Мүгедектігі бар спортшыларға сыныптау жүргізудің қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 111 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 25 желтоқсанда № 10011 тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 01.12.2022 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 55) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 01.12.2022 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған мүгедектігі бар спортшыларға сыныптау жүргізудің қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 01.12.2022 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Т.Қ. Есентаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрі
А. Мұхамедиұлы

      КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
_________________ Т. Дүйсенова
23 желтоқсан 2014 жыл


  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2014 жылғы 26 қарашадағы
№ 111 бұйрығымен
бекітілген

Мүгедектігі бар спортшыларға сыныптау жүргізудің қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 01.12.2022 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мүгедектігі бар спортшыларға сыныптау жүргізудің қағидалары (бұдан әрі – Қағида) мүгедектігі бар спортшыларға сыныптау жүргізудің тәртібін, шарттарын анықтайды.

      2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) аға сыныптаушы – мүгедектігі бар спортшыны бағалаудың халықаралық стандарттары мен Наразылықтар мен апелляциялар бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес нақты жарыс кезінде аталған спорт түрінде сыныптау мәселелеріне басшылықты және үйлестіруді жүзеге асыратын жеке тұлға;

      2) жаттықтырушы – спорттық кәсіпби білімі бар, спорттық нәтижелерге қол жеткізуі үшін спортшыны даярлаудың оқу-жаттығу процесін және оның жарыстастық қызметіне басшылықты жүзеге асыратын жеке тұлға;

      3) мүгедектігі бар спортшы – тыныс-тiршiлiгінің шектелуiне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарларынан, кемiстiктерден ағза функциялары үнемі бұзылып, денсаулығы нашарлаған және спорттың қолжетімді түрімен (қолжетімді түрлерімен) айналысатын жеке тұлға;

      4) мүгедектігі бар спортшыларды сыныптау – мүгедектігі бар спортшылардың функционалдық мүмкіндіктері ұқсас деңгейдегі басқа спортшылармен бірдей шарттарда жарысқа түсуіне мүмкіндік жасау мақсатында мүгедектігі бар спортшылардың сыныбын (сыныптау санатын) сыныптаушының немесе сыныптаушылар тобының анықтау үдерісі;

      5) сынып (сыныптау санаты) – мүгедектігі бар спортшының алған зақымының нәтижесінде оның белсенділігінің шектелу деңгейін анықтайтын санат (бұдан әрі - сынып);

      6) сыныптаушы – функционалдық мүмкіндіктерінің деңгейі бойынша мүгедектігі бар спортшыларға сыныптау жүргізуді жүзеге асыратын, бұған жарыстарды ұйымдастырушылар уәкілеттік берген және тиісті құжатпен расталған арнайы дайындықтан өткен жеке тұлға;

      7) сыныптаушылар тобы – сыныпты анықтауда қиындықтар туындаған жағдайда аға сыныптаушы тобына біріктірілген бірнеше сыныптаушылар; спортшылардың спорттық сыныбы мен спорттық сынып дәрежесін анықтайтын сыныптаушылар тобы.

2-тарау. Сыныптау жүргізудің тәртібі

      3. Сыныптауды жүргізу параолимпиадалық, сурдоолимпиадалық және арнайы олимпиадалық спорт түрлері жөніндегі республикалық қоғамдық бірлестіктер берген тиісті құжаты бар сыныптаушы жүзеге асырады.

      4. Сыныптау келесі рәсімдерді қамтиды:

      1) сыныптауға дайындалу;

      2) тестілеу жүргізу;

      3) сыныптау туралы есеп жасау және оған қол қою.

      5. Мүгедектігі бар спортшыларда сыныптаудан өту кезінде мыналар болу керек:

      1) тиісті спорттық киім;

      2) науқасы (диагнозы) туралы тиісті ақпарат;

      3) рентгенограмма;

      4) жарыс уақытында пайдаланылатын құралдар (техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдар; жарыстарға немесе күнделікті пайдалануға арналған арба; жарыстарға және/немесе күнделікті пайдалануға арналған протездер мен ортопедиялық аппараттар; көру қабілеттерін түзету үшін пайдаланатын көзілдіріктер немесе жанама линзалары және басқалар);

      6. Сыныптауға дайындалу келесіні қамтиды:

      1) аға сыныптаушының спорт түрі бойынша сыныптаушыны бекітуі;

      2) мүгедектігі бар спортшы туралы ақпаратты жинау және сақтау;

      3) мүгедектігі бар спортшының жеке мәліметтері және функционалды мүмкіндіктерін зерттеу;

      4) мүгедектігі бар спортшыны оған мәртебе бере отырып сыныптау жүргізу қажеттігін анықтау;

      5) мүгедектігі бар спортшыға тестілеу жүргізу күнін, уақытын анықтау және бұл туралы жарыс басталғанға дейін мүгедектігі бар спортшыға хабарлау.

