Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 184 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 12 желтоқсанда № 9960 тіркелді.

Жаңартылған

      "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының

      2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 7-бабы 21-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаны айқындау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министрі

В. Школьник

"КЕЛІСІЛГЕН"


Қазақстан Республикасы


Ұлттық экономика министрінің м.а.


_____________ М. Құсайынов


2014 жылғы 8 желтоқсанда



  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2014 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 184 бұйрығымен
бекітілген

Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 21.06.2021 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 21-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізудің шекті бағаларын айқындау тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) баррельдендіру коэффициенті – өндірілген шикі мұнайдың тығыздығы мен температурасы ескеріле отырып, стандарттық өлшем шарттарына келтірілген өлшем бірлігін баррельден метрикалық тоннаға ауыстыру коэффициенті;

      2) мұнайдың әлемдік бағасы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы № 292 қаулысымен бекітілген Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) енгізілген ақпарат көздерінің негізінде тиісті кезеңде "Датированный Брент" (Вrent Dtd) стандартты сортының шетел валютасындағы орташа баға белгіленімі.

      Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

      3. Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізудің шекті бағасы мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) мынадай формуланың негізінде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлейтін мұнайдың әлемдік бағасына байланысты мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге арналған шекті баға мәндері кестесінің (бұдан әрі – Кесте) негізінде айқындалады:

      P = [(PBr x L – TCEx – ECD) x С + T + TCDom + S + Opex + М] x Ki x D, мұндағы:

      1) P – мұнай өнімінің тиісті түрінің бөлшек саудадағы шекті бағасының мәні;

      2) PBr – баррельдендіру коэффициенті бойынша ауыстырылған мұнайға әлемдік баға белгіленімі;

      3) L – мұнай баға белгіленімін коэффициентті есептеу кезеңіне дейін күнтізбелік екі жыл ішінде қалыптасқан мұнай өнімінің тиісті түрінің баға белгіленіме ауыстыру коэффициенті, ол мынадай формула бойынша есептеледі:

      L = PNp / PBr, мұндағы:

      PNp – Тізбеге енгізілген ақпарат көздерінің негізінде бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өніміне сәйкес келетін мұнай өніміне әлемдік баға белгіленімі;

      PBr – баррельдендіру коэффициенті бойынша ауыстырылған мұнайға әлемдік баға белгіленімі;

      4) ТСЕх – өзіне жалдауды (Новороссийск портынан FОВ Италия-Августа Жерорта теңізіне дейін теңіз танкерімен мұнай өнімдерін тасымалдау құны), ауыстырып тиеу шығыстарын (мұнай өнімдерін теміржол цистерналарынан құйып алу құны, порттағы қойма резервуарларына құю және қоймадан танкерге құю), Қазақстан Республикасының шекарасына дейін теміржол тасымалын (Новороссийск портынан Қазақстан Республикасының шекарасына дейін теміржол тасымалының құны) қамтитын мұнай өнімдерін Еуропа нарықтарынан (ҒОВ Италия) Қазақстан Республикасының шекарасына дейін жеткізу жөніндегі көліктік шығыстардың шартты орташа мәні;

      5) ECD – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 81 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13217 болып тіркелген) бекітілген Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларына сәйкес формула бойынша есептелген мұнай өнімдерінің тиісті түріне кедендік әкету бажының мәні;

      6) С – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша теңгеге АҚШ долларының бағамы;

      7) Т – 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес бекітілген мұнай өнімінің тиісті бір түріне акциз және қосылған құн салығы;

      8) TCDom – Қазақстан Республикасы бойынша теміржол көлігімен мұнай өнімдерін тасымалдау құнының орташа арифметикалық мәні;

      9) S – мұнай базасында мұнай өнімдерін сақтау бойынша 3% мөлшеріндегі шығыстар;

      10) Орех – мұнай өнімдері нарығына барлық қатысушылардың 10% мөлшеріндегі операциялық шығыстарының жиынтығы;

      11) М – мұнай өнімдері нарығына барлық қатысушылардың 15% мөлшеріндегі маржасы;

      12) Ki – осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес айқындалатын коэффициент;

      13) D – қуаты шағын мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының шығарушы зауытының техникалық паспортына сәйкес өлшеу шарттары стандартты болған кезде мұнай өнімінің тиісті түрінің орташа тығыздығы.

      4. Ki коэффициентінің мәнін уәкілетті орган коэффициентті есептеу кезеңіне дейін күнтізбелік екі жыл ішінде қалыптасқан мұнай өнімдерінің тиісті түріне бағалардың тарихи серпініне қарай бір метрикалық тонна үшін бес АҚШ доллары аралығымен мұнайдың әлемдік бағасының әрбір шекті мәніне мынадай формула бойынша есептейді:



      1) Qmin – коэффициентті есептеу кезеңіне дейін күнтізбелік екі жыл ішінде қалыптасқан мұнай өнімдерінің тиісті түрінің бөлшек сауда бағасының ең төменгі мәні;

      2) O – бір метрикалық тонна үшін бес АҚШ долларына тең келетін мұнай аралығының қадамы;

      3) U – коэффициентті есептеу кезеңіне дейін күнтізбелік екі жыл ішінде қалыптасқан мұнай өнімінің тиісті түрінің бөлшек сауда бағасының ең жоғары және ең төменгі мәнінің арасындағы аралық;

      4) F – коэффициентті есептеу кезеңіне дейін күнтізбелік екі жыл ішінде қалыптасқан мұнай өнімінің тиісті түрінің бөлшек сауда бағасының ең жоғары және ең төменгі мәнінің арасындағы аралыққа сәйкес келетін мұнайдың Brent Dtd сортына әлемдік бағаның ең жоғары және ең төменгі мәнінің арасындағы аралық;

      5) PBri – бір метрикалық тонна үшін бес АҚШ доллары аралығымен мұнайдың әлемдік бағасының әрбір шекті мәніне сәйкес келетін мұнайға әлемдік баға белгіленімі;

      6) PBrmin – коэффициентті есептеу кезеңіне дейін күнтізбелік екі жыл ішінде қалыптасқан мұнай өнімінің тиісті түрінің бөлшек сауда бағасының ең төменгі мәніне сәйкес келетін мұнайға әлемдік баға белгіленімі;

      7) N – Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдаған Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының бес жылдық кезеңге арналған болжамында айқындалған инфляцияның болжамды деңгейі;

      8) Pi – Ki коэффициентінің мәнін есепке алмай, осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес формула бойынша есептелген мұнай өнімінің тиісті түрінің бөлшек сауда бағасының шекті мәні.

      5. Уәкілетті орган Кестенің және мұнайға әлемдік бағаның мәліметтерінің негізінде мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаны Заңның 7-бабының 15) тармақшасына сәйкес белгілейді.

      6. Бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті баға белгілеу туралы бұйрықтың жобасы 3 (үш) жұмыс күні ішінде табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға келісуге жолданады.

      7. Табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаны күнтізбелік 10 (он) күн ішінде келіседі, не ескертулер болған жағдайда пысықтауды талап ететін бұйрық жобасына негізделген ескертулерді көрсете отырып пысықтауға жібереді.

      8. Бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті баға белгілеу туралы бұйрық:

      1) жоспарланып отырған күнтізбелік жылға – жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 15 (он бесінші) желтоқсанынан кешіктірілмей;

      2) осы Қағидалардың 3-тармағының 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген бір және одан көп көрсеткіштер 10%-дан астам өзгерген кезде ағымдағы күнтізбелік жыл аяқталғанға дейін қалған мерзімге – Кесте алынған кезден бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей;

      3) Кестеге сәйкес мұнайдың әлемдік бағасының бір шекті мәнінің шегінен асатын мұнайдың әлемдік бағасы өзгерген кезде ағымдағы күнтізбелік жыл аяқталғанға дейін қалған мерзімге – мұнайға әлемдік баға бойынша деректер алынған кезден бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей бекітіледі.

  Бағаларына мемлекеттік реттеу
белгіленген мұнай өнімдерін
бөлшек сауда арқылы өткізудің
шекті бағаларын айқындау
қағидаларына
қосымша
  нысан

Мұнайдың әлемдік бағасына байланысты өткізілетін мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізудің шекті бағасы мәндерінің кестесі

№ р/с

Әлемдік баға шегі, АҚШ доллары/ баррель

Дизель отынына шекті бөлшек сауда бағасы, теңге/литр

АИ-80 маркалы бензиннің шекті бөлшек сауда бағасы, теңге/литр

АИ-92 маркалы бензиннің шекті бөлшек сауда бағасы, теңге/литр

1.





2.





3.





4.





5.





6.





7.





8.





9.





10.





11.





12.





13.





14.





15.





16.





17.





18.





19.





20.