Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабы 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған шаруашылық және өзге қызметтерге экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті (Шаханов Б.М.):
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты ресми жариялауға және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеге жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3) Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4) Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр В. Школьник
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2014 жылдың 13 қазандағы
№ 57 бұйрығымен
бекітілген
Шаруашылық және өзге қызметтерге экологиялық нормативтер
мен экологиялық талаптар
1. Жалпы ережелер
1. Осы экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптар Щучинск-Бурабай курорттық аймағының су нысандарында мәдени-тұрмыстық су пайдаланумен байланысты шаруашылық және өзге қызметтерге және табиғи су айдындарын сақтау және қалпына келтіру мақсаттарында оларды тазалау жөніндегі жұмыстарға нормативтер мен талаптарды белгілейді.
2. Экологиялық нормативтер мен талаптар
2. Су нысандарында мәдени-тұрмыстық су пайдаланумен байланысты шаруашылық және өзге қызмет су нысандарының экожүйесінің теңгеріміне, судың құрамы мен қасиеттеріне ең төменгі антропогендік әсермен жүзеге асырылуы керек.
3. Халықтың дем алуына арналған су айдындарындағы, сонымен қатар тұрғылықты жерлерде орналасқан су айдындарындағы судың құрамы мен қасиеті Қазақстан Республикасы заңдарымен бекітілген Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын гигиеналық талаптарға сәйкес келуі керек.
4. Жер бетіндегі су айдындарының оңтайлы су режимдерін қолдау, олардың тұнбалануының және балдырлардың өсуінің, топырақтардың су эрозиясының, су жануарлары мен құстарының мекендеу жағдайларының нашарлауының, суағарлардың ауытқуын азаюдың алдын алу мақсаттарында су айдындарын механикалық және биологиялық тазалау және жақсарту жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі.
5. Табиғи су айдындарының экожүйесінің теңгерімдеріне теріс әсер ететін антропогендік әсерлердің өсуін білдіретін негіздердің бар болуы кезінде су айдындарының экожүйесінің теңгерімдерін қолдау және қалпына келтіру жөніндегі шараларды қолдану керек.
6. Су айдындарының экожүйесінің теңгерімдерін қолдау және қалпына келтіру жөніндегі шараларды қабылдауға арналған негіздер су айдындарындағы судың құрамы мен қасиеттерінің өзгеруі, тұнбалану және балдырлардың өсуі, топырақтардың су эрозиясы, су жануарлары мен құстарының мекендеу жағдайларының нашарлауы, суағарлардың ауытқуының ұлғаюы болып табылады.
3. Қорытынды ережелер
7. Осы экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптар табиғи су айдындарын сақтау және қалпына келтіру мақсаттарында оларды тазалау жөніндегі жұмыстарды жобалау және орындау кезінде есепке алынады.
8. Су айдындарын механикалық және биологиялық тазалау және жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізу кезінде қосымша тіркелген Су айдындарын тазалау жөніндегі талаптар мен нормативтерді басшылыққа алу қажет.
Шаруашылық және өзге
қызметтерге экологиялық
нормативтер мен
экологиялық талаптарға
қосымша
Су айдындарын тазалау жөніндегі талаптар мен нормативтер
Құрғақ шөгінділердің мөлшері 15-тен 20% дейін және жұмыстардың ұзақтық мерзімі 150-ден 300 күнге дейін шөгінділердің көлемі 500-ден 1000,0 мың м3 дейінгі су айдындарында балшықты құрғату технологиясы.
Алынған су түбіндегі шөгінділерді өңдеу гомогендеу резервуарына дірілдік елеуіш арқылы жүзеге асырылады. Ірі қоқысты ұстап қалу үшін пайдаланылатын дірілдік өлеуіш және тордың көлемі бөлінген балшықтың бастапқы бөлшеутерінің көлеміне байланысты өзгертілуі мүмкін.
Ірі қоспаларды бөлгеннен кейін шлам әрқайсысының көлемі 80 м3 болатын 3 (үш) гомогендеу резервуарларына беріледі. Әрбір гомогендеу резервуарына батыру жүйелерінің 3 (үш) бірлігі орнатылған. Гомогендеу резервуарының көлемі дренаждау құрылғыларындағы су түбіндегі шөгінділерді (шламды) өңдеудің (дренаждың) бір сағаттағы қуатынан көп.
Суспензияларды дозалауға арналған бұрандалық сорғылар пайдаланылатын гомогендеу багы су түбіндегі шөгінділердің аспалы Flottweg Z92 центрифугасына айдалады. Сорғының барынша жоғары өнімділігі 100 м3/сағат дейін. Центрифугадан күтілетін нақты өнімділік айдалатын суспензиядағы шөгінділердегі қатты заттардың мөлшеріне байланысты 70-140 м3/сағат-1. Шлам суспензияны дренаждау құрылғысы - Flottweg Z92 центрифугасына араластыру құрылғысы арқылы айдайды.
Әртүрлі құрылғыларды электр энергиясына жалғау негізгі тарату қалқанынан қамтамасыз етіледі.
Шөгінділердің және судың құрамы дірілдік елеуішке кіреді. Мұнда тесіктері 2 мм елеуіштерде шөгінділердің үлкен бөлігі бөлінеді.