      7. Сыныптаудан өту қажеттілігін анықтау үшін келесілер анықталады:

      1) мүгедектігі бар спортшының сыныптаудан өткен-өтпегендігі;

      2) денсаулық жағдайының өзгеруіне байланысты уақытша анықталған сыныбының болуы;

      3) тұрақты анықталған сыныбының болуы.

      Мүгедектігі бар спортшы сыныптаудан өтпеген жағдайда оған жаңа "N" сыныбы мәртебесі беріледі.

      Уақытша анықталған сыныбы бар болған жағдайда мүгедектігі бар спортшыларға "R" спорттық сыныбы мәртебесі беріледі.

      Тұрақты анықталған сыныбының бар болған жағдайда мүгедектігі бар спортшыларға "C" сыныбы мәртебесі беріледі.

      8. Тестілеу Қағидаға қосымшаға сәйкес имитациялық спорттық жарыстық іс-әрекеттерді орындау процесінде мүгедектігі бар спортшыны бақылауды және спорт түрлері бойынша жарыстарға қатысу үшін сыныптарын (сыныптау санаттарын) анықтауды қамтиды. Имитациялық спорттық жарыстық іс-әрекеттерді сыныптаушы жасайды.

      Мүгедектігі бар спортшыны тестілеу басталмас бұрын сыныптаушы мүгедектігі бар спортшы мен оның жаттықтырушысын сыныптаудан өту тәртібімен таныстырады.

      Тестілеуді сыныптаушы немесе сыныптаушылар тобы өткізеді.

      9. Тестілеу нәтижелері бойынша тиісті сынып анықталады. Нәтижелері мүгедектігі бар спортшыны тестілеу жөніндегі хаттамамен рәсімделеді, оған сыныптаушы немесе сыныптаушылар тобы қол қояды.

      10. Мүгедектігі бар спортшы тестілеуге, сыныптаудан өту кезінде фото- және видео түсірілімдерді пайдалануға сыныптаушымен ынтымақтастық жазбаша келісім береді.

      11. Егер мүгедектігі бар спортшы тестілеуден өтуге кедергі келтіретін ауырлық сезінсе, ерікті түрде тестілеуді өткізуді ауыстыру туралы өтініш береді. Аға сыныптаушы өтінішті қарайды және мүгедектігі бар спортшының денсаулық жағдайына қарай тестілеуді басқа уақытқа тағайындайды.

      12. Сыныптау кезінде бұған мүгедектігі бар спортшының жазбаша келісімі болған жағдайда мүгедектігі бар спортшының дербес деректерін қамтитын электронды ақпараттық ресурстар пайдаланылады.

      13. Сыныптау туралы есепті сыныптаушы немесе сыныптаушылар тобы жасайды және оған аға сыныптаушы қол қояды.

  Мүгедектігі бар спортшыларға
сыныптау жүргізудің
қағидаларына қосымша

Сыныптар (сыныптау санаттары)

Нақты мәліметтері Функционалдық мүмкіндіктер Сынып (сыныптау санаттары) Спорт түрі

1.

Көру қабылеті төмен

Оның болғанына дейін әрбір көзде жарықты сезінудің болмауы

В1

Барлық спорт түрлеріне әмбебап

2.

Көру қабылеті төмен

2/60 (0,03) көру қабілетінің өткірлігіне дейін және/немесе 5 градустан кем көру өрісіне дейін қолдың кескінін айыру қабілетінің болмауы

В2

Барлық спорт түрлеріне әмбебап

3.

Көру қабылеті төмен

Көру қабілетінің 2/60 (0,03) аса 6/60 (0,1) дейін өткірлігінің болмауы немесе 5 градустан аса және кем дегенде 20 градус көру өрісінің болуы

В3

Барлық спорт түрлеріне әмбебап

4.

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған (тұра алатын мүгедектігі бар -спортшылардың санаты )

Тізеден жоғары екі жақты ампутация

LW 1

Тау шаңғысы спорты, шаңғы жарысы және биатлон

5.

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған (тұра алатын мүгедектігі бар спортшылардың санаты )

Тізеден жоғары бір жақты ампутация

LW 2

Тау шаңғысы спорты, шаңғы жарысы және биатлон

6.

