Ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 126 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 26 желтоқсанда № 10023 тіркелді

Жаңартылған

      «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 18-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру қағидасы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті (Момышев Т.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты ресми жариялауға бұқаралық ақпарат құралдарына және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеге жолдануын;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсы мен мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Энергетика министрі                        В. Школьник

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика
      министрі
      ________________Е. Досаев
      2014 жылғы 27 қараша

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму
      министрі
      ________________Ә. Исекешев
      2014 жылғы 24 қараша

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2014 жылғы 14 қарашадағы
№ 126 бұйрығымен  
бекітілген      

Ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы пайдалану,
технологиялық жабдықты іске қосу-баптау, пайдалану, оған
техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды
технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи
газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру қағидасы 1. Жалпы ережелер

      1. Осы ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына (бұдан әрі - Заң) және «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңына сәйкес әзірленді.
      Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган - жер қойнауын геологиялық зерттеу, ұтымды әрі кешенді пайдалану саласында мемлекеттік саясатты іске асыру және бақылау жөніндегі функцияларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      2) мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган - мұнай-газ, мұнай-химия өнеркәсібі, көмірсутек шикізатын тасымалдау салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды, басқару үдерісін үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
      3) алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 23.02.2015 № 128 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;
      4) ілеспе және табиғи газды кәдеге жарату - газды алау етіп жағуды болдырмауға бағытталған барлық өндірістік іс-шаралар, атап айтқанда: газды өзінің техникалық және технологиялық мұқтаждығына пайдалану, электр энергиясын өндіру және сату, газ өңдеу өнімдерін қайта өңдеу және сату, газды немесе оны өңдеу өнімдерін сақтау үшін қабатқа айдау, сондай-ақ қабат қысымын ұстап тұру.
      Осы Қағидада пайдаланылатын өзге ұғымдар Заңда айқындалған.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 23.02.2015 № 128 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы пайдалану,
технологиялық жабдықты іске қосу-баптау, пайдалану, оған
техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды
технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи
газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру тәртібі

      2. Ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсатты (бұдан әрі - рұқсат) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) береді.
      Рұқсат беруді (беруден бас тартуды) мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган осы Қағиданың 6, 7 және 8-тармақтарында қарастырылған құжаттарды алған күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
      Уәкілетті орган өтініш берушінің рұқсат алуға құжаттарды алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде толықтығы мен дұрыстығын тексереді, артынша рұқсат жобасын өтінішке қоса берілген құжаттармен бірге жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға келісу үшін жібереді.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 23.02.2015 № 128 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      3. Жер қойнауын пайдаланушы (өтініш беруші) уәкілетті органға сұралатын рұқсат түріне байланысты осы Қағиданың 67 және  8-тармақтарында қарастырылған құжаттармен бірге осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар алу үшін өтініш (бұдан әрі - өтініш) береді.
      4. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органдағы ең жоғары келісу мерзімі құжаттар түскен күнінен бастап жеті жұмыс күні.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 23.02.2015 № 128 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      5. Уәкілетті орган жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның келісімін алғаннан кейін жер қойнауын пайдаланушыға рұқсат береді.
      Рұқсатта жағатын газдың көлемі мен рұқсаттың қолданылу мерзімі көрсетіледі.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 23.02.2015 № 128 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      6. Ұңғыма объектілеріне сынақтар жүргізу кезіндегі рұқсатты алу үшін мынадай құжаттар беріледі:
      1) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес жер қойнауын пайдаланушының қолы қойылған өтініш;
      2) жер қойнауын пайдаланушы жасаған және жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық органымен келісілген ұңғымалардың жекелеген объектілерін сынау жоспарлары.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 23.02.2015 № 128 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      7. Кен орнын сынамалы пайдалану кезіндегі рұқсатты алу үшін мынадай құжаттар беріледі:
      1) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес жер қойнауын пайдаланушының қолы қойылған өтініш;
      2) осы Қағидаға қосымшаның 3-нысанына сәйкес мәліметтер нысаны.
      8. Газды технологиялық еріксіз жағу кезіндегі (технологиялық жабдықты іске қосу-баптау, технологиялық жабдықты пайдалану, технологиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде) рұқсатты алу үшін мынадай құжаттар беріледі:
      1) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес жер қойнауын пайдаланушының қолы қойылған өтініш;
      2) осы Қағидаға қосымшаның 4-нысанына сәйкес мәліметтер нысаны.
      9. Ұңғымалардың объектілеріне сынақтар жүргізу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат бекітілген жобаға сәйкес ұңғымалардың жекелеген объектілерін сынау жоспарына сәйкес мерзімге беріледі, бірақ ұңғыманың әр объектісі үшін үш айдан артық болмауы керек.
      Ұңғыманың жекелеген объектілерін сынау жоспарында жер қойнауын пайдаланушы жасаған Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 1319 қаулысымен бекітілген Мұнай операцияларын жүргізген кезде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудың нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесіне сәйкес газ жағу көлемдері мен жұмыс түрлері бойынша күндер саны бойынша есептеулер келтіріледі.
      Технологиялық жабдықты іске қосу-баптау кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағу (бұдан әрі - газды жағу) іске қосу-баптау жұмыстарымен байланысты жұмыс жоспарына (немесе графигіне, бағдарламасына және басқ.) сәйкес кезең ішінде жүзеге асырылады.
      10. Кен орнын сынамалы пайдалану және газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат бір жылдан аспайтын мерзімге және күнтізбелік жылдың соңына дейін қолданылу мерзімімен беріледі.
      Бұл ретте кен орнын сынамалы пайдалану кезінде газды жағуға үш жылдан аспайтын жалпы мерзімге рұқсат етілуі мүмкін.
      11. Жер қойнауын пайдаланушы осы Қағиданың 67 және  8-тармақтарында қарастырылған барлық талап етілетін құжаттарды бермеуі және осы Қағиданың 2-тармағында көрсетілген уәкілетті органдар бірінің рұқсат жобасын келіспеуі, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының толық емес және дұрыс мәліметтер қамтылмаған құжаттарды беруі рұқсат беруден бас тартуға негіз болады.
      12. Уәкілетті орган берілген рұқсаттардың есебін жүргізеді және тіркейді.
      13. Жер қойнауын пайдаланушы қайта ұйымдастырылған және (немесе) атауы өзгерген жағдайда мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы алған сәттен бастап бір ай мерзім ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттармен қоса рұқсатты қайта ресімдеу туралы ерікті түрде өтініш береді.
      Заңның 72-бабы 10-тармағына сәйкес келісімшарттың қолданылуын құзыретті орган мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда, бұрынғы жер қойнауын пайдаланушыға берілген рұқсат жаңа жер қойнауын пайдаланушы анықталғанға дейінгі мерзімге ұлттық компанияға қайта ресімделуге жатады.
      Уәкілетті орган жер қойнауын пайдаланушы (ұлттық компания) тиісті өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісу рәсімін сақтамай-ақ рұқсатты қайта ресімдейді.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 23.02.2015 № 128 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Ұңғымалар объектілерін сынау, кен   
орнын сынамалы пайдалану, технологиялық
жабдықты іске қосу-баптау, пайдалану, оған
техникалық қызмет көрсету және жөндеу 
жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз
жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи
газды алау етіп жағуға рұқсаттар   
беру қағидасына           
1-қосымша                 

