"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 33 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018 жылғы 31 шілдедегі № 272 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 33 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9779 болып тіркелген, 2014 жылғы 24 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының ведомстволары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933 қаулысына, "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ережеде:

      Комитеттің қарауындағы мемлекеттік мекемелер - аумақтық органдардың тізбесінде:

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Түркістан облысының Статистика департаменті.";

      мынадай мазмұндағы 17-тармақпен толықтырылсын:

      "17. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Шымкент қаласының Статистика департаменті.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық бекітілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика
      министрінің міндетін атқарушы Р. Дәленов