Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау жүргізу қағидаларының 151-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу және іске асырылуын бақылау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
2. Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті
(Ж.Н. Шаймарданов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін, оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі М.Е. Әбілқасымоваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жариялануға жатады.
Министр Е. Досаев
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
2014 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 16 бұйрығымен
бекітілген
Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру,
мониторингілеу және іске асырылуын бақылау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу және іске асырылуын бақылау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мемлекеттік органның операциялық жоспарын әзірлеуді, іске асыруды, мониторингілеуді және іске асырылуын бақылау тәртібін айқындайды.
2. Операциялық жоспар мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының мақсаттарына, міндеттеріне және нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша мемлекеттік органның ағымдағы қаржы жылындағы ресурстары, жауапты орындаушылары мен жүзеге асырылу мерзімдері бойынша байланыстырылған іс-шараларын қамтитын құжатты білдіреді.
3. Операциялық жоспар жыл сайын әзірленеді және оны мемлекеттік органның жауапты хатшысы (басшысы) ағымдағы қаржы жылының 10 қаңтарына дейін бекітеді.
4. Операциялық жоспар мемлекеттік органның (ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының) құрылымдық бөлімшелерінің ұсыныстары негізінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірленеді.
5. Тиісті Стратегиялық жоспар өзгертілген жағдайда және мемлекеттік органның жауапты хатшысының (басшысының) шешімімен мемлекеттік органның операциялық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жүргізіледі.
2. Операциялық жоспарды әзірлеу
6. Операциялық жоспар мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
1) мемлекеттік органның ағымдағы қаржы жылына арналған стратегиялық жоспарында көзделген мақсаттар, міндеттер және нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін қажетті іс-шараларды қамту;
2) мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің (ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың) қызметін қоса алғанда, өз қызметінің барлық саласын қамту;
3) мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының мақсаттарымен, міндеттерімен, нәтижелер көрсеткіштерімен, сондай-ақ оларды жүзеге асыру мерзімдерімен және жауапты орындаушыларымен қисынды өзара байланысты және іс-шаралардың үйлесімділігін сақтау;
7. Мемлекеттік органның операциялық жоспарының құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:
1) мемлекеттік органның іс-шаралары;
2) функционалдық мүмкіндіктерді дамыту;
3) тәуекелдерді басқару.
3. Операциялық жоспарды іске асыру және мониторингілеу
8. Операциялық жоспарды іске асыру операциялық жоспарда көзделген іс-шараларды орындау жолымен жүзеге асырылады.
9. Мемлекеттік органның операциялық жоспарының іске асырылуы туралы ақпаратты жинау, жүйелеу мен талдаудың үздіксіз процесі мониторинг болып табылады.
10. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының мақсаттарына, міндеттеріне және нәтижелер көрсеткіштеріне тиісінше және уақтылы қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін олардың іске асырылу барысын жақсарту операциялық жоспар мониторингісінің мақсаты болып табылады.
11. Операциялық жоспардың мониторингі:
1) операциялық жоспарды іске асырудың ағымдағы жай-күйі туралы ақпарат алудың тұрақтылығын;
2) құрылымдық бөлімшелердің (ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың) іске асырудағы іс-қимылдарының үйлесімділігін;
3) өзгеріп отыратын жағдайларды ескере отырып, операциялық жоспардың уақтылы өзектілендірілуін қамтамасыз етеді.
12. Операциялық жоспар мониторингін ай сайын мемлекеттік органның мониторинг жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшесі (ведомстволық бағыныстағы ұйымы) жүргізеді.
13. Операциялық жоспарға мониторинг жүргізу үшін мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері (ведомстволық бағыныстағы ұйымдар) өз құзыреті шегінде мониторинг жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшеге операциялық жоспарды орындау туралы ақпарат ұсынады.
Операциялық жоспарды орындау туралы ақпарат мониторинг жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшеге есепті айдан кейінгі айдың 10 күніне дейін беріледі.
Ақпаратты беруге жауапты құрылымдық бөлімшенің немесе ведомстволық бағынысты ұйымының басшысы мониторинг жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшеге беретін ақпараттың шынайылығына, толықтығы мен уақтылығына жеке жауапты болады.
14. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері және ведомстволық бағынысты ұйымдар ұсынатын ақпарат жоспарланған іс-шаралардың орындалғаны және орындалмағаны (орындалмау себептерін көрсете отыра) мақсаттар, міндеттер, нәтижелер көрсеткіштері бөлінісіндегі ақпаратты қамтуы тиіс.
15. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдары ұсынған ақпарат негізінде операциялық жоспарды іске асыру туралы есеп осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша дайындалады.
16. Операциялық жоспарды іске асыру туралы есеп:
1) операциялық жоспардың іске асырылу барысын талдау қорытындыларын;
2) лауазымды тұлғалардың басқару жүйесін жақсартуға бағытталған қажетті шараларды, жауапты орындаушылардың жоспарланған іс-шаралардың уақтылы іске асырылуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау, жоспарланған іс-шаралардың іске асырылу тиімділігін арттыру және мақсаттарға қол жеткізуді және басқа да ұсынымдарды;
3) қажет болған жағдайда операциялық жоспарға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстарды қамтиды.
17. Операциялық жоспарды іске асыру туралы есеп мемлекеттік органның мониторинг жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшесінің жауапты хатшысына (басшысына) ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 15 күніне дейін беріледі.
18. Мониторингтің нәтижесі бойынша мемлекеттік органның жауапты хатшысы (басшысы) мемлекеттік орган басшысымен (вице-министрлердің немесе мемлекеттік органның бірінші басшысының орынбасарлары) келісім бойынша:
мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу мақсатында жоспарланған іс-шаралардың іске асырылу тиімділігін арттыруға (өзге де іс-шараларды айқындау);
анықталған проблемалық мәселелер бойынша шаралар қабылдауға бағытталған шешімдер шығарады.
19. Мемлекеттік органның мониторинг жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшесі (ведомстволық бағынысты ұйымдары) операциялық жоспар мониторингісі нәтижелерінің уақтылығына және толықтығына жауап береді.
4. Операциялық жоспардың іске асырылуын бақылау
20. Операциялық жоспардың іске асырылуын бақылауды мемлекеттік органның жауапты хатшысы (басшысы) және ішкі бақылау қызметі жүзеге асырады.
21. Операциялық жоспардың іске асырылуын бақылау операциялық жоспарға жүргізілген мониторинг негізінде, сондай-ақ бұзушылықтарды анықтау, жою және жол бермеу мақсатында бақылау іс-шаралары арқылы жүзеге асырылады.
Операциялық жоспарды
әзірлеу, іске асыру,
мониторингілеу және
іске асырылуын бақылау
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Бекітемін
_________________________________
(мемлекеттік органның жауапты
хатшысының қолы және (басшысының)
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса-ТАӘ)
М.О. 20___ жылғы «__» ___________
_______________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
_____ жылға арналған
Операциялық жоспары 1-бөлім. Мемлекеттік органның іс-шаралары
р/с |
Атауы |
Бюджеттік бағдарламаның коды |
Жауапты орындаушы |
Орындау мерзімі |
Аяқталу нысаны |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1-стратегиялық бағыт |
|||||
1.1-мақсат |
|||||
1.1.1-міндет |
|||||
Нәтиже көрсеткіші 1.1.1.1 |
|||||
Нәтиже көрсеткіші 1.1.1.2 |
|||||
Нәтиже көрсеткіші 1.1.1.3 |
|||||
Іс-шара |
|||||
2-стратегиялық бағыт |
|||||
2.1-мақсат |
|||||
2.1.1-міндет |
|||||
Нәтиже көрсеткіші 2.1.1.1 |
|||||
Нәтиже көрсеткіші 2.1.1.2 |
|||||
Нәтиже көрсеткіші 2.1.1.3 |
|||||
Іс-шара |
2-бөлім. Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту
р/с |
Ықтимал тәуекелдің атауы |
Тәуекелдерді басқару шаралары қабылданбаған жағдайдағы ықтимал салдар |
Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс- шаралар |
Іске асыру мерзімі |
Жауапты орындаушы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Сыртқы тәуекелдер |
|||||
Ішкі тәуекелдер |
|||||
3-бөлім. Тәуекелдерді басқару
р/с |
Стратегиялық бағыттардың, мақсаттардың және міндеттердің атауы |
Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту бойынша жоспарланған іс шаралар |
Аяқталу нысаны |
Іске-асыру мерзімі |
Жауапты орындаушы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1-стратегиялық бағыт |
|||||
1.1-мақсат |
|||||
1.1.1-міндет |
|||||
… |
|||||
2-стратегиялық бағыт |
|||||
2.1-мақсат |
|||||
2.1.1-міндет |
|||||
… |
Операциялық жоспарды әзірлеуге
жауапты құрылымдық бөлімшенің
басшысы
______________________________ ______________
(қолы) (Т.А.Ә).
