"Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 26) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) азаматтық қорғаныс жоспарларының құрылымы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарының құрылымы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 02.05.2018 № 335 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі В.В. Петровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | В. Божко |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 258 бұйрығына 1-қосымша |
Азаматтық қорғаныс жоспарларының құрылымы
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 02.05.2018 № 335 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Қазақстан Республикасының, орталық атқарушы органдардың және жергілікті атқарушы органдардың азаматтық қорғаныс жоспарларының құрылымы 1-параграф. Қарсылас шабуыл жасаған кездегі ықтимал ахуалды қысқаша бағалау
1. Қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолдану және диверсиялық-барлау топтарының іс-қимылдары кезіндегі ықтимал шабуыл жасалатын объектілер.
2. Шабуылдау объектілерінің қысқаша сипаттамасы. Азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға және жүргізуге ықпал ететін ерекшеліктер.
3. Объектілердегі қарсыластың шабуылынан және диверсиялық барлау топтарының іс-қимылдарынан кейінгі ықтимал ахуалға қысқаша баға беру. Қарсыластың шабуылы салдарының ықтимал ауқымы және сипаты.
4. Қарсыластың шабуылынан кейінгі ахуалды бағалаудан туындайтын тұжырымдар.
2-параграф. Азаматтық қорғау әзірлігі дәрежелерін енгізу кезіндегі іс-шаралар
5. "Бірінші топтың бірінші кезектегі іс-шаралары" азаматтық қорғау әзірлігі дәрежесін енгізу кезінде.
6. "Екінші топтың бірінші кезектегі іс-шаралары" азаматтық қорғау әзірлігі дәрежесін енгізу кезінде.
7. "Жалпы әзірлік" азаматтық қорғау әзірлігі дәрежесін енгізу кезінде.
3-параграф. Әскери жағдайды енгізу және соғыс уақыты кезінде жүргізілетін азаматтық қорғаныс іс-шаралары
8. Азаматтық қорғауды басқару органдарын және халықты құлақтандыру.
9. Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары.
10. Радиацияға қарсы, химиялық және биологиялық қорғау.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 03.05.2019 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Медициналық көмек, санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар.
12. Эвакуациялау іс-шаралары.
13. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
14. Азаматтық қорғау күштері мен құралдарының құрамы, авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу.
15. Басқаруды және байланысты ұйымдастыру.
16. Әскери басқару органдарымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру.
17. "Баршаның назарына!" құлақтандыру сигналы бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу.
18. Орталық атқарушы органдармен және жергілікті атқарушы органдармен әскери жағдайды енгізу және соғыс уақыты кезінде жүргізілетін азаматтық қорғаныс іс-шараларына мынадай қосымшалар әзірленеді:
1) азаматтық қорғау жүйесін әскери жағдайына және соғыс уақытына көшіру кезіндегі азаматтық қорғаныс бастығының негізгі іс-шараларды өткізудің күнтізбелік жоспары (еркін нысанда);
2) қазіргі заманғы зақымдаушы құралдарды қолдану кезіндегі ықтимал ахуал (мынадай масштабтардағы топографиялық картада: республикалық деңгей үшін М 1:1 000 000; облыстар үшін М 1:500 00, республикалық маңызы бар қалалар, астана, облыстық маңызы бар қалалар үшін М 1:50 000; облыстың аудандары үшін М 1:100 000, қаладағы аудандар үшін М 1:25 000, түсіндірме жазбасымен (еркін нысанда);
3) азаматтық қорғау күштерінің тобы, азаматтық қорғау құралымдары түсіндірме жазбасымен (еркін нысанда);
4) азаматтық қорғаныстың халықты қорғау жөніндегі негізгі іс-шаралары түсіндірме жазбасымен (еркін нысанда);
5) соғыс уақытына арналған байланыс пен құлақтандыруды ұйымдастыру схемасы;
6) эвакуациялау және шоғырландыру (эвакуацияланған халықты қабылдау және орналастыру) жоспары (мынадай масштабтардағы топографиялық картада: республикалық деңгей үшін М 1:1 000 000; облыстар үшін М 1:500 00, республикалық маңызы бар қалалар, астана, облыстық маңызы бар қалалар үшін М 1:50 000; облыстың аудандары үшін М 1:100 000, қаладағы аудандар үшін М 1:25 000, түсіндірме жазбасымен (еркін нысанда);
7) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудан, қалалар үшін әскери басқару органдарымен және азаматтық қорғауды басқару органдарымен азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау кезінде өзара іс-қимыл жасау жоспары (мынадай масштабтардағы топографиялық картада: облыстар үшін М 1:500 00, республикалық маңызы бар қалалар, астана, облыстық маңызы бар қалалар үшін М 1:50 000; облыстың аудандары үшін М 1:100 000, қаладағы аудандар үшін М 1:25 000, түсіндірме жазбасымен (еркін нысанда).
Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 03.05.2019 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Санатталған ұйымдар мен базасында азаматтық қорғау қызметі құрылған ұйымдарға арналған азаматтық қорғаныс жоспарларының құрылымы
1-параграф. Қарсылас шабуыл жасаған кездегі ықтимал ахуалды қысқаша бағалау
19. Санатталған ұйымдар мен базасында азаматтық қорғау қызметі құрылған ұйымдардың (әрі қарай - ұйымдар) қысқаша сипаттамасы. Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыруға және жүргізуге ықпал ететін ерекшеліктер.
20. Қарсыластың шабуылынан және диверсиялық барлау топтарының іс-қимылдарынан кейінгі ықтимал ахуалды қысқаша бағалау. Қарсыластың шабуылы салдарының ықтимал ауқымы және сипаты.
21. Қарсыластың шабуылынан кейінгі ахуалды бағалаудан туындайтын қорытындылар.
2-параграф. Азаматтық қорғау әзірлігі дәрежелерін енгізу кезіндегі іс-шаралар
22. "Бірінші топтың бірінші кезектегі іс-шаралары" азаматтық қорғау әзірлігі дәрежесін енгізу кезінде.
23. "Екінші топтың бірінші кезектегі іс-шаралары" азаматтық қорғау әзірлігі дәрежесін енгізу кезінде.
24. "Жалпы әзірлік" азаматтық қорғау әзірлігі дәрежесін енгізу кезінде.
3-параграф. Әскери жағдайды енгізу және соғыс уақыты кезінде жүргізілетін азаматтық қорғаныс іс-шаралары
25. Ұйымдардың қызметкерлерін құлақтандыру.
26. Инженерлік қорғау.
27. Радиацияға қарсы, химиялық және биологиялық қорғау.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 03.05.2019 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.28. Медициналық көмек, санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар.
29. Эвакуациялау іс-шаралары.
30. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
31. Азаматтық қорғау күштері мен құралдарының құрамы, авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу.
32. Басқаруды және байланысты ұйымдастыру.
33. Объектінің тұрақтылығы бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.
34. Ұйымдармен әскери жағдайды енгізу және соғыс уақыты кезінде жүргізілетін азаматтық қорғаныс іс-шараларына мынадай қосымшалар әзірленеді:
1) азаматтық қорғау жүйесін әскери жағдайына және соғыс уақытына ауыстыру кезінде ұйымның азаматтық қорғаныс бастығының негізгі іс-шараларды жүргізу жөніндегі күнтізбелік жоспары;
2) қазіргі заманғы зақымдаушы құралдарды қолдану кезіндегі ықтимал ахуал (жергілікті жердің жоспар-схемасы түсіндірме жазбамен (еркін нысанда);
3) азаматтық қорғау күштерінің тобы, ұйымдардың азаматтық қорғау құралымдары түсіндірме жазбамен;
4) азаматтық қорғаудың ұйымдарды қорғау жөніндегі негізгі іс-шаралары түсіндірме жазбамен;
5) құлақтандыру мен байланысты ұйымдастыру схемасы;
6) эвакуациялау жоспары (жергілікті жердің жоспар-схемасы түсіндірме жазбамен).
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 258 бұйрығына 2-қосымша |
Төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарының құрылымы
1–тарау. Облыстың (қаланың, ауданның) қысқаша географиялық және экономикалық сипаттамасы мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындауы кезіндегі ықтимал ахуалды бағалау
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 02.05.2018 № 335 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Жер бедері, климат, өсімдік, гидрография.
2. Әкімшілік-аумақтық бөлініс және елді мекендер.
3. Қатынас жолдары және көлік.
4. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындауы кезіндегі ықтимал ахуалды бағалау.
2–тарау. Төтенше жағдайлар қатері және туындауы кезінде жүргізілетін іс-шаралар
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 02.05.2018 № 335 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Азаматтық қорғау іс-шараларына басшылық ету.
6. Төтенше жағдайлар қатері және туындауы туралы азаматтық қорғаудың басқару органдарын құлақтандыру.
7. Төтенше жағдайлар қатері кезінде жүргізілетін іс-шаралар.
8. Төтенше жағдайлар туындаған кезде жүргізілетін іс-шаралар.
9. Авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру.
10. Эвакуациялық іс-шаралар.
11. Өзара іс-қимылды ұйымдастыру.
12. Мемлекеттік резервті пайдалану.
13. Басқаруды және байланысты ұйымдастыру.
3–тарау. Төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша жүргізілетін іс-шаралар
Ескерту. 3-тарау жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 02.05.2018 № 335 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
14. Төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша жүргізілетін іс-шараларға мынадай қосымшалар әзірленеді:
1) азаматтық қорғаныс бастығының табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатері және туындауы кездегі негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары (еркін нысанда);
2) азаматтық қорғау күштері мен құралдарының есебі түсіндірме жазбамен (еркін нысанда);
3) Қазақстан Республикасындағы жер сілкіністері салдарын жоюға тартылатын азаматтық қорғау күштері мен құралдарының есебі түсіндірме жазбамен (еркін нысанда);
4) бейбіт уақытқа арналған байланысты және құлақтандыруды ұйымдастыру схемасы (еркін нысанда);
5) аумақтың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға ұшырағыштығының картасы (еркін нысанда).