Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг, бағалау және бақылау жүргізу қағидаларының 7, 21-тармақтарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі әдістеме;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларының мониторингін жүргізу жөніндегі әдістеме бекітілсін.
2. Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті (Ж.Н. Шаймарданов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі М.Е. Әбілқасымоваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Е. Досаев
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 10 қазандағы
№ 50 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі әдістеме 1. Жалпы ережелер
1. Осы әдістеме Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды (бұдан әрі – стратегиялық және бағдарламалық құжаттар), мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу бойынша тәсілдерді ашып көрсетеді.
2. Талдау, модельдеу, пайымдауды қалыптастыру және басымдықтарды, мақсаттарды, нысаналы индикаторларды, міндеттер мен оларға қол жеткізу жолдарын айқындау, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын ресурстық қамтамасыз ету процесі әзірлеу болып табылады.
3. Осы Әдістемеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) әзірлеуші мемлекеттік орган – стратегиялық немесе бағдарламалық құжатты, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын, аумақтарды дамыту бағдарламасын әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган;
2) декомпозиция - Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарының мақсаттарын, нысаналы индикаторларын, міндеттері мен көрсеткіштерін оларды Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің төмен тұрған құжаттарында көрсету үшін құрамдас мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге және көрсеткіштерге бөлу процесі;
3) жоспарлау кезеңі - елді (белгілі бір қызмет аясын, тиісті аумақты) дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, негізгі бағыттарын айқындау;
4) жоспарлы кезең – стратегиялық немесе бағдарламалық құжат, мемлекеттік органның стратегиялық жоспары, аумақтарды дамыту бағдарламасы әзірленетін кезең;
5) каскадтау - бұл Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттары иерархиясының жоғарғы деңгейлерінің мақсаттары, міндеттері, нәтижелерінің көрсеткіштері Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттары иерархиясының төменгі деңгейлерінің тиісті мақсаттары, міндеттері мен нәтижелерінің көрсеткіштеріне ауысу әдісі;
6) нәтиже көрсеткіші – міндетінің шешілу деңгейін айқындауға мүмкіндік беретін санмен өлшенетін көрсеткіш;
7) нысаналы индикатор – қол жеткізу деңгейін өлшеуге мүмкіндік беретін мақсаттың сандық мәні;
8) талдау кезеңі – ағымдағы ахуалға, елді (белгілі бір қызмет аясын, тиісті аумақты) дамытудың ықтимал сценарийлеріне себеп-салдарлық талдау жүргізу.
2. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік
органдардың стратегиялық жоспарлары мен аумақтарды дамыту
бағдарламаларын әзірлеудің негізгі ережелері
4. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу екі кезеңнен тұрады:
1) талдау кезеңі;
2) жоспарлау кезеңі.
5. Талдау кезеңінің негізінде:
ішкі және сыртқы ортадағы процестер мен үрдістер;
елді (бір қызмет аясын, тиісті аумақты) дамытудың мүмкіндіктері мен ықтимал қатерлерінің аясы;
шешілуі елді (белгілі бір қызмет аясын, тиісті аумақты) одан әрі дамыту үшін қажет проблемалар анықталады.
6. Жоспарлау кезеңінде:
бірінші деңгейдегі құжаттар үшін – ұзақ мерзімді кезеңде елдің дамуын айқындайтын жалпы ұлттық нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштер;
екінші деңгейдегі құжаттар үшін – жалпы ұлттық нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған салалар және аяларды дамытудың нысаналы индикаторлары және көрсеткіштері;
үшінші деңгейдің құжаттары үшін – өңірлерді дамытудың, орталық мемлекеттік органдар қызметінің нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштері әзірленеді.
3. Талдау кезеңі
7. Талдау жүргізу үшін елдегі (белгілі бір қызмет аясындағы, тиісті аумақтағы) ахуал туралы қолжетімді ақпаратты жинау мен құрылымдау жүзеге асырылады.
8. Талдауға арналған ақпарат көздері:
ресми статистикалық ақпарат және ведомстволық статистикалық қадағалау;
интерактивті семинарлар, атқарушы және заң шығарушы билік, өкілдерімен, кәсіпкерлік субъектілерімен, ғылыми қоғам өкілдерімен сұхбат;
халық арасында сауалнама (анкета) жүргізу, халық пен кәсіпкерлік субъектілердің қалауларын анықтау үшін интернет-технологияларды пайдалану болуы мүмкін.
9. Талдау үшін соңғы үш жылдағы деректер пайдаланылады.
10. Мынадай:
экономикалық және қаржылық;
демографиялық;
технологиялық;
әлеуметтік және мәдени;
кеңістіктік және экологиялық;
заңнамалық және реттеуші;
басқарушылық және тағы сол сияқты факторлар тобы атап көрсетіледі.
11. Елдің (белгілі бір қызмет аясын, тиісті аумақтың) ерекшеліктеріне сүйене отырып, елдің (белгілі бір қызмет аясының, тиісті аумақтың) дамуына ықпал ететін және олар бойынша талдау жүргізілетін сыртқы және ішкі факторлардың тізбелері қалыптастырылады.
12. Дамудың сыртқы факторларына мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік субъектілерінің әрекеттеріне тәуелсіз, қазіргі уақытта және алдағы жоспарлы кезеңде елдің/ белгілі бір қызмет аясының/ тиісті аумақтың дамуына елеулі ықпал ететін шарттар жатады.
13. Дамудың ішкі факторларына – сыртқы факторлардың әртүрлі өзгерістерін ескере отырып, олардың негізінде стратегия қалыптастырылатын ресурстар мен әлеует жатады.
14. Ішкі даму факторларын талдау ел (белгілі бір қызмет аясы, тиісті аумақ) туралы тұтас түсінік береді.
15. Дамудың мүмкін үрдістерін қалыптастыру үшін ішкі факторларды бағалауды басқа елдердің тәжірибесімен салыстыру келтіріледі.
16. Сыртқы және ішкі факторларға, статистикалық деректерге, жүргізілген сұхбаттарға, сауалнамаларға, фокус-топтарға, мүдделі тараптармен консультацияларға, бәсекелестермен салыстыруларға жүргізілген талдау нәтижелері жинақталады және жалпыланады.
17. Талдау жүргізу кезінде талдау әдісінің бірі ретінде SWOT-талдау пайдаланады.
SWOT-талдау елді (белгілі бір қызмет саласын, тиісті аумақты) дамытудың ішкі және сыртқы ортаcының факторларын анықтауды және оларды төрт санатқа: Strengths (күшті жақтары), Weaknesses (әлсіз жақтары), Opportunities (мүмкіндіктері) және Threats (қауіптер) бөлуді білдіретін стратегиялық жоспарлау әдісі болып табылады.
18. SWOT-талдау деректері бойынша негізгі артықшылықтар мен кемшіліктердің, қолайлы мүмкіндіктер мен ықтимал қауіптер арасында байланыс орнатылады.
19. Елдің (белгілі бір қызмет саласының, тиісті аумақтың) дамуына ықпал ететін күшті жақтары және елдің (белгілі бір қызмет саласының, тиісті аумақтың) дамуын тежейтін және (немесе) оның дамуына теріс ықпал ететін әлсіз жақтары –елдің (белгілі бір қызмет саласының, тиісті аумақтың) дамуының ішкі, яғни бақылауға бағынбайтын аспектілері болып табылады.
20. Елдің (белгілі бір қызмет саласының, тиісті аумақтың) дамуына оң ықпал ететін және қауіп, сыртқы ортаның сипаттамаларына, ықпалына байланысты және елді (белгілі бір қызмет аясынының, тиісті аумақтың) дамуына оның дамуына теріс ететін және ықпал етуге бағынышты емес ықпалмен мүмкіндіктер сыртқы аспектілер болып табылады.
21. Талдау негізінде проблемаларды тұжырымдау және олардың
себеп-салдарлық байланыстарын айқындау жүзеге асырылады.
22. Талдаудың осы кезеңінде негізгі проблеманы бөліп қарау үшін, оның пайда болу себептерін және одан болатын салдарларды белгілеу, ал одан әрі проблеманы шешу бойынша іс-қимылдар реттілігін айқындау үшін проблемалар талданады.
23. Негізгі проблемаларға оларға қол жеткізуге Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің әзірленетін құжатының іске асырылуы бағдарланатын басымды сипаттағы мәселелерді шешуге бағытталған проблемалар жатады.
24. Проблемалар мынадай критерийлерге сәйкестігі тұрғысынан қарастырылады:
өзектілік, яғни стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақты дамыту бағдарламаларын әзірлеу кезіндегі;
нақтылық, яғни проблеманы тұжырымдау, мүдделі тараптарға жеткізу мүмкіндігіне байланысты нақты баяндалады;
қысқа және ықшам, яғни проблеманы тұжырымдау, артық толықтыруларсыз баяндалады.
25. Проблемалар бірін бірі қайталай алмайды. Егер бірнеше проблема мағынасы жағынан жақын болса, олар біріктіріледі не проблемалар арасындағы көрнекі айырмашылықты айқындау мақсатында олардың тұжырымдамасы нақтыланады.
26. Барлық мүмкін проблемалар анықталғаннан кейін, проблемалардың иерархиялық орналасуы және олардың арасындағы себеп-салдар байланыстары белгіленеді. Бұл үшін проблемалар бір-бірімен қалай байланысатыны, яғни «проблемалар-себептер» және «проблемалар-салдарлар» белгіленеді.
27. Егер бір проблема екіншісі үшін себеп болып табылса, онда ол бір деңгейге түсіріледі, егер ол салдар болса – онда жоғары көтеріледі. Егер проблемалар бір біріне қатысты себеп те, салдар да болып табылмаса, онда олар бір деңгейге орналастырылады.
28. Осыдан кейін келесі жоспарлау кезеңіне негізгі проблемалар айқындалады, олардың шеңберінде стратегиялық немесе бағдарламалық құжаттың, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының, аумақты дамыту бағдарламасын әзірлеуді іске асыру жоспарланады.
Ол үшін:
стратегиялық немесе бағдарламалық құжаттың, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру нәтижесінде проблемалар қай деңгейге дейін шешілетінін (проблемалар - себептер);
қандай проблемалар өздігінен немесе басқа проблемаларды шешу салдарынан шешілетіні (проблемалар – салдарлар) айқындалады.
4. Жоспарлау кезеңі
29. Әзірленетін стратегиялық стратегиялық және бағдарламалық құжаттар, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары, аумақтарды дамыту бағдарламалары тиісті құжаттың мақсаттарын қалыптастыру жолымен проблемаларды шешуге шоғырланады.
30. Негізігі проблемалардың негізінде тиісті мақсаттар қалыптастырылады.
31. Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 шілдедегі № 827 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің (бұдан әрі – Мемлекеттік жоспарлау жүйесі) әзірленетін құжатына байланысты мақсаттар стратегиялық мақсаттар, басты мақсаттар, бағдарламалық мақсаттар және стратегиялық жоспардың/аумақты дамыту бағдарламасының мақсаттары болып бөлінеді.
32. Мақсаттар елдің (белгілі бір қызмет аясының, тиісті аумақтың) жоспарлы кезеңнің соңындағы қалаулы болашақ жағдайын айқындайды, оған қол жеткізу Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің тиісті құжатын іске асыруды қамтамасыз етеді.
33. Мақсаттарды тұжырымдамдау қысқа әрі түсінікті баяндалады және:
еркін немесе біркелкі түсіндіруге жол берілетін терминдерді, ұғымдар мен сөздерді;
мақсатқа қол жеткізу жолдарын, құралдары мен әдістерін сипаттауларды қамтымайды.
34. Мақсаттар саны көп болмағаны жөн. Дұрыс тұжырымдалған мақсаттар жүйесі елдің (белгілі бір қызмет аясының, тиісті аумақтың) жоспарлы кезеңдегі өзекті қажеттіліктерін көрсетеді.
35. Мақсаттарды анықтау кезінде мынадай критерийлерді басшылыққа алу қажет:
өлшемділік: мақсатқа қол жеткізілуін сандық шамасы бар индикаторлардың көмегімен тексеруге болады.
релеванттылық: мақсаттардың Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының мақсаттарымен байланысының болуы;
қол жетімділік: жоспарлы кезеңде ықтималды қол жеткізуге болатын мақсаттар;
мақсаттың айқындылығы: мақсаттың тұжырымдалуынан оған қол жеткізу индикаторлары түсінікті.
36. Әрбір мақсатқа, оған қол жеткізу дәрежесін анықтау үшін нысаналы индикатор (аралық және түпкі мәндері бар) сәйкес келеді.
37. Нысаналы индикатордың сапалы жағы мемлекеттік басқарудың тиісті саласындағы (аясындағы) оң өзгерістердің мәнін, ал сандық жағы – олардың өлшенетін, абсолютті және салыстырмалы шамаларын көрсетеді.
38. Нысаналы индикаторлар мынадай критерийлерге сәйкестігі тұрғысынан қарастырылады:
оларды жоспарланатын кезеңдегі серпінде салыстыруға мүмкіндік беру;
пайдаланушылар үшін біркелкі түсінікті болу;
оларды қол жеткізуді бағалау үшін жеткілікті ақпараттық және техникалық ресурстардың болуы;
жалпы толық және барабар сипаттама беру;
қолжетімді және өлшемді болу;
мониторинг жүргізу мен көрсеткіштерге қол жеткізуді бағалау мақсатында аралық мәндердің болуын қамтамасыз ету.
39. Негізгі өзгерістерді қамтитын, анықталған проблемаларды шешуді өте жақсы сипаттайтын нысаналы және стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуді бағалау үшін қажет индикаторлар ғана таңдалады.
40. Әрбір нысаналы индикатор үшін ақпарат көздері мен деректер жинау құралдары айқындалады.
41. Олар үшін лайықты тексеру көздері табылмауы мүмкін нысаналы индикаторлар немесе олар бойынша еңбекті тым көп қажет ететін әрі қымбат ақпарат жинау басқалармен ауыстырылады.
42. Өзге нысаналы индикаторларды айқындау мүмкін болмаған жағдайда, таңдап алынған нысаналы индикаторлар немесе нәтижелер көрсеткіштері бойынша есептеу әдістемесін (формуласын) көрсету және мұндай нысаналы индикатордың бағалық (болжамды) есебін қоса беру қажет.
43. Есептеу әдістемесі стратегиялық немесе бағдарламалық құжаттарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына, аумақты дамыту бағдарламасына қоса беріледі.
44. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен аумақты дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторлары бойынша оларды жүзеге асыруға жауапты орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, ал мемлекеттік бағдарламалар бойынша, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялар айқындалады.
45. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың нысаналы индикаторларын әзірлеу кезінде, бұдан әрі оларға қол жеткізуге жауапты болатын орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектордың субъектілері, ведомстволық бағынысты ұйымдар, құрылымдық бөлімшелер деңгейінде каскадтау немесе декомпозициялау талап етілетін болады.
46. Мақсатқа қол жеткізу әртүрлі, кейбір жағдайда баламалы міндеттерді шешумен қамтамасыз етілуі және көлемі бойынша әртүрлі ресурстар мен шығындарды талап етуі мүмкін.
47. Міндеттер, оларды жағдайды талдау негізінде қалыптастырылатын және жоспарлы кезеңнің соңына дейін қызмет саласындағы түйінді өзгерістерді көруге мүмкіндік беретін стратегиялық немесе бағдарламалық құжаттың, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының тиісті мақсатына қол жеткізу үшін орындалуы қажет негізгі талаптар болып табылады.
48. Әрбір міндет бір мақсатқа ғана сәйкес келеді. Мақсаттардың әрқайсысы үшін жиынтығында тиісті мақсатқа қол жеткізу үшін қажетті қызметтің барлық бағыттарын қамтитын неғұрлым маңызды міндеттердің қажет саны қалыптастырылады.
49. Әрбір мақсат бойынша міндеттер жиынтығы мынадай қағидаттарға сәйкес келуі тиіс:
қажеттілік – әрбір міндеттің шешілуі мақсатқа қол жеткізудің қажетті шарты болып табылады;
жеткіліктілік - барлық міндеттердің шешілуі мақсатқа қол жеткізудің жеткілікті шарты болып табылады.