                                                              нысан

Ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы пайдалану,
технологиялық жабдықты іске қосу-баптау, пайдалану, оған
техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағуға рұқсат

      Нөмірі:                                         Берілген күні:
      Берілген орны:            

_____________________________________________________________ берілді
                (жер қойнауын пайдаланушының атауы)
_____________________________________________________________________
                    (кен орны, ұңғыма нөмірі)
__________________________________________________________ көлемінде,
               (жағуға рұқсат етілген газ көлемі)
_____________________________________________________________________
                        (газды жағу түрі)
_____________________________________________________________________
                  (рұқсаттың әрекет ету мерзімі)

Мемлекеттік уәкілетті органдардың келісуі:

Р/с №

Атауы

Шығыс нөмірі

Күні

1




2




      Басшы (уәкiлеттi тұлға): тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
      Электрондық-цифрлық қолтаңба

Ұңғымалар объектілерін сынау, кен   
орнын сынамалы пайдалану, технологиялық
жабдықты іске қосу-баптау, пайдалану, оған
техникалық қызмет көрсету және жөндеу 
жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз
жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи
газды алау етіп жағуға рұқсаттар   
беру қағидасына           
2-қосымша                 

                                                              нысан

Ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы пайдалану,
технологиялық жабдықты іске қосу-баптау, пайдалану, оған
техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды
технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи
газды алау етіп жағуға рұқсаттар алу үшін өтініш

(қайда) _____________________________________________________________
                   (уәкiлеттi органның толық атауы)
(кімнен) ____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), ЖСН, заңды
  тұлғаның толық атауы, орналасқан жерінің мекенжайы, БСН, байланыс
            деректері (телефон, факс, электрондық пошта)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
             (кен орны; ұңғыма нөмірі*; қандай сатыда)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
  (газ жағу қажеттілігінің себебі және негіздемесі; жылына жағылатын
                  газдың болжамды көлемі (млн. м3)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (сатыларын көрсетумен жер қойнауын пайдалануға арналған
          келісімшарттың күні, нөмірі және қолдану мерзімі)

Ұңғыма туралы деректер:*

Көлемі, млн. м3

Объектінің реттік нөмірі

Жиегі

Аралығы

Объектілер бойынша сынау күндерінің саны

1

2

3

4

5

6













      *Ұңғымалар объектілеріне сынақтар жүргізу кезінде газды жағуға рұқсат алу үшін

Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі:
1. ________________________________
2. ________________________________
   ...

Ұйымның басшысы (лауазымы) ______________ _________________
                               (қолы)         (Т.А.Ә.)