Негізгі параметрлер:
1) Машинаның типтік белгіленуі GАМА 120.300 1
2) Судың барынша көп мөлшері 150 m3
3) Барынша жоғары қатты үлес 2 - 20%
4) Сұрыптау бетінің ұзындығы 3 000 мм
5) Сепаратордың жалпы ұзындығы 3 821 мм
6) Сұрыптау бетінің ені 1 200 мм
7) Дірілдеткіш екі NА56
8) Желінің кернеуі және жиілігі 3х400В/50Гц
9) Номиналды тұтынылатын қуат 2.7 кВт
10) Жұмыс жиілігі 16 Гц
11) Дірілдетілетін салмақ 740 кг
12) Жалпы салмақ 754 кг
13) Бір алдыңғы тіректің астындағы статикалық жүктеме 2038 Н
14) Бір артқы тіректің астындағы статикалық жүктеме 1592 Н
15) тіреудің астындағы тік динамикалық әсер ±801 Н
16) тіреудің астындағы көлденең әсер ±9541 Н
17) ауытқуды (тепе-теңсіздікті) баптау 80%
Ірі фракциялардан тазартылған шөгінділер аккумуляциялық және гомогендеу бактарына ауыстырылады. Аккумуляциялық бактардың сыйымдылығы (3 х 700 м3) тәулік бойғы жұмыс режимінде, сонымен қатар егер түнде (22:00 - 06:00) жер снаряды жұмыс істемесе желінің жұмыс істеуіне кепілдік береді. Гомогендеу бактарынан қоспа сорғылық контейнер арқылы FLOTTWEG Z-92 декантерлеріне - 3 тал айдалады. Декантерге енгізудің алдында қоспаға флокулянттың қажетті мөлшері (2-3 кг/құрғақ заттың тоннасы) қосылады. Флокулянт 0,5% жұмыс концентрациясы үшін флокулянт станцияларында дайындалады. Флокулянтты дайындау, оны бабына келтіру және құбырларға дозалау автоматты режимде DEWASYS жүйесімен басқарылады. Флокулянтты дайындауға арналған су автоматты су айдау станциясы арқылы көлден жиналады.
Жұмыс концентрациясын дайындау үшін 2 тал DESET PS-12 полимерлік станциясын пайдалану керек. DESET мобильді полимерлік станциясы сапалы тот баспайтын болаттан жасалынған. DESET жүйесі әрбір клиенттің қажеттіліктеріне бейімделу үшін автоматты және жартылай автоматты және екі көлемде қолжетімді болады.
Жартылай автоматты жүйе дайындау, тынықтыру және (сақтау) айдау үздіксіз процесі бар 3 жалғанған резервуардан тұрады. Жүйе шағын және орташа кәсіпорындар үшін ең жақсы болады. 45-тен 60 минутқа дейінгі кезеңдерде жұмыс істейтін автоматты жүйе араластыруға арналған резервуардан және тынықтыруға арналған екі резервуардан тұрады. Жүйе үздіксіз режимде жұмыс істеуге қабілетті. Барлық процестер арнайы дербес DEWASYS жүйесі бақылайды. Қондырғы бір полимерден екіншісіне оңай ауысу үшін қолайлы. Әрбір қондырғы вакуумдық қоректендіргішпен, ұнтақты араластыруға арналған миксермен, сорғылармен, шығынды өлшегіштермен, қалқымалы деңгей өлшегіштермен жабдықталған.
DesetPS-12
1) Ерітіндіні өндіру - 10 м3/сағат
2) Ерітіндінің концентрациясы - 0,1-0,4%
3) Вакуумдық қоректендіргіш - 125кг
4) Эмульсияға арналған бұрандалық сорғы - 2-14 м3/сағат
5) Резервуар 3 бөлікке бөлінген, жалпы сыйымдылық - 22 000дм3
6) Орнатылған қуат - 33,52 кВт
7) Қысымды судың көлемі - 30 м3/сағат
8) Габариттік көлемдері - 40"резервуар 12 191х2 438х2 591мм
Z-92 декантерлерінен құрғатылған шөгінділер конвейерлер жүйесіне жіберіледі, ол шөгінділерді уақытша қоқыс орнына тасымалдайды.
Декантерлердегі сусүзбе (фугат) сорғысы бар су багына ағады. Су DEWASYS жүйесімен басқарылатын автоматты режимде кері көлге айдалады.
Технологиялық желіге арналған электр энергиясы дизель электр станцияларда өндіріледі.
Барлық технологиялар 1 тал 40 фут. (12,19x2,45 м) контейнер немесе 2 тал 20 фут. (6,06x2,45 м) контейнер салынған транзиттік жүк көліктерімен жүзеге асырылады. Орнату орнына сәйкес келетін жүк көтерімділігіне ие крандармен түсіріледі.
Құбырлар жұмыстарды жүргізу орнына транзиттік жүк көліктерімен жеткізіледі. Құбырлар ағаш конструкцияға бекітілген 12 м сегменттермен бөлінген. Крандардың көмегімен жүк көліктерінен түсіру мүмкіндігінше суға жақын жүргізіледі. Сақиналар топтармен жинақталған және үлдірмен қапталған. Крандардың көмегімен түсіру мүмкіндігінше суға жақын жүргізіледі.
Дизель электр станцияларына арналған жанармай жоғары көлемді мұнай цистерналарымен (10 немесе 20 м3) жеткізіледі. Осындай жанармай жер үстілік сертификатталған резервуарға қүйылады, оның сыйымдылығы ең төменгі жеткізілетін мөлшерден 30%-ға асады. Мұнай өнімдерінің қоршаған ортаға жылыстауы секілді апаттық жағдайларға арналған төгу орнын (апатты жылыстауға арналған жинау багы) құрылымдық қамтамасыз ету қажет.
Флокулянт ұнтақ түрінде 25 кг қаптарға салынып, паллетада 25 қаптан, яғни 625 кг/паллета болып жеткізіледі. Флокулянттар 30 паллета (18 тонна) тиелген транзиттік жүк көліктерімен жеткізіледі. Паллеталар мини-жүк түсіргішпен (Мысалы Bobcat А300) түсіріледі, ол қол астындағы тұрақты қызметкерлерге ие. Паллеталарды ашық үй-жайда сақтауға болады, себебі олар қорғаныс полиэтилен үлдірімен қапталған.
Жабдыққа арналған қосалқы бөлшектер уақытша жол арқылы жолмен тасымалдау арқылы жеткізілетін болады. Техникалық және қызмет көрсетуші қызметкерлер жеңіл автомобильдермен тасымалданады.
Жұмыстардың қысқаша мазмұны. Дірілдеткіш елеуіш арқылы балшықты гомогендеу резервуарына өңдеу. Флокулянтты дайындау және қосу. Суспензия шламын дренаждау құрылғысына айдау. Құрғату.
Құрғатылған балшықты тасымалдау. Тазартылған суды кері су айдынына айдау.
Құрғақ шөгінділердің мөлшері 15-тен 20% дейін және жұмыстардың ұзақтық мерзімі 150-ден 300 күнге дейін шөгінділердің көлемі 500-ден 1000,0 мың м3 дейінгі су айдындарында балшықты құрғату шығындары технологиялық процестің барлық құрамдас элементтері бойынша шығындарды есепке алуы керек. Оларға келесілер қосылған:
еңбекті төлеуге шығындар;
қорларға міндетті аударулар;
жабдықтың және құралдардың амортизациясы;
реагенттердің құны;
электр станциясына арналған дизель жанармайының құны және оны жеткізу;
технологиялық жабдықты пайдалану орнына және кері жеткізудің тасымалдау шығындары;
технологиялық жабдықты монтаждау және демонтаждау. Зертхана талдауларды жүргізу. Зертхана талдаулары нәтижелерінің жиынтық кестелерін жасау, оларды талдаулық өңдеу, түсіндірме жазбасын жазу. Ақырғы нәтиже: құрғақ қалдық. Өлшем бірлігі: гидроқоспаның 1м3.
Құрғақ шөгінділердің мөлшері 20-дан 40% дейін және жұмыстардың ұзақтық мерзімі 150-ден 300 күнге дейін шөгінділердің көлемі 500,0 мың м3 дейінгі су айдындарында балшықты құрғату технологиясы.
Алынған су түбіндегі шөгінділерді өңдеу гомогендеу резервуарына дірілдік елеуіш арқылы жүзеге асырылады. Ірі қоқысты ұстап қалу үшін пайдаланылатын дірілдік елеуіш және тордың көлемі бөлінген балшықтың бастапқы бөлшеутерінің көлеміне байланысты өзгертілуі мүмкін.
Ірі қоспаларды бөлгеннен кейін шлам әрқайсысының көлемі 80 м3 болатын екі гомогендеу резервуарларына беріледі. Әрбір гомогендеу резервуарына батыру жүйелерінің 3 бірлігі орнатылған. Гомогендеу резервуарының көлемі дренаждау құрылғыларындағы су түбіндегі шөгінділерді (шламды) өңдеудің (дренаждың) бір сағаттағы қуатынан көп.
Суспензияларды дозалауға арналған бұрандалық сорғылар пайдаланылатын гомогендеу багы су түбіндегі шөгінділердің аспалы центрифугаларына айдалады. Сорғының барынша жоғары өнімділігі 100 м3/сағат дейін. Центрифугадан күтілетін нақты өнімділік айдалатын суспензиядағы шөгінділердегі қатты заттардың мөлшеріне байланысты 50- 90 м3/сағат. Шлам суспензияны дренаждау құрылғысы - Flottweg Z73 центрифугасына араластыру құрылғысы арқылы айдайды.
Аспалы құрылғыны қайтаруға арналған беру құбырына орнатылған араластыру құрылғысына флокулянт ерітіндісі қосылады. Әртүрлі құрылғыларды электр энергиясына жалғау негізгі тарату қалқанынан қамтамасыз етіледі, ол НН уақытша қосылысы кезінде СО 02 кезінде байланысқа келтіріледі.
Шөгінділердің және судың құрамы дірілдік елеуішке кіреді. Бұнда тесіктері 2 мм елеуіштерде шөгінділердің үлкен бөлігі бөлінеді.
Негізгі параметрлер:
1) Машинаның типтік белгіленуі GАМА 120.300 1
2) Судың барынша көп мөлшері - 250 т3
3) Барынша жоғары қатты үлес 2-20 %
4) Сұрыптау бетінің ұзындығы - 3 000 мм
5) Сепаратордың жалпы ұзындығы - 3 821 мм
6) Сұрыптау бетінің ені - 1 200 мм
7) Дірілдеткіш - екі NА56
8) Желінің кернеуі және жиілігі - 3 х 400 В/50 Гц
9) Номиналды тұтынылатын қуат - 2.7 кВт
10) Жұмыс жиілігі - 16 Гц
11) Дірілдетілетін салмақ - 740 кг
12) Жалпы салмақ - 754 кг
13) Бір алдыңғы тіректің астындағы статикалық жүктеме - 2038 Н
14) Бір артқы тіректің астындағы статикалық жүктеме - 1592 Н
15) 1 тіреудің астындағы тік динамикалық әсер - ±801 Н
16) тіреудің астындағы көлденең әсер - ±9541 Н
17) ауытқуды (тепе-теңсіздікті) баптау 80 %
Ірі фракциялардан тазартылған шөгінділер аккумуляциялық және гомогендеу бактарына ауыстырылады. Аккумуляциялық бактардың сыйымдылығы (3 х 700 м3) тәулік бойғы жұмыс режимінде, сонымен қатар егер түнде (22:00 - 06:00) жер снаряды жұмыс істемесе желінің жұмыс істеуіне кепілдік береді.
Гомогендеу бактарынан қоспа сорғылық контейнер арқылы FLOTTWEG Z-73 декантерлеріне - 2 тал айдалады. Декантерге енгізудің алдында қоспаға флокулянттың қажетті мөлшері (2-3 кг/құрғақ заттың тоннасы) қосылады. Флокулянт 0,5% жұмыс концентрациясы үшін флокулянт станцияларында дайындалады. Флокулянтты дайындау, оны бабына келтіру және құбырларға дозалау автоматты режимде DEWASYS жүйесімен басқарылады. Флокулянтты дайындауға арналған су автоматты су айдау станциясы арқылы көлден жиналады.
Жұмыс концентрациясын дайындау үшін 2 тал DESET Р8-12 полимерлік станциясын пайдалану керек.
DESET мобильді полимерлік станциясы сапалы тот баспайтын болаттан жасалынған.
DESET жүйесі әрбір клиенттің қажеттіліктеріне бейімделу үшін автоматты және жартылай автоматты және екі көлемде қолжетімді болады.
Жартылай автоматты жүйе дайындау, тынықтыру және (сақтау) айдау үздіксіз процесі бар 3 жалғанған резервуардан тұрады. Жүйе шағын және орташа кәсіпорындар үшін ең жақсы болады. 45-тен 60 минутқа дейінгі кезеңдерде жұмыс істейтін автоматты жүйе араластыруға арналған резервуардан және тынықтыруға арналған екі резервуардан тұрады. Жүйе үздіксіз режимде жұмыс істеуге қабілетті. Барлық процестер арнайы дербес DEWASYS жүйесі бақылайды. Қондырғы бір полимерден екіншісіне оңай ауысу үшін қолайлы. Әрбір қондырғы вакуумдық қоректендіргішпен, ұнтақты араластыруға арналған миксермен, сорғылармен, шығынды өлшегіштермен, қалқымалы деңгей өлшегіштермен жабдықталған.
Deset PS-12
1) Ерітіндіні өндіру, м3/сағат - 10
2) Ерітіндінің концентрациясы, % - 0,1-0,4
3) Вакуумдық қоректендіргіш, кг - 125
4) Эмульсияға арналған бұрандалық сорғы, м3/сағат - 2-14
5) Резервуар 3 бөлікке бөлінген, жалпы сыйымдылық, дм3 - 22 000
6) Орнатылған қуат, кВт - 33,52
7) Қысымды судың көлемі, м3/сағат - 30
8) Габариттік көлемдері, мм - 40"резервуар 12 191х2 438х2 591
Z73 декантерлерінен құрғатылған шөгінділер конвейерлер жүйесіне жіберіледі, ол шөгінділерді уақытша қоқыс орнына тасымалдайды. Осы қоқыс орнынан шөгінділерді ағымдағы тәртіпте белгілі бір қоқыс орнына қосалқы мердігер (тасымалдау компаниясы) тасымалдайды. Шығарудың саны мен жиілігі жобаның материалдық теңгерімінде түсіндіріледі.
Декантерлердегі сусүзбе (фугат) сорғысы бар су бағына ағады. Су DEWASYS жүйесімен басқарылатын автоматты режимде кері көлге айдалады.
Технологиялық желіге арналған электр энергиясы дизель электр станцияларда өндіріледі.
Қондырғының бөлігі сонымен қатар флокулянтты сақтауға арналған үй-жайлар, қойма, қосалқы бөлшектер қоймасы, кеңселік және қызметкерлерге арналған санитарлық жабдық болып табылады.
Барлық технологиялар 1 тал 40 фут. (12x2,45 м) контейнер немесе 2 тал 20 фут. (6x2,45 м) контейнер салынған транзиттік жүк көліктерімен жүзеге асырылады. Орнату орнына сәйкес келетін жүк көтерімділігіне ие крандармен түсіріледі.
Құбырлар жұмыстарды жүргізу орнына транзиттік жүк көліктерімен жеткізіледі. Құбырлар ағаш конструкцияға бекітілген 12 м сегменттермен бөлінген. Крандардың көмегімен жүк көліктерінен түсіру мүмкіндігінше суға жақын жүргізіледі. Сақиналар топтармен жинақталған және үлдірмен қапталған. Крандардың көмегімен түсіру мүмкіндігінше суға жақын жүргізіледі.
Дизель электр станцияларына арналған жанармай жоғары көлемді мұнай цистерналарымен (10 немесе 20 м3) жеткізіледі. Осындай жанармай жер үстілік сертификатталған резервуарға құйылады, оның сыйымдылығы ең төменгі жеткізілетін мөлшерден 30%-ға асады.
Флокулянт ұнтақ түрінде 25 кг қаптарға салынып, паллетада 25 қаптан, яғни 625 кг/паллета болып жеткізіледі. Флокулянттар 30 паллета (18 тонна) тиелген транзиттік жүк көліктерімен жеткізіледі. Паллеталар мини-жүк түсіргішпен (Мысалы.Bobcat А300) түсіріледі, ол қол астындағы тұрақты қызметкерлерге ие. Паллеталарды ашық үй-жайда сақтауға болады, себебі олар қорғаныс полиэтилен үлдірімен қапталған.
Жабдыққа арналған қосалқы бөлшектер уақытша жол арқылы жолмен тасымалдау арқылы жеткізілетін болады. Техникалық және қызмет көрсетуші қызметкерлер жеңіл автомобильдермен тасымалданады.
Жұмыстардың қысқаша мазмұны. Дірілдеткіш елеуіш арқылы балшықты гомогендеу резервуарына өңдеу. Флокулянтты дайындау және қосу. Суспензия шламын дренаждау құрылғысына айдау. Құрғату.
Құрғатылған балшықты тасымалдау. Тазартылған суды кері су айдынына айдау.
Құрғақ шөгінділердің мөлшері 20-дан 40% дейін және жұмыстардың ұзақтық мерзімі 150-ден 300 күнге дейін шөгінділердің көлемі 500,0 мың м3 дейінгі су айдындарында балшықты құрғату шығындары технологиялық процестің барлық құрамдас элементтері бойынша шығындарды есепке алуы керек. Оларға келесілер қосылған:
еңбекті төлеуге шығындар;
қорларға міндетті аударулар;
жабдықтың және құралдардың амортизациясы;
реагенттердің құны;
электр станциясына арналған дизель жанармайының құны және оны жеткізу;
технологиялық жабдықты пайдалану орнына және кері жеткізудің тасымалдау шығындары;
технологиялық жабдықты монтаждау және демонтаждау.
Зертхана талдауларды жүргізу. Зертхана талдаулары нәтижелерінің жиынтық кестелерін жасау, оларды талдаулық өңдеу, түсіндірме жазбасын жазу.
Ақырғы нәтиже: құрғақ қалдық.
Өлшем бірлігі: гидроқоспаның 1м.
Құрғақ шөгінділердің мөлшері 15-тен 20% дейін және жұмыстардың ұзақтық мерзімі 90-нан 150 күнге дейін шөгінділердің көлемі 500,0 мың м3 дейінгі су айдындарында балшықты құрғату технологиясы.
Алынған су түбіндегі шөгінділерді өңдеу гомогендеу резервуарына дірілдік елеуіш арқылы жүзеге асырылады. Ірі қоқысты ұстап қалу үшін пайдаланылатын дірілдік елеуіш және тордың көлемі бөлінген балшықтың бастапқы бөлшеутерінің көлеміне байланысты өзгертілуі мүмкін.
Ірі қоспаларды бөлгеннен кейін шлам әрқайсысының көлемі 80 м3 болатын 2 (екі) гомогендеу резервуарларына беріледі. Әрбір гомогендеу резервуарына батыру жүйелерінің 3 (үш) бірлігі орнатылған. Гомогендеу резервуарының көлемі дренаждау құрылғыларындағы су түбіндегі шөгінділерді (шламды) өңдеудің (дренаждың) бір сағаттағы қуатынан көп.
