«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 55) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мүгедек спортшыларға сыныптау жүргізудің қағидалары бекітілсін.
2. Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Т.Қ. Есентаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
А. Мұхамедиұлы |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
_________________ Т. Дүйсенова
23 желтоқсан 2014 жыл
Қазақстан Республикасы |
Мүгедек спортшыларға сыныптау жүргізудің қағидалары
1.Жалпы ережелер
1. Осы Мүгедек спортшыларға сыныптау жүргізудің тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) мүгедек спортшыларға сыныптау жүргізудің тәртібін, шарттарын анықтайды.
2. Осы Тәртіпте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) аға сыныптаушы – мүгедек спортшыны бағалаудың халықаралық стандарттары мен Наразылықтар мен апелляциялар бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес нақты жарыс кезінде аталған спорт түрінде сыныптау мәселелеріне басшылықты және үйлестіруді жүзеге асыратын жеке тұлға;
2) жаттықтырушы – спорттық кәсіпби білімі бар, спорттық нәтижелерге қол жеткізуі үшін спортшыны даярлаудың оқу-жаттығу процесін және оның жарыстастық қызметіне басшылықты жүзеге асыратын жеке тұлға;
3) мүгедек спортшы – тыныс-тiршiлiгінің шектелуiне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарларынан, кемiстiктерден ағза функциялары үнемі бұзылып, денсаулығы нашарлаған және спорттың қолжетімді түрімен (қолжетімді түрлерімен) айналысатын жеке тұлға;
4) мүгедек спортшыларды сыныптау – мүгедек спортшылардың функционалдық мүмкіндіктері ұқсас деңгейдегі басқа спортшылармен бірдей шарттарда жарысқа түсуіне мүмкіндік жасау мақсатында мүгедек спортшылардың сыныбын (сыныптау санатын) сыныптаушының немесе сыныптаушылар тобының анықтау үдерісі;
5) сынып (сыныптау санаты) – мүгедек спортшының алған зақымының нәтижесінде оның белсенділігінің шектелу деңгейін анықтайтын санат (бұдан әрі - сынып);
6) сыныптаушы – функционалдық мүмкіндіктерінің деңгейі бойынша мүгедек спортшыларға сыныптау жүргізуді жүзеге асыратын, бұған жарыстарды ұйымдастырушылар уәкілеттік берген және тиісті құжатпен расталған арнайы дайындықтан өткен жеке тұлға;
7) сыныптаушылар тобы – сыныпты анықтауда қиындықтар туындаған жағдайда аға сыныптаушы тобына біріктірілген бірнеше сыныптаушылар; спортшылардың спорттық сыныбы мен спорттық сынып дәрежесін анықтайтын сыныптаушылар тобы.
2. Сыныптау жүргізудің тәртібі
3. Сыныптауды жүргізу параолимпиадалық, сурдоолимпиадалық және арнайы олимпиадалық спорт түрлері жөніндегі республикалық қоғамдық бірлестіктер берген тиісті құжаты бар сыныптаушы жүзеге асырады.
4. Сыныптау келесі рәсімдерді қамтиды:
1) сыныптауға дайындалу;
2) тестілеу жүргізу;
3) сыныптау туралы есеп жасау және оған қол қою.
5. Мүгедек спортшыларда сыныптаудан өту кезінде мыналар болу керек:
1) тиісті спорттық киім;
2) науқасы (диагнозы) туралы тиісті ақпарат;
3) рентгенограмма;
4) жарыс уақытында пайдаланылатын құралдар (техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдар; жарыстарға немесе күнделікті пайдалануға арналған арба; жарыстарға және/немесе күнделікті пайдалануға арналған протездер мен ортопедиялық аппараттар; көру қабілеттерін түзету үшін пайдаланатын көзілдіріктер немесе жанама линзалары және басқалар);
6. Сыныптауға дайындалу келесіні қамтиды:
1) аға сыныптаушының спорт түрі бойынша сыныптаушыны бекітуі;
2) мүгедек спортшы туралы ақпаратты жинау және сақтау;
3) мүгедек спортшының жеке мәліметтері және функционалды мүмкіндіктерін зерттеу;
4) мүгедек спортшыны оған мәртебе бере отырып сыныптау жүргізу қажеттігін анықтау;
5) мүгедек спортшыға тестілеу жүргізу күнін, уақытын анықтау және бұл туралы жарыс басталғанға дейін мүгедек спортшыға хабарлау.
