Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 121 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 12 желтоқсанда № 9958 тіркелді

Қолданыстағы

      «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңы 6-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын айқындау қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                       В.Школьник

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2014 жылғы 13 қарашадағы
№ 121 бұйрығымен
бекітілген    

Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор
сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын айқындау
қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағида) «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген.
      2. Осы Қағидада пайдаланылатын терминдер мен ұғымдар Заңға сәйкес қолданылады.
      3. Осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі газдың бағасын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жер қойнауын пайдаланушы айқындайды және ол:
      1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес есептелетін шикі газ көлемінің бірлігін өндірудің өндірістік өзіндік құны негізінде айқындалатын шикі газды өндіруге жұмсалған шығыстарды;
      2) ұлттық операторға шикі газды өткізетін жерге дейін оны тасымалдауға жұмсалатын шығыстарды;
      3) он пайыздан аспайтын мөлшердегі рентабельділік деңгейін қамтиды.
      4. Осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын тауарлық газдың бағасын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жер қойнауын пайдаланушы айқындайды және ол:
      1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес есептелетін шикі газ көлемінің бірлігін өндірудің өндірістік өзіндік құны негізінде айқындалатын шикі газды өндіруге жұмсалған шығыстарды;
      2) шикі газдан тауарлық газды өндіруге жұмсалатын шығыстарды;
      3) ұлттық операторға тауарлық газды өткізетін жерге дейін оны тасымалдауға жұмсалатын шығыстарды;
      4) он пайыздан аспайтын мөлшердегі рентабельділік деңгейін қамтиды.
      5) Жаңа кен орындары бойынша ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын есептеу үшін қажетті деректерді Мемлекеттік сараптамадан өткен жобаның Техникалық-экономикалық негіздемесіндегі болжамды есептердің негізінде қабылдау керек.

Мемлекеттің артықшылықты құқығы  
шеңберінде ұлттық оператор сатып 
алатын шикі және тауарлық газдың бағасын
айқындау қағидаларына      
1-қосымша            

Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық
оператор сатып алатын шикі газ бағасын анықтау

      Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық операторға шикі газ өткізілген жағдайда оның бағасын жер қойнауын пайдаланушы мынадай формула бойынша есептейді:

      

      мұнда,
      Pс – мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі газдың бағасы, мың текше метрі үшін теңге;
      CP – жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде мың текше метрі үшін теңгемен шикі газ өндірудің өндірістік өзіндік құны, ол өткен күнтізбелік жыл үшін мынадай формула бойынша есептеледі:

      

      мұнда,
      CF – жер қойнауын пайдаланушының аяқталған қаржы жылы үшін аудиторлық есептермен расталған жылдық қаржылық есептілігі негізінде айқындалатын, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, жер қойнауынан жер үстіне пайдалы қазбаларды шығарумен және оларды бастапқы қайта өңдеумен (байытумен) тікелей байланысты өткен күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнай мен шикі газ өндірудің өндірістік өзіндік құны, теңге;
      CP – өткен күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі газды өндіру көлемі, мың текше метр;
      OP – өткен күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнай өндірудің көлемі, тонна;
      0,857 – шикі газдың мың текше метрін тоннаға ауыстыру коэффициенті;
      r – мынадай формула бойынша айқындалатын 0-ден 1-ге дейінгі диапазондағы құндық коэффициент:

      

      мұнда,
      GP – өткен күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі газды өндіру көлемі, мың текше метр;
      OP – өткен күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнай өндірудің көлемі, тонна;
      AEPG – тарифтердің негізінде айқындалатын, тауарлық газды жер қойнауын пайдаланушыдан Қазақстан Республикасының шекарасына дейін тасымалдау жөніндегі шығыстарды шегере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті жариялайтын кедендік статистика деректері бойынша есептелетін Қазақстан Республикасының шекарасындағы тауарлық газдың өткен күнтізбелік жылғы орташа өлшенген экспорттық бағасы, мың текше метрі үшін теңге;
      AEPO – тарифтердің негізінде айқындалатын, шикі мұнайды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті жариялайтын кедендік статистика деректері бойынша есептелетін Қазақстан Республикасының шекарасындағы шикі мұнайдың өткен күнтізбелік жылғы орташа өлшенген экспорттық бағасы, тоннасы үшін теңге;
      TC – тарифтердің негізінде айқындалатын, шикі газды ұлттық операторға өткізудің жоспарланатын орнына дейін оны тасымалдауға арналған шығыстар, мың текше метрі үшін теңге;
      R – ұлттық операторға N% мөлшерінде шикі газды өткізу кезінде жер қойнауын пайдаланушының рентабельділігі, ол мынадай формула бойынша есептеледі:

      

      мұнда,
      N – жер қойнауын пайдаланушы белгілейтін, бірақ 10 пайыздан аспайтын мән.

