Жоғары дәрежелі спортшылармен, жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауды жүзеге асыратын жаттықтырушылармен және дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандармен спорттық қызмет туралы шарттар бойынша ақша төлемдерінің критерийлері мен мөлшерін бекіту турал

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 296 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 5 тамызда № 9677 тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің 03.10.2025 № 188 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 52) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 03.04.2025 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мыналар бекітілсін:

      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жоғары дәрежелі спортшылармен спорттық қызмет туралы шарттар бойынша ақша төлемдерінің критерийлері мен мөлшері;

      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауды жүзеге асыратын жаттықтырушылармен және дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандармен спорттық қызмет туралы шарттар бойынша ақша төлемдерінің критерийлері мен мөлшері.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің 03.10.2025 № 188 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві департаменті (С.М. Жарасбаев) заңнамамен бекітілген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;

      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Е.Б. Қанағатовқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Спорт және дене шынықтыру істері


агенттігінің төрағасы

Т. Есентаев


  Қазақстан Республикасы
Спорт және дене шынықтыру
істері агенттігі төрағасының
2014 жылғы 28 шілдедегі
№ 296 бұйрығына
1-қосымша

Жоғары дәрежелі спортшылармен спорттық қызмет туралы шарттар бойынша ақша төлемдерінің критерийлері мен мөлшері

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің 03.10.2025 № 188 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Тұлғалар санаты және жарыстың атауы

Жоспарланған нәтиже (міндеттемелер)

Шарттар бойынша ай сайынғы ақшалай төлемдердің мөлшері (АҚШ долларында)

Критерийлер

Ескертпе

1

Олимпиадалық ойындарда медальдарды жеңіп алуға дайындықты жүзеге асырып жатқан спортшылар-үміткерлер

1-орын

700-ден (жеті жүзден) 7500-ге (жеті мың бес жүзге) дейін

Жазғы олимпиадалық спорт түрлері бойынша соңғы Олимпиада ойындарындарының алдында 1-3 орын немесе соңғы Әлем Чемпионатының алдында 1-3 орын алған спортшылар немесе қысқы олимпиадалық спорт түрлері бойынша соңғы Олимпиада ойындарының алдында 1-3 орын алған немесе соңғы Әлем Чемпионатының алдында 1-3 орын алған немесе соңғы Дүниежүзілік Универсиадада 1 орын алған спортшылар немесе Әлем Кубогының соңғы екі маусымында (Әлем Кубогының кезеңдерінде, Дүниежүзілік Серия) 1-2 орын алған спортшылар.

Шарт жасасуды дене шынықтыру-спорт ұйымдары бөлінген қаражат шегінде, Олимпиада ойындары аяқталғаннан кейін және келесі Олимпиада ойындарына дейін немесе спортшы олимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының штаттық ұлттық командаларының құрамынан шығарылғанға (енгізілмегенге) дейін жүзеге асырады. Төлемдер Олимпиада ойындары басталғанға дейін ай сайын аталған сомадан 50%-ы төленеді, қалған 50%-ы Олимпиадалық медальды жеңіп алу келісімшартының шарттарын орындағаннан кейін Олимпиада ойындары аяқталған соң күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде төленеді.

2-орын

500-ден (бес жүзден) 5500-ге (бес мың бес жүзге) дейін

Жазғы олимпиадалық спорт түрлері бойынша шарт жасалған жылдың алдындағы немесе ағымдағы жылғы соңғы Олимпиада ойындарында 4-6 орын алған спортшылар немесе қысқы олимпиадалық спорт түрлері бойынша соңғы Олимпиада ойындарында 4-6 орын алған спортшылар.

3-орын

300-ден (үш жүзден) 3500-ға (үш мың бес жүзге) дейін

Жазғы олимпиадалық спорт түрлері бойынша соңғы Әлем чемпионатында 4-6 орын немесе жастар, жасөспірімдер арасындағы шарт жасалған жылдың алдындағы соңғы екі Әлем чемпионатының бірінде 1 орын алған спортшылар немесе қысқы олимпиадалық спорт түрлері бойынша соңғы Әлем чемпионатында 4-6 орын немесе жастар, жасөспірімдер арасындағы соңғы екі Әлем чемпионатының бірінде 1 орын немесе шарт жасалған жылдың алдындағы соңғы Дүниежүзілік Универсиадада 2-3 орын немесе ағымдағы маусымның Әлем кубогында (Әлем кубогының кезеңдерінде, Дүниежүзілік Серияда) 3 орын алған спортшылар.

2

Паралимпиадалық немесе Сурдлимпиадалық ойындарда медальдарды жеңіп алуға дайындықты жүзеге асырып жатқан спортшылар-үміткерлер

1-орын

700-ден (жеті жүзден) 3000-ға (үш мыңға) дейін

Паралимпиадалық немесе сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша соңғы Әлем чемпионатының алдында немесе соңғы Әлем чемпионатында 1 орын алған спортшылар.

Шарт жасасуды дене шынықтыру-спорт ұйымдары бөлінген қаражат шегінде, Паралимпиада немесе Сурдлимпиада ойындары аяқталғаннан кейін және келесі Паралимпиада немесе Сурдлимпиада ойындарына дейін немесе спорт түрлері бойынша спортшы Қазақстан Республикасының штаттық ұлттық командаларының құрамынан шығарылғанға (енгізілмегенге) дейін жүзеге асырады. Төлемдер Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындары басталғанға дейін ай сайын аталған сомадан 50%-ы төленеді, қалған 50%-ы медальды жеңіп алу келісімшар-тының шарттарын орындағаннан кейін Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындары аяқталған соң күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде төленеді.

2-орын

500-ден (бес жүзден) 2000-ға (екі мыңға) дейін

Паралимпиадалық немесе сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша соңғы Әлем чемпионатының алдында немесе соңғы Әлем чемпионатында 2 орын алған спортшылар.

3-орын

300-ден (үш жүзден) 1500-ге (бір мың бес жүзге) дейін

Паралимпиадалық немесе сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша соңғы Әлем чемпионатының алдында немесе соңғы Әлем чемпионатында 3 орын алған спортшылар.

3

Олимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлері

1-орын

700-ден (жеті жүзден) 5000-ға (бес мыңға) дейін

Спортшы спорттық дайындықты жалғастырған және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командасының құрамына кірген жағдайда Олимпиада ойындарында медальдарды нақты жеңіп алу.

Төлемдер келесі Олимпиада ойындарына дейін жүзеге асырылатын болады.

2-орын

500-ден (бес жүзден) 4000-ға (төрт мыңға) дейін

3-орын

300-ден (үш жүзден) 3000-ға (үш мыңға) дейін

4

Паралимпиадалық немесе Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегері

1-орын

700-ден (жеті жүзден) 3000-ға (үш мыңға) дейін

Спортшы спорттық дайындықты жалғастырған және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командасының құрамына кірген жағдайда Паралимпиада немесе Сурдлимпиада ойындарында медальдарды нақты жеңіп алу.

Төлемдер келесі Паралимпиада немесе Сурдлимпиада ойындарына дейін жүзеге асырылатын болады.

2-орын

500-ден (бес жүзден) 2000-ға (екі мыңға) дейін

3-орын

300-ден (үш жүзден) 1500-ге (бір мың бес жүзге) дейін

5

Олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионаты ның чемпиондары мен жүлдегерлері

1-орын

700-ден (жеті жүзден) 4000-ға (төрт мыңға) дейін

Спортшы спорттық дайындықты жалғастырған және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командасының құрамына кірген жағдайда Олимпиадалық спорт түрлері бойынша Әлем чемпионаттарында медальдарды нақты жеңіп алу.

Төлемдер келесі Әлем чемпионатына дейін жүзеге асырылатын болады.

2-орын

500-ден (бес жүзден) 3000-ға (үш мыңға) дейін

3-орын

300-ден (үш жүзден) 2000-ға (екі мыңға) дейін

6

Азия ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері (жабық үй-жайлардағы Азия ойындарын, жасөспірімдер Азия ойындарын, Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық Азия ойындарын қоспағанда)

1-орын

500-ден (бес жүзден) 1000-ға (бір мыңға) дейін

Спортшы спорттық дайындықты жалғастырған және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командасының құрамына кірген жағдайда жазғы және қысқы Азия ойындарында медальдарды нақты жеңіп алу.

Төлемдер келесі жазғы немесе қысқы Азия ойындарына дейін жүзеге асырылатын болады.

2-орын

300-ден (үш жүзден) 700-ге (жеті жүзге) дейін

3-орын

200-ден (екі жүзден) 400-ге (төрт жүзге) дейін

      Ескерту: Егер спорт түрлері спорттық пәндерге немесе салмақ санаттарына немесе сыныптарға бөлінген жағдайда, тек Спорт пәндері немесе салмақ санаттары немесе Олимпиада, Паралимпиада немесе Сурдлимпиада ойындарының бағдарламаларына кіретін сыныптар есепке алынады.