                                  20__ж. «___» ____________

Ұңғымалар объектілерін сынау, кен   
орнын сынамалы пайдалану, технологиялық
жабдықты іске қосу-баптау, пайдалану, оған
техникалық қызмет көрсету және жөндеу 
жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз
жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи
газды алау етіп жағуға рұқсаттар   
беру қағидасына           
3-қосымша                 

Кен орнын сынамалы пайдалану кезінде ілеспе және (немесе)
табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат үшін мәліметтер нысаны

      1. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті органның ілеспе және (немесе) табиғи газды кәдеге жарату немесе өңдеуді дамыту бағдарламасын бекіту туралы ақпарат:
      1) құжат нөмірі (хаттама, хат не басқа растайтын құжат)
____________________________________________________________________;
      2) құжаттың күні (хаттама, хат не басқа растайтын құжат)
____________________________________________________________________;
      3) өтінім беру жылына жағылатын газдың рұқсат етілген мөлшері,
млн. м3 ____________________________________________________________;
      4) өтінім беру жылына газды өндіру мөлшері, млн. м3 __________.
      2. Кен орнын сынамалы пайдалану жобасын бекіту туралы ақпарат:
      1) құжат нөмірі (хаттама, хат не басқа растайтын құжат) ______;
      2) құжаттың күні (хаттама, хат не басқа растайтын құжат) _____;
      3) жобалық құжаттың қолданылу мерзімі ________________________.
      3. Бекітілген кен орнын сынамалы пайдалану жобасына сәйкес газ
өндірудің жоспарлы көлемі, млн. м3 _________________________________.
      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 желтоқсандағы
1319 қаулысымен бекітілген Мұнай операцияларын жүргізген кезде ілеспе
және (немесе) табиғи газды жағудың нормативтері мен көлемдерін
есептеу әдістемесіне сәйкес кен орнын сынамалы пайдалану кезінде
ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағу нормативтері мен
көлемдерінің есептемесі
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________.

Ұңғымалар объектілерін сынау, кен   
орнын сынамалы пайдалану, технологиялық
жабдықты іске қосу-баптау, пайдалану, оған
техникалық қызмет көрсету және жөндеу 
жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз
жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи
газды алау етіп жағуға рұқсаттар   
беру қағидасына           
4-қосымша                 

Технологиялық жабдықты іске қосу-баптау, пайдалану, оған
техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды
технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи
газды алау етіп жағуға рұқсат үшін мәліметтер нысаны

      1. Өткен жылғы өндірілген газ, млн. м3 _______________________.
      2. Өткен жылғы жағылған газ, млн. м3 (оның ішінде технологиялық
еріксіз жағу және барлау ұңғымаларын сынау кезінде) ________________.
      3. Мұнай өндірудің жоспарланатын мөлшері, мың
         тонна_________________.
      4. Газ өндірудің жоспарланатын мөлшері, млн. м3 ______________.
      5. Өтінім беру жылына газ жағу мөлшері, млн. м3 ______________.
      6. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті органның ілеспе және
(немесе) табиғи газды кәдеге жарату немесе өңдеуді дамыту
бағдарламасын бекіту туралы:
      1) құжат нөмірі (хаттама, хат не басқа растайтын құжат)
____________________________________________________________________;
      2) құжаттың күні (хаттама, хат не басқа растайтын құжат)
____________________________________________________________________;
      3) өтінім беру жылына жағылатын газдың рұқсат етілген мөлшері,
млн. м3_____________________________________________________________;
      4) өтінім беру жылына газ өндіру мөлшері, млн. м3
____________________________________________________________________
      7. Газ өндіруді және жағуды есептеу аспаптарының саны мен
олардың орналасуы ___________________________________________________
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________.
      8. Газ өңдеудің және кәдеге жаратудың нақты көлемі туралы
ақпарат:
      1) өткен жылғы газ өңдеу мөлшері, млн. м3 ____________________;
      2) өткен жылғы газ өңдеу тәсілі _______________________________
____________________________________________________________________;
      3) өткен жылғы кәдеге жаратылған газ мөлшері, млн. м3 (көзі
бойынша) ___________________________________________________________;
      4) өткен жылғы газды кәдеге жарату тәсілі (көзі бойынша)
____________________________________________________________________.
      Газды өндірістік үздіксіз жағу көздері (алаулары) туралы ақпарат:
      1) орналасқан жері ___________________________________________;
      2) биіктігі, метр ____________________________________________;
      3) өнімділігі, Нм3 мың/тәулік ________________________________.
      10. Кен орнын игеру жобасын бекіту туралы ақпарат:
      1) құжат нөмірі (хаттама, хат не басқа растайтын құжат)
____________________________________________________________________;
      2) құжаттың күні (хаттама, хат не басқа растайтын құжат)
____________________________________________________________________;
      3) жобалық құжаттың қолданыс мерзімі _________________________.
      11. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8
желтоқсандағы № 1319 қаулысымен бекітілген Мұнай операцияларын
жүргізген кезде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудың
нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесіне сәйкес технологиялық
жабдықты іске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету
және жөндеу жұмыстары жағдайында газды технологиялық еріксіз жағу
кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағу нормативтері
мен көлемдерінің есептемесі _________________________________________
_____________________________________________________________________