Мемлекеттің артықшылықты құқығы  
шеңберінде ұлттық оператор сатып 
алатын шикі және тауарлық газдың бағасын
айқындау қағидаларына     
2-қосымша           

Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық
оператор сатып алатын тауарлық газ бағасын анықтау

      Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық операторға тауарлық газ өткізілген жағдайда, оның бағасын жер қойнауын пайдаланушы мынадай формула бойынша есептейді:

      

      мұндағы,
      PC – мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын тауарлық газдың бағасы, мың текше метр үшін теңге;
      CP – жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде мың текше метр үшін теңгемен шикі газ өндірудің өндірістік өзіндік құны, ол өткен күнтізбелік жыл үшін мынадай формула бойынша есептеледі:

      

      мұндағы,
      CF – халықаралық қаржылық есептілік стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес аудиторлық есептермен расталған, пайдалы қазбаларды жер қойнауынан жер үстіне шығарумен және оларды бастапқы қайта өңдеумен (байытумен) тікелей байланысқан, жер қойнауын пайдаланушының аяқталған қаржы жылы үшін жылдық қаржылық есептілігі негізінде айқындалатын өткен күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнай мен шикі газ өндірудің өндірістік өзіндік құны, теңге;
      GP – өткен күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі газды өндіру көлемі, мың текше метр;
      OP – өткен күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнайды өндіру көлемі, тонна;
      0,857 – шикі газдың мың текше метрін тоннаға ауыстыру коэффициенті;
      r1 – мынадай формула бойынша айқындалатын 0-ден 1-ге дейінгі диапазондағы құндық коэффициент:

      

      мұндағы,
      GP – өткен күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі газды өндіру көлемі, мың текше метр;
      OP – өткен күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнайды өндіру көлемі, тонна;
      AEPG – тарифтердің негізінде айқындалатын, тауарлық газды жер қойнауын пайдаланушыдан Қазақстан Республикасының шекарасына дейін тасымалдау жөніндегі шығыстарды шегере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті жариялайтын кедендік статистика деректері бойынша есептелетін Қазақстан Республикасының шекарасындағы тауарлық газдың өткен күнтізбелік жылы орташа өлшенген экспорттық бағасы, мың текше метр үшін теңге;
      AEPO – тарифтердің негізінде айқындалатын, шикі мұнайды жер қойнауын пайдаланушыдан Қазақстан Республикасының шекарасына дейін тасымалдау жөніндегі шығыстарды шегере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті жариялайтын кедендік статистика деректері бойынша есептелетін Қазақстан Республикасының шекарасындағы шикі мұнайдың өткен күнтізбелік жылы орташа өлшенген экспорттық бағасы, тоннасы үшін теңге;
      CRE – өткен күнтізбелік жылы өндірілген шикі газдан тауарлық газды өндірудің мынадай формула бойынша айқындалатын өзіндік құны:

      

      мұндағы,
      CFG – халықаралық қаржылық есептілік стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес аудиторлық есептермен расталған, шикі газды қайта өңдеумен тікелей байланысқан және мұнай мен шикі газды өндірудің өзіндік құнының құрамына кірмейтін, жер қойнауын пайдаланушының аяқталған қаржы жылы үшін жылдық қаржылық есептілігі негізінде айқындалатын өткен күнтізбелік жылы шикі газды қайта өңдеудің жалпы өзіндік құны, мың текше метр үшін теңге;
      QG – тауарлық газды өндіру көлемі, мың текше метр;
      QCG – қайта өңдеуге жіберілген шикі газдың көлемі, мың текше метр;
      TС – тарифтердің негізінде айқындалатын, тауарлық газды ұлттық операторға өткізудің жоспарланатын орнына дейін оны тасымалдауға арналған шығыстар, мың текше метр үшін теңге;
      r2 – бірнеше көрсеткіштерді бейнелейтін коэффициент:
      газды өндіру көлемі;
      тауарлық газдың сапасы;
      қосымша өндірілген өнімнің көлемі (сұйытылған мұнай газ) газды өндіру көлеміне қарай, мынадай формула бойынша есептеледі:

