Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 33 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 3 қазанда № 9779 тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының ведомстволары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933 қаулысына, "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 31.07.2018 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті (Ә. А.Смайылов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Министр

Е. Досаев



  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрінің
  2014 жылғы 30 қыркүйектегі
  № 33 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.

      Комитеттің негізгі міндеттері мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

      2. Комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      3. Комитет ұйымдық-құқықтық нысаны мемлекеттік мекеме болып табылатын заңды тұлға, оқшауланған мүлкі, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Егер Комитетке, заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарабы болады.

      4. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының немесе оны алмастыратын тұлғаның бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      5. Комитеттің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің келісімі бойынша Министрліктің жауапты хатшысы бекітеді.

      6. Комитеттің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, № 8 үй, 4-кіреберіс, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты.

      7. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті" Республикалық мемлекеттік мекемесі.

      8. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

      9. Комитет қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      10. Комитетке Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.

      Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мүндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

      11. Алып тасталды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 04.07.2016 № 315 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Комитет "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынын басқаруды жүзеге асыратын орган болып табылады.

2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Міндеті: статистикалық әдіснаманы қалыптастыру;

      Функциялары:

      1) халықаралық статистикалық стандарттарға сәйкес статистикалық әдіснаманы қалыптастырады;

      2) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша әдістемелерді әзірлейді және бекітеді;

      3) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша статистикалық әдіснаманы бекітеді;

      4) ұлттық санақтардың бағдарламаларын әзірлейді және олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;

      5) мынадай статистикалық тіркелімдерді:

      статистикалық бизнес-тіркелімді;

      халықтың статистикалық тіркелімін;

      ауыл шаруашылығының статистикалық тіркелімін;

      тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімін жүргізуді жүзеге асырады;

      6) мемлекеттік статистика органдарын уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастыру арқылы статистикалық жіктеуіштермен қамтамасыз етеді;

      7) ведомстволық жіктелім жүргізудің үлгі әдістемесін бекітеді;

      8) статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды ұйымдастырады және жүргізеді;

      9) жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды, сондай-ақ олардың бекітілу тәртібін бекітеді;

      10) респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін бекітеді;

      11) респонденттер алғашқы статистикалық деректерді ұсынған кезде оларды статистикалық нысандармен және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтармен қамтамасыз етеді;

      12) әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды, сондай-ақ көрсеткіштерді есептеу әдістемесін келіседі;

      13) әкімшілік деректерді статистикалық ақпаратты түзу және статистикалық тіркелімдерді өзектендіру үшін ғана пайдаланады;

      14) шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу жөніндегі статистикалық әдіснаманы және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандарын бекітеді;

      15) ұлттық санақтарды жүргізеді;

      16) мемлекеттік органдардың қолдануы үшін метадеректерді қалыптастырудың үлгілік әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      17) респонденттер мен үй шаруашылықтары ұсынған деректерді қоспағанда, алғашқы статистикалық деректерді тіркеу қағидаларын бекітеді;

      18) деректер базаларын ғылыми мақсаттарда сәйкестендірілмеген түрде ұсыну және пайдалану тәртібін бекітеді;

      19) шаруашылық бойынша есепке алу деректерiнiң анықтығына нақтылау жүргізу қағидаларын бекітеді;

      20) әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну тәртібін бекітеді;

      Ескерту. 13-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 04.07.2016 № 315 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Статистикалық қызметті мемлекеттік статистика қағидаларын сақтай отырып жүзеге асыру

      Функциялары:

      1) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді және іске асырады;

      2) құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады және ынтымақтастық шегінде шарттар жасасады;

      3) мемлекеттік статистика саласында ғылыми-зерттеу әзірлемелерін ұйымдастырады;

      4) мемлекеттік статистика органдарының статистикалық қызметінің ведомстволық статистикалық байқаулар жөніндегі статистикалық әдіснамаға сәйкестігіне сараптама жүргізеді және сараптама жүргізуге қажетті құжаттарды (ақпаратты) сұратады;