Суспензияларды дозалауға арналған бұрандалық сорғылар пайдаланылатын гомогендеу багы су түбіндегі шөгінділердің аспалы Flottweg Z92 центрифугасына айдалады. Сорғының барынша жоғары өнімділігі 120 м3/сағат дейін. Центрифугадан күтілетін нақты өнімділік айдалатын суспензиядағы шөгінділердегі қатты заттардың мөлшеріне байланысты 50-110 м3/сағат-1. Шлам суспензияны дренаждау құрылғысы - Flottweg Z92 центрифугасына араластыру құрылғысы арқылы айдайды.
Әртүрлі құрылғыларды электр энергиясына жалғау негізгі тарату қалқанынан қамтамасыз етіледі.
Суспензияларды дозалауға арналған бұрандалық сорғылар пайдаланылатын гомогендеу багы су түбіндегі шөгінділердің аспалы центрифугаларына айдалады. Сорғының барынша жоғары өнімділігі 100 м3/сағат дейін. Центрифугадан күтілетін нақты өнімділік айдалатын суспензиядағы шөгінділердегі қатты заттардың мөлшеріне байланысты. Шлам суспензияны дренаждау құрылғысы - центрифугаға араластыру құрылғысы арқылы айдайды.
Аспалы құрылғыны қайтаруға арналған беру құбырына орнатылған араластыру құрылғысына флокулянт ерітіндісі қосылады. Әртүрлі құрылғыларды электр энергиясына жалғау негізгі тарату қалқанынан қамтамасыз етіледі.
Шөгінділердің және судың құрамы дірілдік елеуішке кіреді. Бұнда тесіктері 2 мм елеуіштерде шөгінділердің үлкен бөлігі бөлінеді. Ұсынылған гранулометриялық талдаудың негізінде тапсырыс беруші 13,4% құрғақ заттың бөлініп шығуын болжайды.
Дірілдеткіш елеуіштердің негізгі параметрлері:
1) Машинаның типтік белгіленуі GАМА 120.300 1
2) Судың барынша көп мөлшері - 150 m3
3) Барынша жоғары қатты үлес - 2-20 %
4) Сұрыптау бетінің ұзындығы - 3 000 мм
5) Сепаратордың жалпы ұзындығы - 3 821 мм
6) Сұрыптау бетінің ені - 1 200 мм
7) Дірілдеткіш - екі NА56
8) Желінің кернеуі және жиілігі - 3х400В/50Гц
9) Номиналды тұтынылатын қуат - 2.7кВт
10) Жұмыс жиілігі - 16 ц
11) Дірілдетілетін салмақ - 740кг
12) Жалпы салмақ - 754кг
13) Бір алдыңғы тіректің астындағы статикалық жүктеме - 2038 Н
14) Бір артқы тіректің астындағы статикалық жүктеме - 1592 Н
15) 1 тіреудің астындағы тік динамикалық әсер ±801 Н
16) 1 тіреудің астындағы көлденең әсер ±9541 Н
17) Ауытқуды (тепе-теңсіздікті) баптау 80%
Ірі фракциялардан тазартылған шөгінділер аккумуляциялық және гомогендеу бактарына ауыстырылады. Аккумуляциялық бактардың сыйымдылығы (2 х 1000 м3) тәулік бойғы жұмыс режимінде, сонымен қатар егер түнде (22:00 - 06:00) жер снаряды жұмыс істемесе желінің жұмыс істеуіне кепілдік береді.
Гомогендеу бактарынан қоспа сорғылық контейнер арқылы декантерлерге айдалады. Декантерге енгізудің алдында қоспаға флокулянттың қажетті мөлшері қосылады. Флокулянт 0,5% жұмыс концентрациясы үшін флокулянт станцияларында дайындалады.
Флокулянтты дайындау, оны бабына келтіру және құбырларға дозалау автоматты режимде DEWASYS жүйесімен басқарылады. Флокулянтты дайындауға арналған су автоматты су айдау станциясы арқылы көлден жиналады. Жұмыс концентрациясын дайындау үшін 2 тал DESET РS-12 полимерлік станциясын пайдалану керек. DESET мобильді полимерлік станциясы сапалы тот баспайтын болаттан жасалынған. DESET жүйесі әрбір клиенттін қажеттіліктеріне бейімделу үшін автоматты және жартылай автоматты және екі қөлемде қолжетімді болады. Жартылай автоматты жүйе дайындау, тынықтыру және (сақтау) айдау үздіксіз процесі бар 3 жалғанған резервуардан тұрады. Жүйе шағын және орташа кәсіпорындар үшін ең жақсы болады. 45-тен 60 минутқа дейінгі кезеңдерде жұмыс істейтін автоматты жүйе араластыруға арналған резервуардан және тынықтыруға арналған екі резервуардан тұрады. Жүйе үздіксіз режимде жұмыс істеуге қабілетті. Барлық процестер арнайы дербес DEWASYS жүйесі бақылайды. Қондырғы бір полимерден екіншісіне оңай ауысу үшін қолайлы.
Әрбір қондырғы вакуумдық қоректендіргішпен, ұнтақты араластыруға арналған миксермен, сорғылармен, шығынды өлшегіштермен, қалқымалы деңгей өлшегіштермен жабдықталған.
Deset PS-12
1) Ерітіндіні өндіру, м3/сағат - 10
2) Ерітіндінің концентрациясы, % - 0,1-0,4
3) Вакуумдық қоректендіргіш, кг - 125
4) Эмульсияға арналған бұрандалық сорғы, м3/сағат - 2-14
5) Резервуар 3 бөлікке бөлінген, жалпы сыйымдылық, дм3 - 22 000
6) Орнатылған қуат, кВт - 33,52А
7) Қысымды судың көлемі, м3/сағат - 30
8) Габариттік көлемдері, мм - 40"резервуар 12 191х2 438х2 591 Декантерлерден құрғатылған шөгінділер конвейерлер жүйесіне жіберіледі, ол шөгінділерді уақытша қоқыс орнына тасымалдайды.
Декантерлердегі сусүзбе (фугат) сорғысы бар су багына ағады. Су DEWASYS жүйесімен басқарылатын автоматты режимде кері көлге айдалады.
Технологиялық желіге арналған электр энергиясы дизель электр станцияларда өндіріледі.
