Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 183 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 12 желтоқсанда № 9959 тіркелді

Қолданыстағы

      «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    В. Школьник

Қазақстан Республикасы  
Энергетика министрінің  
2014 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 183 бұйрығымен    
бекітілген       

Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің
тізбесі

      1) Аи-80 маркалы бензинді бөлшек саудада сату;
      2) Аи-92 маркалы бензинді бөлшек саудада сату;
      3) Аи-93 маркалы бензинді бөлшек саудада сату;
      4) дизель отынын (жазғы, маусымаралық) бөлшек саудада сату.