Ескерту. Бұйрықтың орыс тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 21.04.2017 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңының 7-бабы 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Респуликасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамамен белгiленген тәртiпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн осы бұйрықтың мерзімді баспа басылымдарында, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігiнiң интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің | |
міндетін атқарушы | Т. Есентаев |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 21 қарашадағы № 103 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткізу қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 21.04.2017 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткізу тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілері балалар, жастар, ересек халық үшін (бұдан әрі – жеке тұлғалар) өткізіледі.
3. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілері, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жеке тұлғалардың дене дайындығына қойылатын нормативтерден тұрады.
2-тарау. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерінің құрылымы
4. Нормативтер күшті, шыдамдылықты, жылдамдықты және ептілікті көрсететін дене жаттығуларының түрлерін қамтиды. Дене жаттығуларының түрлері жеке тұлғалар жасының деңгейіне байланысты айқындалған.
5. Дене жаттығулардың нәтижелері екі деңгейге бөлінеді:
1) президенттік дайындық деңгейі;
2) ұлттық дайындық деңгейі.
3-тарау. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткізу тәртібі
6. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілеріне дене шынықтырумен және спортпен айналысуға қарсы көрсетілімдері жоқ жеке тұлғалар қатысады.
7. Дене жаттығуларының түрлері осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген:
1) жүгіру (30, 60, 100, 1000, 1500, 2000, 3000 метр) - стадионның жүгіру жолында немесе кез келген тегіс жерде өткізіледі;
2) орнында тұрып ұзындыққа секіру - ашық және жабық үй-жайларда кез келген тегіс жерде өткізіледі;
3) биік кермеде тартылу бастапқы қалыпта жоғарыдан ұстай асылып, аяқты еденге (жерге) тигізбей орындалады. Кермеден иек жоғары өтіп және бастапқы қалыпқа қайтып оралған кезде жаттығу орындалған болып есептеледі. Жаттығуды орындау кезінде қолдарды айқастыруға болмайды;
4) кеудені көтеру шалқалап жатқан қалыпта, аяқ тізеден 90 градус бұрышқа бүгіле, алақан иықта және табаннан серіктестің ұстап тұруымен орындалады;
5) шаңғымен жүгіру шамалы немесе орташа бедерлі жол салынған жердегі ара қашықтықта ауа температурасы -200 С-тан төмен болмаған кезде өткізіледі. Қарсыз аудандарда шаңғымен жүгіру 6 минут бойы жүгіру не жүрумен алмастырылады;
6) жүзу (25 және 50 метр) бассейндерде өткізіледі;
7) доп, граната лақтыру – ені 10 метр кез келген тегіс алаңда өткізіледі;
8) пневматикалық винтовкадан ату. Ату: 3 рет байқап көру және 5 рет есептік. Атуға берілетін уақыт – 20 минут.
8. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін тапсыру жазғы спорт түрлері бойынша сәуір-қазан айларында, қысқы спорт түрлері бойынша ақпан-наурыз айларында өткізіледі.
9. Нормативтерді орындағаны үшін жеке тұлғалар:
1) осы Қағидаларға 2 және 4–қосымшаларға сәйкес нысан бойынша президенттік дайындық деңгейдің нормативтерін орындағаны үшін;
2) осы Қағидаларға 3 және 5–қосымшаларға сәйкес нысан бойынша ұлттық дайындық деңгейдің нормативтерін орындағаны үшін айырым белгісі бар төсбелгімен және оған куәлікпен марапатталады.
10. Президенттік дайындық деңгейі мен ұлттық дайындық деңгейдің айырым белгісі бар төсбелгісін және оларға куәлікті дайындау және сатып алу дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның бөлген бюджеттік қаражаты шегінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткізу қағидаларына 1-қосымша |
1-саты "Шымырлық пен ептілік"
Балаларға арналған дене жаттығуларының түрлері
(9-10 жастағылар)
р/с | Бақылау дене жаттығуы | Өлшем бірлігі | Президенттік дайындық деңгейі | Ұлттық дайындық деңгейі | ||
ұлдар | қыздар | ұлдар | қыздар | |||
1. | Жүгіру 30 м. | сек. | 5,2 | 5,2 | 5,4 | 5,4 |
2. | Жүгіру 1000 м. | мин. сек. | с/е | с/е | с/е | с/е |
3. | Тұрған орнынан ұзындыққа секіру | см. | 170 | 165 | 168 | 160 |
4. | Шаңғымен 1 шақырымға жүгіру немесе 6 мин. бойы жүгіру не жүру |
мин. | 6.30,0 | 7.00,0 | 6.55,0 | 7.25,0 |
1500 | 1300 | 1400 | 1250 | |||
5. | Жүзу 25 м. | сек. | у/е | у/е | у/е | у/е |
6. | Доп лақтыру (150 гр.) | м. | 30 | 20 | 28 | 18 |
Ескерту:
Президенттік дайындық деңгейі – президенттік дайындық деңгейдің нәтижелерімен үш және ұлттық дайындық деңгейдің нәтижелерімен екі дене жаттығуын орындау.
Ұлттық дайындық деңгейі – ұлттық дайындық деңгейінің нәтижелерімен бес дене жаттығуын орындау.
1-саты "Шымырлық пен ептілік"
Балаларға арналған дене жаттығуларының түрлері
(11-13 жастағылар)
Р/с | Бақылау дене жаттығуы | Өлшем бірлігі | Президенттік дайындық деңгейі | Ұлттық дайындық деңгейі | ||
ұлдар | қыздар | ұлдар | қыздар | |||
1. | Жүгіру 60 м. | сек. | 8,9 | 9,3 | 9,3 | 9,7 |
2. | Жүгіру 1500 м. | мин. сек. | 6.30,0 | 7.00,0 | 6.55,0 | 7.25,0 |
3. | Тұрған орнынан ұзындыққа секіру | см. | 210 | 195 | 200 | 175 |
4. | Тартылу | р/с | 11 | - | 9 | - |
Арқада жатып кеудесін көтеру |
р/с | - | 40 | - | 35 | |
5. | Шаңғымен 2 шақырымға жүгіру немесе 6 мин. бойы жүгіру не жүру |
мин. | 12.30,0 | 13.30,0 | 12.50,0 | 13.50,0 |
1500 | 1300 | 1400 | 1250 | |||
6. | Жүзу 50 м | сек. | у/е | у/е | у/е | у/е |
7. | Доп лақтыру (150 гр.) | м. | 50 | 36 | 42 | 28 |
8. | Пневматикалық винтовкадан тіреп тұрып ату, диаметрі 15 см нысана | тию | 5 | 5 | 3 | 3 |
Ескерту:
Президенттік дайындық деңгейі – президенттік дайындық деңгейдің нәтижелерімен төрт және ұлттық дайындық деңгейдің нәтижелерімен екі дене жаттығуын орындау.
Ұлттық дайындық деңгейі – ұлттық дайындық деңгейінің нәтижелерімен алты дене жаттығуын орындау.
2-саты "Спорт ізбасарлары"
Балаларға арналған дене жаттығуларының түрлері
(14-15 жастағылар)
Р/с | Бақылау дене жаттығуы | Өлшем бірлігі | Президенттік дайындық деңгейі | Ұлттық дайындық деңгейі | ||
ұлдар | қыздар | ұлдар | қыздар | |||
1. | Жүгіру 60 м. | мин. сек. | 8,0 | 9,0 | 8,2 | 9,2 |
2. | Жүгіру 2000 м. | 8.30,0 | 9.30,0 | 9.00,0 | 10.00,0 | |
3. | Тұрған орнынан ұзындыққа секіру | см. | 240 | 210 | 220 | 190 |
4. | Тартылу | р/с | 14 | - | 12 | - |
Арқада жатып кеудесін көтеру |
р/с | - | 45 | - | 40 | |
5. |
Шаңғымен 3 шақырымға жүгіру |
мин. | 15.00,0 | 18.00,0 | 16.00,0 | 19.00,0 |
1700 | 1400 | 1600 | 1200 | |||
6. | Жүзу 50 м. | сек. | 38,0 | 55,0 | 41,0 | 1.00,0 |
7. | Доп лақтыру (150 гр.) | м. | 60 | 35 | 50 | 30 |
8. | Пневматикалық винтовкадан ату, диаметрі 10 см. нысана | тию | 5 | 5 | 3 | 3 |
Ескерту:
Президенттік дайындық деңгейі – президенттік дайындық деңгейдің нәтижелерімен төрт және ұлттық дайындық деңгейдің нәтижелерімен екі дене жаттығуын орындау.