50. Міндеттердің әрқайсысының іске асырылу мерзімдері тиісті мақсатқа қол жеткізу мерзімінен аспайды.
51. Әрбір міндет бағдарламаның міндеттерін шешу деңгейін сипаттайтын нәтижелер көрсеткіштерінің (сандық өлшенетін) аралық және соңғы мәндерін қамтиды.
52. Шешуші өзгерістерді, анықталған проблемаларды шешуді неғұрлым жақсы сипаттайтын және міндеттерге қол жеткізілуді бағалау үшін қажетті көрсеткіштер ғана таңдалады.
53. Барлық келтірілген көрсеткіштер бойынша базалық (бастапқы) және жоспарлы мән (егер жоспарланған өзгерістер осындай түрде тиімді қамтылып көрсетілсе), сондай-ақ аталған көрсеткіш мәніне қол жеткізу үшін қажетті уақытша кезеңнің (жылдың) белгіленуі көрсетіледі.
54. Әрбір көрсеткіш үшін ақпарат көздері мен деректер жинау құралдары айқындалады.
55. Лайықты тексеру көздері табылмауы мүмкін көрсеткіштер немесе олар бойынша ақпарат жинау көп еңбек етуді қажет етіп, әрі қымбатқа түсетін жағдайда басқаларымен ауыстырылады.
56. Өзге көрсеткіштерді айқындау мүмкін болмаған жағдайда, таңдап алынған көрсеткіштер бойынша есептеу әдістемесі (формуласы) көрсетілетін болады және мұндай көрсеткіштің бағалық (болжамдық) есептемесі қоса беріледі.
57. Есептеу әдістемесі стратегиялық немесе бағдарламалық құжаттарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына, аумақты дамыту бағдарламасына қоса беріледі.
58. Нәтижелер көрсеткіштері стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыруда орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар, ал мемлекеттік бағдарламалар бойынша ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялар көрсетіле отырып келтіріледі.
59. Көрсеткіштерді әзірлеу кезінде, бұдан әрі оларға қол жеткізуге жауапты орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, ведомстволық бағынысты ұйымдар, құрылымдық бөлімшелер деңгейінде каскадтау немесе декомпозициялау қажеттігі ескерілетін болады.
60. Мақсаттарды каскадтау кезінде стратегиляық және бағдарламалық құжаттардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, аумақты дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштері екі түрге бөлінеді:
қол жеткізілуі толығымен бір мемлекеттік органның (оның бағынысты кіші ұйымдарын қоса алғанда) қызметіне тәуелді болатын;
қол жеткізілуі мемлекеттік органның және басқа ұйымдардың қызметіне тәуелді болатын. Мысалы: «Халықтың өмір сүру ұзақтығын ұлғайту». Осы көрсеткішке қол жеткізуге денсаулық сақтау және әлеуметтік дамыту, ішкі істер, ауыл шаруашылығы министрліктерінің, жергілікті атқарушы органдардың және басқа ұйымдардың қызметі ықпал етеді.
61. Каскадтау кезінде құжаттар иерархиясының деңгейлері арасында, оған сәйкес құжаттардың іске асырылуы және мақсаттарға, нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізілу біртіндеп бірлесіп орындаушы органдарға дейін төмендейтін өзара байланыс орнатылады.
62. Нысаналы индикаторларға және нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу жауапкершілігін мемлекеттік органға, бірлесіп орындаушы органдарға бекіту негізінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарының мақсаттарымен, нысаналы индикаторларымен және нәтижелер көрсеткіштерімен келісілген жеке мақсаттар, нысаналы индикаторлар және нәтижелер көрсеткіштері әзірленеді.
5. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспары
63. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспары (бұдан әрі – Стратегиялық даму жоспары) Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыру мақсатында 10 жылға әзірленеді және жоспарлы кезеңдегі елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси даму стратегиясын, мақсаттарын, міндеттерін, басым бағыттарын, олардың көрсеткіштері көрсетілген күтілетін нәтижелерді, кезеңдік нысаналы бағдарды нақтылайды.
64. Алдағы кезеңге Стратегиялық даму жоспарының жобасын әзірлеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган алдыңғы Стратегиялық даму жоспарын іске асырудың тоғызыншы жылынан кешіктірмей мүдделі органдардың ұсыныстары негізінде жүзеге асырады.
65. Стратегиялық даму жоспарын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
66. «Кіріспе» бөлімінде алдағы онжылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын әзірлеудің негіздемесі мен қажеттігі көрсетіледі.
67. «Ағымдағы жағдайды талдау» деген бөлімде:
1) ағымдағы жағдайды талдау және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуының, ағымдағы онжылдық кезеңнің соңында елдің дамуының түйінді жалпыұлттық көрсеткіштерін талдау шеңберінде қол жеткізілген деңгейін бағалау;
2) SWOT-талдау негізінде қалыптастырылған ішкі факторларды (мүмкіндіктер мен қауіптер) бағалау көрсетіледі.
68. «Ағымдағы жағдайды талдау» деген бөлім осы Әдістеменің 3-тарауына сәйкес қалыптастырылады.
69. «Жаһандық үрдістерді талдау» бөлімінде әлемдік үрдістерді талдау, Қазақстан Республикасының әлемдік және өңірлік экономикадағы позициялары, сондай-ақ елдің дамуына ықпал ететін сыртқы факторларды, сыртқы тегеурінді талаптар мен қауіптерді айқындауды бағалау келтіріледі.
70. «Қазақстан Республикасының алдағы он жылдықтың соңына дейінгі пайымы» бөлімінде Қазақстан Республикасының дамуының алдағы он жылдықтағы параметрлері, сондай-ақ оның дамыуын негізгі жалпыұлттық көрсеткіштері айқындалады.
71. Елдің негізгі жалпыұлттық көрсеткіштері негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер және елдің қоғамдық-саяси жүйесінің көрсеткіштері болып табылады, яғни елдің жалпы даму деңгейін сипаттайтын неғұрлым іріленген индикаторлар (мысалы: ЖІӨ, халықтың өмір сүру сапасының көрсеткіштері).
72. Елдің даму пайымы осы Әдістеменің 4-тарауында келтірілген талдау кезеңінде қалыптастырылады.
73. «Елді дамытудың басымды бағыттары және алдағы онжылдық кезеңге арналған елді дамытудың стратегиялық мақсаттары» осы Әдістеменің 4-ші тарауына сәйкес қалыптастырылады.
74. «Елді дамытудың басымды бағыттары және алдағы он жылдық кезеңге арналған елді дамытудың стратегиялық мақсаттары» деген бөлім
елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси даму салалары бойынша топтастырылған басымды бағыттарды айқындайды.
75. Стратегиялық даму жоспарында бес-жетіден аспайтын басымды бағыттар болуы тиіс.
76. Әрбір басымды бағыт бойынша стратегиялық мақсаттар, сондай-ақ осы мақсаттарға қол жеткізу бойынша ортақ тәсілдер айқындалады.
77. Стратегиялық мақсаттар елді дамыту пайымынан туындайды және пайым - стратегиялық мақсат – нысаналы индикатор иерархиялық құрылымын қалыптастырады.
78. Стратегиялық мақсаттар пайымының мазмұнын ашады.
79. «Қорытынды» деген бөлімде алдағы жоспарлы кезеңге арналған Стратегиялық даму жоспарын іске асырудың негізгі тұжырымдамалары келтіріледі.
80. Мемлекеттік органдар алдыңғы Стратегиялық даму жоспарын іске асырудың тоғызыншы жылының 1 сәуірінен кешіктірмей Стратегиялық даму жоспарының жобасына қатысты ұсыныстарын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
81. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген Стратегиялық даму жоспарының жобасын қалыптастырып, тиісті кезеңнің 1 шілдесінен кешіктірмей
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің қарауына енгізеді.
6. Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасы
82. Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасы (бұдан әрі – Болжамды схема) Стратеиялық даму жоспарын іске асыру мақсатында әзірленеді және өндірістік күштерді, көлік-коммуникациялық, әлеуметтік және басқа да инфрақұрылымды ұтымды орналастыру, елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін, еліміздің өңірлер бөлінісінде жеке-қоныстандыру жүйесі болып табылады.
83. Болжамды схеманы әзірлеуді алдыңғы Болжамды схеманың іске асырылуының тоғызыншы жылынан кешіктірмей орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, ұлттық басқару холдингтері, ұлттық холдингтер, жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуымен ұлттық компаниялар, қоғамдық және ғылыми-зерттеу ұйымдарының қатысуымен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
84. Болжамды схема:
халықты тұрғылықты жеріне тәуелсіз (қала, ауыл) тұрғын үй-коммуналдық қызметтермен қамтамасыз етуді;
жоғары тіршілік деңгейін қамтамасыз ету мақсатында (бірінші кезекте кірісті ескере отырып) халықты тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорындары бар перпективалы елді мекендерге шоғырлануын;
елдің перспективалы елді мекендерін мемлекеттің ішінара қолдауын;
өсу нүктелерін дамыту және қалыптастыру бойынша жергілікті бастамаларды, бірінші кезекте қалалық агломерацияны нысаналы қаржыландыруды;
инженерлік қоныстандыруымен инфрақұрылым объектілерін перспективалы орналастыруды өндірістік күштермен өзара байланыстыруды;
жалпы адами капиталды дамыту мен республиканың еңбек ресурстарының ұтымдылығын арттыруды, көші-қон ағындары тиімді басқаруды;
елдің ресурстық әлеуетін тиімді пайдалану және еңбекті республикалық, өңірлік және халықаралық бөлуде оның өңірлерінің бәсекеге қабілетті экономикалық мамандандырылуын қалыптастыруды;
үшінші елдердің нарығына шығу мақсатында шекарамен шектес аумақтарды дамыту.
85. Болжамды схеманың қалыптастыру өңірлер бөлінісінде жүзеге асырылады.
86. «Аумақтың экономикалық әлеуетін талдау және бағалау» деген бөлім елдің даму басымдықтарына сүйене отырып, өңірлердің экономикалық әлеуетін бағалауды, еңбек және демографиялық әлеуетін бағалауды, жалпы ел бойынша және оның әрбір өңірлерінде әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелерін қамтиды.
87. Талдау елдің аумақтық-кеңістік дамуының сыртқы факторлары ретінде әлеуметтік-экономикалық және қоғадық-саяси дамуының жаһандық және өңірлік үрдістерін талдаудан басталады (мысалы, облыс, аудан шегінде).
88. «Аумақтардың экономикалық әлеуетін талдау және бағалау» бөлімін қалыптастыру кезінде осы Әдістеменің 3-тарауын басшылыққа алу қажет.
89. «Аумақтық-кеңістіктік дамудың негізгі бағыттары» деген бөлім елді аумақтық-кеңістікте дамытудың мақсаттарынан, міндеттерінен және негізгі тәсілдерінен, өңірлік даму сценарийлерінен, өңірді дамытудың стратегиялық бағыттарынан, ірі агломерацияларды және басқа қоныстандыру жүйелерін тиімді дамыту мәселелерінен, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру және базалық әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етудің бірыңғай стандарттарын енгізуден тұрады.
90. Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасының мақсаттары елді аумақтық-кеңістікте дамытуға өңірлер бөлінісінде талдауды жүргізу құралы арқылы ықпал ететін неғұрлым маңызды факторларды анықтау негізінде айқындалады.
91. Болжамды схеманың мақсаттарын белгілей отырып, белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін шешуді талап ететін міндеттерді айқындайды.
92. Болжамды схеманың мақсаттары мен міндеттері осы Әдістеменің «Жоспарлау кезеңі» деген 4-тарауына сәйкес айқындалады.
93. «Қазақстан Республикасы экономикасының секторларын дамытудың болжамды схемалары» деген бөлім индустриалдық сектордың келешекті дамуының, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, инженерлік-көліктік инфрақұрылымның схемаларынан тұрады.
94. «Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасының алдыңғы он жылдық мерзімде іске асырылуын мониторингілеуге арналған индикаторлар» бөлімі алдыңғы он жылдық кезеңде өңірлерді дамытудың негізгі көрсеткіштерін, салаларды дамытудың болжамды параметрлерін қамтиды.
95. Болжамды схеманы іске асырылуын мониторингілеуге арналған индикаторлар Болжамды схеманың мақсаттарына және міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған нысаналы индикаторлар және нәтижелер көрсеткіштері болып табылады.
96. Нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштері осы Әдістеменің «Жоспарлау кезеңі» деген 4-тарауына сәйкес айқындалады.
97. Мемлекеттік органдар алдыңғы Болжамды схеманың іске асырылуының тоғызыншы жылының 1 сәуірінен кешіктірмей, Стратегиялық даму жоспарының жобасына қатысты ұсыныстарын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген Болжамды схеманың жобасын қалыптастырып, тиісті кезеңнің 1 шілдесінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің қарауына енгізеді.
7. Мемлекеттік бағдарламалар
98. Мемлекеттік бағдарламалар Стратегиялық даму жоспарын және Болжамды схеманы (бұдан әрі – жоғары тұрған құжаттар) іске асыру мақсатында әзірленеді, Стратегиялық даму жоспарының стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу жолдарын көрсетеді, орта мерзімді (ұзақ мерзімді) кезеңге өзектендірілген жалпыұлттық салааралық және ведомствоаралық сипаттағы міндеттерді шешуге бағдарланады.
99. Мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу және бекіту Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылы 19 наурызда № 957 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік бағдарламалар тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.
100. Мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуді Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған әзірлеуші-мемлекеттік мемлекеттік орган жүзеге асырады.
101. Мемлекеттік бағдарламаның жобасы әзірлеу сатысында әзірлеуші мемлекеттік орган жария түрде талқылау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына орналастырады және келіп түскен ұсыныстар ескеріле отырып, пысықталады.
102. Мемлекеттік бағдарламаның «Паспорт (негізгі параметрлері)» бөлімінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлар мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі ережеге сәйкес бағдарламалық құжаттың негізгі параметрлері баяндалады.
103. «Кіріспе» деген бөлімде Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарымен байланыстырыла отырып, мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу қажеттігінің негіздемесі баяндалады.
104. «Ағымдағы жағдайды талдау» деген бөлімде:
1) сала қызметінің ағымдағы жағдайын, сондай-ақ осы саланың мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсерін бағалау (бұл ретте, негізгі проблемаларды, үрдістерді және әлсіз және күшті жақтарына алдын-ала талдау негізіндегі алғышарттарын, осы қызмет саласы үшін мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерін белгілеу қажет);
2) жүргізілуі кезінде осы саланың дамуына ықпал ететін қолданыстағы нормативтік құқықтық база талданып, қолданыстағы қызмет саласын мемлекеттік реттеу саясатын талдау сипатталады, сондай-ақ қызмет саласын дамытуды қамтамасыз ету бойынша бұрын келтірілген іс-шаралар нәтижелері баяндалады.
105. Осы бөлім осы әдістеменің 3-тарауына сәйкес қалыптастырылады.
106. «Бағдарламаны іске асырудың мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштері» деген бөлімде Мемлекетттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарына сүйене отырып қалыптастырылған мемлекеттік бағдарламаның басты мақсаты көрсетіледі.
107. Мемлекетттік бағдарламаның басты мақсаты жоспарлы кезеңнің аяғына қарай қызмет саласы жағдайының пайымын білдіреді және оның осы бағыттағы дамуының сапалы бағдары болып табылады.
108. Мемлекетттік бағдарламаның басты мақсаты кезең-кезеңмен жекелеген бағдарламалық мақсаттар мен міндеттерге бөлінеді (проблеманы құрылымдау және кіші бағдарламаларды бөлу арқылы басты мақсатты неғұрлым жекелеген мақсаттарға бөлу).
109. Бағдарламалық мақсаттар басты мақсаттың мазмұнын ашады.
110. Мемлекеттік бағдарламаның мақсаттары барлық бағдарлама мақсаттарына қол жеткізілу дәрежесін айқындауға мүмкіндік беретін нысаналы индикаторлардың сандық өлшенетін аралық және түпкілікті мәндерін қамтиды.
111. Міндеттері жағдайды талдаудың негізінде қалыптастырылатын және жоспарлы кезеңнің аяғына қарай қызмет аясында негізгі өзгерістерді көруге мүмкіндік беретін бағдарламаның тиісті мақсатына қол жеткізуі үшін орындалуы қажет басты шарттар болып табылатын бағдарламаның тиісті мақсатына қол жеткізу үшін мемлекеттік бағдарламаның міндеттері айқындалады.
112. Мақсаттар мен міндеттер мемлекеттік бағдарламаға қатысатын қызмет саласының даму пайымынан туындайды және: басты мақсат-бағдарламалық мақсаттар - міндеттер иерархиялық құрылымын құрастырады.
113. Мемлекеттік бағдарламаның мақсаттары, нысаналы индикаторлары, міндеттері және нәтижелер көрсеткіштері осы Әдістеменің 4-тарауына сәйкес әзірленеді.
114. «Бағдарламаның негізгі бағыттары мен қойылған мақсаттарына қол жеткізу жолдары мен тиісті шаралар» деген бөлімде мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қойылған мақсаттарға қол жеткізу мен алда тұрған міндеттерді шешу жолдары, сондай-ақ әрбір мақсатқа қол жеткізуді және әрбір міндетті шешуді толық көлемде әрі тиісті мерзімде қамтамасыз ететін шаралар жүйесі келтіріледі.
115. «Бағдарламаны іске асыру кезеңдері» деген бөлімде әрбір кезең үшін мақсаттарды, міндеттерді, нысаналы индикаторларды, нәтижелер көрсеткіштері мен қол жеткізу шараларын көрсете отырып, бағдарламаны іске асыру кезеңдеріне сипаттама жазылады.
116. «Қажетті ресурстар» деген бөлімде мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға арналған ресурстарға (қаржылық-экономикалық, материалдық-техникалық, еңбек) қажеттіліктер баяндалады.
117. Мемлекеттік бағдарламалар әзірлеу сатысында мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдармен және барлық мүдделі органдармен келісіледі.
8. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспары
118. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) мемлекеттік бағдарламаны іске асыру және оның мақсаттарына, міндеттеріне уақтылы және толыққанды қол жеткізу және жоспарланған нәтижелерді алу үшін мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша іс-қимылдарды ұйымдастыру мен үйлестіру мақсатында әзірленеді.
119. Іс-шаралар жоспары мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың барлық кезеңіне немесе әрбір орта мерзімді кезеңге кезең-кезеңмен әзірленеді.
120. Іс-шаралар жоспары мемлекеттік бағдарлама бекітілгеннен кейін бір ай мерзімде немесе кезекті іске асыру кезеңі басталғанға дейін бір ай бұрын әзірленеді.
121. Іс-шаралар жоспары мемлекеттік бағдарламаның алға қойылған мақсаттарға қол жеткізілуін қамтамасыз ететін, күтілетін нәтижелерді көрсете отырып, мерзімдері, ресурстары мен орындаушылары бойынша келісілген іс-шаралар жүйесін қамтиды.
122. Іс-шаралар жоспарының жобасы осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға қатысушы өзге де мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.
123. Әзірлеуші мемлекеттік орган келіп түскен ұсыныстарға талдау жасайды және ұсыныстар түскен күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде Іс-шаралар жоспарының жобасын қалыптастырады.
124. Іс-шаралар жоспарына осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес бюджеттер деңгейлері бөлінісінде әкімшілік бюджеттік бағдарламалардың болжанатын шығыстарының жиыны туралы ақпарат қоса беріледі.
125. Басқа көздердің болжанатын шығыстары туралы ақпарат бұл кестеде көрсетілмейді.
126. Бұдан әрі Іс-шаралар жоспарының жобасы мынадай ретпен пысықталады:
1) қалыптастырылған Іс-шаралар жоспарының жобасын Іс-шаралар жоспары бекітілу мерзіміне дейін 20 күнтізбелік күн бұрын бағдарламаны іске-асыруға қатысушылардың барлығы қарауы және барлық мүдделі мемлекеттік органдарға Интранет порталы (МОИП) арқылы жіберуі үшін мемлекеттік органдардың ресурсында орналастыру;
2) Іс-шаралар жоспарының жобасы бойынша мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға қатысушылардың және басқа да мүдделі адамдардың ескертулері мен ұсыныстарын қарау;
3) Іс-шаралар жоспары жобасының түпкілікті редакциясын қалыптастыру;
4) белгіленген тәртіпте келісу және бекіту.
127. Іс-шаралар жоспары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.
9. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары
128. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыру, мемлекеттік органның мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді тиімді орындауы және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету мақсатында әзірленеді.
129. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын тиісті мемлекеттік орган әзірлейді және «Ведомствоаралық өзара іс-қимыл» бөлігінде мүдделі мемлекеттік органдармен келісіледі.
130. Мемлекеттік әзірлеуші-органның іліспе хатымен жолданған стратегиялық жоспардың жобасы келіп түскен күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мүдделі мемлекеттік органмен келісіледі. Жазбаша түрде ұсынылған ескертулер ескеріле отырып, стратегиялық жоспардың жобасын мемлекеттік әзірлеуші-орган күнтізбелік бес күн ішінде пысықтайды және қайталап келісуге жолдайды. Пысықталған және қайталап жолданған стратегиялық жоспардың жобасы келіп түскен күннен кейін күнтізбелік бес күн ішінде мүдделі мемлекеттік органмен жазбаша түрде келісіледі.
131. «Ведомствоаралық өзара іс-қимыл» бөлігінде мүдделі мемлекеттік органмен келісілген стратегиялық жоспардың жобасын мемлекеттік әзірлеуші-орган мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орталық органдардың қарауына енгізеді, олар оны күнтізбелік он төрт күн ішінде қарайды.
132. Жазбаша түрде берілген ескертулер ескеріле отырып, стратегиялық жоспардың жобасын мемлекеттік әзірлеуші-орган күнтізбелік бес күн ішінде пысықтайды және оны күнтізбелік бес күн ішінде келісетін мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орталық органдарға жолдайды.
133. Стратегиялық жоспардың жобасы мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орталық органдармен келісілгеннен кейін стратегиялық жоспар мемлекеттік әзірлеуші-органның бұйрығымен бекітіледі және күнтізбелік үш күн ішінде осы мемлекеттік органның веб-сайтында жарияланады.
134. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспары осы Әдістемеге
3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдары ұсыныстарының негізінде қалыптастырылады.
10. Аумақтарды дамыту бағдарламасы
135. Аумақты дамыту бағдарламасы Стратегиялық даму жоспарын, Болжамды схеманы, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын (бұдан әрі – жоғары тұрған құжаттар), әлеуметтік-экономикалық даму болжамын, осы аумақта Болжамды схемада, мемлекеттік және салалық бағдарламаларда, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында белгіленген мақсаттарға қол жеткізу, міндеттерді шешу жолдарын баяндау мақсатында әзірленеді.
136. Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын әзірлеуді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдары жүзеге асырады, ол өңірлік даму және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдармен, өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен келісіледі және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатына;
Болжамдық схеманы іске асырудың бірінші бесжылдық кезеңіне әзірленген облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасы үшін Болжамды схема бекітілгеннен кейін екі айлық мерзімді;
Болжамды схеманы іске асырудың екінші бесжылдық кезеңіне әзірленген облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасы үшін Болжамды схеманы іске асырудың екінші кезеңі басталғанға дейін екі айлық мерзімнен кешіктірмей бекітуге енгізіледі.
137. Ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасын әзірлеуді ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы жүзеге асырады және ол облыстық мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі және ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасы облысты дамыту бағдарламасы бекітілгеннен кейін бір ай мерзімде белгіленген тәртіппен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына бекіту үшін енгізіледі.
138. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдар мен өзге де мүдделі мемлекеттік органдар аумақты дамыту бағдарламаларының жобаларын келіп түскен күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімде қарайды.
139. «Паспорт (негізгі параметрлер)» деген бөлімі аумақты дамыту бағдарламасының түйінді бөлімі болып табылады және:
1) атауын;
2) әзірлеу үшін негіздемені;
3) аталған өңірдің негізгі сипаттамасын;
4) бағыттарын;
5) мақсаттарын;
6) міндеттерін;
7) нысаналы индикаторларды;
8) қаржыландыру көздері мен көлемдерін қамтуы тиіс.
140. «Ағымдағы ахуалды талдау» деген бөлімде қызмет саласының ағымдағы дамуы сипатталады:
1) өңірдің жай-күйінің оң және теріс жақтарын, сондай-ақ олардың елді дамытудың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсерін бағалау;
2) экономикалық даму, әлеуметтік сала, инфрақұрылымдық кешен, аумақтық (кеңістікте) дамыту, мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесі бағыттары бойынша аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау;
3) негізгі проблемалардың, тәуекелдердің, тежеуші факторлардың, аумақтардың орта мерзімді перспективада тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының бәсекелес артықшылықтары мен мүмкіндіктерінің кешенді сипаттамасы;
4) қолда бар нормативтік құқықтық базаның, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асырудың қолданыстағы практикасы мен нәтижелерінің сипаттамасын қоса алғанда, аумақты әлеуметтік-экономикалық дамытуды мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау.
141.«Ағымдағы жағдайды талдау» бөлімі осы Әдістеменің 3-тарауына сәйкес қалыптастырылады.
142. «Өңірді дамытудың пайымы» деген бөлім түйінді нысаналы индикаторлар көрсетіле отырып, аумақтарды дамытудың тиісті бағдарламаларын іске асырудың қорытындысы бойынша өңірді дамытудың жалпы перспективалы нәтижелері көрсетілуі тиіс.
Бұл бөлім осы Әдістеменің 4-тарауынан туындайды.
143. «Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, нәтижелер көрсеткіштері және оларға қол жеткізу жолдары» деген бөлімде:
1) жалпы өңірдің экономикасын, әлеуметтік саланы, инфрақұрылымдық кешенді, аумақтық (кеңістіктік) құрылымды, мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесін дамыту бөлігінде өңірді дамытудың негізгі бағыттары;
2) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарында тұжырымдалған стратегиялық мақсаттар мен міндеттердің ұзақ мерзімді жүйесіне сәйкес аумақты әлеуметтік-экономикалық дамытудың әрбір бағыты бойынша, нысаналы индикаторлары көрсетілген, мақсаттары;
3) көрсетілген әрбір мақсатқа қол жеткізу бойынша міндеттері;
4) олардың болжамды мәндеріне қол жеткізілуі болжанып отырған кезеңдері көрсетіле отырып, бағдарламаның міндеттеріне қол жеткізу дәрежесін сипаттайтын және олардың негізінде бағдарламаның іске асырылуын бағалауды жүзеге асыру болжанып отырған, саны жағынан өлшенетін нәтижелер көрсеткіштері;
5) қойылған міндеттерге қол жеткізу жолдары баяндалады.
144. Мақсаттар, нысаналы индикаторлар, міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштері осы Әдістеменің 4-тарауына сәйкес әзірленеді.
145. Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштерін Базалық көрсеткіштер тізбесі айқындайды.
146. Мүдделі орталық атқару органдар келісім бойынша жергілікті атқару органдардың ұсыныстар негізінде көрсеткіштердің базалық тізбесі әзірленеді.
147. Ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштерін облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы әзірлейді және бекітеді.
148. Өңірлерді дамытудағы ерекшілікті есепке алу үшін аумақтарды дамыту бағдарламаларға қосымша нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерді қосуға жол беріледі.
149. Қосымша нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерін әзірлеу кезінде олар бойынша статистикалық деректетердің болуы ескеріледі.
150. Әрбір міндетті шешу үшін өз кезегінде нәтижелер көрсеткіштеріне, нысаналы индикторларға және аумақты дамыту бағдарламасының мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін тиісті міндетті шешу бойынша негізгі шаралар көрсетіледі.
151. «Қажетті ресурстар» деген бөлімде аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру үшін қажетті ресурстар (адами, қаржы-экономикалық, материалдық-техникалық және басқа) көрсетіледі.
152. «Бағдарламаны басқару» деген бөлім орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылының, мақсаттар мен ресурстар бойынша құжаттың теңгерімділігі бойынша ақпаратты қамтиды.
11. Аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспары
153. Аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары - мерзімін, орындаушыларды, аяқталу нысанын, оны іске асыруға қажетті шығындарды айқындай отырып, аумақтарды дамыту бағдарламасының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған іс-қимылдар жиынтығы.
154. Іс-шаралар жоспары аумақты дамыту бағдарламасы оның мақсаттарына, міндеттеріне уақтылы және толық қол жеткізу және жоспарланған нәтижелерді алу үшін оны іске асыру бойынша іс-қимылдарды ұйымдастыру және үйлестіру мақсатында әзірленеді.
155. Іс-шаралар жоспары Болжамды схема ескеріле отырып, бағдарламаның алға қойылған мақсаттарына қол жеткізуін қамтамасыз ететін күтілетін нәтижелерді көрсете отырып, іс-шаралардың мерзімдері, ресурстары және орындаушылары бойынша келісілген жүйесін қамтиды.
156. Іс-шаралар жоспары аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру кезеңдерін міндетті түрде белгілей отырып іске асырудың барлық кезеңіне әзірленеді.
157. Іс-шаралар жоспары осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аумақты дамыту бағдарламасының іске асырылуына қатысатын мемлекеттік органдардың ұсыныстарының негізінде қалыптастырылады.
158. Іс-шаралар жоспарына осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес бюджеттер деңгейлері бөлінісінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілігінің болжамды шығыстарының жиынтығы қоса беріледі.
159. Басқа көздердің болжамды шығыстары туралы ақпарат бұл кестеде көрсетілмейді.
160. Әзірлеуші мемлекеттік орган келіп түскен ұсыныстарға талдау жүргізеді және ұсыныстар түскен күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде Іс-шаралар жоспарының жобасын қалыптастырады.
161. Іс-шаралар жоспарының жобасы мынадай реттілікпен пысықталады:
1) Іс-шаралар жоспарын бекіту мерзіміне дейін 15 күнтізбелік күн бұрын қалыптастырылған Іс-шаралар жоспарының жобасын бағдарламаны іске-асыруға қатысушылардың барлығын жалпы түрде қарауы үшін Интернет ресурсына орналастыру. Әзірлеуші орган келісу мақсатында мемлекеттік органдарды Іс-шаралар жоспарының жобасын орналастырған күннен кейінгі күннен кешіктірмей хабардар етеді;
2) Іс-шаралар жоспарының жобасы бойынша аумақты дамыту бағдарламасын іске асыруға қатысушылардың және басқа да мүдделі тұлғалардың ұсыныстары мен ескертулерін қарау;
3) Іс-шаралар жоспары жобасының түпкілікті редакциясын қалыптастыру;
4) келісу мен бекіту іске асырылады.
162. Іс-шаралар жоспарын тиісті аумақтың Әкімі жоғары тұрған мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша бекітеді.
163. Жергілікті атқару органдары аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асыру үшін тиісті жоспарлы кезеңге жұмыс жоспарын әзірлейді және бекітеді.
Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын,
Елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамды схемасын,
мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың
стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту
бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі әдістемеге
1-қосымша
Нысан
__________________________________________ іске асыру жөніндегі
(мемлекеттік бағдарламаның, аумақты даму бағдарламаның атауы)
іс-шаралар жоспары
№ |
Атауы |
Өлшем бірлігі |
Аяқталу нысаны |
Орындалу мерзімдері |
Орындауға жауаптылар |
Оның ішінде жылдар бойынша |
Қаржыландыру көздері |
Бюджеттік бағдарламаның коды |
Бюджеттік бағдарламаның атауы |
||||
1- жыл |
2- жыл |
... |
n- жыл |
Барлығы |
|||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
Мақсат |
|||||||||||||
Нысаналы индикатор |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
|||||||
Міндет |
|||||||||||||
Нәтижелер көрсеткіштері |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
|||||||
Іс-шара |
* |
||||||||||||
.... |
Ескертпе: Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары осы Нысанның 1-қосымшасына сәйкес толтырылады, аумақтарды дамыту бағдарламасы бойынша – іс-шаралар жоспары нысанының 2-қосымшасына сәйкес толтырылады.