7. Сыныптаудан өту қажеттілігін анықтау үшін келесілер анықталады:
1) мүгедек спортшының сыныптаудан өткен-өтпегендігі;
2) денсаулық жағдайының өзгеруіне байланысты уақытша анықталған сыныбының болуы;
3) тұрақты анықталған сыныбының болуы.
Мүгедек спортшы сыныптаудан өтпеген жағдайда оған жаңа «N» сыныбы мәртебесі беріледі.
Уақытша анықталған сыныбы болған жағдайда мүгедек спортшыларға «R» спорттық сыныбы мәртебесі беріледі.
Тұрақты анықталған сыныбының болған жағдайда мүгедек спортшыларға «C» сыныбы мәртебесі беріледі.
8. Тестілеу Қағидаға қосымшаға сәйкес имитациялық спорттық жарыстық іс-әрекеттерді орындау процесінде мүгедек спортшыны бақылауды және спорт түрлері бойынша жарыстарға қатысу үшін сыныптарын (сыныптау санаттарын) анықтауды қамтиды. Имитациялық спорттық жарыстық іс-әрекеттерді сыныптаушы жасайды.
Мүгедек спортшыны тестілеу басталмас бұрын сыныптаушы мүгедек спортшы мен оның жаттықтырушысын сыныптаудан өту тәртібімен таныстырады.
Тестілеуді сыныптаушы немесе сыныптаушылар тобы өткізеді.
9. Тестілеу нәтижелері бойынша тиісті сынып анықталады. Нәтижелері мүгедек спортшыны тестілеу жөніндегі хаттамамен рәсімделеді, оған сыныптаушы немесе сыныптаушылар тобы қол қояды.
10. Мүгедек спортшы тестілеуге, сыныптаудан өту кезінде фото- және видео түсірілімдерді пайдалануға сыныптаушымен ынтымақтастық жазбаша келісім береді.
11. Егер мүгедек спортшы тестілеуден өтуге кедергі келтіретін ауырлық сезінсе, ерікті түрде тестілеуді өткізуді ауыстыру туралы өтініш береді. Аға сыныптаушы өтінішті қарайды және мүгедек спортшының денсаулық жағдайына қарай тестілеуді басқа уақытқа тағайындайды.
12. Сыныптау кезінде бұған мүгедек спортшының жазбаша келісімі болған жағдайда мүгедек спортшының жеке деректерін қамтитын электронды ақпараттық ресурстар пайдаланылады.
13. Сыныптау туралы есепті сыныптаушы немесе сыныптаушылар тобы жасайды және оған аға сыныптаушы қол қояды.
Мүгедек спортшыларға |
Сыныптар (сыныптау санаттары)
№ |
Нақты мәліметтері |
Функционалдық мүмкіндіктер |
Сынып (сыныптау санаттары) |
Спорт түрі |
1. |
Көру қабылеті төмен |
Оның болғанына дейін әрбір көзде жарықты сезінудің болмауы |
В1 |
Барлық спорт түрлеріне әмбебап |
2. |
Көру қабылеті төмен |
2/60 (0,03) көру қабілетінің өткірлігіне дейін және/немесе 5 градустан кем көру өрісіне дейін қолдың кескінін айыру қабілетінің болмауы |
В2 |
Барлық спорт түрлеріне әмбебап |
3. |
Көру қабылеті төмен |
Көру қабілетінің 2/60 (0,03) аса 6/60 (0,1) дейін өткірлігінің болмауы немесе 5 градустан аса және кем дегенде 20 градус көру өрісінің болуы |
В3 |
Барлық спорт түрлеріне әмбебап |
4. |
Тірек-қимыл аппараты зақымдалған |
Тізеден жоғары екі жақты ампутация |
LW 1 |
Тау шаңғысы спорты, шаңғы жарысы және биатлон |
5. |
Тірек-қимыл аппараты зақымдалған |
Тізеден жоғары бір жақты ампутация |
LW 2 |
Тау шаңғысы спорты, шаңғы жарысы және биатлон |
6. |
Тірек-қимыл аппараты зақымдалған |
Тізеден төмен екі жақты ампутация немесе церебальді сал |
LW 3 |
Тау шаңғысы спорты, шаңғы жарысы және биатлон |
7. |
Тірек-қимыл аппараты зақымдалған |
Тізеден төмен бір жақты ампутация |
LW 4 |
Тау шаңғысы спорты, шаңғы жарысы және биатлон |
8. |
Тірек-қимыл аппараты зақымдалған |
Қолдың екі жақты ампутациясы |
LW 5/7 |
Тау шаңғысы спорты, шаңғы жарысы және биатлон |
9. |
Тірек-қимыл аппараты зақымдалған |
Бір қолдың ампутациясы немесе басқа да зақымдар |
LW 6/8 |
Тау шаңғысы спорты, шаңғы жарысы және биатлон |
10. |
Тірек-қимыл аппараты зақымдалған |
Бір қол және бір аяқ басының зақымы |
LW 9 |
Тау шаңғысы спорты, шаңғы жарысы және биатлон |
11. |
Тірек-қимыл аппараты зақымдалған |
Отырған қалыпта функционалдық тепе-теңдіктің болмауы |
LW 10 |
Тау шаңғысы спорты, шаңғы жарысы және биатлон |
12. |
Тірек-қимыл аппараты зақымдалған |
Аяғының (аяқтарының) бастары мен денесі зақымданған. Спортшының құрсақ тығыршығы мен бүгілетін жерлерінің жоғары бұлшық еттері зақымданған, немесе омыртқаларының (сколиоз) зақымы болғандықтан, қозғалыс қызметтері аздап зақымданған, немесе жұлыны толық зақымданбай аталған сыныптың бағамдарына жауап беретін омыртқалары жоғары деңгейде зақымданған |
LW 10,5 |
Тау шаңғысы спорты, шаңғы жарысы және биатлон |
13. |
Тірек-қимыл аппараты зақымдалған |
Аяғының/аяқтарының бастары зақымданған, жамбас бұлшық еттерімен байланысқанда құрсақ тығыршығы мен бүгілетін жерлерінің бұлшық еттері зақымданған спортшылар. Сан бұлшық еттерінің қызметі бұзылған, бөксе сезімталдығы жоқ. Спортшы көлбеу орындықта қолдарының сүйемелдеуінсіз тиісті белбеумен бекітіліп отыра алады және сынақтың кейбір түрлерін орындай алады |
LW 11 |
Тау шаңғысы спорты, шаңғы жарысы және биатлон |
14. |
Тірек-қимыл аппараты зақымдалған |
Аяғының/аяқтарының бастары зақымданған, дене бұлшық еттерінің қызметі қалыптыға жақын, бөксе сезімталдығы мен санның жамбас бөлігі (бөліктері) сезімталдығынан айырылған санның бүгілу қызметі бұзылған спортшылар |
LW11,5 |
Тау шаңғысы спорты, шаңғы жарысы және биатлон |
15. |
Тірек-қимыл аппараты зақымдалған |
Отырған қалыптағы жақсы тепе-теңдік, жарым-жарты параплегия немесе аяқ басының немесе бастарының ампутациясы |
LW 12 |
Тау шаңғысы спорты, шаңғы жарысы және биатлон |
16. |
Тірек-қимыл аппараты зақымдалған |
Шеңберлері зақымданған және/немесе көру қабылеті төмен мүгедек спортшылар, |
T42, T43, T44, T45, T46, LAT3 және LAT4, T35, T36, T37, T38, T11, TI2, TI3, T20, F40, F42, F43, F44, F45, F46, LAF4, LAF5 және LAF6, F58 тұрып, F35, F36, F37, F38, F11, F12, F13, F20 |
Жеңіл атлетика |
17. |
Тірек-қимыл аппараты зақымдалған |
Шеңберлері зақымданған және/немесе көру қабылеті төмен мүгедек спортшылар, арбамен жарысқан кезде пайдаланылатын |
T51, T52, T53, T54, LAT1 және LAT2, T32, T33, T34 |
Жеңіл атлетика |
18. |
Тірек-қимыл аппараты зақымдалған |
Шеңберлері зақымданған және/немесе көру қабылеті төмен мүгедек спортшылар лақтыру кезінде пайдаланатын |
F51, F52, F53, F54, F55, F56, F57, F58 және LAF1, LAF2, LAF3, F32, F33, F34 |
Жеңіл атлетика |
19. |
Тірек-қимыл аппараты зақымдалған, көру қабылеті төмен |