Қондырғының бөлігі сонымен қатар флокулянтты сақтауға арналған үй-жайлар, қойма, қосалқы бөлшектер қоймасы, кеңселік және қызметкерлерге арналған санитарлық жабдық болып табылады.
Барлық технологиялар 1 тал 40 фут. (12x2,45 м) контейнер немесе 2 тал 20 фут. (6,06x2,45 м) контейнер салынған транзиттік жүк көліктерімен жүзеге асырылады. Орнату орнына сәйкес келетін жүк көтерімділігіне ие крандармен түсіріледі.
Құбырларды және қалқымалы сақиналарды жеткізу. Құбырлар жұмыстарды жүргізу орнына транзиттік жүк көліктерімен жеткізіледі. Құбырлар ағаш конструкцияға бекітілген 12 м сегменттермен бөлінген. Крандардың көмегімен жүк көліктерінен түсіру мүмкіндігінше суға жақын жүргізіледі. Сақиналар топтармен жинақталған және үлдірмен қапталған. Крандардың көмегімен түсіру мүмкіндігінше суға жақын жүргізіледі.
Дизель электр станцияларына арналған жанармай жоғары көлемді мұнай цистерналарымен (10 немесе 20 м3) жеткізіледі. Осындай жанармай жер үстілік сертификатталған резервуарға құйылады, оның сыйымдылығы ең төменгі жеткізілетін мөлшерден 30%-ға асады. Мұнай өнімдерінің қоршаған ортаға жылыстауы секілді апаттық жағдайларға арналған төгу орнын (апатты жылыстауға арналған жинау багы) құрылымдық қамтамасыз ету қажет.
Флокулянт ұнтақ түрінде 25 кг қаптарға салынып, паллетада 25 қаптан, яғни 625 кг/паллета болып жеткізіледі. Флокулянттар 30 паллета (18 тонна) тиелген транзиттік жүк көліктерімен жеткізіледі. Паллеталар мини-жүк түсіргішпен (Мысалы. Bobcat S850) түсіріледі, ол қол астындағы тұрақты қызметкерлерге ие. Паллеталарды ашық үй-жайда сақтауға болады, себебі олар қорғаныс полиэтилен үлдірімен қапталған.
Жұмыстардың қысқаша мазмұны. Дірілдеткіш елеуіш арқылы балшықты гомогендеу резервуарына өңдеу. Флокулянтты дайындау және қосу. Суспензия шламын дренаждау құрылғысына айдау. Құрғату.
Құрғатылған балшықты тасымалдау. Тазартылған суды кері су айдынына айдау.
Құрғақ шөгінділердің мөлшері 10-нан 15% дейін және жұмыстардың ұзақтық мерзімі 90-нан 150 күнге дейін шөгінділердің көлемі 500,0 мың м3 дейінгі су айдындарында балшықты құрғату шығындары технологиялық процестің барлық құрамдас элементтері бойынша шығындарды есепке алуы керек. Оларға келесілер қосылған:
еңбекті төлеуге шығындар;
қорларға міндетті аударулар;
жабдықтың және құралдардың амортизациясы;
реагенттердің құны;
электр станциясына арналған дизель жанармайының құны және оны жеткізу;
технологиялық жабдықты пайдалану орнына және кері жеткізудің тасымалдау шығындары;
технологиялық жабдықты монтаждау және демонтаждау.
Зертхана талдауларды жүргізу. Зертхана талдаулары нәтижелерінің жиынтық кестелерін жасау, оларды талдаулық өңдеу, түсіндірме жазбасын жазу. Ақырғы нәтиже: құрғақ қалдық.
Өлшем бірлігі: гидроқоспаның 1м3.
Ультра сүзгіден өткізудің центрифугалық қондырғыларының фугаттарында су айдындарындағы суларды алдын ала тазалау.
Ультра сүзгіден өткізу технологиясы бастапқы судың лайлылығының өзгеруіне қарамастан 0,1 мг/дм3 төмен лайлылыққа ие суды алуға мүмкіндік береді. Коагулянтты (3 валентті темірдің негізіндегі минералды коагулянт) бастапқы дозалаумен үйлесімдегі ультра сүзгіден өткізу түстіліктің көрсеткішін 60-90%-ға, ал ХПК органиканың мөлшерін 50-75%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Бастапқы суға сонымен қатар центрифугалық қондырғыларда балшықтық тұнбаларды бөлу үшін пайдаланылатын қалдық полимерлік флоккулянтты бейтараптандыруға арналған AQUACLAY бентонитті балшықтың суспензиясы дозаланады. Ультра сүзгіден өткізу қондырғысын кері жууды дренаждау технологиялық желінің басына - сепарациялық қондырғының жиынтық ыдысына қайта оралады.
Бастапқы судың параметрлері келесідей болу шартымен ADUAPORE UҒ-4-14 ультра сүзгіден өткізу қондырғысы технологиясының негізгі технологиялық параметрлері:
1) Бастапқы су бойынша ең төменгі өнімділік: 160м3/сағат
2) Бастапқы су бойынша ең жоғарғы өнімділік: 170м3/сағат
3) Сусүзбе бойынша өнімділік: 147-160м3/сағат
4) Сусүзбенің ысыру желісінің ағыны: 2,5м
5) Сүзгіден өткізу бетінің жалпы ауданы: 3360м2
6) Модульдердің саны (dizzer XLO/9MB60): 56
7) Пермеаттың шығысы: 92-95%
8) Сүзгіден өткізудің үлестік жылдамдығы, брутто: 50,2дм3/м2/сағат
9) Сүзгіден өткізудің үлестік жылдамдығы, нетто: 43,2дм3/м2/сағат
10) Кері жуу дренажы: 13,0м3/сағат
11) Күшейтілген кері жуу дренажы: 2,0 м3/сағат
12) Күшейтілген кері жуу м/у интервалы: 12-48 сағат
13) Кері жуу кезіндегі шығын: 773м3/сағат
14) Күшейтілген кері жуу кезіндегі шығын: 403м3/сағат
15)Сүзгіден өткізу режимінің ұзақтығы: 645-0мин
16) Кері жуу ұзақтығы: 45-60с
17) Кері жуу дренажының көлемі: 9,6-12,8м3
18) Ысыру дренаждық желісінің ағыны: 5,0м
19) Жиынтық үлестік энергия тұтыну: 0,03-0,05кВт/м3 тазартылған су.