  Қазақстан Республикасы
Спорт және дене шынықтыру
істері агенттігі төрағасының
2014 жылғы 28 шілдедегі
№ 296 бұйрығына
2-қосымша

Жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауды жүзеге асыратын жаттықтырушылармен және дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандармен спорттық қызмет туралы шарттар бойынша ақша төлемдерінің өлшемшарттары мен мөлшері

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің 03.10.2025 № 188 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Тұлғалар санаты және жарыстың атауы

Жоспарланған нәтиже (міндеттемелер)

Шарттар бойынша ай сайынғы ақшалай төлемдердің мөлшері
(АҚШ долларында)

Өлшемшарттар

Ескертпе

1

Олимпиадалық ойындарда спортшылар-үміткерлердің медальдарды жеңіп алуына дайындықты жүзеге асыратын бас жаттықтырушылар

1-3-орын

700-ден (жеті жүзден) 4 000-ға (төрт мыңға) дейін

Жазғы олимпиадалық спорт түрлері бойынша Олимпиада ойындарында 1-6 орын немесе Азия ойындарында 1-орын немесе Әлем чемпионатында 1-6-орын немесе Азия чемпионатында 1-орын алған бір және одан да көп спортшыны дайындаған жаттықтырушы не қысқы олимпиадалық спорт түрлері бойынша Олимпиада ойындарында 1-6 орын немесе Азия ойындарында 1-орын немесе Әлем чемпионатында 1-6-орын немесе Азия чемпионатында 1-3-орын немесе Әлем кубогында (Әлем кубогы кезеңінде, Әлемдік серияда) 1-3-орын алған бір және одан да көп спортшыны дайындаған жаттықтырушы.

Шарт жасасу бөлінген қаражат шегінде және Олимпиадалық ойындар аяқталғаннан кейін және келесі Олимпиадалық ойындарға дейін немесе дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен лауазымынан босатылғанға дейін дене шынықтыру-спорт ұйымдарымен жүзеге асырылады.

2

Паралимпиадалық немесе Сурдлимпиадалық ойындарда спортшылар-үміткерлердің медальдарды жеңіп алуына дайындықты жүзеге асыратын бас жаттықтырушылар

1-3-орын

500-ден (бес жүзден)
2 000-ға (екі мыңға) дейін

Олимпиадалық немесе Паралимпиадалық немесе Сурдлимпиадалық ойындарда 1-3-орын алған бір және одан да көп спортшыны дайындаған жаттықтырушы не Олимпиадалық немесе Паралимпиадалық немесе Сурдлимпиадалық ойындардың бағдарламасына енгізілген спорт түрлері бойынша спорт түрлері бойынша Әлем чемпионатында немесе бас континенттік жарыстарда 1-3-орын алған кемінде екі спортшыны дайындаған жаттықтырушы.

Шарт жасасу бөлінген қаражат шегінде және Паралимпиадалық немесе Сурдлимпиадалық ойындар аяқталғаннан кейін және келесі Паралимпиадалық немесе Сурдлимпиадалық ойындарға дейін немесе дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен лауазымынан босатылғанға дейін дене шынықтыру-спорт ұйымдарымен жүзеге асырылады.

3

Олимпиадалық ойындарда спортшылар-үміткерлердің медальдарды жеңіп алуына дайындықты жүзеге асыратын жаттықтырушылар

1-3-орын

700-ден (жеті жүзден)
4 000-ға (төрт мыңға) дейін

Жазғы олимпиадалық спорт түрлері бойынша Олимпиада ойындарында 1-6 орын немесе Азия ойындарында 1-3-орын немесе Әлем чемпионатында 1-6-орын немесе Азия чемпионатында 1-орын алған бір және одан да көп спортшыны дайындаған жаттықтырушы не қысқы олимпиадалық спорт түрлері бойынша Олимпиада ойындарында 1-6 орын немесе Азия ойындарында 1-орын немесе Әлем чемпионатында 1-6-орын немесе Азия чемпионатында 1-3-орын немесе Әлем кубогында (Әлем кубогы кезеңінде, Әлемдік серияда) 1-3-орын алған бір және одан да көп спортшыны дайындаған жаттықтырушы.

