"Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 52) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар бекітілсін:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жоғары дәрежелі спортшылармен шарттар бойынша ақша төлемінің мөлшері;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауды жүзеге асыратын жаттықтырушылармен және дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандармен спорттық қызмет туралы шарттар бойынша ақша төлемінің мөлшері.
2. Жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві департаменті (С.М. Жарасбаев) заңнамамен бекітілген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Е.Б. Қанағатовқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Спорт және дене шынықтыру істері | |
агенттігінің төрағасы | Т. Есентаев |
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 296 бұйрығына 1-қосымша |
Жоғары дәрежелі спортшылармен спорттық қызмет туралы шарттар бойынша ақша төлемінің мөлшері
Ескерту. Мөлшерлеме жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 08.01.2020 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Тұлғалардың санаты және жарыстың атауы | Алған орын | Шарттар бойынша ай сайынғы ақшалай төлемдердің мөлшері (АҚШ доллары) | Ескертпе |
1 | Олимпиада, ойындарында медаль жеңіп алуға дайындықты жүзеге асыратын үміткер спортшылар | 1 орын |
700 (жеті жүз) бастап | Төлемдер Олимпиада ойындары басталғанға дейін ай сайын аталған сомадан 50%-ы төленеді, қалған 50%-ы Олимпиадалық медальды жеңіп алу келісімшартының шарттарын орындағаннан кейін Олимпиада ойындары аяқталған соң күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде төленеді |
2 орын |
500 (бес жүз) бастап | |||
3 орын |
300 (үш жүз) бастап | |||
2 | Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарында медаль жеңіп алуға дайындықты жүзеге асыратын үміткер спортшылар | 1 орын |
700 (жеті жүз) бастап | Төлемдер Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындары басталғанға дейін ай сайын аталған сомадан 50%-ы төленеді, қалған 50%-ы медальды жеңіп алу келісімшар-тының шарттарын орындағаннан кейін Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындары аяқталған соң күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде төленеді |
2 орын |
500 (бес жүз) бастап | |||
3 орын |
300 (үш жүз) бастап | |||
3 | Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері | 1 орын |
700 (жеті жүз) бастап | Төлемдер спортшы келісімшартқа сәйкес спорттық дайындықты жалғастырған жағдайда келесі Олимпиада ойындарына дейін жүзеге асырылатын болады |
2 орын |
500 (бес жүз) бастап | |||
3 орын |
300 (үш жүз) бастап | |||
4 | Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері | 1 орын |
700 (жеті жүз) бастап | Төлемдер спортшы келісімшартқа сәйкес спорттық дайындықты жалғастырған жағдайда Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарынан кейін жүзеге асырылатын болады |
2 орын |
500 (бес жүз) бастап | |||
3 орын |
300 (үш жүз) бастап | |||
5 | Олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионатының чемпиондары мен жүлдегерлері | 1 орын |
700 (жеті жүз) бастап | Төлемдер спортшы келісімшартқа сәйкес спорттық дайындықты жалғастырған жағдайда келесі әлем чемпионатына дейін жүзеге асырылады |
2 орын |
500 (бес жүз) бастап | |||
3 орын |
300 (үш жүз) бастап | |||
6 | Азия ойындарының (жабық ғимараттардағы Азия ойындарын, Жасөспірімдер Азия ойындарын, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарын, Азия ойындарын қоспағанда) чемпиондары мен жүлдегерлері | 1 орын |
500 (бес жүз) бастап | Төлемдер спортшы келісімшартқа сәйкес спорттық дайындықты жалғастырған жағдайда келесі Азия ойындарына дейін жүзеге асырылады |
2 орын |
300 (үш жүз) бастап | |||
3 орын |
200 (екі жүз) бастап |
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 296 бұйрығына 2-қосымша |
Жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауды жүзеге асыратын жаттықтырушылармен және дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандармен спорттық қызмет туралы шарттар бойынша ақша төлемінің мөлшері
Ескерту. Мөлшерлемеге өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 08.01.2020 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Тұлғалардың санаты және жарыстың атауы | Алған орын | Шарттар бойынша ай сайынғы ақшалай төлемдердің мөлшері (АҚШ доллары) | Ескертпе |
1 | Олимпиада, ойындарында медаль жеңіп алуға үміткер спортшыларды даярлауды жүзеге асыратын бас жаттықтырушылар |
700 (жеті жүз) бастап | ||
2 | Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарында медаль жеңіп алуға үміткер спортшыларды даярлауды жүзеге асыратын бас жаттықтырушылар |
500 (бес жүз) бастап | ||
3 | Олимпиада, ойындарында медаль жеңіп алуға үміткер спортшыларды даярлауды жүзеге асыратын жаттықтырушылар |
700 (жеті жүз) бастап | Төлемдер Олимпиада ойындары басталғанға дейін ай сайын аталған сомадан 50%-ы төленеді, қалған 50%-ы Олимпиадалық медальды жеңіп алу келісімшартының шарттарын орындағаннан кейін Олимпиада ойындары аяқталған соң күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде төленеді. | |
4 | Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарында медаль жеңіп алуға үміткер спортшыларды даярлауды жүзеге асыратын жаттықтырушылар |
500 (бес жүз) бастап | Төлемдер Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындары басталғанға дейін ай сайын аталған сомадан 50%-ы төленеді, қалған 50%-ы медальды жеңіп алу келісімшартының шарттарын орындағаннан кейін Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындары аяқталған соң күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде төленеді. | |
5 | Олимпиада ойындарында медаль жеңіп алуға үміткер спортшыларды даярлауды жүзеге асыратын жаттықтырушы кеңесшілер |
800 (сегіз жүз) бастап | ||
6 | Спортшылары Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарында, олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионаттарында медаль жеңіп алуға үміткер командалардың дәрігерлері, массажистері | 500 (бес жүз) бастап 2000 (екі мың) дейін | ||
7 | Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының, олипиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионаттарының чемпиондары мен жүлдегерлері бар командалардың сервисмені, психологы, механигі және басқа да мамандары |
500 (бес жүз) бастап | ||
8 | Кешенді ғылыми топтың мүшелері |
300 (үш жүз) бастап |