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру
бойынша іс-шаралар жоспарының
нысанына 1-қосымша
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын
толтыру бойынша түсіндірулер
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары былай толтырылады:
1) «Мемлекеттік бағдарламаның атауы» деген жолда мемлекеттік бағдарламаның толық атауы көрсетіледі;
2) бірінші бағанда мақсаттың, нысаналы индикаторлардың, міндеттердің, нәтижелер көрсеткіштерінің және мемлекеттік бағдарлама іс-шараларының реттік нөмірі көрсетіледі;
3) екінші бағанда мақсаттар, нәтижелер көрсеткіштері бөлінісінде нысаналы индикаторлар және жазылу реттілігі мемлекеттік бағдарламаның «Бағдарламаны іске асыру мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикторлары және нәтижелер көрсеткіштері» деген бөлімнің жазылу реттілігіне негізделетін міндеттер бөлінісінде іс-шаралар келтіріледі;
4) үшінші бағанда нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерінің өлшем бірліктері көрсетіледі;
5) төртінші бағанда іс-шаралардың аяқталу нысаны көрсетіледі (іс-шаралардың аяқталуы нені білдіретінін ашып көрсететін іс-шараның сапалық сипаты, мысалы, «Республикалық меншіктегі гидротораптар мен су қоймаларын реконструкциялау және күрделі жөндеу» іс-шарасы «мемлекеттік комиссиялардың қабылдау актілері» деген аяқталу нысаны болу тиіс);
6) бесінші бағанда іс-шаралардың жоспарланған орындалу мерзімдері көрсетіледі;
7) алтыншы бағанда мемлекеттік бағдарламаның мақсаттарына, нысаналы индикаторларына, міндеттері мен нәтижелер көрсеткіштеріне және жоспарланған іс-шараларға қол жеткізуге жауапты мемлекеттік және өзге де органдар, оның ішінде ведомстволық бағыныстағы ұйымдар, сондай-ақ квазимемлекеттік субъектілер көрсетіледі;
8) жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бағандарда:
«Нысаналы индикаторлар» деген жол бойынша мемлекеттік бағдарламаның «Бағдарламаны іске асыру мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикторлары және нәтижелер көрсеткіштері» бөліміне сәйкес нысаналы индикаторлар көрсетіледі;
«Нәтижелер көрсеткіштері» деген жолы бойынша мемлекеттік бағдарламаның «Бағдарламаны іске асыру мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикторлары және нәтижелер көрсеткіштері» бөліміне сәйкес нәтижелер көрсеткіштері көрсетіледі;
«Іс-шара» деген жол бойынша мемлекеттік бағдарламаның әрбір іске асыру жылының бөлінісінде болжанатын сомасы мың теңгемен көрсетіледі;
9) он бірінші бағанда «Іс-шара» деген жол бойынша болжанатын қаражаттың жалпы сомасы мың теңгемен көрсетіледі;
10) он екінші бағанда «Іс-шара» деген жол бойынша болжанатын сомаларды қаржыландыру көздері көрсетіледі:
республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, мемлекеттік кепілдікпен тартылатын мемлекеттік қарыздар, мемлекеттік емес қарыздар, тікелей шетелдік және отандық инвестициялар, халықаралық қаржы-экономикалық ұйымдарының немесе донор-елдердің гранттары, екінші деңгейдегі банктердің кредиттері, ұйымдардың меншікті қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да қаржыландыру көздері;
11) «Нысаналы индикаторлар» және «Нәтижелер көрсеткіштері» деген жолдар бойынша он бірінші және он екінші бағандар толтырылмайды.
«*» белгілері бар ұяшықтар толтырылмайды.
Аумақтарды дамыту бағдарламасын
іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының
нысанына 2-қосымша
Аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын толтыру бойынша түсіндірулер
Аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары былай толтырылады:
Іс-шаралар мынадай тәртіпте толтырылады.
1) «Аумақты дамыту бағдарламасының атауы» деген жолда аумақты дамыту бағдарламасының толық атауы көрсетіледі;
2) бірінші бағанда аумақты дамыту бағдарлама мақсатының, нысаналы индикаторларының, міндеттерінің, нәтижелер көрсеткіштерінің және іс-шараларының реттік нөмірі көрсетіледі;
3) екінші бағанда жазылу реттілігі «Негiзгi бағыттар, мақсаттар, мiндеттер, нысаналы индикаторлар, нәтижелер көрсеткіштері және оларға қол жеткізу жолдары» деген бөлімнің жазылу реттілігіне негізделетін мақсаттар бөлінісінде нысаналы индикаторлар, міндеттер бөлінісінде нәтижелер көрсеткіштері және іс-шаралар келтіріледі;
4) үшінші бағанда нысаны индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерінің өлшем бірлігі көрсетіледі;
5) төртінші бағанда іс-шараның аяқталу нысаны көрсетіледі (іс-шараның аяқталуы нені білдіретінін ашатын іс-шараның сапалық сипаттамасы. Мысалы, «Халықты шылым шегудің зияндығы туралы ақпаратандыру» іс-шарасы «лекциялар» немесе «постерлер мен буклеттер» немесе «темекіге қарсы жарнама» деген аяқталу нысанында болуы мүмкін);
6) бесінші бағанда жоспарланған орындалу мерзімдері көрсетіледі;
7) алтыншы бағанда салалық бағдарламаның мақсаттарына, нысаналы индикаторларына, міндеттері мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауапты мемлекеттік және өзге де органдар, олардың ішінде ведомствоға бағынысты ұйымдар (ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтер мен ұлттық компанияларды қоса алғанда, мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар) көрсетіледі;
8) жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бағандарда:
«Нысаналы индикаторлар» деген жолда аумақты дамыту бағдарламасының «Негiзгi бағыттар, мақсаттар, мiндеттер, нысаналы индикаторлар, нәтижелер көрсеткіштері және оларға қол жеткізу жолдары» бөлімінің нысаналы индикаторлары көрсетіледі;
«Нәтижелер көрсеткіштері» деген жолда аумақты дамыту бағдарламасының «Негiзгi бағыттар, мақсаттар, мiндеттер, нысаналы индикаторлар, нәтижелер көрсеткіштері мен оларға қол жеткізу жолдары»; «Іс-шара» деген жолда аумақты дамыту бағдарламасының әрбір іске асырылу жылының бөлісінде болжамды сомасы мың теңгеде көрсетіледі;
9) «Іс-шаралар» деген жолда он үшінші бағанда болжанатын шығыстардың жалпы сомасы мың теңгеде көрсетіледі;
10) «Іс-шаралар» деген жолда он екінші бағанда болжанатын (көрсетілген) сомалардың қаржыландыру көздері көрсетіледі:
республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, мемлекет кепілдігімен тартылатын мемлекеттік қарыздар, мемлекеттік емес қарыздар, тікелей шетелдік және отандық инвестициялар, халықаралық қаржы-экономикалық ұйымдардың немесе донор-елдердің гранттары, екінші деңгейдегі банктердің кредиттері, ұйымдардың меншікті қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да қаржыландыру көздері;
11) «Нысаналы индикатор» және «Нәтижелер көрсеткіштері» деген жолдар бойынша он бірінші және он екінші бағандар толтырылмайды.
«*» белгілері бар ұяшықтар толтырылмайды.
Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын,
Елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамды схемасын,
мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың
стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту
бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі әдістемеге
2-қосымша
Болжанатын шығыстар жиынтығы
__________________________________________________________
(мемлекеттік бағдарламаның, аумақты даму бағдарламаның атауы)
мемлекеттік органдар бөлінісінде
р/т № |
Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің атауы |
Болжанатын шығыстар (мың теңге) |
||||
1-шы жыл |
2-шы жыл |
… |
n-шы жыл |
Барлығы |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
(Бюджет деңгейі) |
||||||
(Бюджет деңгейі) |
||||||
Ескертпе: мемлекеттік бағдарлама мен аумақтарды дамыту бағдарламасының болжанатын шығыстарының жиыны болжанатын шығыстар жиынына қосымшаға сәйкес толтырылады.
Болжанатын шығыстар жиынына
қосымша
Мемлекеттік бағдарламаның, аумақты дамыту бағдарламасының
болжанатын шығыстар жиынтығын толтыру бойынша түсініктемелер
Мемлекеттік бағдарламаның, аумақты дамыту бағдарламасының болжанатын шығыстар жиынтығы былай толтырылады:
1) бірінші бағанда реттік нөмір көрсетіледі;
2) екінші бағанда бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы көрсетіледі;
3) үшінші-алтыншы бағандарда мемлекеттік бағдарламаның/аумақты дамыту бағдарламасы әрбір іске асырылу жылына болжанатын сомасы мың теңгемен көрсетіледі;
4) жетінші бағанда болжанатын қаражаттың жалпы сомасы мың теңгемен көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын,
Елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамды схемасын,
мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың
стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту
бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі әдістемеге
3-қосымша
Нысан
_________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
______________________ жылдарға арналған
(жоспарлы кезең) Стратегиялық жоспары 1-бөлім. Миссиясы және пайымы 2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау және тиісті қызмет
салаларының (аяларының) даму үрдістері
1. 1-стратегиялық бағыт
1.1) Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері
1.2) Негізгі проблемаларды талдау
1.3) Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау
2. 2-стратегиялық бағыт
3-бөлім. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы
индикаторлар және іс-шаралар мен нәтижелер көрсеткіштері 3.1. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы
индикаторлар және іс-шаралар мен нәтижелер көрсеткіштері
1-стратегиялық бағыт. _______________________________________________
1.1-мақсат. _________________________________________________________
Осы мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың кодтары __
Нысаналы индикатор (қол жеткізудің түпкілікті мерзімін (кезеңін) көрсете отырып |
Ақпарат көзі |
өлшем бірлігі |
оның ішінде аралық мәнді көрсете отырып |
||||||
есепті кезеңде |
жоспарлы кезеңде |
||||||||
1-жыл (есеп) |
2-жыл ағымдағы (жылдың жоспары) |
1 жыл |
2 жыл |
3 жыл |
жыл |
5 жыл |
|||
1 |
2 |
4 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
1 |
|||||||||
2 |
|||||||||
... |
Нысаналы индикаторға қол жеткізу жолдары, құралдары мен әдістері:
.1.1-міндет ___________________________________________________
Тікелей нәти-желердің көрсеткіштері |
Ақпарат көзі |
Өлшем бірлігі |
1-жыл (есеп) |
2-жыл (ағымдағы жылдық жоспары) |
Жоспарлы кезең |
||||
1- жыл |
2- жыл |
3- жыл |
4-жыл |
5- жыл |
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
1. |
|||||||||
2. |
|||||||||
.... |
|||||||||
Тікелей нәтижелерге қол жеткізуге арналған іс-шаралар |
жоспарлы кезеңде іске-асырылу мерзімі* |
||||||||
1 жыл |
2 жыл |
3 жыл |
4 жыл |
5 жыл |
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
||||
1. |
|||||||||
2. |
|||||||||
... |
*Іс-шаралардың іске асырылу мерзімі тиісті бағанда «Х» белгісімен көрсетілсін.
3.2. Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен
мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі
Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттары |
Стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттың атауы |
1 |
2 |
4-бөлім. Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту
Стратегиялық бағыттың атауы, мемлекеттік органның мақсаттары мен міндеттері |
Стратегиялық бағытты іске асыру жөніндегі іс-шаралар және мемлекеттік органның мақсаты |
Іске асырылу кезеңі |
1 |
2 |
3 |
5-бөлім. Ведомствоаралық іс-қимыл
Қол жеткізу үшін ведомствоаралық іс-қимылды талап ететін нәтижелер көрсеткіштері |
Онымен ведомствоаралық іс-қимыл жүзеге асырылатын мемлекеттік орган |
Мемлекеттік органдар жүзеге асыратын шаралар |
1 |
2 |
3 |
1-стратегиялық бағыт |
||
1.1-мақсат |
||
1.1.1-міндет |
||
... |
6-бөлім. Тәуекелдерді басқару
Мүмкін тәуекелдің атауы |
Осы тәуекел ықпал етуі мүмкін мақсат |
Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар |
Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар қабылданбаған жағдайдағы мүмкіні салдарлар |
1 |
2 |
3 |
4 |
Сыртқы тәуекелдер |
|||
Ішкі тәуекелдер |
|||
7-бөлім. Бюджеттік бағдарламалар 7.1. Бюджеттік бағдарламалар
Бюджеттік бағдарлама |
бюджеттік бағдарламаның коды және атауы |
|||||||
Сипаттамасы |
||||||||
Бюджеттік бағдарламаның түрі |
мазмұнына қарай |
|||||||
іске асыру тәсіліне қарай |
||||||||
ағымдағы/даму |
||||||||
Бюджеттік бағдарлама көрсеткіштерінің атауы |
өлшем бірлігі |
есепті кезең |
жоспарлы кезең |
жобаланатын жыл |
жобаланатын жыл |
|||
1-жыл (есеп) |
2-жыл (ағымдағы жылдың жоспары) |
|||||||
1-жыл |
2-жыл |
3-жыл |
||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
тікелей нәтиженің көрсеткіштері |
||||||||
түпкілікті нәтиженің көрсеткіштері |
||||||||
сапа көрсеткіштері |
||||||||
тиімділік көрсеткіштері |
||||||||
бюджет шығыстарының көлемі |
мың теңге |
|||||||
... |
7.2. Бюджет шығыстарының жиынтығы
Өлшем бірлігі |
есепті кезең |
жоспарлы кезең |
жобаланатын жыл |
жобаланатын жыл |
||||
1-жыл (есеп жылы) |
2-жыл (ағымдағы жылдың жоспарлы) |
1-жыл |
2-жыл |
3-жыл |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
бюджет шығыстары БАРЛЫҒЫ: |
мың теңге |
Қосымша: стратегиялық жоспар осы нысанға қосымшаға сәйкес толтырылады.
Стратегиялық жоспар
нысанына қосымша
Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының нысанын толтыру
бойынша түсіндірулер
1. «Мемлекеттік органның атауы» деген жолда стратегиялық жоспарды әзірлейтін мемлекеттік органның толық атауы көрсетіледі.
2. «Жоспарлы кезең» деген жолда стратегиялық жоспар әзірленетін кезекті бесжылдық кезең көрсетіледі.
3. «Миссиясы және пайымы» деген 1-бөлімде мемлекеттік органның миссиясы мен пайымы жазылады.
4. Миссияны қалыптастыру кезінде мемлекеттік орган «Біз кімбіз?», «Не үшін керекпіз?», «Біз не істеп жүрміз және кім үшін істейміз?» деген сұрақтарды басшылыққа алады, нәтижесінде тиісті салада немесе қызмет аясында мемлекеттік саясатты іске асыруда мемлекеттік басқару субъектісі ретінде рөлін айқындауды білдіретін оның негізгі тағайындалуы айқындалады.
5. Мемлекеттік органның жетекшілік ететін салаларды немесе қызмет саласын перспективада қалай көретінін мемлекеттік органның пайымы көрсетуге тиіс.
6. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі әдістеменің (осы қосымшада бұдан әрі – Әзірлеу жөніндегі әдістеме ) 3-тарауына сәйкес талдау жүргізу процесінде алынған ақпарат «Ағымдағы жағдайды талдау және тиісті қызмет салаларының (аяларының) даму үрдістері» деген 2-бөлімде көрсетіледі.
7. Ағымдағы ахуалға талдау жүргізу кезінде жақсартуға қол жеткізуді, сондай-ақ белгіленген жалпы ұлттық мақсаттарға қол жеткізуді маңызды деп есептейтін мемлекеттік орган тиісті салалардың немесе қызмет саласының стратегиялық даму бағыттарын қалыптастырады.