Шарт жасасу бөлінген қаражат шегінде және Олимпиадалық ойындар аяқталғаннан кейін және келесі Олимпиадалық ойындарға дейін немесе жаттықтырушыны олимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының штаттық ұлттық командалар құрамынан алып тастағанға (қоспағанға) дейін дене шынықтыру-спорт ұйымдарымен жүзеге асырылады.
Төлем Олимпиадалық ойындар басталғанға дейін көрсетілген сомадан 50 пайызда ай сайынғы төлеммен жүзеге асырылады, көрсетілген соманың қалған 50 пайызы олимпиадалық медальдарды жеңіп алу жөніндегі шарттың талаптары орындалған кезде, Олимпиада ойындары аяқталғаннан кейін 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде төленеді.

4

Паралимпиадалық немесе Сурдлимпиадалық ойындарда спортшылар-үміткерлердің медальдарды жеңіп алуына дайындықты жүзеге асыратын жаттықтырушылар

1-3-орын

500-ден (бес жүзден)
2 000-ға (екі мыңға) дейін

Олимпиадалық немесе Паралимпиадалық немесе Сурдлимпиадалық ойындарда 4-6-орын алған бір және одан да көп спортшыны дайындаған жаттықтырушы не Олимпиадалық немесе Паралимпиадалық немесе Сурдлимпиадалық ойындардың бағдарламасына енгізілген спорт түрлері бойынша Әлем чемпионатында немесе бас континенттік жарыстарда 1-3-орын алған бір және одан да көп спортшыны дайындаған жаттықтырушы.

Шарт жасасу бөлінген қаражат шегінде, Паралимпиадалық немесе Сурдлимпиадалық ойындар аяқталғаннан кейін және келесі Паралимпиадалық немесе Сурдлимпиадалық ойындарға дейін немесе жаттықтырушыны спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының штаттық ұлттық командалар құрамынан алып тастағанға (қоспағанға) дейін дене шынықтыру-спорт ұйымдарымен жүзеге асырылады.
Төлем Паралимпиадалық немесе Сурдлимпиадалық ойындар басталғанға дейін көрсетілген сомадан 50 пайызда ай сайынғы төлеммен жүзеге асырылады, көрсетілген соманың қалған 50 пайызы медальдарды жеңіп алу жөніндегі шарттың талаптары орындалған кезде, Паралимпиадалық немесе Сурдлимпиадалық ойындар аяқталғаннан кейін 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде төленеді.

5

Олимпиадалық ойындарда спортшылар-үміткерлердің медальдарды жеңіп алуына дайындықты жүзеге асыратын жаттықтырушылар-кеңесшілер

1-3-орын

800-ден (сегіз жүзден)
10 000-ға (он мыңға) дейін

Олимпиадалық ойындарда 1-3-орын немесе Әлем чемпионатында 1-3-орын немесе жазғы Азия ойындарында 1-орын алған кемінде бір спортшыны дайындаған жазғы олимпиадалық спорт түрлері бойынша жаттықтырушы-кеңесші не Олимпиадалық ойындарда 1-3-орын немесе Әлем чемпионатында 1-3-орын немесе қысқы Азия ойындарында 1-2-орын алған не бұрын Олимпиада ойындарында жүлдалі орын жеңіп алған кемінде бір спортшыны дайындаған қысқы олимпиадалық спорт түрлері бойынша жаттықтырушы-кеңесші.

Шарт жасасу бөлінген қаражат шегінде және өткізілетін спорттық іс-шараға (Олимпиада ойындары, Әлем чемпионаты, жазғы/қысқы Азия ойындары) байланысты кейінгі жылдарға ұзарту мүмкіндігімен 1 (бір) күнтізбелік жылға дене шынықтыру-спорт ұйымдарымен жүзеге асырылады.