Аяқтарының/қолдарының бастарынан айырылған, церебальді сал болған (үйлестіру және қимыл-қозғалысты шектеу), омыртқаның жарақаты бар (әлсіздік немесе аяқ-қолдардың басына әсер ететін сал), ергежейлілер мүгедек спортшылар |
S1 – S13 |
Жүзу |
20. |
Тірек-қимыл аппараты зақымдалған |
Арбасымен қозғалатын тетраплегиялы бар мүгедек спортшылар жатады |
ARW1 |
Садақ ату |
21. |
Тірек-қимыл аппараты зақымдалған |
Арбасымен қозғалатын сал болған бар мүгедек спортшылар жатады |
ARW2 |
Садақ ату |
22. |
Тірек-қимыл аппараты зақымдалған |
Бұл сыныпқа тұра алатын немесе орындықта отырып ата алатын мүгедек спортшылар жатады. |
ARST (ARST-C төменгі сыныбымен) |
Садақ ату |
23. |
Тірек-қимыл аппараты зақымдалған |
Тұра алатын және дене бітімінің қызметі қалыпты арбада отырған мүгедек спортшылар. Атуға арналған арбада арқалықтың болуына рұқсат етілмейді. Бұл спортшылар қалауы бойынша тұрып та жарысқа түсе алады |
SH1A |
Оқпен ату |
24. |
Тірек-қимыл аппараты зақымдалған |
Аяқтарының бастары семіп қалған, немесе аяқтарының бастары айтарлықтай зақымданған, бірақ жамбаспен жақсы басқара алатын арбада отырған мүгедек спортшылар. Атуға арналған арбада төмен арқалықтың болуына рұқсат беріледі |
SH1B |
Оқпен ату |
25. |
Тірек-қимыл аппараты зақымдалған |
Аяқтарының бастары семіп қалған, немесе аяқтарының бастары айтарлықтай зақымданған және/немесе әлсіз денесін басқара алмайтын арбада отырған мүгедек спортшылар. Атуға арналған орындықта арқалықтың болуына рұқсат беріледі |
SH1C |
Оқпен ату |
26. |
Тірек-қимыл аппараты зақымдалған |
Бір қолының басы семіп қалған немесе қолдарының бастары айтарлықтай зақымданған, бірақ дене бітімі қалыпты арбада отырған мүгедек спортшылар. Атуға арналған арбада арқалықтың болуына рұқсат етілмейді. Бұл мүгедек спортшылар қалаулары бойынша түрегеп тұрып жарысқа түсе алады |
SH2A |
Оқпен ату |
27. |
Тірек-қимыл аппараты зақымдалған |
Аяқтарының бастары семіп қалған немесе аяқтарының бастары айтарлықтай зақымданған, бірақ жамбаспен басқару функциясы жақсы арбада отырған мүгедек спортшылар. Атуға арналған арбада төмен арқалықтың болуына рұқсат етіледі |
SH2B |
Оқпен ату |
28. |
Тірек-қимыл аппараты зақымдалған |
Аяқтарының бастары семіп қалған немесе аяқтарының басы айтарлықтай зақымданған, денелерін әлсіз басқаратын/басқара алмайтын арбада отырған мүгедек спортшылар. Атуға арналған арбада жоғары арқалықтың болуына рұқсат етіледі |
SH2C |
Оқпен ату |
29. |
Тірек-қимыл аппараты зақымдалған |
Мүгедек спортшылар еркектер мен әйелдер үшін жеке анықталатын он салмақ санаттары бойынша жарысады. |
Салмақ санаттары |
Пауэрлифтинг |
30. |
Тірек-қимыл аппараты зақымдалған |
Мүгедек спортшы жамбас буынында қимыл-қозғалыстың азаюына байланысты денесін тік ұстап отыра алмайды. Жамбас буынының дисплазиясы кейбір жағдайларда бұлшықет күші азайған кезде D ретінде жіктеле алады |
D |
Отырып ойнау волейбол |
31. |
Тірек-қимыл аппараты зақымдалған |
Жамбас буындарының қызметі 90 градустан аспай буынды бұрғанда отырған қалыпта артады. Диагноздар коксартроз, дисплазия, жамбас буынының эндопротезі |
MD |
Отырып ойнау волейбол |