8. Ағымдағы жағдайды талдау мемлекеттік орган қызметінің стратегиялық бағыттары бөлінісінде жазылады.
9. «Қызметтің реттелетін саласын немесе аясын дамытудың негізгі параметрлері» деген жолда статистикалық деректерді не қызмет саласы немесе аясының жағдайын сипаттайтын басқа да көрсеткіштерді келтіре отырып, оның ішінде басқа елдермен салыстыра отырып, мемлекеттік орган қызметінің реттелетін саласын немесе аясын дамытудың негізгі параметрлері көрсетіледі.
10. «Негізгі проблемаларды талдау» деген жолда экономика мен қоғам алдында тұрған, шешілуіне стратегиялық жоспар бағытталған негізгі проблемаларды, осы проблемаларды шешу бойынша негізгі шаралар көрсетіле отырып, талдау келтіріледі.
11. «Сыртқы және ішкі негізгі факторларды бағалау» деген жолда қызмет саласын немесе аясын дамытуға әсер ететін сыртқы және ішкі негізгі факторларды, олардың ықпал ету факторлары көрсетіле отырып, бағалау келтіріледі.
12. «Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар және іс-шаралар мен нәтижелер көрсеткіштері» деген 3.1-кіші бөлімде жазудың дәйектілігі ағымдағы жағдайды талдап жазудың дәйектілігіне сүйенетін стратегиялық бағыттар бөлінісіндегі мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар мен нәтижелер көрсеткіштері келтіріледі, олардың жазу дәйектілігі ағымдағы жағдайды талдауда жазылған олардың дәйектілігіне сәйкес келеді.
13. Осы бөлім Әзірлеу жөніндегі әдістеменің 3-тарауына сәйкес қалыптастырылады.
14. «Стратегиялық бағыттар» деген жолда жоғарыда тұрған стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін мемлекеттік орган қызметінің бағыты көрсетіледі.
15. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарының белгілі салада, экономика секторында немесе қызмет саласында мақсаттарға және жалпы ұлттық көрсеткіштерге қол жеткізу қажеттігінен Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары қалыптастырылады.
16. «Мақсат» деген жолда мемлекеттік орган қызметінің белгілі бір саласының алда күтілетін жай-күйін көрсететін мақсат көрсетіледі.
17. «Бұл мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың кодтары» деген жолда бұл мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджет қаражатының көлемі көрсетіледі.
18. 3.1-кіші бөлімнің кестелерінде:
1) 1-бағандарда мақсатқа және міндетке қол жеткізу деңгейін сипаттайтын міндеттің нысаналы индикаторы мен нәтижелер көрсеткішінің атаулары көрсетіледі.
Стратегиялық жоспардың нысаналы индикаторларын және нәтижелер көрсеткіштерін (бұдан әрі - көрсеткіштер) айқындау кезінде мынадай талаптар сақталады:
жоғары тұрған стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың көрсеткіштері негізгі бағдарлар болып табылады, өйткені олар Қазақстан Республикасының негіз қалаушы стратегиялық даму мақсаттары болып табылады.
Бұл үшін каскадтау және/немесе ыдырату жолымен, іске асырылуы оның құзыретіне қатысты стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге бағытталатын көрсеткіштер айқындалады.
жауапты мемлекеттік органдардың өкілеттіктері мен құзыреттеріне көрсеткіштер сәйкес келеді.
көрсеткіштер халықаралық рейтингтік агенттіктердің, оның ішінде Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілігі рейтингі индикаторларын есепке алады.
Ол үшін оған бекітілген әрбір халықаралық бәсекеге қабілеттілік индикаторы бойынша (Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі (бұдан әрі-ДЭФ ЖБИ), Doing Business және т.б.) Қазақстан Республикасының осы халықаралық индикатор бойынша позициясын тікелей немесе жанама түрде жақсартуға бағытталған өзіндік нысаналы индикаторлар әзірленеді.
Бұл ретте, егер халықаралық бәсекеге қабілеттілік индикаторының тұжырымы саланың нақты сипаттамаларын көрсетсе және өлшенетін болса, онда оны өлшем бірлігін көрсете отырып, нәтижелердің нысаналы индикаторы/көрсеткіштері түрінде бекітуге жол беріледі.
Мысалы, ДЭФ ЖБИ «Балалар өлім-жітімі» көрсеткішін «Балалар өлім-жітімінің тірі туылған 1000 шаққандағы үлесі» нысаналы индикаторы ретінде тұжырымдауға болады.
көрсеткіштер мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың қанағаттанушылық деңгейін арттыруға бағытталады.
Мемлекеттік органға заңнамалық деңгейде мемлекеттік қызметтер көрсетуге байланысты міндеттер мен функциялар бекітілген жағдайда стратегиялық жоспарда мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын, уақтылығын және тиімділігін көрсететін көрсеткіштердің болуы міндетті.
Бұл ретте, оларды әлеуметтік сауалнама түрінде өлшеудің баламалы әдістерін пайдалануға жол беріледі;
2) 2-бағанда есепті кезеңде міңдеттің нысаналы индикаторы мен нәтижелер көрсеткішінің мәндерінде көз жеткізуге мүмкіндік беретін ақпарат көздері көрсетіледі;
3) 3-бағанда міңдеттің нысаналы индикаторы мен нәтижелер көрсеткішінің өлшем көздері көрсетіледі;
4) 4-10 бағандарда оларға қол жеткізу серпінін көрсететін жылдар бөлігінде нысаналы индикатор және міңдеттін нәтижелелері көрсеткіштерінің мәңдері көрсетіледі;
5) 4-5 бағандарда есепті кезенде қол жеткізген нысаналы индикатор және міңдеттін нәтижелері көрсеткіштерінің мәндері көрсетіледі, бұл ретте стратегиялық жоспарды әзірлеу кезде 4-бағандарда есепті кезеннің бірінші жылы есепті деректер, 5-бағандарда ағымдағы кезеңнің жоспарлы мәндері көрсетіледі.
19. Кезекті жоспарлы кезеңге немесе ағымдағы жылға арналған республикалық бюджетті қалыптастыруға байланысты мемлекеттік орган стратегиялық жоспарға өзгерістер енгізген кезде стратегиялық жоспарды іске асырудың бірінші жылында 5-бағандарда нысаналы индикатор мен нәтижелер көрсеткіштерінің мәндері нақты мәндерге ауыстырылады.
20. Жоспарлы кезең іске асыру мерзімі аяқталған соң жоспарлы болып қала береді. Іске асыру мерзімі аяқталған соң, нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерінің сандық мәндерін өзгерту көзделмейді.
21. Стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде, нақты деректер жоспарлы мәндерден асып түскен жағдайда, жоспарлы мәндер ұлғаю жағына қарай түзетіледі.
Нақты деректердің асып түсуі мемлекеттік органның қызметіне тәуелсіз факторларға (мысалы, климаттық жағдайлар) тәуелді болған кездегі жағдайларға қатысты емес.
Нақты деректер жоспарлы кезеңнің жоспарлы мәндерінен асып түскен кезде, қаржыландыру көлемін азайтумен және мемлекеттік органның қызметіне тәуелсіз басқа да сыртқы факторларға байланысты жағдайларды қоспағанда, қайта қаралмайды.
Мемлекеттік органның қызметіне тәуелсіз факторларға негізделген іс-шаралар мен міндеттемелердің орындалмау жағдайларын қоспағанда, тиісті қаржы жылына арналған көрсеткіштердің жоспарлы мәндерін төмендетуге жол берілмейді.
22. Міндеттерді орындау және нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін мемлекеттік органдар стратегиялық жоспарда негізгі іс-шараларды және жоспарлы кезеңде «Х» белгісімен іске асырылу кезеңін көрсете отырып, «Нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар» деген бағанда көрсетілген нәтижелер көрсеткіштері бөлінісінде оларды орындау үшін қаражатты айқындайды.
23. «Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкес келуі» деген 3.2-кіші бөлімде:
1) 1-бағанда тиісті жолдар бойынша өзгеруі стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда белгіленген мақсаттар мен басымдықтарға қол жеткізу үшін өте маңызды болып табылатын, реттелетін салалар, экономика секторлары немесе қызмет аясын дамытуға арналған мақсаттарды көрсете отырып, мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттары келтіріледі;
2) 2-бағанда қол жеткізу үшін мемлекеттік орган стратегиялық бағыттарды, мақсаттарды айқындаған мемлекеттің стратегиялық мақсаттары белгіленген стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттар келтіріледі.
24. Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарын жазу дәйектілігі мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының 3-бөлімінің 3.1-кіші бөлімінде жазылған дәйектілігіне сәйкес келеді.
25. «Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту» деген бөлімде мемлекеттік органның ішкі ортасының өзгеруіне әсер ететін, стратегиялық жоспардың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге ықпал ететін іс-шараларды жүргізу қажеттігі туралы ақпарат келтіріледі:
1) 1-бағанда мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының бағыттары, мақсаттары мен міндеттері көрсетіледі;
2) 2-бағанда мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының бағыттары, мақсаттары, міндеттері бөлінісінде мемлекеттік орган қызметінің нәтижелерін жақсартуға және мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына неғұрлым тиімді қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар мынадай бағыттар бойынша көрсетіледі:
адами ресурстар – еңбек тиімділігін арттыру үшін персоналдың дағдыларында қандай түйінді ілгерілеулер жүргізілетіні көрсетіледі;
ақпараттық технологиялар – процестерді автоматтандыру не стратегиялық жоспардың орындалу тиімділігін арттыруға ықпал ететін қолданыстағы ақпараттық жүйелерді жетілдіру үшін қандай іс-шаралар көзделгені көрсетіледі;
материалдық активтер – стратегиялық жоспардың орындалу тиімділігін арттыру мақсатында қандай капиталды шығыстар жүргізілетіні көрсетіледі.
Мемлекеттік орган қызметкерлерінің еңбек тиімділігін жақсартуға ықпал ететін басқа бағыттар бойынша да іс-шараларды келтіруге жол беріледі.
3) 3-бағанда іс-шаралардың орындалу мерзімдері көрсетіледі.
26. Функционалдық мүмкіндіктерді дамытуға бағытталған жоспарланған іс-шаралар стратегиялық бағыттар, стратегиялық жоспардың мақсаттары мен міндеттері бөлінісінде жазылады.
27. Стратегиялық жоспарда басқа мемлекеттік органдардың қызметіне тәуелді нәтижелер көрсеткіштері болған жағдайда, нәтиже көрсеткіштеріне және оларға қол жеткізу үшін қажет шараларға қатысатын мемлекеттік органдар көрсетіле отырып, олар «Ведомствоаралық өзара іс-қимыл» деген бөлімде көрсетіледі.
28. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, декомпозиция және каскадтау негізінде мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын іске асыруға қатысатын мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен басқа да ұйымдар арасындағы өзара іс-қимыл ведомствоаралық өзара іс-қимыл болып табылады.
29. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл мынадай қағидаттарға сүйенеді:
Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарын іске асыру процесіне қатысушылардың іс-кимылының келісімділігін;
әрбір іс-қимыл жасаушы тараптың өзара пайда болған мәселелерді шешу мен нәтижелерге қол жеткізудегі қызығушылығы;
стратегиялық жоспарлауға бірнеше қатысушыларының құзыретіне жататын мәселелерді шешудегі әрбір тараптың күштері мен мүмкіндіктерін біріктіру;
Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарын іске асыру үшін пайда болған мәселелерді шешудегі конструктивтік ынтымақтастық;
ұйымдар басшыларының мақсаттар мен нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған қажетті әкімшілік және басқарушылық шешімдерді қабылдағаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін шешімдерді қабылдағаны үшін жауапкершілігі.
30. Мемлекеттік органдардың ведомствоаралық өзара іс-қимылға қатысуы көрсеткіштерді қайта құрылымдау және/немесе каскадтау арқылы айқындалады.
Мысалы, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі өмір сүрудің ұзақтығына ықпал ететін өмір сүру сапасына толық ықпал ете алмайды. Дегенмен, осы министрлік өз құзыреті шегінде халықты скринингтік тексеріп-қараумен қамту жолымен халық денсаулығының жай-күйіне ықпал ететін профилактикалық тексеріп қарауды ұйымдастыра алады.
31. «Ведомствоаралық өзара іс-қимыл» деген 5-бөлімде мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері бөлінісінде:
1) 1-бағанда қол жеткізу үшін ведомствоаралық өзара іс-қимыл талап етілетін көрсеткіштері (нысаналы индикаторлар және нәтижелер көрсеткіштер) көрсетіледі;
2) 2-бағанда ведомствоаралық өзара іс-қимыл жүзеге асырылатын және оның қызметі стратегиялық жоспарды әзірлеуші мемлекеттік органның нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге әсер ететін мемлекеттік орган, квазимемлекеттік сектор субъектілері және басқа ұйымдар көрсетіледі;
3) 3-бағанда ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасауға қатысушылар өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын, көрсеткішке қол жеткізу үшін қажетті шаралар көрсетіледі.
32. Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарын жазу дәйектілігі мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының 3.1-кіші бөлімінде жазылған стратегиялық бағыттар, мақсаттар мен міндеттердің дәйектілігіне сәйкес келеді.
33. Тәуекелдерді басқару бөлімі мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын жемісті іске асыру үшін қоданылатын құралдардың бірі болып табылады.
34. Стратегиялық жоспарларды әзірлеу кезінде мемлекеттік органдар тәуекелдерді анықтауға және талдауға назар аударады, сондай-ақ тәуекелдерді басқару бойынша қажетті шараларды көздейді.
35. Тәуекелдерге мемлекеттік органның стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының, стратегиялық жоспарының мақсаттарын іске асыруға және қол жеткізуге өте жоғары ықтималдылықпен кері әсер етуі мүмкін жағдайлар жатады. Тәуекелдер сыртқы және ішкі болуы мүмкін.
36. Әзірлеуші мемлекеттік орган қандай да бір себептер бойынша орындаушылар ықпал ете алмайтын мақсаттарға, қол жеткізу үшін маңызды факторларды (тәуекелдер мен жорамалдарды) ескереді.
37. Тәуекелдерді талдау кезінде мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының іске асырылу барысына ықпал ететін және жоспарланған мақсаттарға қол жеткізуге бөгет болатын ықтимал тәуекелдер айқындалады.
38. Тәуекелдерді басқаруды айқындау кезінде жоспарланған мақсаттарға қол жеткізілмеу тәуекелі туындаған немесе оның болу ықтималдығы күшейген жағдайда, іске асыру үшін қажетті іс-шаралар (оның ішінде бұрын жоспарланған) көзделеді.
39. Тәуекелдерді талдау негізінде тәуекелдерді басқару бойынша стратегиялар мен іс-қимылдар әзірленеді.
40. Әзірлеу жөніндегі әдістеменің 3-тарауында келтірілген талдау кезеңінде тәуекелдер анықталады.
41. «Тәуекелдерді басқару» деген 6-бөлімде ықтимал сыртқы және ішкі тәуекелдер бойынша бөле отырып:
1) 1-бағанда мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының іске асырылу барысына әсер етуі және жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуге кедергі болуы мүмкін ықтимал тәуекелдер келтіріледі.
Толық қаржыландырылмау тәуекелі Мемлекеттік органның көрсеткіштеріне қол жеткізбеудің ықтимал тәуекелі ретінде таныла алмайды.
2) 2-бағанда оларға қол жеткізуге осы тәуекел ықпал етуі мүмкін мақсаттар тізбеленеді;
3) 3-бағанда объективті немесе субъективті сипаттағы ішкі немесе сыртқы себептер бойынша берілген көрсеткіштерге қол жеткізбеу тәуекелі күшейген жағдайда мемлекеттік орган қабылдауды жоспарлайтын мемлекеттік органның нақты балама іс-шаралары келтіріледі;
4) 4-бағанда тәуекелдерді басқару бойынша қажетті шаралардың қабылдамауға алып келуі мүмкін ықтимал салдарлар келтіріледі.