      

      мұндағы,
      r2.1 – өткен күнтізбелік жылдағы газдың өндіру көлемі мынадай диапазонда есептеп шығарылады:
      газды өндіру көлемі 100 млн.м3 кем болған кезде коэффициент 1 тең, газды өндіру көлемі 100 млн.м3 тең немесе артық болған кезде коэффициент 0,7 тең;
      r2.2 – тауарлық газдың сапасы, мынадай формула бойынша есептеледі:

      

      мұндағы,
      Негізгі көрсеткіштер (ҚР СТ 1666-2007 нормаланады «Магистральдық газ құбыры бойынша жеткізілтетін және тасымалданатын табиғи жанғыш газдар. Техникалық шарттар»):
      r2.2.1 – күкіртсутегінің шоғырлану салмағы, г/м3, мынадай диапазонда есептеледі:
      0,007 нормадан асқан кезде коэффициент 0,7 тең, 0,007 норма шегінде коэффициент 1 тең;
      r2.2.2 – меркаптанды күкірттің шоғырлану салмағы, г/м3, мынадай диапазонда есептеледі:
      0,016 нормадан асқан кезде коэффициент 0,7 тең, 0,016 норма шегінде коэффициент 1 тең;
      2.2.3 – мына диапазондарда есептелетін ылғалдағы шық нүктесінің С коэффициенті:
      - 1 мамыр – 30 қыркүйек кезеңіндегі қоңыржай макроклиматтық аудан үшін нормадан минус 3-ке асып түскен кезде коэффициент 0,7-ге тең, минус 3 норма шегінде коэффициент 1-ге тең;
      - 1 қазан – 30 сәуір кезеңіндегі қоңыржай макроклиматтық аудан үшін нормадан минус 5-ке асып түскен кезде коэффициент 0,7-ге тең, минус 5 норма шегінде коэффициент 1-ге тең;
      - 1 мамыр – 30 қыркүйек кезеңіндегі салқын макроклиматтық аудан үшін нормадан минус 10-ға асып түскен кезде коэффициент 0,7-ге тең, минус 10 норма шегінде коэффициент 1-ге тең;
      - 1 қазан – 30 сәуір кезеңіндегі салқын макроклиматтық аудан үшін нормадан минус 20-ға асып түскен кезде коэффициент 0,7-ге тең, минус 20 норма шегінде коэффициент 1-ге тең;
      r2.2.4 – төменгі жану жылуы, МДж/м3., мынадай диапазонда есептеледі:
      мәні 32,5-тен кем емес кезінде коэффициент 1-ге тең, мәні 32,5-тен аз кезінде коэффициент 0,7-ге тең;
      Қосымша көрсеткіштер:
      r2.2.5 – метан, моль%, мынадай диапазонда есептеледі:
      92 нормадан асқан кезде коэффициент 0,85 тең, 92 норма шегінде коэффициент 1 тең;
      r2.2.6 – этан, моль%, мынадай диапазонда есептеледі:
      6 нормадан асқан кезде коэффициент 0,85 тең, 6 норма шегінде коэффициент 1 тең;
      r2.2.7 – пропан, моль%, мынадай диапазонда есептеледі:
      3 нормадан асқан кезде коэффициент 0,85 тең, 3 норма шегінде коэффициент 1 тең;
      r2.2.8 – азот, моль%, мынадай диапазонда есептеледі:
      2 нормадан асқан кезде коэффициент 0,85 тең, 2 норма шегінде коэффициент 1 тең;
      r2.3 – өткен күнтізбелік жылдағы қосымша өндірілген өнім (сұйытылған газдың газды өндіру көлеміне қатысы), мындай диапазонда есептеледі:
      5 000 көлемінен айтарлықтай артық кезде коэффициент 0,7 тең, 5 000 көлемінен азғантай болған кезде коэффициент 1 тең;
      R – ұлттық операторға N% мөлшерінде тауарлық газды өткізу кезінде жер қойнауын пайдаланушының рентабельділігі, мынадай формула бойынша есептеледі:

      

      мұндағы,
      N – жер қойнауын пайдаланушы белгілейтін, бірақ 10 пайыздан аспайтын мән.