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған (тұра алатын мүгедектігі бар спортшылардың санаты)

Тізеден төмен екі жақты ампутация немесе церебальді сал

LW 3

Тау шаңғысы спорты, шаңғы жарысы және биатлон

7.

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған (тұра алатын мүгедектігі бар спортшылардың санаты)

Тізеден төмен бір жақты ампутация

LW 4

Тау шаңғысы спорты, шаңғы жарысы және биатлон

8.

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған (тұра алатын мүгедектігі бар спортшылардың санаты)

Қолдың екі жақты ампутациясы

LW 5/7

Тау шаңғысы спорты, шаңғы жарысы және биатлон

9.

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған (тұра алатын мүгедектігі бар спортшылардың санаты)

Бір қолдың ампутациясы немесе басқа да зақымдар

LW 6/8

Тау шаңғысы спорты, шаңғы жарысы және биатлон

10.

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған (тұра алатын мүгедектігі бар спортшылардың санаты)

Бір қол және бір аяқ басының зақымы

LW 9

Тау шаңғысы спорты, шаңғы жарысы және биатлон

11.

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған (отыратын мүгедектігі бар спортшылардың санаты)

Отырған қалыпта функционалдық тепе-теңдіктің болмауы

LW 10

Тау шаңғысы спорты, шаңғы жарысы және биатлон

12.

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған (отыратын мүгедектігі бар спортшылардың санаты)

Аяғының (аяқтарының) бастары мен денесі зақымданған. Спортшының құрсақ тығыршығы мен бүгілетін жерлерінің жоғары бұлшық еттері зақымданған, немесе омыртқаларының (сколиоз) зақымы болғандықтан, қозғалыс қызметтері аздап зақымданған, немесе жұлыны толық зақымданбай аталған сыныптың бағамдарына жауап беретін омыртқалары жоғары деңгейде зақымданған

LW 10,5

Тау шаңғысы спорты, шаңғы жарысы және биатлон

13.

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған (отыратын мүгедектігі бар спортшылардың санаты)

Аяғының/аяқтарының бастары зақымданған, жамбас бұлшық еттерімен байланысқанда құрсақ тығыршығы мен бүгілетін жерлерінің бұлшық еттері зақымданған спортшылар. Сан бұлшық еттерінің қызметі бұзылған, бөксе сезімталдығы жоқ. Спортшы көлбеу орындықта қолдарының сүйемелдеуінсіз тиісті белбеумен бекітіліп отыра алады және сынақтың кейбір түрлерін орындай алады

LW 11

Тау шаңғысы спорты, шаңғы жарысы және биатлон

14.

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған (отыратын мүгедектігі бар спортшылардың санаты)

Аяғының/аяқтарының бастары зақымданған, дене бұлшық еттерінің қызметі қалыптыға жақын, бөксе сезімталдығы мен санның жамбас бөлігі (бөліктері) сезімталдығынан айырылған санның бүгілу қызметі бұзылған спортшылар

LW11,5

Тау шаңғысы спорты, шаңғы жарысы және биатлон

15.

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған (отыратын мүгедектігі бар спортшылардың санаты)

Отырған қалыптағы жақсы тепе-теңдік, жарым-жарты параплегия немесе аяқ басының немесе бастарының ампутациясы

LW 12

Тау шаңғысы спорты, шаңғы жарысы және биатлон

16.

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған (жүре алатын мүгедектігі бар спортшылар), көру қабылеті төмен

Шеңберлері зақымданған және/немесе көру қабылеті төмен мүгедектігі бар спортшылар, жүгіру түрлерінде, лақтыру мен секіру тәртіпте қатысатын

T42, T43, T44, T45, T46, LAT3 және LAT4, T35, T36, T37, T38, T11, TI2, TI3, T20, F40, F42, F43, F44, F45, F46, LAF4, LAF5 және LAF6, F58 тұрып, F35, F36, F37, F38, F11, F12, F13, F20

Жеңіл атлетика

17.

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған (арбада отыратын), көру қабылеті төмен

Шеңберлері зақымданған және/немесе көру қабылеті төмен мүгедектігі бар спортшылар, арбамен жарысқан кезде пайдаланылатын

T51, T52, T53, T54, LAT1 және LAT2, T32, T33, T34

Жеңіл атлетика

18.

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған (арбада отыратын), көру қабылеті төмен

Шеңберлері зақымданған және/немесе көру қабылеті төмен мүгедектігі бар спортшылар лақтыру кезінде пайдаланатын

F51, F52, F53, F54, F55, F56, F57, F58 және LAF1, LAF2, LAF3, F32, F33, F34

Жеңіл атлетика

19.