42. Бұл бөлім «Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту» бөлімімен және «Ведомствоаралық өзара іс-қимыл» бөлімімен өзара байланысты, өйткені мемлекеттің мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ететін ведомствоаралық өзара іс-қимылға бағытталған жоспарланған іс-шаралар, сондай-ақ функционалдық мүмкіндіктерді дамытуға бағытталған іс-шаралар ықтимал тәуекелдердің алдын алады.
43. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу және іске асыру процесінде анықталған тәуекелдер өзгертілуі мүмкін және үнемі қадағаланып отырады. Бұл ретте, жаңа, бұрын жоспарланбаған тәуекелдер пайда болуы мүмкін.
44. Басқарушылық шешімдерді қабылдау кезінде мақсаттарға ойдағыдай қол жеткізу, жалпы тәуекелдердің әсер ету дәрежесін қолайлы деңгейге дейін төмендету арқылы мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын іске асыру ықтималдылығын ұлғайту тәуекелдерді басқару процесінің негізгі мақсаты болып табылады. Тәуекелдерді басқару процесі қажетті және уақтылы шешімдерді қабылдауға байланысты болады.
45. Тәуекелдерді талдауды және басқаруды құжаттарды әзірлеуші органдар, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауапты мемлекеттік органдар және бірлесіп орындаушы органдар мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын іске асырудың барлық жоспарлы кезеңі ішінде орындайды.
46. «Бюджеттік бағдарламалар» деген бөлімде мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының белгіленген мақсаттар мен міндеттерді шешу үшін қажеттілік пен жеткіліктілік қағидаттары ескеріле отырып үшжылдық жоспарлау кезеңге мемлекеттік функциялар мен құзыреттерді орындауға бағытталған бюджеттік бағдарламалар келтіріледі.
47. Бюджеттік бағдарламаларды сипаттау кезінде бюджеттік бағдарламаның қысқаша мазмұны, яғни осы бағдарламаның іске асырылу бағыты және қандай шығыстар түрлері көзделгені көрсетіледі.
48. «Бюджеттік бағдарламалар» деген 7-бөлім екі кіші бөлімді қамтиды:
«Бюджеттік бағдарламалар» деген 7.1-кіші бөлім;
«Бюджет шығыстарының жиынтығы» деген 7.2-кіші бөлім.
49. 7.1-кіші бөлімде стратегиялық жоспарда белгіленген мақсаттар мен міндеттерді шешу үшін қажеттілік пен жеткіліктілік қағидаттары негізінде қалыптастырылатын мемлекеттік органның үшжылдық жоспарлы кезеңге арналған әрбір бюджеттік бағдарламасының сипаттамасы келтіріледі:
1) «Бюджеттік бағдарлама» деген жолда бюджеттік бағдарламаның коды мен атауы көрсетіледі;
2) «Сипаттама» деген жолда бюджеттік бағдарламаның қысқаша мазмұны, яғни осы бағдарламаның неге бағытталғаны және шығыстардың қандай түрлері көзделгені көрсетіледі;
3) «Бюджеттік бағдарламаның түрі» деген жолда бюджеттік бағдарламаның мазмұнына қарай бюджеттік бағдарламаның түрі көрсетіледі;
4) «Іске асыру тәсіліне байланысты» деген жолда жеке не бөлінетін бюджеттік бағдарлама көрсетіледі;
5) «Ағымдағы/даму» деген жолда ағымдағы не бюджеттік даму бағдарламасы көрсетіледі;
6) «Бюджеттік бағдарламаның көрсеткіштері» деген 1-бағанда тікелей және түпкілікті нәтижелердің көрсеткіштері келтіріледі, сондай-ақ бұл баған сапа мен тиімділік көрсеткіштерін қамтуы мүмкін.
Орындалатын мемлекеттік функциялар, өкілеттіктер мен осы бюджеттік бағдарлама бойынша көзделген бюджет қаражаты шегінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көлемінің санмен өлшенетін сипаттамасы тікелей нәтиже көрсеткіштері болып табылады.
Бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтиже көрсеткіштері мемлекеттік органның стратегиялық жоспары нәтижелерінің көрсеткіштерімен өзара байланыстырылады.
Түпкі нәтиже көрсеткіштері адамдардың өмір сүру жағдайының жақсаруын, экономикалық, әлеуметтік және мәдени саладағы оң өзгерістерді, мемлекеттік орган бюджеттік бағдарламаларды іске асыру арқылы алуға ниетімен көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасын көрсететін нәтижелер.
Сапа көрсеткіштері көрсетілетін мемлекеттік қызметтің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес келу дәрежесін көрсетеді.
Бұл көрсеткіш сапа деңгейі кейіннен бағалау үшін маңызды критерий болып табылатын бюджеттік бағдарламалар бойынша көрсетіледі.
Тиімділік көрсеткіштері бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып үздік тікелей нәтижеге қол жеткізуді немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдалана отырып тікелей нәтижеге қол жеткізуді көрсетеді, көрсетілген қызметтің (тауардың, жұмыстың) бір бірлігіне жұмсалатын шығындардың көлемін сипаттайды. Бұл көрсеткіш кейіннен бағалау үшін маңызды критерий болып табылатын бюджеттік бағдарламалар бойынша көрсетіледі.
Бұл ретте «тиімділік» сөзінің қосарланған мәні бар екені ескеріледі. Біріншісі – қол жеткізілген нәтижелер (яғни, нәтижелілік) тұрғысындағы тиімділікті білдіреді. Екіншісі – ресурстарды пайдалану тұрғысындағы тиімділікті білдіреді және өнімділік, көрсетілетін қызметтің бір бірлігінің шығыстары (мысалы, «бір өтінішті өңдеуге жұмсалатын шығындар», «бір оқушыны оқытуға жұмсалатын шығындар», және тағы басқа, не «1 адам-сағатқа жұмсалған бірліктер саны», «бір сағатта өңделген құжаттар саны») сияқты ұғымдарды қамтиды.
Сапа және тиімділік көрсеткіштері абсалюттік санмен немесе пайызбен көрсетіледі.
7) іске асыру мерзімі аяқталған соң жоспарлы кезең жоспарлы болып қала береді.
Іске асыру мерзімі аяқталған соң көрсеткіштердің сандық мәндерін өзгерту көзделмейді.
8) «Бюджет шығыстарының көлемі» деген жолда осы бюджеттік бағдарлама бойынша жылдарға бөле отырып, есепті (3-4-бағандар) және жоспарлы (5-7-бағандар) кезеңдерге жоспарланған бюджет қаражатының көлемі келтіріледі;
9) Мемлекеттік органның кезекті жоспарлы кезеңге арналған стратегиялық жоспарын әзірлеу кезінде 8 және 9-бағандар толтырылмайды;
10) «Жобаланатын жыл» деген 8-баған кезекті жоспарлы кезеңге арналған республикалық немесе жергілікті бюджетті әзірлеу үшін мемлекеттік органның ағымдағы бесжылдық кезеңге арналған стратегиялық жоспарын іске асырудың бірінші жылында толтырылады;
11) «Жобаланатын жыл» деген 9-баған кезекті жоспарлы кезеңге арналған республикалық немесе жергілікті бюджетті әзірлеу үшін мемлекеттік органның ағымдағы бесжылдық кезеңге арналған стратегиялық жоспарын іске асырудың екінші жылында толтырылады.
50. Есептік және жоспарлы кезеңдердің жылдары бойынша бөлінген «Бюджет шығыстарының жиынтығы» деген 7.2-кіші бөлімде «Бюджет шығыстарының барлығы» деген жолда мемлекеттік органның барлық бюджеттік бағдарламалары бойынша бюджет шығыстарының көлемі көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 10 қазандағы
№ 50 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарына, Елді
аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамды схемасына, мемлекеттік
бағдарламаларға, мемлекеттік органдардың стратегиялық
жоспарлары мен аумақтарды дамыту бағдарламаларына мониторинг
жүргізу жөніндегі әдістеме 1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарына, Елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамды схемасына, мемлекеттік бағдарламаларға (бұдан әрі - стратегиялық және бағдарламалық құжаттар), мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен аумақтарды дамыту бағдарламаларына мониторинг жүргізудің негізгі ережелері «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен бекітілген.
2. Осы Әдістеме стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына, аумақтарды дамыту бағдарламаларына мониторинг жүргізуді әдіснамалық сүйемелдеу мақсатында әзірленген.
3. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен аумақтарды дамыту бағдарламаларының іске асырылу барысы туралы есептерді және басқа да ақпаратты жинау, жүйелендіру, талдау және жалпылау мониторингілеу болып табылады.
4. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтардың даму бағдарламаларын мониторингілеу мыналарды қамтамасыз етеді:
тиісті құжатты іске асырудың ағымдағы жай-күйі туралы ақпаратты алудың тұрақтылығын;
тиісті құжатты іске асыруда мемлекеттік органдардың іс-қимылдарының келісімділігі;
өзгеріп отыратын сыртқы және ішкі факторларды ескере отырып, тиісті құжатты уақтылы өзектендіру.
5. Мониторингілеу ресурстардың пайдаланылуын;
жоспарланған қызметтің орындалуын;
жоспарланған нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізілуін зерделеу және талдау үшін тұрақты ақпарат жинау арқылы жүзеге асырылады.
6. Белгілі бір қызметті, іс-шараларды, тікелей және түпкі нәтижелерді жүзеге асыруға арналған шығындар мен ресурстар, сондай-ақ осы қызметтің сапалы нәтижелері мониторингілеудің мәні болып табылады.
7. Стратегиялық және бағдарламалардық құжаттар, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары және аумақтардың даму бағдарламалары мониторингілеудің негізгі нәтижесі - мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштеріне толық және уақтылы қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады.
8. Стратегиялық және бағдарламалардық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтардың даму бағдарламаларын мониторингілеуді жүргізу үшін мыналар ақпарат көзі болып табылады:
ұлттық және ведомстволық статистика;
төменгі деңгейдегі стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды мониторингілеудің, сондай-ақ сол арқылы іске асырылатын басқа да құжаттардың қорытындылары;
мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын іске асыру туралы есептер;
бюджеттердің атқарылуы туралы есептер;
сарапшылардың есептері мен қорытындылары, басқа да көздер.
9. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлар мен аумақтық даму бағдарламаларын мониторингілеудің нәтижелері бойынша оларды түзету жүзеге асырылуы мүмкін.
10. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен аумақтық даму бағдарламаларына жүргізілген мониторингілеудің толықтығы мен дұрыстылығы әзірлеуші мемлекеттік органдарға және бірлесіп орындаушыларға және тиісінше Қазақстан Республикасы мемлекеттік жоспарлау жүйесінде айқындалған уәкілетті мемлекеттік органдарға жүктеледі.
11. Әдістемеде мынадай ұғымдар қолданылады:
1) нысаналы индикатор - оған қол жеткізу деңгейін өлшеуге мүмкіндік беретін мақсаттың сандық мәні;
2) нәтиже көрсеткіші - міндеттердің шешілу деңгейін өлшеуге мүмкіндік беретін, сандық тұрғыдан өлшенетін көрсеткіш;
3) көрсеткіштер - нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштері;
4) көрсеткішке қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган - нысаналы индикаторға және (немесе) нәтижелер көрсеткішіне қол жеткізуге жауапты орталық мемлекеттік орган, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;
5) бірлесіп орындаушы орган - оның қызметінен нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге байланысты және өзінің құзыреті мен функционалдық міндеттері шегінде аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін жауапты стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын іске асыру бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органдар, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, ведомстволық бағынысты және басқа ұйымдар.
2. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, мемлекеттік
органдардың стратегиялық жоспарларының және аумақты дамыту
бағдарламаларының іске асырылуы туралы есеп
12. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын мониторингілеу құжаттарды әзірлеуші мемлекеттік органдар жасайтын іске асыру туралы есепті қалыптастыру жолымен жүзеге асырылады.
13. Кезеңділік жөніндегі іске асыру туралы есептер жыл қорытындылары бойынша жасалады.
14. Көрсеткіштерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, аумақтарды даму бағдарламаларын іске асыруға қатысатын бірлесіп орындаушы орган Елдің Стратегиялық даму жоспарының, Елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамдық схемасын, мемлекеттік бағдарламалар мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын мониторингілеу бойынша іске асыру туралы есепті тиісті мемлекеттік органға осы Әдістемеге 1-қосымшада берілген нысанға сәйкес ұсынады.
15. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын мониторингілеу бойынша іске асыру туралы есеп осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылады.
16. Іске асыру туралы есеп Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжатының түріне байланысты қағаз жеткізгіште және электронды түрде ұсынылады және (немесе) бірінші басшысының қолы қойылған іске асыру туралы есепті жүзеге асыратын мемлекеттік органның веб-порталында (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) орналастырылады.
3. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік
органдардың стратегиялық жоспарлары мен аумақтарды дамыту
бағдарламаларын іске асыру туралы есептерді ұсыну
§1. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын
іске асыру туралы есепті ұсыну
17. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының мониторингілеу (бұдан әрі - Стратегиялық даму жоспары) жылына бір рет жүргізіледі.
18. Стратегиялық даму жоспарын мониторингілеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
19. Егер негізгі жалпы ұлттық көрсеткішке қол жеткізуде бірлесіп орындаушы орган қатысқан жағдайда, онда ол негізгі жалпы ұлттық көрсеткішке қол жеткізу үшін жауапты мемлекеттік органға есепті жылдан кейінгі жылдың 15 мамырына дейінгі мерзімде:
бірлесіп орындаушы органға бекітілген көрсеткіштерге нақты қол жеткізуге шолуды;
оларға байланысты көрсеткіштерге қол жеткізілмеу себептерін;
көрсеткіштерге қол жеткізудегі проблемаларды сипаттау және оларды шешу;
бірлесіп орындаушы орган жауапты іс-шаралардың орындалуы және іс-шаралар орындалмаған жағдайда олар қабылдайтын шараларды қамтитын ақпаратты ұсынады.
20. Көрсеткішке қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 маусымына дейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға Стратегиялық даму жоспарын іске асыру туралы осы мемлекеттік органның бірінші басшысының қолы қойылған ақпаратты ұсынады.
21. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік органдардан алынған ақпараттың негізінде Стратегиялық даму жоспарын іске асыру туралы есеп пен қорытындының жобасын қалыптастырады.
22. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган негізгі жалпы ұлттық көрсеткіштерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттік органдардан алынған ақпараттың негізінде Стратегиялық даму жоспарын іске асыру туралы ақпараттың негізінде Стратегиялық даму жоспарының мониторингі бойынша іске асыру туралы есепті және қорытындының жобасын қалыптастырады және есепті жылдан кейінгі жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.
23. Бірінші басшының қолы қойылған Стратегиялық даму жоспарын іске асыру туралы есеп (құпия мәліметтерді қамтитын және қызметтік пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) мемлекеттік органның веб-порталына орналастырылады.
24. Қазақстан Республикасының Үкіметі іске асыру туралы есеп пен мониторингілеу жөніндегі қорытындының жобасы қаралғаннан кейін, кажет болған жағдайда қорытындының жобасын пысықтайды және қорытындыны іске асыру туралы есеппен бірге есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 шілдесіне дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынады.
§2. Елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамды схемасын
іске асыру туралы есепті ұсыну
25. Елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамды схемасын мониторингілеу (бұдан әрі - Болжамдық схема) жылына бір рет жүргізіледі.
26. Болжамды схеманы мониторингілеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
27. Мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган Болжамды схеманы іске асыруға қатысатын бірлесіп орындаушы органдар құзыреті шегінде олар ұсынатын ақпараттың негізінде ұсынылған ақпаратқа мониторинг жүргізеді. Бірлесіп орындаушы органның бірінші басшысының қолы қойылған Болжамды схеманың іске асырылу барысы туралы ақпаратты бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 мамырына дейінгі мерзімде ұсынады.
28. Мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 маусымына дейінгі мерзімде осы мемлекеттік органның бірінші басшысының қолы қойылған Болжамды схеманың іске асырылуы туралы ақпаратты ұсынады.
29. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік органдардан алған ақпарат негізінде Болжамды схеманы туралы іске асыру туралы есеп пен қорытынды жобаны қалыптастырады.
30. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесіне дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Болжамдық схемасын мониторингі бойынша іске асыру туралы есепті және қорытындының жобасын ұсынады, сондай-ақ бірінші басшының қолы қойылған іске асыру туралы есепті веб-порталда (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) орналастырады.
31. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган ұсынған Болжамдық схеманың мониторингі бойынша іске асыру туралы есеп пен қорытындының жобасы қаралғаннан кейін, қажет болған жағдайда қорытындының жобасын пысықтайды және қорытындыны іске асыру туралы есеппен бірге есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 шілдесіне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынады.
§3. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру туралы есепті ұсыну
32. Мемлекеттік бағдарламаны мониторингілеу жылдың қорытындысы бойынша жылына бір рет жүргізіледі.
33. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға қатысатын бірлесіп орындаушы органдар ұсынған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру туралы ақпарат негізінде әзірлеуші мемлекеттік орган не Қазақстан Республикасы Президенті немесе Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы уәкілеттік берген өзге де мемлекеттік орган мемлекеттік бағдарламаға мониторинг жүргізеді.
34. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру туралы ақпаратты бірлесіп орындаушы орган өз құзыреті шегінде есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейін бірлесіп орындаушы орган басшысының қолы қойылған ақпаратты әзірлеуші мемлекеттік органға не мониторинг жүргізуге Қазақстан Республикасы Президенті немесе Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысы уәкілеттік берген өзге де мемлекеттік органға ұсынады.
35. Әзірлеуші мемлекеттік орган не мониторинг жүргізуге Қазақстан Республикасы Президенті немесе Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысы уәкілеттік берген басқа мемлекеттік орган есепті жылдан кейінгі жылдың 10 наурызына дейінгі мерзімде бірлесіп орындаушы органдардың алған ақпарат негізінде мемлекеттік бағдарламаны іске асыру туралы есепті қалыптастырады және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынады, сондай-ақ бірінші басшының қолы қойылған іске асыру туралы есепті веб-порталда (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) орналастырады.
36. Іске асыру туралы есеп әзірлеуші мемлекеттік органның не мониторинг жүргізуге Қазақстан Республикасы Президенті немесе Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысы уәкілеттік берген басқа мемлекеттік органның басшысы қол қояды.
37. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептің негізінде жүргізілген мониторинг қорытындылары бойынша олардың әрқайсысы бойынша қорытынды жобалар жасайды және оларды іске асыру туралы есептермен бірге есепті жылдан кейінгі жылдың 25 наурызына дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.
38. Қазақстан Республикасының Үкіметі іске асыру туралы есеп пен бағалау жөніндегі қорытындылардың жобалары қаралғаннан кейін мемлекеттік бағдарламаларды бағалау жөніндегі қорытындыларды қажет болған жағдайда пысықтайды және оларды барлық есепті кезең үшін іске асыру туралы есептермен бірге есепті жылдан кейінгі жылдың 10 сәуіріне дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынады.
§4. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын
іске асыру туралы есепті ұсыну
39. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын мониторингілеуді есепті жылдың қорытындылары бойынша әзірлеуші мемлекеттік орган жүзеге асырады.
40. Мемлекеттік органдар операциялық жоспардың іске асырылу барысын талдау негізінде есепті жылдан кейінгі жылдың 20 ақпанға дейін стратегиялық жоспарды іске асыру туралы есепті қалыптастырады және бірінші басшының қолы қойылған іске асыру туралы есепті (құпия мәліметтерді қамтитын және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) мемлекеттік органның веб-порталына орналастырады.
41. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін, оларға қатысты қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізілмейтін мемлекеттік органдар мониторинг қорырытындылары бойынша жасалған іске асыру туралы есепті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 20 ақпанынан кешіктірмей ұсынады.
42. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі ереженің 156-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына мониторинг жүргізу бойынша қорытындылардың жобаларын қалыптастырады.
43. Қалыптастырылған қорытындылардың жобаларын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметіне есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей ұсынады.
44. Мониторинг бойынша қорытындылар жобалары қаралғаннан кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі, қажеттігіне қарай қорытындылар жобаларын пысықтайды және оларды есепті жылдан кейінгі жылдың 15 наурызынан кешіктірмей іске асыру туралы есептермен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынады.
§5. Аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асыру туралы
есепті ұсыну
45. Мемлекеттік органдар жыл қорытындысы бойынша жылына бір рет ұсынатын ақпараттың негізінде Аумақтарды дамыту бағдарламасының мониторингін жүргізеді.
46. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму бағдарламасын мониторингілеуді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы жүргізеді.
47. Ауданның (облыстық маңызы қаланың) даму бағдарламасын мониторингілеуді ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
48. Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларын мониторингілеу жылдың қорытындылары бойынша жүргізу үшін:
Құжатты іске асыру қатысатын бірлесіп орындаушы орган өз құзыреті шегінде есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейінгі мерзімде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына бірінші басшының қолы қойылған іске асыру туралы ақпаратты ұсынады;
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейінгі мерзімде бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардан алған ақпарат негізінде облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларын іске асыру туралы есепті қалыптастырады және оны бірінші басшының қолы веб-порталда (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) орналастырады.
49. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органында веб-портал болмаған жағдайда, іске асыру туралы есеп облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің веб-порталында орналастырылады.
50. Ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламаларын мониторингілеуді жылдың қорытындысы бойынша жүргізу үшін:
құжатты іске асыруға қатысатын бірлесіп орындаушы мемлекеттік орган өз құзыреті шегінде есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарына дейінгі мерзімде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына бірінші басшының қолы қойылған іске асыру туралы ақпаратты ұсынады;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейінгі мерзімде бірлесіп орындаушы органдардан алған ақпарат негізінде ауданды (облыстық маңызы бар қаланың) дамыту бағдарламаларын іске асыру туралы есепті қалыптастырады және оны бірінші басшының қолымен веб-порталда (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) орналастырады.
51. Аудандың (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органында веб-портал болмаған жағдайда, іске асыру туралы есеп аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің веб-порталында орналастырылады.
4. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік
органдардың стратегиялық жоспарлары мен аумақтарды дамыту
бағдарламаларын мониторингілеу жөніндегі қорытынды
52. Іске асыру туралы есептер негізінде қорытынды дайындалады.
53. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға бағалау жүргізілетін жылы мониторингілеу қорытындысы қалыптастырылмайды.
54. Мониторингілеу бойынша қорытынды:
1) деректемелерді (стратегиялық және бағдарламалық құжат бекітілген актінің атауын, нөмірін, күнін, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын және аумақты дамыту бағдарламасын, әзірлеуге жауапты мемлекеттік органды, бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдарды, іске асыру мерзімдерін, оның ішінде кезең бойынша);
2) есепті кезеңде қол жеткізілген нақты нәтижелерді, оның ішінде есепті кезеңдегі аралық мәнімен қоса нақты қол жеткізілген нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерін (аралық немесе түпкілікті мәнге қол жеткізілмеген жағдайда қол жеткізілмеу себептерін көрсету);
3) есепті кезеңге жоспарланған іс-шаралар санын, орындалған және орындалмаған (себептерін көрсете отырып) іс-шаралар тізбесін;
4) стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың және мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының іске асырылу барысына ықпал ететін факторларды талдауды;
5) іс-шараларды орындауға есепті кезеңге бөлінген және игерілмеген, қаржыландыру көздері бойынша бөле отырып, іс-шараларды орындауға арналған бюджеттік және өзге де қаржы қаражаты туралы ақпаратты;
6) жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы мәліметтерді;
7) әзірлеуші мемлекеттік органның стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына, аумақтарды дамыту бағдарламаларына енгізген өзгерістері мен толықтырулары туралы ақпаратты;
8) қорытындылар мен ұсыныстарды қамтиды.
Іске асыру туралы есеп жасау нысаны
мен тәртібін қамтитын Қазақстан Республикасының
Стратегиялық даму жоспарына, Елді
аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамды
схемасына, мемлекеттік бағдарламаларға,
мемлекеттік органдардың стратегиялық
жоспарлары мен аумақтарды дамыту бағдарламаларына
мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемеге
1-қосымша
Нысан
(_______ жылға дейінгі Қазақстан Республикасының Стратегиялық
даму жоспарын, _______ жылға дейінгі Елді аумақтық-кеңістіктік
дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаны,
аумақтарды дамыту бағдарламасын) іске асыру туралы есеп
Есепті жыл___________________________________________________________
Іске асырудың кезеңі(мемлекеттік бағдарламалар, аумақтарды дамыту
бағдарламалар үшін) _________________________________________________
Мемлекеттік орган ___________________________________________________
(мониторингті жүргізуге және есептілікті құрастыруға
жауапты мемлекеттік органның атауы)
20_______ жылға дейінгі Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму
жоспарының стратегиялық бағыты (мемлекеттік бағдарламалар үшін)
1. Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу және іс-шараларды орындау
Атауы |
Өлшем бірлігі |
Ақпарат көзі |
Жауапты орындаушылар |
20__ жылдың жоспары |
20_ жылдың фактісі |
Қаржыландыру мың теңге |
Орындалуы туралы ақпарат |
||
жоспар |
факт |
Қаржыландыру көзі |
|||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
Стратегиялық бағыт 1 |
|||||||||
Мақсат 1.1 |
|||||||||
Нысаналы индикатор 1 |
* |
* |
* |
||||||
Нысаналы индикатор n |
* |
* |
* |
||||||
Міндет 1.1.1 |
|||||||||
Нәтижелер көрсеткіші 1 |
* |
* |
* |
||||||
Іс-шара 1 |
* |
* |
* |
* |
|||||
Іс-шара n |
* |
* |
* |
* |
|||||
Нәтижелер көрсеткіші n |
* |
* |
* |
||||||
Іс-шара 1 |
* |
* |
* |
* |
|||||
Іс-шара n |
* |
* |
* |
* |
|||||
… |
2. Ведомствоаралық өзара іс-қимылды талдау
Нысаналы индикатордың/нәтиже көрсеткішінің атауы |
Бірлесіп орындаушы орган |
Өзара іс-қимылды талдау |
1 |
2 |
3 |
3. Сыртқы әсерді талдау
Сыртқы әсер факторлары және олардың нысаналы индикаторға/нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізуге әсері |
Қабылданған шаралар |
1 |
2 |
4. Қаржы қаражатын игеру
Қаржыландыру көзі |
Жоспар, мың.теңге |
Факт, мың.теңге |
Пайдаланбаудың себептері |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 көз |
|||
2 көз |
|||
… |
|||
Барлығы |
5. Талдамалық жазба.
Бірінші басшы ___________________________
(қол, қолдың толық жазылуы)
Облыстың, республикалық ___________________________
маңызы қаланың, астананың, (қол, қолдың толық жазылуы)
ауданның (облыс маңызы
қаланың) әкімі
Ескертпе: (_______ жылға дейінгі Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, _______ жылға дейінгі Елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаны, аумақтарды дамыту бағдарламасын) іске асыру туралы есеп осы форматқа қосымшаға сәйкес толтырылады.
(_______ жылға дейінгі
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық даму жоспарын,
_______ жылға дейінгі Елді
аумақтық-кеңістіктік дамытудың
болжамды схемасын, мемлекеттік
бағдарламаны, аумақтарды дамыту
бағдарламасын) іске асыру туралы
есептің нысанына
қосымша
Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді
аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік
бағдарламаны, аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асыру туралы
есептерді толтыру бойынша түсіндірулер
Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаны, аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асыру туралы есептер мынадай тәртіппен толтырылады
1. «Есепті кезең» деген жол бойынша оның қорытындысы бойынша есеп ұсынылатын жыл көрсетіледі.
2. «Мемлекеттік орган» деген жол бойынша мониторингілеуді жүргізуге, есепті құрастыратын және беретін жауапты мемлекеттік органның немесе бірлесіп орындаушы органның атауы көрсетіледі.
3. Мемлекеттік бағдарлама, аумақтарды дамыту бағдарламасы үшін «Іске асыру кезеңі» деген жол бойынша іске асыру кезеңі көрсетіледі;
«Мемлекеттік орган» деген жол бойынша мониторингілеуді жүргізуге, есепті құрастыратын және беретін жауапты мемлекеттік органның атауы көрсетіледі.
4. «20__ жылға дейін Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының стратегиялық бағыттары» деген жол мемлекеттік бағдарламаны іске асыру туралы есепті қалыптастыру кезінде толтырылады. Мұнда, шеңберінде мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жүзеге асырылатын тиісті онжылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының стратегиялық бағытының атауы көрсетіледі.
5. 1-бөлім. «Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге және іс-шаралардың орындалуына қол жеткізу»:
1) бірінші бағанда:
«Стратегиялық бағыттар» және «Мақсат» деген жолдар бойынша нысаналы индикаторға қол жеткізу, оларға қол жеткізуді қамтитын стратегиялық мақсат, құжатты іске асыру, оларды дамытуға бағытталған елді/өңірді дамытудың басымды (шешуші ) бағыты, негізгі бағыттары немесе қызметі саласының атауы көрсетіледі. Елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамдық схемасын іске асыру туралы есепті толтыру кезінде бұл жолдар толтырылмайды;
«Нысаналы индикатор» деген жол бойынша (тиісті мақсатқа) қол жеткізуге мемлекеттік орган жауап беретін нысаналы индикаторлардың атауы көрсетіледі.
Кейінгі жолдар мемлекеттік бағдарламалар мен аумақты дамыту бағдарламаларын іске асыру жөніндегі есеп қалыптастырылған кезде толтырылады:
«Міндет» деген жол бойынша орындалуына мемлекеттік орган жауапты болатын міндеттер көрсетіледі;
«Нәтижелер көрсеткіші» деген жол бойынша мемлекеттік орган қол жеткізілуіне жауапты болатын тиісті міндеттің шешілу дәрежесін сипаттайтын нәтижелер көрсеткіштері көрсетіледі;
«Іс-шара» деген жол бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі бекіткен мемлекеттік бағдарламаларды немесе аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес келуге тиіс іс-шаралар көрсетіледі;
2) екінші бағанда нысаналы индикаторлардың және нәтижелер көрсеткіштерінің өлшем бірлігі көрсетіледі;
3) үшінші бағанда нысаналы индикаторлар және нәтижелер көрсеткіштеріне нақты қол жеткізуді растайтын ақпарат көздері көрсетледі;
4) төртінші бағанда нысаналы индикаторларға қол жеткізуге нысаналы индикаторларға, нәтижелер көрсеткіштерін және іс-шаралардың орындалуына жауапты мемлекеттік органдар, бірлесіп орындаушылар көрсетіледі;
5) бесінші бағанда бекітілген стратегиялық немесе бағдарламалық құжаттың есепті кезеңге тиісті нысаналы индикаторлар және нәтижелер көрсеткіштерінің жоспарлы мәні көрсетіледі;
6) алтыншы бағанда есепті жылдағы нысаналы индикаторлардың және нәтижелер көрсеткіштерінің нақты мәні көрсетіледі;
7) жетінші бағанда аталған іс-шараны іске асыруға есепті кезеңге жоспарланған қаржы қаражатын мың теңгедегі сомасы көрсетіледі;
Егер мемлекеттік бағдарламаның қаржыландыру көзі республикалық немесе жергілікті бюджеттен болса, аталған бағанда сома бюджетті түзетумен және нақтылау есебінен көрсетіледі;
8) сегізінші бағанда аталған іс-шараны іске асыруға арналған есепті кезеңде пайдаланылған мың теңгедегі қаржы қаражатының сомасы көрсетіледі;
9) тоғызыншы бағанда аталған іс-шараның қаржыландыру көзі көрсетіледі;
10) оныншы бағанда іс-шара есебінен іске асырылатын бюджеттік бағдарламаның коды көрсетіледі;
11) он бірінші бағанда нысаналы индикаторлардың, нәтижелер көрсеткіштерінің нақты және жоспарлы мәндері сәйкессіздігінің себептері туралы ақпарат және іс-шаралардың орындалуы туралы ақпарат көрсетіледі.
