"Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнің және бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 30 қазандағы № 500 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 шілдедегі № 315 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 5 тамызда № 9669 тіркелді

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
Күшін жою көзделген – ҚР Қаржы министрінің 06.12.2016 (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) № 640 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 118-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      "Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнің және бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 30 қазандағы № 500 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 8913 болып тіркелген, 2014 жылғы 1 наурызда № 42 (27663) "Казахстанская правда" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнің және бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау ережесінде:

      9-тармақта:

      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi және облыстың бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдары шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға ұсынады. Шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi берілген күн оны АЖ арқылы тапсырған күні болып есептеледі.";

      тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнің шоғырландырылған қаржылық есептiлiгі негізінде республикалық бюджет бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілікті, ал облыстың бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдарының шоғырландырылған қаржылық есептiлiгi негізінде жергілікті бюджет бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды.";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармағымен толықтырылсын:

      "9-1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, есеп беру жылының бірінші жартыжылдықтың нәтижесі бойынша, 1 қазанға дейін 1 шілдедегі жағдайы бойынша республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды.

      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен есепті жылдан кейінгі жылдың 25 сәуірінен кешіктірмей есепті қаржы жылындағы республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігі жасалынады. Бұл ретте белгіленген мерзім 2017 жылды қоса алғанда қалыптастырылған жылдық есептерге қолданылады.

      Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы шоғырландырылған қаржылық есептіліктің жасауының мақсаты мүдделі адамдарды қаржылық қызметтің нәтижелері мен республикалық және жергілікті бюджеттердің қаржылық жағдайының өзгерістері, қаржылық жағдайы туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.";

      23-тармақта:

      үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Ағымдағы қызметтi қаржыландыру" баптары (жол коды 011), облыстың бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органының шоғырландырылған қаржылық есептілігінде бюджеттік кредиттерді беру мақсатына арналған айырбас емес операциялардан түсетін кірістер сомасы; нысаналы трансферттер қаражаты есебінен іске асырылатын бюджеттік бағдарламалардан алынған, ағымдағы қаржыландырудан төмен тұрған бюджеттердің табыс сомасы алынып тастауға жатады;";

      он бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Өзге кiрiстер" баптары (жол коды 040), шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджеттік бағдарлама әкімшілері арасындағы ұзақ мерзімді активтер мен қорларды қайтарусыз алу бойынша кірістер сомасы, бір бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер арасындағы қорларды қайтарусыз тапсыру бойынша кірістер сомасы алынып тастауға жатады. Бір бюджеттік бағдарлама әкімшісіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер арасындағы бюджеттік қаржыландыру есебінен алынбаған ұзақ мерзімді активтерді тапсыру жағдайынды, онда шоғырландырылған қаржылық есептілікте ұзақ мерзімді активтерді қайтарусыз алу бойынша кірістер сомасы алынып тастауға жатады;";

      отыз жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Өзге шығыстар" баптары (жол коды 150), шоғырландырылған қаржылық есептілігінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасындағы, бір бюджеттік бағдарлама әкімшісіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер арасындағы қорларды қайтарусыз тапсыру бойынша шығыстар сомасы алынып тастауға жатады;";

      отыз тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Ұзақ мерзiмдi активтердiң істен шығуы" баптары (жол коды 220), шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасындағы ұзақ мерзімді активтерді қайтарусыз тапсыру бойынша шығыстар сомасы алынып тастауға жатады. Бір бюджеттік бағдарлама әкімшісіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер арасындағы бюджеттік қаржыландыру есебінен алынбаған ұзақ мерзімді активтерді тапсыру жағдайынды, онда шоғырландырылған қаржылық есептілікте ұзақ мерзімді активтерді қайтарусыз тапсыру бойынша шығыстар сомасы алынып тастауға жатады;".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік рәсімдер әдіснамасы департаменті (З.А. Ерназарова):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты белгіленген тәртіпте ресми жариялауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Премьер-Министрінің Орынбасары -


Қазақстан Республикасының


Қаржы министрі

Б. Сұлтанов