Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдер беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 76 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 8 желтоқсанда № 9941 тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 16.02.2018 № 51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 167-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдер беру ережесі бекітілсін.

      2. Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаменті (Н. А. Аязбаев):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оны мерзімдік басылымдар мен "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр Е. Досаев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 11 қарашадағы
№ 76 бұйрығымен бекітілген

Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдер беру қағидалары

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 16.02.2018 № 51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдер беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) орталық мемлекеттік органдардың жергілікті өкілді және атқарушы органдардың өтінімдерін ескере отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдер (бұдан әрі – өтінімдер) беру тәртібін айқындайды.

      2. Орталық мемлекеттік органдар жергілікті өкілді және атқарушы органдардың өтінімдерін ескере отырып, уәкілетті органның қарауына:

      1) байланысты грантты алушы туралы ақпаратты;

      2) болжамды донор туралы ақпаратты;

      3) грант сомасы туралы ақпаратты;

      4) байланысты грантты іске асырудың әрбір жылына валютамен және теңгемен қаржыландыру көздерін (грант қаражатын және оны бірлесіп қаржыландыруды) бөліп көрсете отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша байланысты грантты қаржыландырудың жиынтық кестесін;

      5) мемлекеттік, салалық бағдарламаларға немесе аумақтарды дамыту бағдарламаларына сәйкес мақсатын, жоспарланатын іс-шараларын, күтілетін нәтижелерін көрсете отырып, әрбір өтінімге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша түсіндірме жазбаны (негіздеме);

      6) орталық мемлекеттік органның өтінімінде оның тікелей құзыретіне кірмейтін іс-шара болған жағдайда тиісті мемлекеттік органның салалық қорытындысын қамтитын еркін нысандағы байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімді ұсынады.

      Егер байланысты грант жобасы республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру және донор қаражаты есебінен іске асырылатын болса, орталық уәкілетті органының тиісті салалық қорытындысын ұсынады.

      Егер байланысты грант жобасын іске асыру бірнеше салалық орталық мемлекеттік органдардың жауапкершілік саласын қозғаған жағдайда, бенефициар мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген салалық қорытынды ұсынады.

      Ақпараттық жүйелерді құруға және дамытуға бағытталған немесе оларды көздейтін байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдерге ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның салалық қорытындысы қоса беріледі.

      Салалық қорытындыны орталық мемлекеттік орган басшысының жетекшілік ететін орынбасары қол қойған тиісті орталық мемлекеттік органдар ұсынады.

      Байланысты грант жобасын жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру және донор қаражаты есебінен іске асыру ұсынылған жағдайда, байланысты грант жобасының салалық қорытындысын жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы орган ұсынады.

      Іске асырылуы жергілікті бюджет қаражаты есебінен болжанатын байланысты грант жобасы бірнеше салалық жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілік саласын қозғаған жағдайда, бенефициар жергілікті атқарушы органдармен келісілген салалық қорытынды ұсынады.

      3. Орталық мемлекеттік органдар тиісті қаржы жылына бірнеше өтінім ұсынған жағдайда өтінімдер басымдығы бойынша көрсетіледі.

      4. Осы Қағидаларға сәйкес жасалған өтінімдерді орталық мемлекеттік органдар кезекті қаржы жылының алдындағы қаржы жылының 20 ақпанынан кешіктірмей уәкілетті органға жібереді.

      5. Донор байланысты грантты тарту үшін жобаға гранттық қаржыландыруды беру мүмкіндігі туралы ниеттестік хатын ұсынған жағдайда оны тартудың орындылығын тиісті бюджет комиссиялары айқындайды.

  Байланысты гранттарды
тартуға арналған өтінімдер беру
қағидаларына 1-қосымша
Нысан

Байланысты грантты қаржыландырудың жиынтық кестесі

Байланысты грант

Донор

Атқарушы орган

Іске асырылатын жылы

Грант қаражаты (валюта/теңге)

Грант сомасы

Мемлекеттік бюджеттен қоса қаржыландыру

1

2

3

4

5

6

7

1







2







3







4







5







 
  Байланысты гранттарды
тартуға арналған өтінімдер беру
қағидаларына 2-қосымша
Нысан

Түсіндірме жазба (негіздеме)

      Мақсаты:

      Жоспарланған іс-шаралар:

      Мемлекеттік органдармен сәйкес күтілетін нәтижелер: