"Арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізілімін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер- министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 454 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2014 жылғы 2 қыркүйектегі № 15 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 3 қазанда № 9780 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 468 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 01.07.2019 № 468 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізілімін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 454 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7354 болып тіркелген, 2013 жылғы 20 қарашада № 319 (27593) "Казахстанская правда" газетінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізілімін жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жауапты бөлімше АЭА басқарушы органы ұсынған АЭА қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шартты жасасу немесе бұзу туралы хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мәліметтерді Тізілімге енгізеді.

      АЭА қатысушысы ретінде тұлғаны тіркеу туралы мәліметтерді Тізілімге енгізу күні қызметті жүзеге асыру туралы шартты жасасу күні болып табылады.

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Куәлікте мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      1) АЭА-ны құру, жұмыс жасау және тарату саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның атауы;

      2) АЭА қатысушысы ретінде тұлғаны тіркеу туралы мәліметтерді Тізілімге енгізу күні мен тіркеу нөмірі;

      3) Куәлікті беру күні;

      4) АЭА атауы;

      5) АЭА қатысушысының атауы;

      6) АЭА қатысушысының орналасқан орны;

      7) басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы және жауапты бөлімшенің мөрі.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Телнұсқа және жаңа Куәлік АЭА қатысушысына осы Нұсқаулықтың 10, 11-тармақтарына сәйкес беріледі.

      Телнұсқаны немесе жаңа Куәлікті беру кезінде АЭА қатысушысы ретінде тұлғаны тіркеу туралы мәліметтер тізілімде тіркеу нөмірі мен енгізу күні өзгермейді.";

      Арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының біріңғай тізілімін жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитеті (Е.Қ. Хаиров) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсына орналасуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі Е. К. Сағадиевке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасы


Инвестициялар және даму


Министрінің міндетін атқарушы

Е. Сағадиев



Қазақстан Республикасы


Инвестициялар және даму


министрінің міндетін атқарушысы


2014 жылғы 2 қыркүйектегі


№ 15 бұйрығына


қосымша


Арнайы экономикалық


аймақ қатысушыларының


бірыңғай тізілімін жүргізу


жөніндегі нұсқаулыққа


2-қосымша


Нысан


      _____________________________________________________

      (уәкілетті органның атауы)

Тұлғаны арнайы экономикалық аймақтың
қатысушысы ретінде тіркеу туралы
КУӘЛІК

____________________

      (тіркеу нөмірі)

      20 жылғы "___" ________________

      (Тұлғаны арнайы экономикалық, аймақ қатысушысы ретінде тіркеу туралы мәліметтерді тізілімге енгізген күн)

      20__ жылғы "____ "____________

      (куәлік берілген күн)

      ____________________________________________________________________

      (арнайы экономикалық аймақтың атауы)

      __________________________________________________________

      (арнайы экономикалық аймаққа қатысушының атауы)

      ___________________________________________________________________

      (арнайы экономикалық аймаққа қатысушының орналасқан жері)

      Жауапты бөлімшенің басшысы

      _________________________________ ___________________

      (тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)

      МО

      №_____________