«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 46) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Үздік спорт журналисі» атағын беру қағидалары бекітілсін.
2. Стратегиялық даму департаменті (Д.Ү. Қамзебаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынуды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Е.Б. Қанағатовқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Спорт және дене шынықтыру
істері агенттігінің төрағасы Т. Есентаев
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Байланыс және ақпарат
агенттігінің төрағасы
____________ А. Жұмағалиев
2014 жылғы 29 шілде
Қазақстан Республикасы
Спорт және дене шынықтыру
істері агенттігі төрағасының
2014 жылғы 28 шілдедегі
№ 291 бұйрығымен
бекітілген
«Үздік спорт журналисі» атағын беру қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.06.2016 № 194 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Үздік спорт журналисі» атағын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Үздік спорт журналисі» атағын берудің тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) конкурсқа қатысушы – Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында (бұдан әрі - БАҚ) спорттық жарыстарды, спорттық іс-шараларды жария етуде айтарлықтай елеулі үлес қосқан осы Қағидаларға сәйкес конкурсқа қатысу үшін құжаттарды ұсынған, дене шынықтыруды дамытуға елеулі еңбек сіңірген БАҚ өкілі;
2) сыйақы - жеңген конкурсқа қатысушыға өтеусіз берілетін ақшалай қаражат.
2. Атақ берудің тәртібі
3. «Үздік спорт журналисі» атағын беру үшін дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) «Үздік спорт журналисі» конкурсын (бұдан әрі – конкурс) өткізеді, оның мақсаты қазақстандық спорт журналистикасының сапасын және БАҚ-та спорттық ақпараттарды таратудың мәдени деңгейін арттыру болып табылады.
4. Конкурс жыл сайын желтоқсан айының екінші жартысында үш номинация бойынша өткізіледі:
1) «Үздік телевизиялық репортаж»;
2) «Үздік жарияланым»;
3) «Үздік фоторепортаж».
5. Конкурс өткізу туралы хабарландыруды уәкілетті орган БАҚ-та жариялайды, сондай-ақ уәкілетті органның интернет-ресурсында жыл сайын 10 қарашаға дейін кешіктірілмей орналастырады.
Хабарландыру конкурстың атауын, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау орнын, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдауды басталу мен аяқталу күнін, конкурс туралы қосымша ақпаратты алу үшін уәкілетті органның байланыс деректерін қамтиды.
6. Конкурсқа қатысу үшін уәкілетті органға мына құжаттар ұсынылады:
1) бір номинация бойынша конкурсқа қатысу үшін еркін нысандағы өтініш;
2) конкурсқа қатысушының шығармашылық қызметінің қысқаша сипаттамасы;
3) спортшыға немесе спорттық оқиғаға арналған, эфирге шыққан және/немесе баспа немесе электронды БАҚ-та ағымдағы жыл ішінде жарық көрген жұмыс. Жұмыс қағаз және электронды тасығышта (бейнематериал; аудиоматериал; жарияланым (баспа не электрондық данасы); фотожұмыс (фоторепортаж) ұсынылады.
Бір конкурсқа қатысушы тек бір номинация бойынша конкурсқа қатысу үшін жұмыс ұсына алады.
7. Комиссия төрағаны, төраға орынбасарын қоса алғанда кемінде он бір адам есебінде мүшелердің тақ санынан тұрады. Комиссия хатшысы оның мүшесі болып табылмайды.
8. Уәкілетті орган комиссия мына құрады, ол:
1) мына критерийлері бойынша ұсынылған құжаттарды қарайды:
«Үздік спорттық телевизиялық репортаж» номинациясы бойынша - журналистің сауатты ауызша сөйлеген сөзі, сюжеттің драматургиясы, бейнеқатардың сапасы, стендаптың, кадрдан тыс мәтіннің орындылығы;
«Үздік спорттық жарияланым» номинациясы бойынша - тілдің сауаттылығы, нақтылығы, сөз саптаудың түпнұсқалығы, авторлық беру, сюжеттің драматургиясы;
«Үздік спорттық фоторепортаж» номинациясы бойынша – қарқындылығы, стандартты емес көркем шешімі, өнертапқыштылығы мен креативтілігі, бейнесінің сапасы;
2) конкурсқа қатысушылардың арасында жеңімпазды анықтайды және «Үздік спорт журналисі» атағын береді.
9. Комиссияның отырысы егер онда комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3 қатысса заңды деп саналады. Комиссияның қатыспаған мүшелерін ауыстыруға жол берілмейді.
10. Әр номинация бойынша конкурсқа қатысушылардың арасында жеңімпазды айқындау және «Үздік спорт журналисі» атағын беру туралы комиссияның шешімі қатысып отырған комиссия мүшелерінің көп дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етушінің даусы шешуші болып табылады.
11. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.
12. Әр номинация бойынша жеңімпаздарға «Үздік спорт журналисі» атағы және Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлық тапсырылады.
3. Қорытынды ереже
13. Конкурс жеңімпаздарын марапаттау үшін қажетті қаражат республикалық бюджет есебінен Сейдахмет Бердіқұлов атындағы жүлдені төлеуге бөлінген 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі қаражат шеңберінде жүзеге асырылады.
14. Конкурстың нәтижелері туралы ақпарат уәкілетті мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырылады және конкурс өткізілгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде БАҚ-та жарияланады.