"Кәсіби бухгалтерлердің біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы"

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 290 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 25 шілдеде № 9623 тіркелді.

Қолданыстағы

      "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңының 20-бабы 5-тармағының 11-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Кәсіби бухгалтерлердің біліктілігін арттыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі бақылау, нақты сектор бухгалтерлік есебі мен аудиті әдіснамасы департаменті (А.О. Төлеуов):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жiберiлуiн;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2014 жылғы 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасы


Премьер-Министрінің Орынбасары -


Қазақстан Республикасының


Қаржы министрі

Б. Сұлтанов


Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2014 жылғы 25 маусымдағы

№ 290 бұйрығына қосымша

Кәсіби бухгалтерлердің біліктілігін арттыру қағидалары

      1. Осы кәсіби бухгалтерлердің біліктілігін арттыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңына (бұдан әрi – Заң) сәйкес әзiрлендi және кәсіби бухгалтерлердің біліктілігін арттыру тәртiбiн белгiлейдi.

      2. Кәсіби бухгалтерлердің біліктілігін арттыру үшiн үш жылдық кезең белгіленеді, оның ішінде оқытудың 120 сағатын жинау қажет. Үш жылдық кезең кәсіби бухгалтер сертификатын алған жылдан кейінгі жылы басталады. Үш жылдық кезеңге кәсіби бухгалтерлік, бухгалтерлік, экономикалық, қаржылық, аудиторлық, бақылау-тексеру салаларында немесе бухгалтерлік есеп пен аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызмет саласында жұмыс өтілі, сондай-ақ бала күтiмi бойынша ол үш жасқа толғанға дейін еңбекақыны сақтамай демалысы үзілісі қосылмайды.

      3. Кәсіби бухгалтерлердің біліктілігін арттыру кәсіби бухгалтер ретінде олар өз функцияларын орындау үшін қажет кәсіби білімдері мен машықтарын дамыту және кеңейту мақсатында жүзеге асырылады.

      4.Кәсіби бухгалтерлердің біліктілігін арттырудың негізгі қағидаттары өз бетімен білім алумен қатар оқудың жүйелілігі, үзіліссіздігі, оқудың сабақтастығы болып табылады. Бұл ретте жүйелілік – бұл нақты тәртіпте, жүйеде білімдерді меңгеру; үздiксiздiк – бұл тұрақты кәсiби даму; сабақтастық – бұл оқу үдерісінде өткенмен, осы шақпен және болашақпен уақыт байланысы.

      5. Біліктілікті арттыру курстары жалпы алғанда жалпы алғанда оқытудың 120 сағатын құрайды, оның ішінде оқытудың кемінде міндетті 60 сағаты аккредиттелген кәсіби бухгалтерлер ұйымымен (бұдан әрi - кәсiби ұйым) өзара іс-қимыл жасайтын кәсіби дамудың тиісті саласында қызметтер көрсететін ұйымдарда өтеді және қалған қосымша сағаттар осы Қағидалардың 9-тармағында белгіленген тәртіпте өтеді.

      6. Біліктілікті арттыру курсының міндетті сағаттары өзіне қаржылық есептіліктің халықаралық және ұлттық стандарттары бойынша теориялық және практикалық мәселелерді, Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын және экономика, қаржы, аудит, менеджмент, салықтық, азаматтық, банктiк, сақтандыру және зейнетақы заңнамалары саласында басқа мәселелерді және есепке алу процестерін ақпараттандыруды зерделеуді қамтиды.

      7. Кәсiби дамудың тиісті саласында кәсiби бухгалтерлер мiндеттi сағаттар бойынша есепке алу кәсiби ұйымның интернет-ресурсында жарияланған кәсiби ұйымның iшкi қағидаларымен анықталатын бухгалтерлiк есеп және аудит тізбесі саласында сертификаттар қабылданады.

      8. Бiлiктiлiкті арттыру курсының қосымша сағаттары кәсiби, зияткерлік, арнайы және функционалдық, жеке, жеке аралық, коммуникативтік, ұйымдық және басқару машықтарын, кәсіби құндылықтарды, этиканы және қатынастарды дамыту мақсатында жүргiзiледi.

      9. Қосымша сағаттар бойынша есепке алуға кәсіби бухгалтерлердің біліктілігін арттыру бойынша қызметтерді көрсететін ұйымдарда біліктілікті арттыру курстарынан өту, сондай-ақ кәсіби және одан да басқа салаларда: ғылыми жұмыстарды, мақалаларды, баяндамаларды, кітаптарды қорғау және (немесе) жазу немесе жариялау, конференцияларда, форумдарда, брифингтерде, тренингтерде, семинарларда және басқа да іс-шараларда сөз сөйлеу, арнайы жұмыс топтарында, оқытушылық және зерттеу саласындағы қызметке қатысу және онда жұмыс істеу қабылданады.

      10. Кәсіби ұйым қосымша сағаттарға баға беруді және оларды есепке алуды кәсіби ұйымның интернет-ресурсында жарияланған ішкі қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.

      11. Кәсіби ұйым біліктілігін арттыруын өткен кәсіби бухгалтерлер тізімін жүргізеді, кәсіби бухгалтерлер біліктілігін арттыру бойынша мониторинг жүргізеді және кәсіби даму қажеттілігін айқындайды, сондай-ақ ұйымның интернет-ресурсында өз мүшелерінің тізімін жариялайды, сондай-ақ олардың мүшелігін жалғастыруының міндетті шарты ретінде кәсіби бухгалтерлердің біліктілігін тұрақты арттыру талаптарын белгілейді.

      12. Кәсіби бухгалтерлер кәсіби ұйымға біліктілігін арттыру курстарынан өту туралы растайтын құжаттарды біліктілігін арттыру курстарынан өту жылынан кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей ұсынады.