Ұлттық дайындық деңгейі – ұлттық дайындық деңгейінің нәтижелерімен алты дене жаттығуын орындау.
3-саты "Күш пен батылдық"
Жастарға арналған дене жаттығуларының түрлері
(16-17 жастағылар)
р/с | Бақылау жаттығуы | Өлшем бірлігі | Президенттік дайындық деңгейі | Ұлттық дайындық деңгейі | ||
ұлдар | қыздар | ұлдар | қыздар | |||
1. | Жүгіру 100 м. | сек. | 13,0 | 15,4 | 14,0 | 15,8 |
2. | Жүгіру 2000 м. | мин. сек. | - | 9.00,0 | - | 9.50,0 |
Жүгіру 3000 м. | мин. сек. | 11.00,0 | - | 12.40,0 | - | |
3. | Тұрған орнынан ұзындыққа секіру | см. | 265 | 210 | 250 | 200 |
4. | Тартылу | р/с | 16 | - | 13 | - |
Арқада жатып кеудесін көтеру |
р/с | - | 55 | - | 50 | |
5. |
Шаңғымен 5 шақырымға жүгіру (ұлдар) |
мин. | 23.00,0 | 16.00,0 | 24.00,0 | 17.30,0 |
1700 | 1400 | 1600 | 1250 | |||
6. | Жүзу 50 м. | сек. | 38,0 | 52,0 | 40,0 | 55,0 |
7. | Граната лақтыру: (ұлдар) 700 гр. (қыздар) 500 гр. | м. | 45 | - | 40 | - |
- | 32 | - | 26 | |||
8. | Пневматикалық винтовкадан 5 рет ату, М-8 | ұпай | 36 | 36 | 30 | 30 |
Ескерту:
Президенттік дайындық деңгейі – президенттік дайындық деңгейдің нәтижелерімен төрт және ұлттық дайындық деңгейдің нәтижелерімен екі дене жаттығуын орындау.
Ұлттық дайындық деңгейі – ұлттық дайындық деңгейінің нәтижелерімен алты дене жаттығуын орындау.
4-саты "Шынығуды жетілдіру"
Жастарға арналған дене жаттығуларының түрлері
(18-23 жастағылар)
р/с | Бақылау дене жаттығуы | Өлшем бірлігі | Президенттік дайындық деңгейі | Ұлттық дайындық деңгейі | ||
ерлер | әйелдер | ерлер | әйелдер | |||
1. | Жүгіру 100 м. | сек. | 13,0 | 15,5 | 13,5 | 16,0 |
2. | Жүгіру 2000 м. | мин. сек. | - | 9.00,0 | - | 9.50,0 |
Жүгіру 3000 м. | мин. сек. | 12.00,0 | - | 12.30,0 | - | |
3. | Тұрған орнынан ұзындыққа секіру | см. | 260 | 200 | 245 | 190 |
4. | Тартылу | р/с | 17 | - | 14 | - |
Арқада жатып кеудесін көтеру |
р/с | - | 50 | - | 45 | |
5. |
Шаңғымен 5 шақырымға жүгіру (ерлер) |
мин. | 24.00,0 | 17.00,0 | 25.00,0 | 18.30,0 |
1650 | 1350 | 1500 | 1200 | |||
6. | Жүзу 50 м. | сек. | 40,0 | 50,0 | 45,0 | 1.00,0 |
7. |
Граната лақтыру: | м. | 42 | - | 38 | - |
- | 30 | - | 24 | |||
8. | Пневматикалық винтовкадан 5 рет ату | ұпай | 42 | 40 | 36 | 33 |
Ескерту:
Президенттік дайындық деңгейі – президенттік дайындық деңгейдің нәтижелерімен төрт және ұлттық дайындық деңгейдің нәтижелерімен екі дене жаттығуын орындау.
Ұлттық дайындық деңгейі – ұлттық дайындық деңгейінің нәтижелерімен алты дене жаттығуын орындау.