Бастапқы су бастапқы су желісі арқылы беріледі. Қалдық полимерлік коагулянтты бейтараптандыру және бастапқы су құбырына байланыстыру үшін AQUACLAY адсорбенті (бентониттік балшықтың су суспензиясы) және темір түздарының негізіндегі минералдық коагулянт дозаланады. AQUACLAY және бастапқы су коагулянтын тиімді араластыру үшін бастапқы су желісінде статикалық миксер орналастырылады. AQUACLAY және коагулянтты дозалағаннан кейін су номиналды көлемі 105м3 екі секциялы коллекторлық ыдысқа бағытталады, ол бастапқы судың реагенттермен байланысу уақытын қамтамасыз етеді, сонымен қатар бастапқы су шығынын орталандыруға арналған буферлік резервуар болып табылады. Коллерторлық ыдыстағы бастапқы суды араластыру үшін өнімділігі 90м3/сағат болатын сорғылық станция пайдаланылады. AQUACLAY және коагулянтты дайындау және дозалау үшін сәйкес келетін дайындау және дозалау станцияларын қарастыру керек.
Бастапқы су коллекторлық ыдыстан дайындаудың сорғылық станциясы арқылы ультра сүзгіден өткізу жарғақшаларын көлемі 250 мкм асатын механикалық бөлшектерден қорғау үшін орнатылған ірі сүзгіден өткізу сүзгісіне беріледі.
БСФ кейін су AQUAPORE UF-4-14 ультра сүзгіден өткізу қондырғысына беріледі, онда өнеркәсіптік контроллер және оператор интерфейсі (НМІ) бар басқару шкафы бар. Қондырғының автоматты режимдені жұмыс режимдері: төменнен сүзгіден өткізу; үстінен сүзгіден өткізу; төменнен кері жуу; үстінен кері жуу; төменнен тік жуу; үстінен тік жуу; үш реагентке күшейтілген кері жуу; күту; модульдердің тұтастығын тексеру; қондырғыны дайындау (модельдерді және құбырларды). Ультра сүзгіден өткізу қондырғыларының сусүзбелері ысыру желісіне және ультра сүзгіден өткізу сусүзбелерін сақтау (кері жуу) ыдысына жіберіледі.
Ультра сүзгіден өткізу қондырғыларын кері және күшейтілген жуу үшін сорғылық станция пайдаланылады.
Технологиялық желінің барлық қосымша құрылғылары (кері жуудың сорғылық станциясы, күшейтілген жуу реагенттерін дозалау тораптары, технологиялық бақылау құралдары және арматурасы) орталықтанған бақылау жүйесіне қосылған және толық автоматты режимде жұмыс істейді.
dizzer XL Multibore0,9® ультра сүзгіден өткізу модульдерін пайдаланумен AQUAPORE-UҒ қондырғыларында ультра сүзгіден өткізудің центрифугалық қондырғыларының фугаттарында су айдындарындағы суларды алдын ала тазалау шығындары технологиялық процестің барлық құрамдас элементтері бойынша шығындарды есепке алуы керек. Оларға келесілер қосылған:
еңбекті төлеуге шығындар;
қорларға міндетті аударулар;
жабдықтың және құралдардың амортизациясы;
реагенттердің құны;
электр станциясына арналған дизель жанармайының құны және оны жеткізу;
технологиялық жабдықты пайдалану орнына және кері жеткізудің тасымалдау шығындары;
технологиялық жабдықты монтаждау және демонтаждау.
Ақырғы нәтиже: тазартылған су.
Өлшем бірлігі: тазартылған судың 1м3.
Су айдындарын балықтандыруға арналған талаптар мен нормативтер
Су айдындарын балықтандыру мұқият талдай отырып кезеңдер бойынша жүзеге асырылады. Бастапқыда көлге ақ амурды бірінші рет жіберу әсері (балықтың өсу барысы, балдырлардың даму деңгейінің және түрлік құрамының өзгеруі, судың химиялық көрсеткіштері, сапробносттылық индексі) бағаланады.
Амур жылдам өседі. Жыныстық кемелдікке алты-жеті жаста жетеді. Уылдырық шашу көктемнің соңында болады. Бір балықпен шашылатын уылдырықтың саны 800 мың және одан көп уылдырық. Уылдырығы ірі. Шыққаннан кейін жеті аптадан кейін ұзындығы 8 мм болатын дернәсілдер судың түбінде жүзіп жүріп қоректенеді. 22 тәулік жасына жеткенде көптеген жіп тәрізді балдырларды жұта бастайды. Ақ амур өсімдіктермен қоректенуге ұзындығы шамамен алғанда 3 см болғанда өмірінің алғашқы жылында бастайды. Амур ірі топтар құрмай өмір сүреді.
Ары қарай оң әсәрді сақтау үшін ақ амурдың санын су өсімдіктерінің даму деңгейіне сәйкес ұстау қажеттілігі туындайды.
Жұмыстың мазмұны. Ақ амурдың ірі көшет материалдарын орнату.
Су айдындарын балықтандыруға жұмсалған шығындар технологиялық процестің барлық құрамдас элементтері бойынша шығындарды есепке алуы керек. Оларға келесілер қосылған:
- еңбекті төлеуге шығындар;
- қорларға міндетті аударулар;
- балықтың құны;
- шығаруға тасымалдау шығындары. Ақырғы нәтиже: су айдынын балықтандыру. Өлшем бірлігі: 1 га.
Су айдындарының аэрациясына арналған талаптар мен нормативтер
Кіріс құбырлары бар флотатор және қиығы (4х6мм2) электр кабельді келтірумен монтаждау жабдығы бар аэрацияның гидравликалық жүйелерін жасау арқылы судың сапасын жақсартудың биоинженерлік әдісі.
Аэрация жүйесі үшін флотаторы бар Waterix AIRIT200 аэраторы (Финляндия) пайдаланылады.
AIRIT аэраторларының жұмыс істеу қағидасы:сорғылар сору құбыры арқылы пропеллердің көмегімен суды көтереді. Сору құбырының төменгі бөлігі көлдің түбінен 1-2,5м ара қашықтықта орналасады.