      5) мемлекеттік статистика саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтау тұрғысындағы тексерулерді қоспағанда, мемлекеттік статистика саласында респонденттерге қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      6) мемлекеттік органдарда қалыптастырылатын есептіліктің бірыңғай тізілімін әзірлейді;

      7) мемлекеттік органдардың статистикалық ақпаратты түзу процесін сипаттаудың үлгі әдістемесін бекітеді;

      8) реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады және Комитеттің құзыреті шегінде орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындауға қатысады;

      9) мемлекеттік статистика саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;

      10) әкімшілік дереккөздерге қатысты тексерудің және бақылаудың өзге де нысандарын жүргізу құқығымен мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      11) шаруашылық бойынша есепке алу деректерiнiң анықтығына нақтылау жүргізеді;

      12) уәкілетті органның ресми дереккөздерден алған деректерін мониторингілеуді, талдауды және оларды салыстыруды жүзеге асырады;

      13) респонденттер мен үй шаруашылықтары ұсынған деректерді қоспағанда, алғашқы статистикалық деректерді тіркеуді жүргізеді;

      14) салықтық құпияны құрайтын мәліметтерге қолжетімділігі бар лауазымды тұлғалар тізбесін бекітеді;

      15) салықтық құпияны құрайтын мәліметтер тізбесін және оларды мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ведомствосына ұсыну тәртібін бекітеді;

      Ескерту. 14-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 04.07.2016 № 315 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Міндеті: қоғамның, мемлекет пен халықаралық қоғамдастықтың ресми статистикалық ақпаратқа деген қажеттіліктерін қанағаттандыру

      Функциялары:

      1) жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде статистикалық жұмыстар жоспарын, респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну кестесін және ресми статистикалық ақпаратты алдағы күнтізбелік жылға тарату кестесін қалыптастыруды қамтамасыз етеді;

      2) республиканың және оның өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы ақпараттық статистикалық дерекқорды жинақтауды, жүргізуді және өзектендіруді қамтамасыз етеді;

      3) Алып тасталды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 04.07.2016 № 315 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен мемлекеттiк статистика саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;

      4-1) Парламент комитеттерінің, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі бөлімдерінің және өзге де мемлекеттік органдардын сұрау салулары бойынша ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсынады;

      5) Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де функциялар мен бағыттарды жүзеге асырады.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 04.07.2016 № 315 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Құқықтары мен міндеттері:

      1) өз құзыреті шегінде орындау үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;

      2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпаратты және материалдарды сұрату және алу;

      3) өз құзыреті шегінде консультативтік-кеңесші және сарапшылық комиссиялар құру;

      4) респонденттерден ақысыз негізде бастапқы статистикалық деректерді алу;

      5) үй шаруашылықтарынан ақысыз және ақылы негізде олардың кірістері мен шығыстары туралы қажетті бастапқы статистикалық деректерді алу;

      6) статистикалық деректерді түзу кезінде алғашқы статистикалық деректердің дәйектілігін растау үшін респонденттерден қосымша ақпаратты талап ету;

      7) респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді бұрмалауы анықталған кезде респонденттерден бастапқы статистикалық деректер қамтылған статистикалық нысандарға түзетулер енгізуді талап ету;

      8) Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұлттық санақ жүргізу қажеттігі туралы ұсыныс енгізу;

      9) статистикалық жұмыстар жоспарын орындау үшін респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну кестесін және ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесін бекіту;

      10) ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесіне сәйкес статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген көлемде ресми статистикалық ақпаратты таратуды қамтамасыз ету;

      11) Министрліктің Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастыру жолымен пайдаланушыларға сапалы ресми статистикалық ақпарат пен статистикалық әдіснамаға рұқсат етуге тең құқықты қамтамасыз ету;

      11-1) дербес деректерді қамтитын базаға иелік ету, пайдалану және билік ету;

      11-2) байланыс операторларынан респонденттер бойынша байланыс деректерін алу;

      12) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 04.07.2016 № 315 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Комитеттің қызметін үйымдастыру

      17. Комитет заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.

      18. Комитетті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын төраға басқарады.

