«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 23-9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қызметті жүзеге асыруға қойылатын бірыңғай біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаевақа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министрдің міндетін атқарушы М. Құсайынов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушы
_______________ А. Рау
2014 жылғы 8 желтоқсан
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 136 бұйрығымен
бекітілді
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қызметті
жүзеге асыруға қойылатын бірыңғай біліктілік талаптары және
оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.12.2015 № 751 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 17.06.2016 № 267 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
Р/с |
Біліктілік талаптары |
Біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі |
Ескертпе |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. |
Іздестіру қызметі |
||
1) |
Штатында іздестіру қызметі саласында тиісті жоғары кәсіптік білімі және лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша кемінде үш жыл еңбек өтілі (еңбек қызметі) немесе іздестіру қызметі саласында тиісті орта кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімі, лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша кемінде бес жыл еңбек өтілі (еңбек қызметі) бар кемінде бір инженер-техник жұмыскердің болуы |
осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес инженер-техник жұмыскерлердің біліктілігі және жұмыс өтілі туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
|
2) |
меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығындағы мыналармен: |
осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес өндірістік база туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
|
3) |
меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығында ең аз материалдық-техникалық жарақтандырылуының болуы: |
осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес материалдық-техникалық жарақтандырылуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
|
4) |
жұмыстардың тиісінше орындалуын және сапаның қамтамасыз етілуін регламенттейтін сапаны бақылау (норманы бақылау, жұмыс жүргізу сапасын бақылау) жүйесі бойынша өтініш беруші (лицензиат) бекіткен нұсқаулықтың болуы |
осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес сапаны бақылау жүйесі бойынша бекітілген нұсқаулық туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
|
5) |
жауапты инженер-техник жұмыскердің оқудан өткенін растайтын құжаттарды қоса берумен, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жүйесі бойынша өтініш беруші (лицензиат) бекіткен қағидалардың және нұсқаулықтардың болуы |
осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жүйесі бойынша бекітілген қағидалар мен нұсқаулықтар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
2. |
Жобалау қызметі |
||
2.1 |
жобалау қызметімен айналысу үшін ІІІ санаттағы лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптары: |
||
1) |
штатында лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша тиісті аттестаты бар және келесі бір мамандану бойынша өтініш берушіде тұрақты негізде жұмыс істейтін кемінде бір аттестатталған инженер-техник жұмыскердің болуы: жобаның бас инженері, |
осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес аттестатталған инженер-техник жұмыскерлердің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
|
2) |
меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығында, еңбек жағдайларына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен жарақтандырылған әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың болуы |
осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
|
3) |
меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығында лицензияланатын қызмет түрінің мәлімделген кіші түрін орындау үшін қажетті есеп айырысуларды орындауды, графикалық және өзге де материалдарды жасау мен ресімдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін орнатылған бағдарламалық жасақтамасы бар дербес компьютерлерді қамтитын ең аз материалдық-техникалық жарақтандырылуы |
осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес техникалық жарақтандырылуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
|
2.2 |
жобалау қызметімен айналысу үшін ІІ санаттағы лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптары: |
||
1) |
штатында лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша тиісті аттестаты бар және келесі бір мамандану бойынша өтініш берушіде тұрақты негізде жұмыс істейтін кемінде бір аттестатталған инженер-техник жұмыскердің болуы: жобаның бас инженері, жобаның бас сәулетшісі, аға конструктор, жобалаушы жетекші инженер. |
осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес аттестатталған инженер-техник жұмыскерлердің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
|
2) |
меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығында, еңбек жағдайларына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен жарақтандырылған әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың болуы |
осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
|
3) |
