"Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 46) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 07.09.2017 № 249 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен1. Қоса беріліп отырған "Үздік спорт журналисі" атағын беру қағидалары бекітілсін.
2. Стратегиялық даму департаменті (Д.Ү. Қамзебаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынуды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Е.Б. Қанағатовқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Спорт және дене шынықтыру | |
істері агенттігінің төрағасы | Т. Есентаев |
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Байланыс және ақпарат
агенттігінің төрағасы
____________ А. Жұмағалиев
2014 жылғы 29 шілде
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 291 бұйрығымен бекітілген |
"Үздік спорт журналисі" атағын беру қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.06.2016 № 194 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 07.09.2017 № 249 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
1. Осы "Үздік спорт журналисі" атағын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Үздік спорт журналисі" атағын берудің тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) конкурсқа қатысушы – Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында (бұдан әрі - БАҚ) спорттық жарыстарды, спорттық іс-шараларды жария етуде айтарлықтай елеулі үлес қосқан осы Қағидаларға сәйкес конкурсқа қатысу үшін құжаттарды ұсынған, дене шынықтыруды дамытуға елеулі еңбек сіңірген БАҚ өкілі;
2) сыйақы - жеңген конкурсқа қатысушыға өтеусіз берілетін ақшалай қаражат.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 07.09.2017 № 249 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен2-тарау. Атақ берудің тәртібі
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 07.09.2017 № 249 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
3. "Үздік спорт журналисі" атағын беру үшін дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) "Үздік спорт журналисі" конкурсын (бұдан әрі – конкурс) өткізеді, оның мақсаты қазақстандық спорт журналистикасының сапасын және БАҚ-та спорттық ақпараттарды таратудың мәдени деңгейін арттыру болып табылады.
4. Конкурс жыл сайын желтоқсан айының екінші жартысында үш номинация бойынша өткізіледі:
1) "Үздік спортттық телевизиялық репортаж";
2) "Үздік спорттық жарияланым";
3) "Үздік спорттық фоторепортаж".
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 07.09.2017 № 249 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен5. Конкурс өткізу туралы хабарландыруды уәкілетті орган БАҚ-та жариялайды, сондай-ақ уәкілетті органның интернет-ресурсында жыл сайын 10 қарашаға дейін кешіктірілмей орналастырады.
Хабарландыру конкурстың атауын, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау орнын, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдауды басталу мен аяқталу күнін, конкурс туралы қосымша ақпаратты алу үшін уәкілетті органның байланыс деректерін қамтиды.
6. Конкурсқа қатысу үшін конкурсқа қатысушы уәкілетті органға мына құжаттарды:
1) бір номинация бойынша конкурсқа қатысу үшін еркін нысандағы өтінішті (өтініш тек бір номинация бойынша конкурсқа қатысу үшін ұсынылады);
2) конкурсқа қатысушының шығармашылық қызметінің қысқаша сипаттамасын;
3) спортшыға немесе спорттық оқиғаға арналған, эфирге шыққан және/немесе баспа немесе электронды БАҚ-та ағымдағы жыл ішінде жарық көрген жұмысты (бейнематериал, аудиоматериал, жарияланым (қағаз не электрондық данасы), фотожұмыс (фоторепортаж) ұсынады. Жұмыс қағаз немесе электрондық тасығышта ұсынылады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 07.09.2017 № 249 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен7. Уәкілетті орган комиссия төрағасын, төраға орынбасарын қоса алғанда кемінде он бір адам есебінде мүшелердің тақ санынан тұратын конкурстық комиссияны (бұдан әрі – Комиссия) құрады. Комиссия хатшысы оның мүшесі болып табылмайды.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 07.09.2017 № 249 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен8. Комиссия мынадай критерийлер бойынша ұсынылған құжаттарды қарайды және жеңімпазды айқындайды:
1) "Үздік спорттық телевизиялық репортаж" номинациясы бойынша – журналистің сауатты ауызша сөйлеуі, сюжеттің драматургиясы, сапалы бейнеқатар, стендап орындылығы, кадрдан тыс мәтін;
2) "Үздік спорттық жарияланым" номинациясы бойынша – материалдың өзектілігі, тілдің өткірлігі, автордың көзқарасы, сюжеттің драматургиясы;
3) "Үздік спорттық фоторепортаж" номинациясы бойынша - өнертапқыштық пен креативтілік, стандартты емес көркем шешім, көрініс сапасы.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 07.09.2017 № 249 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен9. Комиссияның отырысы егер онда комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3 қатысса заңды деп саналады. Комиссияның қатыспаған мүшелерін ауыстыруға жол берілмейді.
10. Әр номинация бойынша конкурсқа қатысушылардың арасында жеңімпазды айқындау және "Үздік спорт журналисі" атағын беру туралы Комиссияның шешімі қатысып отырған Комиссия мүшелерінің көп дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 07.09.2017 № 249 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен11. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.
12. Әр номинация бойынша жеңімпаздарға "Үздік спорт журналисі" атағы және Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлық тапсырылады.
3-тарау. Қорытынды ережелер
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 07.09.2017 № 249 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
13. Конкурс жеңімпаздарын марапаттау үшін қажетті қаражатты төлеу республикалық бюджет есебінен Сейдахмет Бердіқұлов атындағы жүлдені төлеуге бөлінген 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі қаражат шеңберінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 07.09.2017 № 249 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен14. Конкурстың нәтижелері туралы ақпарат уәкілетті мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырылады және конкурс өткізілгеннен күнінен кейін 10 жұмыс күні ішінде БАҚ-та жарияланады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 07.09.2017 № 249 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен