«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр В. Школьник
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2014 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 183 бұйрығымен бекітілді
Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай
өнімдерінің тізбесi
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 04.09.2015 № 556 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) Аи-80 маркалы бензин, бөлшек сауда арқылы өткізу;
2) дизель отыны (жазғы, маусымаралық), бөлшек сауда арқылы өткізу.