«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының
2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 7-бабы 21-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаны айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрі В. Школьник
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің м.а.
_____________ М. Құсайынов
2014 жылғы 8 желтоқсанда
Қазақстан Республикасы
энергетика Министрінің
2014 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 184 бұйрығымен
бекітілген
Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін
бөлшек сауда арқылы өткізудің шекті бағаларын айқындау
қағидаларын бекіту туралы
1. Осы Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті баға айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаны айқындау тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) мұнайдың әлемдік бағасы – 2009 жылғы 12 наурыздағы № 292 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбеге енгізілген ақпарат көзінің негізінде тиісті кезеңде «Датированный Брент» (Вrent Dtd) стандартты сорты бағасының шетел валютасында орташа белгіленуі;
2) баррельдендіру коэффициенті - өндірілген шикі мұнайдың тығыздығы мен температурасы ескеріле отырып, стандарттық өлшем шарттарына келтірілген өлшем бірлігін баррельден метрикалық тоннаға ауыстыру коэффициенті.
Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
3. «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 21-3) тармақшасына сәйкес бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдерін өндіру саласындағы (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы Қағидаларға қосымшада келтірілген нысан бойынша әзірлейтін мұнайдың әлемдік бағасына байланысты бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдерінің шекті бағасы мәндері кестесінің (бұдан әрі - Кесте) негізінде, мынадай формуланың негізінде айқындалады:
мұндағы:
1) Р - мұнай өнімінің тиісті түрінің бөлшек саудадағы шекті бағасының мәні;
2) РBr - баррельдендіру коэффициенті бойынша ауыстырылған мұнайға әлемдік бағаның белгіленуі;
3) L - коэффициентті есептеу кезеңіне дейін күнтізбелік екі жыл ішінде қалыптасқан мұнай өнімінің тиісті түрі бағасының белгіленуіне мұнай бағасының белгіленуін ауыстыру коэффициенті;
L=РNр/РВr РNр - 2009 жылғы 12 наурыздағы № 292 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбеге енгізілген бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өніміне сәйкес келетін мұнай өніміне әлемдік бағасының белгіленуі;
4) ТСЕх - өзіне жалдауды (Новороссийск портынан FОВ Италия-Августа Жерорта теңізіне дейін теңіз танкерімен мұнай өнімдерін тасымалдау құны), ауыстырып тиеу шығыстарын (мұнай өнімдерін темір жол цистерналарынан құйып алу құны, порттағы қойма резервуарларына құю және қоймадан танкерге құю), Қазақстан Республикасының шекарасына дейін темір жол тасымалын (Новороссийск портынан Қазақстан Республикасының шекарасына дейін темір жол тасымалының құны) қамтитын мұнай өнімдерін Еуропа нарықтарынан (ҒОВ Италия) Қазақстан Республикасының шекарасына дейін жеткізу жөніндегі көліктік шығыстардың шартты орташа мәні;
5) ЕСD - сауда қызметін реттеу туралы уәкілетті органның бекітілген бұйрығына формула бойынша есептелген мұнай өнімдерінің тиісті түріне кедендік әкету бажының мәні;
6) С - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша теңгеге АҚШ долларының бағамы;
7) Т - «Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес бекітілген мұнай өнімінің тиісті бір түріне акциз және қосымша құн салығы;
8) ТСDom - Қазақстан Республикасы бойынша темір жол көлігімен мұнай өнімдерін тасымалдау құнының орташа арифметикалық мәні;
9) S — мұнай базасында мұнай өнімдерін сақтау бойынша 3% мөлшеріндегі шығыстар;
10) Орех - мұнай өнімдері нарығына барлық қатысушылардың 10% мөлшеріндегі операциялық шығыстарының жиынтығы;
11) М - мұнай өнімдері нарығына барлық қатысушылардың 15% мөлшеріндегі маржасы;
12) Ki - осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес айқындалатын коэффнциент;
13) D – қуаты шағын мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының шығарушы зауытының техникалық паспортына сәйкес өлшеу шарттары стандартты болған кезде мұнай өнімінің тиісті түрінің орташа тығыздығы.
4. Ki коэффициентінің мәнін мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган коэффициентті есептеу кезеңіне дейін күнтізбелік екі жыл ішінде қалыптасқан мұнай өнімдерінің тиісті түріне бағалардың тарихи серпініне байланысты бір метрикалық тонна үшін бес АҚШ доллары аралығымен мұнайдың әлемдік бағасының әрбір шекті мәніне мынадай формула бойынша есептейді:
мұндағы:
1) Qmin – коэффициентті есептеу кезеңіне дейін күнтізбелік екі жыл ішінде қалыптасқан мұнай өнімдерінің тиісті түрінің бөлшек сауда бағасының ең төменгі мәні;
2) O – бір метрикалық тонна үшін бес АҚШ долларына тең келетін мұнай аралығының адымы;
3) U – коэффициентті есептеу кезеңіне дейін күнтізбелік екі жыл ішінде қалыптасқан мұнай өнімінің тиісті түрінің бөлшек сауда бағасының ең жоғары және ең төменгі мәнінің арасындағы аралық;
4) F – коэффициентті есептеу кезеңіне дейін күнтізбелік екі жыл ішінде қалыптасқан мұнай өнімінің тиісті түрінің бөлшек сауда бағасының ең жоғары және ең төменгі мәнінің арасындағы аралыққа сәйкес келетін мұнайдың Brent Dtd сортына әлемдік бағаның ең жоғары және ең төменгі мәнінің арасындағы аралық;
5) PBri – бір метрикалық тонна үшін бес АҚШ доллары аралығымен мұнайдың әлемдік бағасының әрбір шекті мәніне сәйкес келетін мұнайға әлемдік бағаның белгіленуі;
6) PBr min – коэффициентті есептеу кезеңіне дейін күнтізбелік екі жыл ішінде қалыптасқан мұнай өнімінің тиісті түрінің бөлшек сауда бағасының ең төменгі мәніне сәйкес келетін мұнайға әлемдік бағаның белгіленуі;
7) N – Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдаған Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының бес жылдық кезеңге арналған болжамында айқындалған инфляцияның болжамды деңгейі;
8) Pi – Ki коэффициентінің мәні есепке алынбай осы Қағидалардың 3-тармағынасәйкес формула бойынша есептелген мұнай өнімінің тиісті түрінің бөлшек сауда бағасының шекті мәні;
5. Уәкілетті орган Кестенің және мұнайға әлемдік бағаның мәліметтеріне сәйкес мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаны бұйрық формасында шешім қабылдап белгілейді.
6. Бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті баға белгілеу туралы бұйрықтың жобасы үш жұмыс күні ішінде табиғи монополиялар салаларында бақылау және реттеу туралы уәкілетті органға келісуге жолданады.
7. Табиғи монополиялар салаларында бақылау және реттеу туралы уәкілетті орган бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаны он күнтізбелік күн арасында келіседі, сонымен бірге бұйрық жобасына анықтамалық ескертулер болған жағдайда, қажетті түзетуге жібереді.
8. Бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті баға белгілеу туралы бұйрық (бұдан әрі - Бұйрық):
1) жоспарланып отырған күнтізбелік жылға – жоспарланған жылдың алдындағы жылдың он бесінші желтоқсанынан кешіктірілмей;
2) осы Қағидалардың 3-тармағының 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген бір және одан көп көрсеткіштер 10%-дан астам өзгерген кезде ағымдағы күнтізбелік жыл аяқталғанға дейін қалған мерзімге –Кесте алынған кезден бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірілмей;
3) Кестеге сәйкес мұнайдың әлемдік бағасының бір шекті мәнінің шегінен асатын мұнайдың әлемдік бағасы өзгерген кезде ағымдағы күнтізбелік жыл аяқталғанға дейін қалған мерзімге – осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес мұнайға әлемдік баға бойынша деректер алынған кезден бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірілмей бекітіледі.
9. Осы Қағидалардың талаптары Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауға жататын мәмілелерге қолданылмайды.