"Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларын консультативтік сүйемелдеу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылға арналған 002 "Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу" бөлінетін бюджеттік бағдарламасы есебінен қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 21 тамыздағы № 1 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 105 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 28 қарашада № 9914 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы
№ 220 қаулысымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 462 және 468-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 541 қаулысымен бекітілген Инвестициялық ұсынысты әзірлеу және түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингтеу және іске асырылуын бағалау қағидаларының 28-тармағына және «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларын консультативтік сүйемелдеу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылға арналған 002 «Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу» бөлінетін бюджеттік бағдарламасы есебінен қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 21 тамыздағы № 1 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9725 болып тіркелген, 2014 жылғы 17 қыркүйекте «Әділет» АҚЖ жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларын консультативтік сүйемелдеу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылға арналған 062 «Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу» бөлінетін бюджеттік бағдарламасы есебінен қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларын консультативтік сүйемелдеу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылға арналған 062 «Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу» бөлінетін бюджеттік бағдарламасы есебінен қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесі бекітілсін.»;
      осы бұйрықпен бекітілген бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларын консультативтік сүйемелдеу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылға арналған 002 «Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу» бөлінетін бюджеттік бағдарламасы есебінен қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесінде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларын консультативтік сүйемелдеу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылға арналған 062 «Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу» бөлінетін бюджеттік бағдарламасы есебінен қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесі»;
      «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұрынғы бюджеттік бағдарлама әкімшісі – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі)» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлері 8-1, 8-2, 8-3, 8-4 - жолдармен толықтырылсын:

«

8-1

Орталық-Оңтүстік «Астана-Қарағанды-Балхаш-Құрты-Қапшағай-Алматы» дәлізінің 2152-2380 км («Құрты-Бурылбайтал» учаскесі) реконструкциялау

9 968,5




8-2

Көкпек, Көктал, Благовещенка арқылы, Қырғызстан Республикасының шекарасына кіреберістермен «Өзбекстан Республикасының шекарасы (Ташкентке) – Шымкент-Тараз-Алматы-Қорғас» автомобиль жолының 56-162 км «Ұзынағаш-Отар» учаскесін реконструкциялау

6 804,5




8-3

«РФ шекарасы (Орскіге)-Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астраханьға)» автомобиль жолын реконструкциялау (қашықтығы 459 км «Мақат-Ақтөбе» учаскесі)

17 625




8-4

«Жетібай – Жаңаөзен – Фетисов – Түркіменстан Республикасының шекарасы (Түркіменбашыға)» автомобиль жолының «Жетібай – Жаңаөзен» (0-73 км) автомобиль жолын реконструкциялау

7 932




                                                                   »;

      мына:

      «


Жиыны

95 633,00

87 961,00


17 296,00

                                                                   »;

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«


Жиыны

137 963,00

87 961,00


17 296,00

                                                                   »;

      2. Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік жекешелік әріптестікті дамыту департаменті (Н.А. Аязбаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Е. Досаев