      19. Төрағаның орынбасарлары болады, оларды лауазымға заңнамамен белгіленген тәртіпте Комитет төрағасының ұсынымы бойынша Министрліктің жауапты хатшысы тағайындайды және босатады.

      20. Төраға Министрліктің жауапты хатшысына Комитеттің қүрылымы және штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.

      21. Комитеттің төрағасы Комитеттің қызметіне басшылықты жүзеге асырады және ұйымдастырады.

      22. Осы мақсаттарда Төраға:

      1) өзінің орынбасарлары мен Комитет қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      2) аумақтық органдар мен "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік мекемесі басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      3) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерден басқа, Комитет қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      4) Министрліктің жауапты хатшысына аумақтық органдардың басшылары мен олардың орынбасарларын тағайындауға ұсынады;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен орталық аппаратпен келісу бойынша ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорынның басшысы мен оның орынбасарларын тағайындайды;

      Ескерту. 22-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 04.07.2016 № 315 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың кұзыретіне жатқызылған қызметкерлерден басқа, Комитет қызметкерлерін іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, үстемақы төлеу және сыйақы беру, сондай-ақ тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді;

      7) өз құзыреті шегінде Комитет қызметкерлері мен оларға қатысты Комитет басқарушы орган болып табылатын ұйымдардың орындауы міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді;

      8) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің атынан өкілдік етеді;

      9) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының ережелерін бекітеді;

      10) Комитеттің жұмыс регламентін бекітеді;

      11) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды.

      12) Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      23. Төраға болмаған кезеңде орынбасарларының біріне Комитет қызметіне жалпы басшылық жүктеледі.

      24. Комитет қызметін ұйымдастырудың өзге мәселелері, оның қызметін қамтамасыз ететін лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері, құрылымдық бөлімшелердің құзыреттілігі мен өкілеттілігі Министрліктің, Комитеттің жұмыс регламенттерімен, Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерімен белгіленеді.

      25. Комитет төрағасының орынбасарлары:

      1) өз құзыреттері шегінде Комитет қызметін үйлестіреді;

      2) Төраға болмаған кезеңде Комитет қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады.

      3) оларға Комитет төрағасы жүктеген өзге де фнукцияларды жүзеге асырады.

      26. Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқа мемлекеттік органдарға Комитеттің атынан жіберілетін құжаттарға Комитет төрағасы, ал ол болмаған жағдайда оны ауыстыратын адам қол қояды.

4. Комитеттің мүлкі

      27. Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар. Комитеттің мүлкі оған мемлекет берген мүлік, сондай-ақ құны Комитеттің балансында көрсетілетін өзге де мүлік есебінен қалыптасады.

      28. Комитетке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      29. Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өзгеше белгіленбесе, Комитет өзіне бекітілген мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған басқа да жолмен билік етуіне жол берілмейді.

5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      30. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Комитеттің қарауындағы ұйымдардың тізбесі

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

Комитеттің қарауындағы мемлекеттік мекемелер-аумақтық органдардың тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Ақмола облысының Статистика департаменті.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Ақтөбе облысының Статистика департаменті.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Алматы облысының Статистика департаменті.

      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Атырау облысының Статистика департаменті.

      5. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Шығыс Қазақстан облысының Статистика департаменті.

      6. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Жамбыл облысының Статистика департаменті.

      7. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Батыс Қазақстан облысының Статистика департаменті.

      8. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Қарағанды облысының Статистика департаменті.

      9. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Қызылорда облысының Статистика департаменті.

      10. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Қостанай облысының Статистика департаменті.

      11. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Маңғыстау облысының Статистика департаменті.

      12. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Павлодар облысының Статистика департаменті.

      13. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Солтүстік Қазақстан облысының Статистика департаменті.

      14. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Түркістан облысының Статистика департаменті.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 31.07.2018 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Астана қаласының Статистика департаменті.

      16. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Алматы қаласының Статистика департаменті.

      17. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Шымкент қаласының Статистика департаменті.

      Ескерту. Тізбе 17-тармақпен толықтырлды – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 31.07.2018 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.