5-1

Паралимпиадалық немесе Сурдлимпиадалық ойындарда спортшылар-үміткерлердің медальдарды жеңіп алуына дайындықты жүзеге асыратын жаттықтырушылар-кеңесшілер

1-3-орын

800-ден (сегіз жүзден)
5 000-ға (бес мыңға) дейін

Олимпиадалық немесе Паралимпиадалық немесе Сурдлимпиадалық ойындарда 1-6-орын не Олимпиадалық немесе Паралимпиадалық немесе Сурдлимпиадалық ойындардың бағдарламасына енгізілген спорт түрлері бойынша Әлем чемпионатында немесе бас континенттік жарыстарда 1-3-орын алған бір және одан да көп спортшыны дайындаған жаттықтырушы-кеңесші не Олимпиадалық немесе Паралимпиадалық немесе Сурдлимпиадалық ойындарда медальдарды жеңіп алуға не Олимпиадалық немесе Паралимпиадалық немесе Сурдлимпиадалық ойындардың жүлделі орындарын жеңіп алған спортшыларды дайындауға қатысқан спорт түрлері бойынша ұлттық команда құрамына кіретін жаттықтырушы-кеңесші

Шарт жасасу бөлінген қаражат шегінде және өткізілетін спорттық іс-шараға (Паралимпиадалық немесе Сурдлимпиадалық ойындар, Әлем чемпионаты) байланысты оны кейінгі жылдарға ұзарту мүмкіндігімен 1 (бір) күнтізбелік жылға дене шынықтыру-спорт ұйымдарымен жүзеге асырылады.

6

Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындарда, Олимпиадалық спорт түрлері бойынша Әлем чемпионаттарында спортшылары медальдарды жеңіп алуға үміткер командалардың дәрігерлері, массажисттері

1-3-орын

500-ден (бес жүзден)
2 000-ға (екі мыңға) дейін

"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білімі бар, 5 (бес) жылдан кем емес жұмыс өтілі денсаулық сақтау саласындағы маманның жарамды сертификаты бар дәрігерлер.
"Мейірбике ісі" немесе "Емдеу ісі" немесе "Акушерлік іс" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік медициналық білімі бар және "Классикалық емдік массаж" мамандығы бойынша сертификаттау курсынан өткен не "Классикалық емдік массаж" мамандығы бойынша сертификаттау курсынан өткен спорт түрлері бойынша ұлттық қоманданың массажисті ретінде 3 (үш) жылдан кем емес жұмыс өтілі бар массажисттер

Шарт жасасу бөлінген қаражат шегінде және өткізілетін спорттық іс-шараға байланысты кейінгі жылдарға ұзарту мүмкіндігімен 1 (бір) күнтізбелік жылға дене шынықтыру-спорт ұйымдарымен жүзеге асырылады.

7

Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың, Олимпиадалық спорт түрлері бойынша Әлем чемпионаттарының чемпиондары мен жүлдегерлері бар командалардың сервисмен, писхолог, механиктер және басқа да мамандары


500-ден (бес жүзден)
2 000-ға (екі мыңға) дейін

Олимпиадалық немесе Паралимпиадалық немесе Сурдлимпиадалық ойындарда 1-6-орын не олимпиадалық спорт түрлері бойынша Әлем чемпионатында 1-3-орын не олимпиадалық немесе паралимпиадалық немесе сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша Азия чемпионатында 1-орын не қысқы Азия ойындарында 3-орын не Әлем кубогында (Әлем кубогы кезеңінде) 1-5-орын немесе олимпиадалық немесе паралимпиадалық немесе сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша жастар, юниорлар арасында Әлем чемпионатында 1-3-орын алған бір спортшыны дайындауға қатысқан мамандар (жаттықтырушы-сервисмен, жаттықтырушы-майлаушы, механик және басқа да мамандар).
Жоғары біліктілік санаты бар не "Денсаулық сақтау" немесе "Педагогикалық ғылымдар" даярлау бағыты бойынша жоғары білімі бар және "Психология" мамандығы бойынша біліктілігін көтеру туралы куәлігі бар маман (психолог)

Шарт жасасу бөлінген қаражат шегінде және өткізілетін спорттық іс-шараға байланысты оны кейінгі жылдарға ұзарту мүмкіндігімен 1 (бір) күнтізбелік жылға дене шынықтыру-спорт ұйымдарымен жүзеге асырылады.

8

Кешенді ғылыми топтың мүшелері

 Олимпиадалық ойындар – 1-3-орын

300-ден (үш жүзден)
1 500-ге (бір мың бес жүзге) дейін

Олимпиадалық ойындардың кемінде бір жүлдегерін дайындауға қатысқан маман

Шарт жасасу бөлінген қаражат шегінде және өткізілетін спорттық іс-шараға байланысты оны кейінгі жылдарға ұзарту мүмкіндігімен 1 (бір) күнтізбелік жылға дене шынықтыру-спорт ұйымдарымен жүзеге асырылады.

      Ескерту: Шарт Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шарт жасаған күніндегі ресми бағамына сәйкес теңгемен жасалады.