Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдер беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 76 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 8 желтоқсанда № 9941 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 167-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдер беру ережесі бекітілсін.
      2. Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаменті (Н. А. Аязбаев):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оны мерзімдік басылымдар мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                       Е. Досаев

Қазақстан Республикасы 
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 11 қарашадағы 
№ 76 бұйрығымен бекітілген

Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдер беру ережесі

      1. Осы Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдер беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) орталық мемлекеттік органдардың жергілікті өкілді және атқарушы органдардың өтінімдерін ескере отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдер (бұдан әрі - өтінімдер) беру тәртібін айқындайды.
      2. Орталық мемлекеттік органдар уәкілетті органның қарауына жергілікті өкілді және атқарушы органдардың өтінімдерін ескере отырып:
      1) байланысты грантты алушы;
      2) болжамды донор;
      3) грант сомасы;
      4) байланысты грантты іске асырудың әрбір жылына валютамен және теңгемен қаржыландыру көздерін (грант қаражатын және оны бірлесіп қаржыландыруды) бөліп көрсете отырып, байланысты грантты қаржыландырудың жиынтық кестесі;
      5) мемлекеттік, салалық бағдарламаларға немесе аумақтарды дамыту бағдарламаларына сәйкес мақсатын, жоспарланатын іс-шараларын, күтілетін нәтижелерін көрсете отырып, әрбір өтінімге жеке түсіндірме жазба (негіздеме) туралы ақпаратты қамтитын өтінім береді.
      3. Орталық мемлекеттік органдар тиісті қаржы жылына бірнеше өтінім берген жағдайда өтінімдер олардың басымдылығы бойынша көрсетіледі.
      4. Осы Ережеге сәйкес жасалған өтінімдерді орталық мемлекеттік органдар кезекті қаржы жылының алдындағы қаржы жылының 1 ақпанынан кешіктірмей уәкілетті органға жібереді.

Қосымша 1        
байланысты гранттарды тартуға
арналған өтінімдер беру ережесіне

Нысан

Байланысты грантты қаржыландыру жиынтық кестесі

Байланысты грант

Донор

Атқарушы орган

Іске асыру жылы

Гранттың қаражаты
(валюта/теңге)

Грант сомасы

Мемлекеттік бюджетінен бірлесіп қаржыландыру

1

2

3

4

5

6

7

1







2







3







4







5







Қосымша 2         
байланысты гранттарды тартуға
арналған өтінімдер беру ережесіне

Нысан

Түсіндірме жазба

Мақсат:

Жоспарланған іс-шаралар:

Мемлекет органдармен сәйкес болжалды нәтижелер: