған ФЭЗ сынама алу нүктелерінің саны ФЭЗ сынама алу нүктелерінің жалпы санының отыз пайызынан кем емес, ал тралдықтың қондырғылары кемінде елу пайыз болуы қажет.
      Барлық балықтардың түрлеріне: ауланатын балық түрлері, аулау жабдықтарымен және ауланатын балықтардың түрлі құрамы, балықтардың сирек түрлерінің болуы, өлшемдік құрылымы енгізіледі.
      Балықтардың нысаналы түрлеріне (жергілікті ихтиологиялық қоғамдастықтардың көптеген, тұрақты өкілдері) балықтардың жеке биологиялық сипаттамасы (Q-дененің жалпы массасы, q-ішек-қарынсыз дене массасы, L-балықтың жалпы ұзындығы, l-құйрық жүзу қанатынсыз балықтың ұзындығы, жынысы, жас шамасы, жетілу сатысы), жетілудің IV сатысында аналығын ұстау кезінде абсолютті жеке өсімталдығымен анықталады, сызықты өсу екпіні, түрдің типтік морфологиялық әлпетінен ауытқуларының (кемтарлықтар) болуы енгізіледі, сыртқы паразиттердің болуы, оларды оқшаулау және саны (тек қана жай көзбен көрінетін паразиттер екенін есепке алу керек), қуыс паразиттерінің болуы, олардың саны мен салмағы.
      Бақылау кезеңділігі: Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында - қыс айында мұзы бар аумақтардан басқа климаттық маусымдар бойынша жылына төрт рет, қалған акваториялар үшін күз және көктем климаттық маусымдарда екі рет;
      10) орнитофауна.
      Түр құрамы (түрлердің саны және тізімі), саны, тұратын орнының сипаттамасы мен зерттелетін аумақта орналастыру ерекшелігі; осы көрсеткіштердің маусымдық және көпжылдық көрсеткіштер динамикасы.
      Бақылау кезеңділігі: Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында - жыл сайын үш рет көктемгі және күзгі көшу кезеңінде және ұя салу кезеңінде, қалған акваториялар үшін күз және көктем климаттық маусымдарда бір рет;
      11) итбалықтар.
      Саны, тұратын орнының сипаттамасы мен бақыланатын аумақта орналастыру ерекшелігі; табиғи және жасанды факторлардың әсерімен (техногендік) бұл көрсеткіштердің маусымдық және көпжылдық динамикасы. ФЭЗ орындайтын кемелердің бағыттарындағы жылдың барлық маусымдарында итбалықтардың (кездесулер) қонысы, олардың саны, тұруы мен жүру сипаты, фото-бейне түсірулер жүргізу GPS көмегі арқылы белгіленеді.
      Бақылау кезеңділігі: Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағына - қысқы және көктемгі кезеңдерде.