4-саты "Шынығуды жетілдіру"
Халыққа арналған дене жаттығуларының түрлері
(24-39 жастағылар)
р/с | Бақылау дене жаттығуы | Өлшем бірлігі | Президенттік дайындық деңгейі | Ұлттық дайындық деңгейі | ||
ерлер | әйелдер | ерлер | әйелдер | |||
1. | Жүгіру 100 м. | сек. | 13,5 | 16,0 | 14,0 | 16,5 |
Жүгіру 2000 м. | мин. сек. | - | 9.30,0 | - | 10.00,0 | |
Жүгіру 3000 м. | мин. сек. | 12.20,0 | - | 12.50,0 | - | |
3. | Тұрған орнынан ұзындыққа секіру | см. | 250 | 190 | 235 | 180 |
4. | Тартылу | р/с | 16 | - | 12 | - |
Арқада жатып кеудесін көтеру немесе тіреп жатып қолдарды иілту және жазу |
р/с | - |
45 | - |
40 | |
5. |
Шаңғымен 5 шақырымға жүгіру (ерлер) | мин. м. | 25.00,0 | 18.00,0 | 26.00,0 | 19.30,01 |
1600 | 1300 | 1450 | 1100 | |||
6. | Жүзу 50 м. | сек. | 43,0 | 52,0 | 48,0 | 1.05,0 |
7. |
Граната лақтыру: | м. | 40 | - | 36 | - |
- | 28 | - | 22 | |||
8. | Пневматикалық винтовкадан 5 рет ату | ұпай | 40 | 38 | 35 | 30 |
Ескерту:
Президенттік дайындық деңгейі – президенттік дайындық деңгейдің нәтижелерімен төрт және ұлттық дайындық деңгейдің нәтижелерімен екі дене жаттығуын орындау.
Ұлттық дайындық деңгейі – ұлттық дайындық деңгейінің нәтижелерімен бес дене жаттығуын орындау.
5-саты "Сергектік пен денсаулық"
Халыққа арналған дене жаттығуларының түрлері (40-49 жастағылар)
Р/с | Бақылау дене жаттығуы | Өлшем бірлігі | Президенттік дайындық деңгейі | Ұлттық дайындық деңгейі | ||
ерлер | әйелдер | ерлер | әйелдер | |||
1. | Жүгіру 60 м. | сек. | 12,2 | 13,0 | 13,5 | 14,4 |
2. | Жүгіру 1000 м. | мин. сек. | - | 4.20,0 | - | 4.40,0 |
Жүгіру 2000 м. | мин. сек. | 8.00,0 | - | 8.40,0 | - | |
3. | Тұрған орнынан ұзындыққа секіру | см. | 230 | 180 | 220 | 170 |
4. | Тартылу | р/с | 12 | - | 10 | - |
Арқада жатып кеудесін көтеру немесе тіреп жатып қолдарды иілту және жазу |
р/с | - |
35 | - |
30 | |
5. |
Шаңғымен 3 шақырымға жүгіру (ерлер) |
мин. | 25.20,0 | 17.45,0 | 26.30,0 | 19.20,0 |
1550 | 1250 | 1400 | 1050 | |||
6. | Жүзу 50 м. | сек. | 45,0 | 55,0 | 50,0 | 1.10,0 |
7. |
Граната лақтыру: | м. | 38 | - | 35 | - |
- | 26 | - | 21 | |||
8. | Пневматикалық винтовкадан 5 рет ату | ұпай | 38 | 35 | 32 | 30 |
Президенттік дайындық деңгейі – президенттік дайындық деңгейдің нәтижелерімен үш және ұлттық дайындық деңгейдің нәтижелерімен екі дене жаттығуын орындау.
Ұлттық дайындық деңгейі – ұлттық дайындық деңгейінің нәтижелерімен бес дене жаттығуын орындау.
5-саты "Сергектік пен денсаулық"
Халыққа арналған дене жаттығуларының түрлері
(50-59 жастағылар)
р/с | Бақылау дене жаттығуы | Өлшем бірлігі | Президенттік дайындық деңгейі | Ұлттық дайындық деңгейі | ||
ерлер | әйелдер | ерлер | әйелдер | |||
1. | Жүгіру 1000 м. | мин. сек. | - | 4.30,0 | - | 5.00,0 |
Жүгіру 2000 м. |
мин. | 8.20,0 | - | 9.00,0 | - | |
2. | Тұрған орнынан ұзындыққа секіру | см. | 220 | 170 | 200 | 160 |
3. | Тартылу | р/с | 10 | - | 7 | - |
Арқада жатып кеудесін көтеру немесе тіреп жатып қолдарды иілту және жазу |
р/с | - |
35 | - |
30 | |
4. |
Шаңғымен 3 шақырымға жүгіру (ерлер) |
мин. | 25.40,0 | 18.00,0 | 27.20,0 | 20.00,0 |
1450 | 1150 | 1300 | 1000 | |||
5. | Жүзу 50 м. | сек. | 50,0 | 1.05,0 | 1.00,0 | 1.30,0 |
6. |
Граната лақтыру: | м. | 32 | - | 28 | - |
- | 22 | - | 18 | |||
7. | Пневматикалық винтовкадан 5 рет ату | ұпай | 36 | 33 | 30 | 28 |
Ескерту:
Президенттік дайындық деңгейі – президенттік дайындық деңгейдің нәтижелерімен үш және ұлттық дайындық деңгейдің нәтижелерімен бір дене жаттығуын орындау.
Ұлттық дайындық деңгейі – ұлттық дайындық деңгейінің төрт дене жаттығуын орындау.
5-саты "Сергектік пен денсаулық"
Халыққа арналған дене жаттығуларының түрлері
(60 және одан жоғары жастағылар)
№ | Бақылау дене жаттығуы | Өлшем бірлігі | Президенттік дайындық деңгейі | Ұлттық дайындық деңгейі | ||
ерлер | әйелдер | ерлер | әйелдер | |||
1. | Жүгіру 500 м. | мин. сек. | - | 2.30,0 | - | 2.45,0 |
Жүгіру 1000 м. | мин. сек. | 4.10,0 | - | 4.40,0 | - | |
2. | Тұрған орнынан ұзындыққа секіру | см | 190 | 160 | 175 | 145 |
3. | Тартылу | р/с | 7 | - | 5 | - |
Арқада жатып кеудесін көтеру немесе тіреп жатып қолдарды иілту және жазу |
р/с | - |
30 | - |
25 | |
4. |
Шаңғымен 3 шақырымға жүгіру (ерлер) |
мин. | 17.40,0 | 10.20,0 | 18.20,0 | 11.00,0 |
1350 | 1100 | 1100 | 950 | |||
5. | Жүзу 25 м. | сек. | 25,0 | 30,0 | 30,0 | 40,0 |
6. |
Граната лақтыру: | м. | 30 | - | 25 | - |
- | 20 | - | 16 | |||
7. | Пневматикалық винтовкадан 5 рет ату | ұпай | 30 | 30 | 25 | 25 |
Ескерту:
Президенттік дайындық деңгейі – президенттік дайындық деңгейдің нәтижелерімен үш және ұлттық дайындық деңгейдің нәтижелерімен бір дене жаттығуын орындау.
Ұлттық дайындық деңгейі – ұлттық дайындық деңгейінің нәтижелерімен төрт дене жаттығуын орындау.
Ескертпе:
Шартты қысқартулар м. – метр; см. – сантиметр; мин. – минут; сек. – секунд; р/с – рет саны; у/е – уақытты есепке алмай; гр. – граммдар.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткізу қағидаларына 2-қосымша |
Президенттік дайындық деңгейдің айырым белгісі бар төсбелгісі нысаны
1-саты "Шымырлық пен ептілік"
2-саты "Спорт ізбасарлары"
3-саты "Күш пен батылдық"
4-саты "Шынығуды жетілдіру"
5-саты "Сергектік пен денсаулық"
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткізу қағидаларына 3-қосымша |
Ұлттық дайындық деңгейінің айырым белгісі бар төсбелгісінің нысаны
1-саты "Шымырлық пен ептілік"
2-саты "Спорт ізбасарлары"
3-саты "Күш пен батылдық"
4-саты "Шынығуды жетілдіру"
5-саты "Сергектік пен денсаулық"
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткізу қағидаларына 4-қосымша |
Президенттік дайындық деңгейдің айырым белгісі бар төсбелгісіне берілетін куәлік
нысаны
Беткі жағы
Ішкі жағы
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткізу қағидаларына 5-қосымша |
Ұлттық дайындық деңгейдің айырым белгісі бар төсбелгісіне берілетін куәлік нысаны
Беткі жағы
Ішкі жағы