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған, көру қабылеті төмен

Аяқтарының/қолдарының бастарынан айырылған, церебальді сал болған (үйлестіру және қимыл-қозғалысты шектеу), омыртқаның жарақаты бар (әлсіздік немесе аяқ-қолдардың басына әсер ететін сал), ергежейлілер мүгедектігі бар спортшылар

S1 – S13

Жүзу

20.

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған

Арбасымен қозғалатын тетраплегиялы бар мүгедектігі бар спортшылар жатады

ARW1

Садақ ату

21.

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған

Арбасымен қозғалатын сал болған бар мүгедектігі бар спортшылар жатады

ARW2

Садақ ату

22.

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған

Бұл сыныпқа тұра алатын немесе орындықта отырып ата алатын мүгедектігі бар спортшылар жатады. ARST-C сыныбы ARST сыныбының шеңберіндегі қолдарының бастары айтарлықтай зақымданған спортшылар ARST-C төменгі сыныбында белгіленуі мүмкін, оларға жеңілдетілген шарттарда жарыстарға қатысуға рұқсат беріледі.

ARST (ARST-C төменгі сыныбымен)

Садақ ату

23.

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған

Тұра алатын және дене бітімінің қызметі қалыпты арбада отырған мүгедектігі бар спортшылар. Атуға арналған арбада арқалықтың болуына рұқсат етілмейді. Бұл спортшылар қалауы бойынша тұрып та жарысқа түсе алады

SH1A

Оқпен ату

24.

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған

Аяқтарының бастары семіп қалған, немесе аяқтарының бастары айтарлықтай зақымданған, бірақ жамбаспен жақсы басқара алатын арбада отырған мүгедектігі бар спортшылар. Атуға арналған арбада төмен арқалықтың болуына рұқсат беріледі

SH1B

Оқпен ату

25.

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған

Аяқтарының бастары семіп қалған, немесе аяқтарының бастары айтарлықтай зақымданған және/немесе әлсіз денесін басқара алмайтын арбада отырған мүгедектігі бар спортшылар. Атуға арналған орындықта арқалықтың болуына рұқсат беріледі

SH1C

Оқпен ату

26.

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған

Бір қолының басы семіп қалған немесе қолдарының бастары айтарлықтай зақымданған, бірақ дене бітімі қалыпты арбада отырған мүгедектігі бар спортшылар. Атуға арналған арбада арқалықтың болуына рұқсат етілмейді. Бұл мүгедектігі бар спортшылар қалаулары бойынша түрегеп тұрып жарысқа түсе алады

SH2A

Оқпен ату

27.

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған

Аяқтарының бастары семіп қалған немесе аяқтарының бастары айтарлықтай зақымданған, бірақ жамбаспен басқару функциясы жақсы арбада отырған мүгедектігі бар спортшылар. Атуға арналған арбада төмен арқалықтың болуына рұқсат етіледі

SH2B

Оқпен ату

28.

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған

Аяқтарының бастары семіп қалған немесе аяқтарының басы айтарлықтай зақымданған, денелерін әлсіз басқаратын/басқара алмайтын арбада отырған мүгедектігі бар спортшылар. Атуға арналған арбада жоғары арқалықтың болуына рұқсат етіледі

SH2C

Оқпен ату

29.

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған

Мүгедектігі бар спортшылар еркектер мен әйелдер үшін жеке анықталатын он салмақ санаттары бойынша жарысады. Әрбір тобық ампутациясына барлық салмақ санаттары үшін кг;
Әрбір тізеден төмен ампутацияға 67 кг-ға дейін 1 кг, 67.01 кг және одан артық салмақ үшін 1 кг; Әрбір тізеден жоғары ампутацияға 67 кг-ға дейін 1 кг, 67.01 кг және одан артық салмақ үшін 2 кг; Әрбір жамбас буыны деңгейінде оның толығымен экзартикуляцияланып ампутациясына 67 кг-ға дейін 2 кг, 67.01 кг және одан артық салмақ үшін 3 кг.

Салмақ санаттары

Пауэрлифтинг

30.

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған

Мүгедектігі бар спортшы жамбас буынында қимыл-қозғалыстың азаюына байланысты денесін тік ұстап отыра алмайды. Жамбас буынының дисплазиясы кейбір жағдайларда бұлшықет күші азайған кезде D ретінде жіктеле ала алмайды.

D

Отырып ойнау волейбол

31.

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған

Жамбас буындарының қызметі 90 градустан аспай буынды бұрғанда отырған қалыпта артады. Диагноздар коксартроз, дисплазия, жамбас буынының эндопротезі

MD

Отырып ойнау волейбол