Ескертпе: Операциялық жоспар нысанын толтыру бойынша түсіндірме операциялық жоспардың нысанына қосымшада келтірілген
Операциялық жоспардың нысанына қосымша
Операциялық жоспар нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1. «Мемлекеттік органның іс-шаралары» деген бөлімде іс-шаралар іске асырылатын бюджеттік бағдарламаларды, жауапты орындаушыларды, орындау мерзімдері мен оларды аяқтау нысандарын көрсете отырып, мемлекеттік органның ағымдағы қаржы жылына арналған стратегиялық бағыттары бөлінісінде мақсаттарға, міндеттерге және нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар келтіріледі. Сондай-ақ мемлекеттік органның стратегиялық бағыттарынан тыс өткізілетін негізгі іс-шаралар бар болғанда көрсетіледі.
«Мемлекеттік органның іс-шаралары» бөлімі осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес қалыптастырылады, онда:
Операциялық жоспардың бірінші бағанында іс-шараның реттік нөмірі көрсетіледі. Іс-шаралардың нөмірі барлық жоспар бойынша тізбекті болуы тиіс.
Операциялық жоспардың екінші бағанында стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нәтижелер көрсеткіштері, сондай-ақ жоспарлы жылдың басым, неғұрлым маңызды іс-шаралары көрсетіледі. Іс-шаралардың атаулары жүзеге асырылатын іс-қимылдардың мәнін көрсететіндей етіп жазылады. Іс-шаралардың мәнін біркелкі түсінбеуге алып келетін жалпыланған тұжырымдарды білдіретін атауларды келтіруге жол берілмейді.
Операциялық жоспардың үшінші бағанында іс-шара бюджеттік бағдарламаның шеңберінде іске асырылатын және қаржыландырылатын коды көрсетіледі.
Операциялық жоспардың төртінші бағанында іс-шараның жауапты орындаушысы көрсетіледі. Жауапты орындаушы ретінде мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі, тиісті іс-шараны орындау жүктелетін басшылар мен өзге де лауазымды тұлғалар көрсетіледі.
Операциялық жоспардың бесінші бағанында іс-шараның орындалу мерзімі көрсетіледі. Бұл бағанда нақты күні, сол сияқты айы немесе тиісті іс-шара аяқталатын тоқсан көрсетіледі. Жүйелі интервалы бар белгілі бір іс-қимылдардың орындалуын көздейтін іс-шаралар үшін тиісті іс-қимылдардың қайталану кезеңділігін, (мысалы, апта сайын, ай сайын, тоқсан сайын, бір жыл ішінде) және іс-шараның жүзеге асырылу кезеңін көрсеткен жөн.
Операциялық жоспардың алтыншы бағанында іс-шаралардың аяқталу нысандары көрсетіледі.
2. «Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту» деген бөлімде мемлекеттік органның ағымдағы қаржы жылында функционалдық мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған іс-шаралары келтіріледі.
Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту жөніндегі іс-шаралар мемлекеттік органның ішкі ортасын өзгерту, ішкі қызметін ұйымдастыруды жақсарту, өз функционалдық мүмкіндіктерін дамыту, ведомстволық бағыныстағы ұйымдармен өзара іс-қимыл, оның қызметінің нәтижелерін және стратегиялық мақсаттарға неғұрлым тиімді қол жеткізу үшін қажетті көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру (персоналды кәсіптік даярлау деңгейі және оны дамыту жөніндегі шаралар, ақпараттық ресурстардың сапасын арттыру, орындаушылық тәртіпті арттыру, мемлекеттік органның бақылау және рұқсат беру функцияларын қысқарту, жекелеген қызмет түрлерін бәсекелі ортаға беру және т.б.) жөніндегі іс-шараларды қамтиды.
Мемлекеттік органның функционалдық мүмкіндіктерін дамыту жөніндегі іс-шараларды мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының стратегиялық бағыттарымен, мақсаттарымен және міндеттерімен байланыстыру қажет.
3. «Тәуекелдерді басқару» деген бөлімде мемлекеттік органның қызметіне әсер ететін ықтимал тәуекелдер тізбесі және мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының іске асырылу барысына әсер ететін және жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуге кедергі болатын тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар баяндала отырып, олардың алдын алу және (немесе) еңсеру жөніндегі болжанатын іс-қимылдары келтіріледі.
«Тәуекелдерді басқару» бөлімінде объективті немесе субъективті сипаттағы ішкі немесе сыртқы себептер бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізе алмау тәуекелі туындаған (күшейген) жағдайда, мемлекеттік органның көзделген нақты баламалы іс-шараларын көрсету қажет.
Операциялық жоспарды
әзірлеу, іске асыру,
мониторингілеу және іске
асырылуын бақылау қағидаларына
2-қосымша
_______________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
_____ жыл бойынша
Операциялық жоспарды іске асыру туралы есеп 1-бөлім. Мемлекеттік органның іс-шаралары
№ т/б |
Атауы |
Жауапты орындаушы |
Орындау мерзімі |
Аяқталу нысаны |
Іс-шаралардың нақты орындалуы |
Орындалмау себептері |
Ұсынымдар, оның ішінде операциялық жоспарға өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстар |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
1-стратегиялық бағыт |
|||||||
1.1-мақсат |
|||||||
1.1.1-міндет |
|||||||
Нәтиже көрсеткіші 1.1.1.1 |
|||||||
Нәтиже көрсеткіші 1.1.1.2 |
|||||||
Нәтиже көрсеткіші 1.1.1.3 |
|||||||
Іс-шара |
|||||||
2-стратегиялық бағыт |
|||||||
2.1-мақсат |
|||||||
2.1.1-міндет |
|||||||
Нәтиже көрсеткіші 2.1.1.1 |
|||||||
Нәтижелер көрсеткіштері 2.1.1.2 |
|||||||
Нәтиже көрсеткіші 2.1.1.3 |
|||||||
Іс-шара |
2-бөлім. Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту
р/с № |
Стратегиялық бағыттың атауы, мемлекеттік органның мақсаттары мен міндеттері |
Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту бойынша жоспарланған іс-шаралар |
Аяқталу нысаны |
Іске асыру мерзімі |
Жауапты орындаушы |
Іс-шаралардың нақты орындалуы |
Орындалмау себептері |
Ұсынымдар, оның ішінде операциялық жоспарға өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстар |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
1-стратегиялық бағыт |
||||||||
1.1-мақсат |
||||||||
1.1.1-міндет |
||||||||
1.1.2-міндет |
||||||||
... |
||||||||
2-стратегиялық бағыт |
||||||||
2.1-мақсат |
||||||||
2.1.1-міндет |
||||||||
2.1.2-міндет |
||||||||
... |
3-бөлім. Тәуекелдерді басқару
№ р/с |
Ықтимал тәуекелдің атауы |
Тәуекелдерді басқару шаралары қабылданбаған жағдайдағы ықтимал салдар |
Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар |
Іске асыру мерзімі |
Жауапты орындаушы |
Тәуекелдерді нақты басқару |
Орындалмау себептері |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
Сыртқы тәуекелдер |
|||||||
Ішкі тәуекелдер |
|||||||
Операциялық жоспардың іске асырылуы
туралы есепті қалыптастыруға
жауапты құрылымдық бөлімшенің
басшысы ________________ (қолы)