сыртқа тебуші сорғы суды 360 град. шығарады.
аэрация орын алады.
Аэратордың артықшылықтары: кең сору құбырының арқасында ағынның қарсылығы тар құбырмен салыстырғанда шамамен алғанда 3 есе аз болады, ол тіпті терең жерлерде аэратордың жоғары өнімділігін береді.
AIRIT200 негізгі техникалық сипаттамалары:
Lonne өндірген 3 фазалық жеке қозғалтқыш (номиналды қуаты 5,5 кВт, Ғ-class, кернеу 400В, жиілік 50Гц);
электр кабель (4Gb - жергілікті басқарудың электр желілеріне әсер етуі мүмкін; айнымалы тоқты пайдалану кезінде қажет);
аэратордың қалқымалармен және сору құбырынсыз салмағы - шамамен алғанда 160 кг,
оттегі аэрациясын беру жылдамдығы - 8,3 кг 02/сағат, 20oС; 230 л/с; оттегін берудің тиімділігі - 1,8 кг02/кВТч;
қалқымалармен және сору құбырынсыз негізгі көлемдері - 1500мм х 1500мм х 900мм;
материал: жұмыс дөңгелегі - қоспалы арнайы қола, қалқымалар - пластик PUR, PE; сору құбыры - РЕ пластиктен;
параметрлері: жиілікті түрлендіргіш (АС-drive) түрі АС4А0018АА; қорғаныс сыныбы ІР20; бағдарламалық жасақтама Waterix; жұмыс дөңгелегін тазалау қолжетімді.
Жұмыстың мазмұны. Аэратормен суды оттегімен қанықтыру.
Кіріс құбырлары бар флотатор және қиығы (4х6мм2) электр кабельді келтірумен монтаждау жабдығы бар флотаторы бар Waterix AIRIT200 аэраторымен (Финляндия) оттегімен суды қанықтыруға жұмсалатын шығындар технологиялық процестің барлық құрамдас элементтері бойынша шығындарды есепке алуы керек. Оларға келесілер қосылған:
- еңбекті төлеуге шығындар;
- қорларға міндетті аударулар;
- жабдықтың және құралдардың амортизациясы;
- электр энергиясының және кабельдің құны;
- технологиялық жабдықты пайдалану орнына және кері жеткізудің тасымалдау шығындары;
- технологиялық жабдықты шефмонтаждау.
Ақырғы нәтиже: суды оттегімен қанықтыру.
Өлшем бірлігі: оттегімен қанықтырылған судың 1м3.
Кіріс құбырлары бар флотатор және қиығы (4х2,5мм2) электр кабельді келтірумен флотаторы бар Waterix AIRIT70 аэраторы (Финляндия) бар аэрацияның гидравликалық жүйелерін жасау арқылы судың сапасын жақсартудың биоинженерлік әдісі.
Аэрация жүйесі үшін флотаторы бар Waterix AIRIT70 аэраторы (Финляндия) пайдаланылады. Аэраторлардың саны келесі параметрлер бойынша «АНМА» финдік компаниясымен белгіленген: көл бетінің аумағы, көлдің тереңдігі, оттегінің мөлшері. AIRIT аэраторларының жұмыс істеу қағидасы:
сорғылар сору құбыры арқылы пропеллердің көмегімен суды көтереді. Сору құбырының төменгі бөлігі көлдің түбінен 1-2,5м ара қашықтықта орналасады;
сыртқа тебуші сорғы суды 360 град. Шығарады;
аэрация орын алады.
Аэратордың артықшылықтары: кең сору құбырының арқасында ағынның қарсылығы тар құбырмен салыстырғанда шамамен алғанда 3 есе аз болады, ол тіпті терең жерлерде аэратордың жоғары өнімділігін береді.
AIRIT70 негізгі техникалық сипаттамалары:
Lonne өндірген 3 фазалық жеке қозғалтқыш (номиналды қуаты 1,5 кВт, Ғ class, кернеу 400В, жиілік 50Гц);
электр кабель (4Gb - жергілікті басқарудың электр желілеріне әсер етуі мүмкін; айнымалы тоқты пайдалану кезінде қажет);
аэратордың қалқымалармен және сору құбырынсыз салмағы - шамамен алғанда 69 кг,
оттегі аэрациясын беру жылдамдығы - 3 кг 02/сағат, 20oС; 230 л/с; оттегін берудің тиімділігі - 2 кг02/кВТч;
қалқымалармен және сору құбырынсыз негізгі көлемдері - 1 000мм х 1 000мм х 550мм;
материал: жұмыс дөңгелегі - қоспалы арнайы қола, калқымалар - пластик PUR, РЕ; сору құбыры - РЕ пластиктен;
параметрлері: жиілікті түрлендіргіш (АС-drive) түрі АС4А0018АА; қорғаныс сыныбы IP20; бағдарламалық жасақтама Waterix; жұмыс дөңгелегін тазалау қолжетімді.
Қалпына келтіру кезеңінде - оны орнатудың алдында аэратор жұмысының тиімділігін жүйелі бақылау қажет, яғни су айдындарын механикалық тазалаудан кейін және су айдынындағы оттегі теңгерімінің қалпына келгеніне дейін әрбір 10-15 күн сайын судың химиялық талдауын жүргізу керек.
Жұмыстың мазмұны. Аэратормен суды оттегімен қанықтыру.
Кіріс құбырлары бар флотатор және қиығы (4х2,5мм2 электр кабельді келтірумен монтаждау жабдығы бар флотаторы бар Waterix AIRIT70 аэраторымен (Финляндия) оттегімен суды қанықтыруға жұмсалатын шығындар технологиялық процестің барлық құрамдас элементтері бойынша шығындарды есепке алуы керек.
Оларға келесілер қосылған:
еңбекті төлеуге шығындар;
қорларға міндетті аударулар;
жабдықтың және құралдардың амортизациясы;
электр энергиясының және кабельдің құны;
технологиялық жабдықты пайдалану орнына және кері жеткізудің тасымалдау шығындары;
технологиялық жабдықты шефмонтаждау.
Ақырғы нәтиже: суды оттегімен қанықтыру.
Өлшем бірлігі: оттегімен қанықтырылған судың 1м3.