Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларын консультативтік сүйемелдеу Қазақстан Рес

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 21 тамыздағы № 1 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 9 қыркүйекте № 9725 тіркелді

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 29.11.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) № 679 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 10 қазандағы № 465 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8096 болып тіркелген, 2013 жылғы 6 ақпандағы № 61 (28000) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

       кіріспе мынадай редакцияда жасылсын:

      "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ережесінің 16-тармағының 110) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:"

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (С.Е. Жолдасбаевқа)

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында белгіленген тәртіпте жариялануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің


міндетін атқарушы

Е. Иманғалиев