лицензияланатын қызмет түрінің мәлімделген кіші түрін орындау үшін қажетті, оның ішінде «BIM-технологияны» қолдана отырып, есеп айырысуларды орындауды, графикалық және өзге де материалдарды жасау мен ресімдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз етудің болуы |
осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес бағдарламалық қамтамасыз ету туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
|
4) |
лицензиаттың кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі, бұл ретте жұмыс тәжірибесі жобалау қызметін (жобалау бөлігінде жобалау-іздестіру қызметін) жүзеге асыруға шетелдік тұлғалар үшін лицензия немесе өзге де тең келетін рұқсат беру құжатын алған күнінен бастап есептеледі не ІІІ санаттағы лицензиат ретінде кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі. Бұл ретте, лицензияның қолданылуы тоқтатылған жағдайда жұмыс тәжірибесі жойылады |
лицензияның немесе «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиісті расталуы бар шет мемлекеттің тиісті ресми рұқсат беру құжатының көшір |
|
5) |
бас мердігер ретінде, құжаттамалық растауды (объектіні пайдалануға беру туралы қол қойылған актілердің көшірмелерін) ұсына отырып, техникалық жағынан күрделі емес екінші және/немесе үшінші жауапкершілік деңгейінде кемінде бес іске асырылған құрылыс объектілерінің болуы не лицензиат қосалқы мердігерлік шарттар бойынша жұмыстар орындаған, құжаттамалық растауды (орындалған жұмыстардың қол қойылған актілерінің көшірмелерін) ұсына отырып, бірінші және/немесе екінші жауапкершілік деңгейіндегі кемінде он объектінің болуы |
осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес іске асырылған объектілер туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
бас мердігерлік және қосалқы мердігерлік шарттар бойынша жұмыс тәжірибесі болған жағдайда объектілерді пайдалануға беру актілерін және орындалған жұмыстардың актілерін ұсынуға рұқсат етіледі, бұл ретте актілердің жалпы саны қосалқы мердігерлік шарттар бойынша объектілердің болуын растау үшін белгіленген мөлшерде ұсынылуға тиіс. |
2.3 |
жобалау қызметімен айналысу үшін І санаттағы лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптары: |
||
1) |
штатында лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша тиісті аттестаты бар және келесі бір мамандану бойынша өтініш берушіде тұрақты негізде жұмыс істейтін кемінде бір аттестатталған инженер-техник жұмыскердің болуы: жобаның бас инженері, |
осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес аттестатталған инженер-техник жұмыскерлердің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
|
2) |
меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) құқығында, еңбек жағдайларына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен жарақтандырылған әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың болуы |
осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
|
3) |
лицензияланатын қызмет түрінің мәлімделген кіші түрін орындау үшін қажетті, оның ішінде «BIM-технологияны» қолдана отырып, есеп айырысуларды орындауды, графикалық және өзге де материалдарды жасау мен ресімдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз етудің болуы |
осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес бағдарламалық қамтамасыз ету туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
|
4) |
лицензиаттың кемiнде он жыл не Қазақстан Республикасының аумағында теңіз мұнай-газ жобалары үшін жобалау қызметiн (жобалау бөлiгiнде жобалау-iздестiру қызметiн) жүзеге асырған тұлғалар үшін кемінде жеті жыл жұмыс тәжiрибесi не II санаттағы лицензиат ретiнде кемiнде бес жыл жұмыс тәжiрибесi. |
лицензияның немесе «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиісті расталуы бар шет мемлекеттің тиісті ресми рұқсат беру құжатының көшірмесі. |
|
5) |
құжаттамалық растауды (объектіні пайдалануға беру туралы қол қойылған актілердің көшірмелерін) ұсына отырып, бас мердігер ретінде бірінші және/немесе екінші жауапкершілік деңгейінде кемінде он іске асырылған құрылыс объектілерінің болуы не лицензиат қосалқы мердігерлік шарттар бойынша жұмыстар орындаған, құжаттамалық растауды (орындалған жұмыстардың қол қойылған актілерінің көшірмелерін) ұсына отырып, бірінші және/немесе екінші жауапкершілік деңгейіндегі кемінде жиырма объектінің болуы. |
осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес іске асырылған объектілер туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
бас мердігерлік және қосалқы мердігерлік шарттар бойынша жұмыс тәжірибесі болған жағдайда объектілерді пайдалануға беру актілерін және орындалған жұмыстардың актілерін ұсынуға рұқсат етіледі, бұл ретте актілердің жалпы саны қосалқы мердігерлік шарттар бойынша объектілердің болуын растау үшін белгіленген мөлшерде ұсынылуға тиіс. |
3. |
Құрылыс-монтаждау жұмыстары |
||
3.1 |
құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысу үшін ІІІ санаттағы лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптары: |
||
1) |
штатында лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша тиісті аттестаты бар және келесі бір мамандану бойынша өтініш берушіде тұрақты негізде жұмыс істейтін кемінде бір аттестатталған инженер-техник жұмыскердің болуы: |
осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес аттестатталған инженер-техник жұмыскерлердің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
|
2) |
меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығындағы мыналармен: |
осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес аттестатталған инженер-техник жұмыскерлердің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
|
3) |
меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығында лицензияланатын қызмет түрі кіші түрінің мәлімделген жұмыстарына қойылатын техникалық талаптарға байланысты құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауға қойылатын техникалық талаптарға сәйкес белгіленген жабдықтардың ең аз жиынтығын, бақылау-өлшеу құралдарын, машиналар мен механизмдерді қамтитын ең аз материалдық-техникалық жарақтандырылуы |
осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес техникалық жарақтандырылуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
|
3.2 |
құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысу үшін ІІ санаттағы лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптары: |
||
1) |
штатында лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша тиісті аттестаты бар және келесі бір мамандану бойынша өтініш берушіде тұрақты негізде жұмыс істейтін кемінде бір аттестатталған инженер-техник жұмыскердің болуы: жобаның бас инженері, өндірістік-техникалық бөлімнің бастығы, |
осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес аттестатталған инженер-техник жұмыскерлердің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
|
2) |
меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығындағы мыналармен: |
осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес өндірістік база туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
|
3) |
меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығында лицензияланатын қызмет түрі кіші түрінің мәлімделген жұмыстарына қойылатын техникалық талаптарға байланысты құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауға қойылатын техникалық талаптарға сәйкес белгіленген жабдықтардың ең аз жиынтығын, бақылау-өлшеу құралдарын, машиналар мен механизмдерді қамтитын ең аз материалдық-техникалық жарақтандырылуы |
осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес техникалық жарақтандырылуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
|
4) |
лицензиаттың кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі, бұл ретте жұмыс тәжірибесі құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыруға лицензия немесе шетелдік тұлғалар үшін өзге де тең келетін рұқсат беру құжатын алған күнінен бастап есептеледі не ІІІ санаттағы лицензиат ретінде кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі. Бұл ретте, лицензияның қолданылуы тоқтатылған жағдайда жұмыс тәжірибесі жойылады |
лицензияның немесе «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиісті расталуы бар шет мемлекеттің тиісті ресми рұқсат беру құжатының көшірмесі |
|
5) |
бас мердігер ретінде, құжаттамалық растауды (объектіні пайдалануға беру туралы қол қойылған актілердің көшірмелерін) ұсына отырып, техникалық жағынан күрделі емес екінші және/немесе үшінші жауапкершілік деңгейінде кемінде бес іске асырылған құрылыс объектілерінің болуы не лицензиат қосалқы мердігерлік шарттар бойынша жұмыстар орындаған, құжаттамалық растауды (орындалған жұмыстардың қол қойылған актілерінің көшірмелерін) ұсына отырып, бірінші және/немесе екінші жауапкершілік деңгейіндегі кемінде он объектінің болуы |
осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес іске асырылған объектілер туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
бас мердігерлік және қосалқы мердігерлік шарттар бойынша жұмыс тәжірибесі болған жағдайда объектілерді пайдалануға беру актілерін және орындалған жұмыстардың актілерін ұсынуға рұқсат етіледі, бұл ретте актілердің жалпы саны қосалқы мердігерлік шарттар бойынша объектілердің болуын растау үшін белгіленген мөлшерде ұсынылуға тиіс. |
3.3 |
құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысу үшін І санаттағы лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптары: |
||
1) |
штатында лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша тиісті аттестаты бар және келесі бір мамандану бойынша өтініш берушіде тұрақты негізде жұмыс істейтін кемінде бір аттестатталған инженер-техник жұмыскердің болуы: жобаның бас инженері,өндірістік-техникалық бөлімнің бастығы, |
осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес аттестатталған инженер-техник жұмыскерлердің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
|
2) |
меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) құқығындағы мыналармен: |
осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес өндірістік база туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
|
3) |
меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығында лицензияланатын қызмет түрі кіші түрінің мәлімделген жұмыстарына қойылатын техникалық талаптарға байланысты құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауға қойылатын техникалық талаптарға сәйкес белгіленген жабдықтардың ең аз жиынтығын, бақылау-өлшеу құралдарын, машиналар мен механизмдерді қамтитын ең аз материалдық-техникалық жарақтандырылуы |
осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес техникалық жарақтандырылуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
|
4) |
лицензиаттың кемінде он жыл не Қазақстан Республикасының аумағында теңіз мұнай-газ жобалары үшін құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыратын тұлғалар үшін кемінде жеті жыл жұмыс тәжірибесі не ІІ санаттағы лицензиат ретінде кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі. Жұмыс тәжірибесі лицензия алған күннен бастап есептеледі. Бұл ретте, лицензияның қолданылуы тоқтатылған жағдайда жұмыс тәжірибесі жойылады. |
лицензияның немесе «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиісті расталуы бар шет мемлекеттің тиісті ресми рұқсат беру құжатының көшірмесі. |
|
5) |
бас мердігер ретінде, құжаттамалық растауды (объектіні пайдалануға беру туралы қол қойылған актілердің көшірмелерін) ұсына отырып, бірінші және/немесе екінші жауапкершілік деңгейінде кемінде он іске асырылған құрылыс объектілерінің болуы не лицензиат қосалқы мердігерлік шарттар бойынша жұмыстар орындаған, құжаттамалық растауды (орындалған жұмыстардың қол қойылған актілерінің көшірмелерін) ұсына отырып, бірінші және/немесе екінші жауапкершілік деңгейіндегі кемінде жиырма объектінің болуы. |
осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес іске асырылған объектілер туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны. |
бас мердігерлік және қосалқы мердігерлік шарттар бойынша жұмыс тәжірибесі болған жағдайда объектілерді пайдалануға беру актілерін және орындалған жұмыстардың актілерін ұсынуға рұқсат етіледі, бұл ретте актілердің жалпы саны қосалқы мердігерлік шарттар бойынша объектілердің болуын растау үшін белгіленген мөлшерде ұсынылуға тиіс. |
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс
саласында қызметті жүзеге асыруға
қойылатын бірыңғай біліктілік
талаптарына және оларға сәйкестікті
растайтын құжаттардың тізбесіне
қосымша
Іздестіру қызметіне лицензияға мәліметтер нысаны
Инженер-техник жұмыскерлер туралы мәліметтер
(лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны алған кезде толтырылады)
1) Т.А.Ә. (болған жағдайда) ___________________________________
2) Лауазымы ___________________________________________________
3) Осы ұйымда _________________________________ жұмыс істейді
(тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтінін көрсету)
4) Жұмыс өтілі ________________________________________________
(мамандығы бойынша және атқарып отырған жұмысындағы өтілін көрсету)
5) Оқу орнының атауы __________________________________________
6) Бітірген жылы ______________________________________________
7) Дипломы бойынша біліктілігі ________________________________
8) Дипломы бойынша мамандануы _________________________________
9) Шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы
құжаттарын тану және/немесе нострификациялау туралы ақпарат _________
_____________________________________________________________________
(куәліктің нөмірін және берілген күнін көрсету)
Өндірістік база туралы мәліметтер
(сұрау салынған санатқа қарамастан лицензияны және/немесе лицензияға
қосымшаны алған кезде, сондай-ақ санат бере отырып, лицензияны қайта
ресімдеген кезде толтырылады)
10) Өндірістік базаның мекенжайы ______________________________
_____________________________________________________________________
11) Ауданы ____________________________________________________
12) Жылжымайтын мүлікті тіркеу туралы куәліктің нөмірі_________
_____________________________________________________________________
13) Жалға алу туралы шарттың нөмірі ___________________________
14) Жалға алу туралы шарттың нөмірі мыналармен жарақталған:
(болған жағдайда, «Х» белгісін қою қажет) Өтініш берілген жұмыс
түрлерін, лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрін орындау үшін
қажетті әкімшілік-өндірістік ғимараттармен және үй-жайлармен
_____________________________________________________________________
Еңбек шарттарына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен _____

Сапаны бақылау жүйесі бойынша бекітілген нұсқаулық туралы мәліметтер
15) Жұмыстардың тиісінше орындалуын және сапаның қамтамасыз
етілуін регламенттейтін сапаны бақылау (норманы бақылау, жұмыс
жүргізу сапасын бақылау) жүйесі бойынша бекітілген нұсқаулықтың
деректемелері
_____________________________________________________________________
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жүйесі бойынша бекітілген
қағидалар мен нұсқаулықтар туралы мәліметтер
16) Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жүйесі бойынша
бекітілген қағидалар мен нұсқаулықтар туралы мәліметтер _____________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Материалдық-техникалық жарақтандырылуы туралы мәліметтер
(лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны алған кезде толтырылады)
17) Атауы _____________________________________________________
_____________________________________________________________________
18) Өлшем бірлігі _____________________________________________
17) Саны ______________________________________________________
20) Пайдалану мерзімі _________________________________________
21) Сапалық құрамының сипаттамасы (маркасы, қуаты) ____________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
22) Ескертпе _________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жобалау қызметіне лицензияға мәліметтер нысаны
Инженер-техник жұмыскерлер туралы мәліметтер
(сұрау салынған санатқа қарамастан лицензияны және/немесе лицензияға
қосымшаны алған кезде, сондай-ақ лицензияны І санатқа қайта
ресімдеген кезде толтырылады)
1) Т.А.Ә. (болған жағдайда) ___________________________________
2) Лауазымы ___________________________________________________
3) Инженер-техник жұмыскер аттестатының болуы _________________
_____________________________________________________________________
(аттестаттың нөмірі мен берілген күнін көрсету)
Әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар туралы мәліметтер
(сұрау салынған санатқа қарамастан лицензияны және/немесе лицензияға
қосымшаны алған кезде, сондай-ақ санат бере отырып, лицензияны қайта
ресімдеген кезде толтырылады)
4) Әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар ораналасқан объектінің
мекенжайы____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
5) Ауданы _____________________________________________________
6) Жылжымайтын мүлікті тіркеу туралы куәліктің нөмірі _________

7) Жалға алу туралы шарттың нөмірі ____________________________
8) Жалға алу туралы шарттың нөмірі мыналармен жарақталған:
(болған жағдайда, «Х» белгісін қою қажет) Өтініш берілген жұмыс
түрлерін, лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрін орындау үшін
қажетті әкімшілік-өндірістік ғимараттармен және үй-жайлармен
_____________________________________________________________________
Еңбек шарттарына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен _____
_____________________________________________________________________
Өзге талаптар
(лицензия алған және лицензияны І және ІІ қайта ресімдеген кезде
толтырылады)
10) Жұмыс тәжірибесі __________________________________________
11) Іске қосылған объектілер __________________________________

12) Пайдалануға беру актілерінің және орындалған жұмыстар
актілерінің деректемелері ___________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Материалдық-техникалық жарақтандырылуы туралы мәліметтер
(сұрау салынған санатқа қарамастан лицензияны және/немесе лицензияға
қосымшаны алған кезде толтырылады)
13) Атауы _____________________________________________________

14) Өлшем бірлігі _____________________________________________
15) Саны ______________________________________________________
16) Пайдалану мерзімі _________________________________________
17) Сапалық құрамының сипаттамасы (маркасы, қуаты) ____________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
18) Ескертпе __________________________________________________

Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензияға мәліметтер нысаны
Инженер-техник жұмыскерлер туралы мәліметтер
(сұрау салынған санатқа қарамастан лицензияны және/немесе лицензияға
қосымшаны алған кезде, сондай-ақ лицензияны І санатқа қайта
ресімдеген кезде толтырылады)
1) Т.А.Ә. (болған жағдайда) ___________________________________
2) Лауазымы ___________________________________________________
3) Инженер-техник жұмыскер аттестатының болуы _________________
_____________________________________________________________________
(аттестаттың нөмірі мен берілген күнін көрсету)
Әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар туралы мәліметтер
(сұрау салынған санатқа қарамастан лицензияны және/немесе лицензияға
қосымшаны алған кезде, сондай-ақ санат бере отырып, лицензияны қайта
ресімдеген кезде толтырылады)
4) Өндірістік базаның мекенжайы _______________________________
_____________________________________________________________________
5) Ауданы _____________________________________________________
6) Жылжымайтын мүлікті тіркеу туралы куәліктің нөмірі _________
_____________________________________________________________________
7) Жалға алу туралы шарттың нөмірі ____________________________
8) Жалға алу туралы шарттың нөмірі мыналармен жарақталған:
(болған жағдайда, «Х» белгісін қою қажет) Өтініш берілген жұмыс
түрлерін, лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрін орындау үшін
қажетті әкімшілік-өндірістік ғимараттармен және үй-жайлармен ________
Еңбек шарттарына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен _____
_____________________________________________________________________
Өзге талаптар
(лицензия алған және лицензияны І және ІІ қайта ресімдеген кезде
толтырылады)
10) Жұмыс тәжірибесі __________________________________________
11) Іске қосылған объектілер __________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
12) Пайдалануға беру актілерінің және орындалған жұмыстар
актілерінің деректемелері ___________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Материалдық-техникалық жарақтандырылуы туралы мәліметтер
(сұрау салынған санатқа қарамастан лицензияны және/немесе лицензияға
қосымшаны алған кезде толтырылады)
13) Атауы _____________________________________________________
_____________________________________________________________________
14) Өлшем бірлігі _____________________________________________
15) Саны ______________________________________________________
16) Пайдалану мерзімі _________________________________________
17) Сапалық құрамының сипаттамасы (маркасы, қуаты)_____________