6. 2-бөлім «Ведомствоаралық өзара іс-қимылды талдау».
Осы бөлімде бірлесіп орындаушы органның іс-қимылы (әрекетсіздігі) нәтижесінде қол жеткізілмеген көрсеткіштер бөлінісінде келтіріледі:
1) «Нысаналы индикатор/нәтиже көрсеткіші» деген бірінші бағанда бірлесіп орындаушы органның іс-қимылы (әрекетсіздігі) нәтижесінде есепті жылдың қорытындысы бойынша қол жеткізілмеген (орындалмаған) көрсеткіштердің атауы көрсетіледі;
2) «Бірлесіп орындаушы орган» деген екінші бағанда ведомствоаралық өзара іс-қимыл жүзеге асырылатын және көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған іс-қимылдарына байланысты органның атауы көрсетіледі.
3) «Өзара іс-қимылды талдау» деген үшінші бағанда көрсеткіштерге қол жеткізілуді қамтамасыз ету бойынша оларға қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган мен бірлесіп орындаушы орган қабылдаған шаралар, сондай-ақ көрсеткіштерге қол жеткізілмеу себептері туралы ақпарат көрсетіледі.
7. 3-бөлім. «Сыртқы әсерді талдау»
1) Бірінші бағанда сыртқы факторлар және олардың көрсеткішке қол жеткізу үшін оң және теріс әсерлер көрсетіледі.
2) Екінші бағанда көрсеткішке қол жеткізу үшін теріс салдарды еңсеру бойынша қабылданған нақты шаралар және (немесе) оларға қол жеткізуге жауапты мемлекеттік органның сыртқы факторлардың оң әсерін пайдалану туралы ақпараты көрсетіледі.
8. 4-бөлім. «Қаржылық қаражаттарды игеру» мемлекеттік бағдарламаны және аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру туралы есепті қалыптастыруға арналған:
1) бірінші бағанда құжатты қаржыландыру көзі көрсетіледі.
2) екінші бағанда есепті кезеңге жоспарланған қаржылық қаражат сомасы көрсетіледі.
Егер бағдарламаны қаржыландыру көздері республикалық және жергілікті бюджет қаражаты болса, онда осы бағанда түзетілген бюджет сомасы көрсетіледі;
3) үшінші бағанда есепті кезеңде қаржы қаражатының нақты игерілген сомасы келтіріледі;
4) төртінші бағанда қаржы қаражатының игерілмеу себептері көрсетіледі.
5) Осы бөлімнің соңында «Жиынтығы» деген жолда есепті кезеңнің соңына бағдарламалық құжатты іске асыруға жоспарланған және игерілген қаржы қаражатының жалпы сомасы көрсетіледі.
Қаржы қаражатының сомасы екінші және үшінші бағандарда мың теңгеде көрсетіледі.
9. Есептер талдамалық жазбахатты қамтиды.
10. Іске асырылу туралы есептің талдамалық жазба хатында:
шешілуіне құжат жіберілген проблемалар мен міндеттердің шешілу деңгейі туралы ақпарат, бұл құжатты іске асырудың елдің
әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін (бұл ақпарат құжатқа бағалау жүргізілген жылы есепке енгізіледі);
орындалмаған іс-шаралардың өңірдегі, елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға ықпалы туралы ақпарат;
игілік алушылардың қанағаттанушылығы деңгейі, оның ішінде жоспарланғанға қарағанда көрсетілген мемлекеттік қызметтердің көлемінің нақты деңгейі туралы ақпарат (бұл ақпарат құжатқа бағалау жүргізілген жылы есепке енгізіледі);
мемлекеттік қаржылық бақылау нәтижелері бойынша іс-шараларды қоса алғанда, жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы мәліметтер;
қорытындылар мен ұсыныстарды, оның ішінде құжатты түзету, қаржыландыру көлемі мен көздері жөніндегі, қолданыстағы заңнаманың өзгеруі туралы және басқа ұсыныстар қамтылған.
11. Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамдық схемасын іске асыру туралы есепті толтыру кезінде талдамалық жазбаны сандық өлшенбейтін көрсеткіштерге қол жеткізу/қол жеткізбеу туралы ақпаратты көрсете отырып аумақтық кеңістіктік дамытудың барлық жоспарланған бағыттары бойынша ілгерілетуді ашып көрсете отырып, әрбір схема бойынша құрылымдық баяндалу қажет.
12. «*» белгілері бар ұяшықтар толтырылмайды.
Іске асыру туралы есеп жасау нысаны
мен тәртібін қамтитын
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық даму жоспарына, Елді
аумақтық-кеңістіктік дамытудың
болжамды схемасына, мемлекеттік
бағдарламаларға, мемлекеттік
органдардың стратегиялық
жоспарлары мен аумақтарды
дамыту бағдарламаларына мониторинг
жүргізу жөніндегі әдістемеге
2-қосымша
Нысан
Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын іске
асыру туралы есеп
___________________________________________________________________
(Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы)
______________________жылдарға арналған,
(жоспарлы кезең)
_________________________________________________________ бекітілген
(мемлекеттік органның стратегиялық жоспары бекітілген құқықтық не
нормативтік құқықтық актінің атауы)
20____жылғы «___»_____________№ ______
Есеп беру кезеңі:______________________
1.. Мақсаттарға, міндеттерге, нысаналы индикаторларға,
іс-шаралар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу
1.Стратегиялық бағыт ___________________________________
1.1-Мақсат____________________________________________________
Осы мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламлардың кодтары: __________________________________________________________
Қол жеткізудің түпкілікті мерзімін (кезеңін) көрсете отырып, нысаналы индикатордың, міндеттердің, нәтижелер көрсеткіштерінің атауы |
Ақпарат көздері |
Өл.бірл. |
Есепті кезең |
Қол жеткізілмеу себептері |
|
Жоспар |
Факт |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Нысаналы индикаторлар |
|||||
…. |
|||||
Міндеттер |
|||||
Нәтижелер көрсеткіштері |
|||||
… |
|||||
Нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін іс-шаралар |
|||||
… |
2. Функционалдық мүмкіндіктерді дамытуды талдау
Мемлекеттік органның есепті жылға стратегиялық бағыттарын, мақсаттары мен міндеттерін іске асыру бойынша жоспарланған іс-шаралары |
Нақты орындау (есепті кезеңдегі мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелерін жақсартуға бағытталған іс-шаралар) |
Қол жеткізбеу себептері |
1 |
2 |
3 |
Стратегиялық бағыт 1. |
||
Мақсат 1.1. |
||
Міндет 1.1.1. |
||
… |
3. Ведомствоаралық өзара іс-қимылды талдау
Қол жеткізілуі үшін ведомствоаралық өзара іс-қимыл талап етілетін нәтижелер көрсеткіштері |
Ведомствоаралық өзара іс-қимыл жүзеге асырылатын мемлекеттік орган |
Нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша мемлекеттік органдар жүзеге асыратын жоспарланған шаралар |
Есеп кезеңіндегі нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша мемлекеттік органдар жүзеге асыратын нақты орындау |
Есеп кезеңіндегі мақсаттарға, міндеттерге және нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізілмеу себептері |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Стратегиялық бағыт |
||||
Мақсат |
||||
Міндеттер |
4. Сыртқы тәуекелдерді басқаруды талдау
Мүмкін тәуекел атауы |
Аталған тәуекелге ықпал етуі мүмкін мақсат |
Тәуекелдерді басқару бойынша шаралар қабылданбаған жағдайда мүмкін салдарлар |
Тәуекелді басқару бойынша жоспарланған іс-шаралар |
Тәуекелді басқару бойынша орындауы іс-шараларды нақты орындау |
Орындалмау себептері |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Сыртқы тәуекелдер |
|||||
Ішкі тәуекелдер |
|||||
5. Бюджеттік бағдарламаларды талдау
Бюджеттік бағдарлама және бюджеттік бағдарламаның көрсеткіштері |
Көрсеткіш атауы |
Өл. бірл. |
Есепті кезең |
||||
Жоспар |
Факт |
Нәтижелерге қол жеткізілмеу /бюджет қаражатының игерілмеу себептері |
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
||
бюджеттік бағдарлама атауы |
|||||||
тікелей нәтижелер көрсеткіштері |
|||||||
соңғы нәтиже көрсеткіштері |
|||||||
сапа көрсеткіштері |
|||||||
тиімділік көрсеткіштері |
|||||||
бюджеттік шығыстардың көлемі |
бағдарлама бойынша барлығы |
х |
мың.тг. |
||||
Оның ішінде: |
х |
мың.тг. |
|||||
кіші бағдарлама бойынша |
х |
мың. тг. |
6. Талдамалық жазба
Мемлекеттік органның _____________________________
бірінші басшысы (қолы, қолдың толық жазылуы)
Ескертпе: мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын мемлекеттік іске асыру туралы есеп осы форматқа қосымшаға сәйкес толтырылады.
Мемлекеттік органның
стратегиялық жоспарын іске
асыру туралы есептің
нысанына қосымша
Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын іске асыру туралы
есепті толтыру бойынша түсіндірулер
Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын іске асыру туралы есеп мына тәртіппен толтырылады:
1. «(Мемлекеттік органның атауы)» деген жол бойынша стратегиялық жоспарды әзірлеуші-мемлекеттік органның толық атауы көрсетіледі;
2. «(жоспарлы кезең)» деген жол бойынша стратегиялық жоспар әзірленген жоспарлы бесжылдық кезеңдегі есепті жыл көрсетіледі;
3. «(мемлекеттік органның стратегиялық жоспары бекітілген құқықтық немесе нормативтік құқықтық актінің атауы)» деген жол бойынша стратегиялық жоспар бекітілген, оның деректемелерімен құқықтық немесе нормативтік құқықтық акті көрсетіледі;
4. «Есеп кезеңі» деген жол бойынша есептілік кезең (есептілік жылы) көрсетіледі;
5. «(Осы мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламаның коды)» деген жол бойынша мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың кодтары көрсетіледі (деректер мемлекеттік органның бекітілген стратегиялық жоспарынан келтіріледі).
6. 1-бөлім. «Мақсаттарға, міндеттерге, нысаналы индикаторларға, іс-шаралар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу».
1) бірінші бағанда мемлекеттік органның бекітілген стратегиялық жоспарынан тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін нысаналы индикатордың, міндеттердің, тікелей нәтижелер көрсеткіштерінің және іс-шаралардың атаулары көрсетіледі.
2) екінші бағанда нақты қол жеткізілген индикаторлардың (статистикалық деректер, есеп формуласы және тағы басқа) дұрыстығын растайтын ақпарат көзі көрсетіледі.
3) үшінші бағанда нысаналы индикаторлар мен тікелей нәтижелер көрсеткіштерінің өлшем бірліктері көрсетіледі.
4) төртінші бағанда есепті кезеңдегі нысаналы индикаторлар мен тікелей нәтижелер көрсеткіштерінің жоспарлы мәні көрсетіледі.
5) бесінші бағанда нысаналы индикаторлар мен тікелей нәтижелер көрсеткіштерінің нақты мәні көрсетіледі.
6) алтыншы бағанда жылдың қорытындысы бойынша нақты және жоспарлы мәндер себептері, іс-шаралардың орындалмау себептері туралы ақпарат келтіріледі.
7) «Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін іс-шаралар» деген жол бойынша тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізілетін іс-шаралар көрсетіледі.
7. «Функционалдық мүмкіндіктерді дамытуды талдау» 2-бөлімі:
1) бірінші бағанды толтыру үшін деректер мемлекеттік органның бекітілген стратегиялық жоспарының «Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту» 4 - бөлімінен келтіріледі.
2) екінші бағанда мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының бағыттары, мақсаттары, міндеттері бөлігінде есепті кезеңге мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелерінің жақсаруына бағытталған іс-шараның нақты орындалуы көрсетіледі;
3) үшінші бағанда іске асырылуы, жоспарлы мәнінің орындалмауы, оның орындалмау себептері көрсетіледі.
8. «Ведомствоаралық өзара іс-қимылды талдау» 3-бөлімі.
1) Біріншіден үшіншіге дейінгі бағандарда толтырылатын деректер мемлекеттік органның бекітілген стратегиялық жоспарының «Ведомствоаралық өзара іс-қимыл» деген 5-бөлімінен келтіріледі.
2) Төртінші бағанда мақсатқа қол жеткізу бойынша, міндеттер көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша мемлекеттік органдар жүзеге асыратын шараларға қол жеткізуде есепті кезеңдегі нақты орындалу келтіріледі.
3) Бесінші бағанда мақсаттың, міндеттің жоспарлы мәні орындалмаған жағдайда мақсаттарға, міндеттер көрсеткіштеріне қол жеткізуде мемлекеттік органдар жүзеге асыратын шараларға қол жеткізілмеу себептері көрсетіледі;
4) «Стратегиялық бағыт» және «Мақсат» деген жолдар бойынша деректер мемлекеттік органның бекітілген стратегиялық жоспарынан толтырылды.
9. «Сыртқы тәуекелдерді басқаруды талдау» 4-бөлімі.
1) біріншіден бастап төртіншіге дейінгі бағандарда толтырылатын деректер мемлекеттік органның бекітілген стратегиялық жоспарының «Тәуекелдерді басқару» деген 6-бөлімінен келтіріледі;
2) бесінші бағанда тәуекелдерді басқару іс-шараларының нақты орындалуы келтіріледі;
3) алтыншы бағанда мақсаттың, міндеттің жоспарлы мәні орындалмаған жағдайда мақсаттарға, міндеттер көрсеткіштеріне қол жеткізуде мемлекеттік органдар жүзеге асыратын шараларға қол жеткізілмеу себептері көрсетіледі.
10. 5 «Бюджеттік бағдарламаларды талдау» бөлім.
1) «бюджеттік бағдарламаның атауы» деген жолы бойынша мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының 7 «Бюджеттік бағдарламалар» бөлімінен бюджеттік бағдарламаның атауы келтіріледі.
Осы жол бойынша 2-баған толтырылмайды;
2) біріншіден бастап төртіншіге дейінгі бағандарда толтырылатын деректер мемлекеттік органның бекітілген стратегиялық жоспарының 7 «Бюджеттік бағдарламалар» бөлімінен келтіріледі;
3) бесінші бағанда іс-шаралар көрсеткіштеріне қол жеткізудің нақты деректері келтіріледі.
4) алтыншы бағанда жоспарлы мәндегі бюджеттік бағдарламалардың нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізілмеген жағдайда, нәтижелерге қол жеткізбеу себептері, ал бюджет қаражатының көлемі бойынша - игерілмеу себептері көрсетіледі.
11. Іске асыру есепт талдамалық жазбахатты қамтиды.
12. Іске асырылу туралы есептің талдамалық жазба хатында:
шешілуіне құжат жіберілген проблемалар мен міндеттердің шешілу деңгейі туралы ақпарат, бұл құжатты іске асырудың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін (бұл ақпарат құжатқа бағалау жүргізілген жылы есепке енгізіледі);
орындалмаған іс-шаралардың өңірдегі, елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға ықпалы туралы ақпарат;
игілік алушылардың қанағаттанушылығы деңгейі, оның ішінде жоспарланғанға қарағанда көрсетілген мемлекеттік қызметтердің көлемінің нақты деңгейі туралы ақпарат (бұл ақпарат құжатқа бағалау жүргізілген жылы есепке енгізіледі);
мемлекеттік қаржылық бақылау нәтижелері бойынша іс-шараларды қоса алғанда, жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы мәліметтер;
қорытындылар мен ұсыныстарды, оның ішінде құжатты түзету, қаржыландыру көлемі мен көздері жөніндегі, қолданыстағы заңнаманың өзгеруі туралы және басқа ұсыныстар қамтылған.