Азаматтық қорғаныс жоспарларының және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларының құрылымын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 258 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 3 шілдеде № 9554 тіркелді

Қолданыстағы

      «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 26) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мына:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес азаматтық қорғаныс жоспарының құрылымы;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарының құрылымы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс департаменті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі В.В. Петровқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                                В. Божко

Қазақстан Республикасы    
Төтенше жағдайлар министрінің
2014 жылғы 29 мамырдағы   
№ 258 бұйрығына      
1-қосымша         

Азаматтық қорғаныс жоспарының
құрылымы

Қарсылас шабуыл жасаған кездегі ықтимал ахуалды қысқаша бағалау

      1. Қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолдану кезіндегі ықтимал шабуыл жасалатын объектілер және диверсиялық-барлау топтарының іс-қимылдары.
      2. Шабуылдау объектілерінің қысқаша сипаттамасы. Азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға және жүргізуге ықпал ететін ерекшеліктер.
      3. Объектілердегі қарсылас шабуылынан кейінгі ықтимал ахуалға қысқаша баға беру және диверсиялық барлау топтарының іс-қимылдары. Қарсылас шабуылы салдарының ықтимал ауқымы және сипаты.
      4. Қарсылас шабуылынан кейінгі ахуалды бағалаудан шығатын тұжырымдар.

2. Азаматтық қорғаныс әзірлігінің дәрежелерін енгізу кезіндегі
іс-шаралар

      5. «Бірінші топтың бірінші кезектегі іс-шаралары» азаматтық қорғаныс әзірлігі дәрежесін енгізу кезінде.
      6. «Екінші топтың бірінші кезектегі іс-шаралары» азаматтық қорғаныс әзірлігі дәрежесін енгізу кезінде.
      7. «Жалпы» азаматтық қорғаныс әзірлігі дәрежесін енгізу кезінде.

3. Соғыс уақытында жүргізілетін азаматтық қорғаныс
іс-шаралары

      8. Азаматтық қорғаудың басқару органдарын және халықты құлақтандыру.
      9. Инженерлік қорғау.
      10. Радиацияға қарсы, химиялық және бактериологиялық қорғау.
      11. Медициналық қорғау.
      12. Эвакуациялық іс-шаралар.
      13. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
      14. Авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу.
      15. Басқаруды және байланысты ұйымдастыру.
      16. Әскери қолбасшылықпен өзара іс-қимылды ұйымдастыру.
      17. «Баршаның назарына!» құлақтандыру сигналы бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу.
      Ескертпе. Азаматтық қорғаныс жоспарына қосымша:
      1) Азаматтық қорғау жүйесін соғыс жағдайына және соғыс уақытына көшіру кезіндегі азаматтық қорғаныс бастықтарының негізгі іс-шараларды өткізудің күнтізбелік жоспары;
      2) Қазіргі заманғы зақымдаушы құралдарды қолдану кезіндегі ықтимал ахуал (ауқымы азаматтық қорғаныс бастықтарының тиісті шешімімен айқындалады).
      3) Азаматтық қорғаныс күштерінің топтамасы, азаматтық қорғау құралымдары (түсіндірме жазба).
      4) Халықты қорғау бойынша азаматтық қорғаудың негізгі іс-шаралары (түсіндірме жазба).
      5) Соғыс уақытына байланыс пен құлақтандыруды ұйымдастыру схемасы.
      6) Эвакуациялау және шоғырландыру (эвакуацияланған халықты қабылдау және орналастыру) жоспары (карта, М 1: 500000, түсіндірме жазба).
      7) Облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан, қала үшін әскери басқару органдарымен азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау кезіндегі өзара іс-қимыл жоспары (түсіндірме жазба, карта, М1:500000).

Қазақстан Республикасы    
Төтенше жағдайлар министрінің
2014 жылғы 29 мамырдағы   
№ 258 бұйрығына      
2-қосымша         

Төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарының
құрылымы

Облыстың (қаланың, ауданның) қысқаша географиялық
және экономикалық сипаттамасы мен табиғи және техногендік
сипаттағы төтенше жағдайлар туындауы кезіндегі ықтимал ахуалды
бағалау

      1. Жер бедері, климат, өсімдік, гидрография.
      2. Әкімшілік-аумақтық бөлініс және елді мекендер.
      3. Қатынас жолдары және көлік.
      4. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындауы кезіндегі ықтимал ахуалды бағалау.

2. Төтенше жағдайлар қатері және туындауы кезінде жүргізілетін
іс-шаралар

      5. Азаматтық қорғау іс-шараларына басшылық ету.
      6. Төтенше жағдайлар қатері және туындауы туралы азаматтық қорғаудың басқару органдарын құлақтандыру.
      7. Төтенше жағдайлар қатері кезінде жүргізілетін іс-шаралар.
      8. Төтенше жағдайлар туындаған кезде жүргізілетін іс-шаралар.
      9. Авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру.
      10. Эвакуациялық іс-шаралар.
      11. Өзара іс-қимылды ұйымдастыру.
      12. Мемлекеттік резервті пайдалану.
      13. Басқаруды және байланысты ұйымдастыру.

3. Төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша жүргізілетін
іс-шаралар

      Ескертпе. Төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарына қосымша:
      1) Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатері және туындауы кезіндегі азаматтық қорғау бастықтарының негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары.
      2) Азаматтық қорғау күштері мен құралдарының есептобы (түсіндірме жазба).
      3) Қазақстан Республикасындағы жер сілкіністері салдарын жоюға тартылатын азаматтық қорғау күштері мен құралдарының есептобы.
      4) Бейбіт уақытқа арналған байланысты және құлақтандыруды ұйымдастыру схемасы.
      5) Аумақтың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға ұшырағыштығының картасы.