Төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлаудың, халықты оқытудың оқу бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № 235 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2014 жылы 12 маусымдағы № 9509 тіркелді.

Жаңартылған

      "Aзаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағы 42) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРAМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлаудың, халықты оқытудың оқу бағдарламасы бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылған деп танылсын:

      1) "Төтенше жағдайлар саласындағы басшы құрам мен мамандарды даярлаудың үлгі бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 181 бұйрық (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8490 тіркелген; "Егемен Қазақстан" газетінің 2013 жылғы 23 қазандағы жарияланған);

      2) "Төтенше жағдайлар саласындағы басшы құрам мен мамандарды даярлаудың үлгі бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 181 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 5 ақпандағы № 39 бұйрық (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9191 тіркелген).

      3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Aзаматтық қорғаныс департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі В. В. Петровқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
В. Божко

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2015 жылғы 14 мамырдағы
№ 235 бұйрығымен
бекітілген

Төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлаудың, халықты оқытудың оқу бағдарламасы

      Ескерту. Оқу бағдарламасы жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 26.09.2023 № 517 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның ұйымдарында және оқу орындарында тыңдаушыларды даярлаудың (қайта даярлаудың) оқу бағдарламасы

1-Параграф. Сабақ тақырыптарының тізбесі

№ р/с

Тақырыптар атауы

Оқу сабақтарының түрлері

Оқу сағаттарының саны

1

2

3

4

1.

Азаматтық қорғаудың құқықтық аспектілері

дәріс

1

2.

Азаматтық қорғаудың негізгі міндеттері мен принциптері. Қазақстан Республикасында азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі

дәріс

1

3.

Төтенше жағдайлардың жіктелуі. Төтенше жағдайлар қатерлері, туындауы немесе оларды жою кезінде ақпарат беруді ұйымдастыру

дәріс

1

4.

Байланыс, құлақтандыру және ақпараттық қамтамасыз ету жүйесі. Төтенше жағдайлар кезінде халықты, азаматтық қорғауды басқару органдарын ақпараттандыру және хабардар ету

дәріс

1

5.

Азаматтық қорғау саласында оқыту, хабардар ету және білімді насихаттау

дәріс

1

6.

Оқу-жаттығулар мен жаттығулар, оларды өткізуді ұйымдастыру

дәріс

1

7.

Мемлекеттік материалдық резерв. Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыруды, сақтауды және пайдалануды қамтамасыз ету.

дәріс

1

8.

Азаматтық қорғаныс іс-шараларын жоспарлау

дәріс

1

9.

Азаматтық қорғау күштері мен құралдары. Азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдары.

дәріс

1

10.

Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы.

дәріс

1

11.

Азаматтық қорғау жүйесін бейбіт жағдайдан әскери жағдайға ауыстыру (Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 11с бұйрығы)

дәріс

1

12.

Бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайларда халықты қорғаудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері. Инженерлік қорғау

дәріс

1

13.

Бейбіт уақытта төтенше жағдайлар қаупі және туындауы кезінде эвакуациялық іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыру

сыныптық-
топтық сабақ

1

14.

Соғыс уақытында халықты орналастыру мен эвакуациялауды жүргізуді ұйымдастыру

сыныптық-
топтық сабақ

1

15.

Төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру

сыныптық-
топтық сабақ

1

16.

Бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайларда шаруашылық жүргізу салалары мен объектілерінің тұрақты жұмыс істеуін арттыру жолдары мен тәсілдері. Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары

сыныптық-
топтық сабақ

1

17.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау

практикалық сабақ

1

18.

Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасызету

сыныптық-
топтық сабақ

1

19.

Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау

сыныптық-
топтық сабақ

1

20.

Халықты радиациялық қорғау

дәріс

1

21.

Радиациялық жағдайды болжау. Радиациялық және химиялық бақылау постының құрамы, міндеттері және әрекеттері

практикалық сабақ

1

22.

Халықты және азық-түлікті, су көздерін, жануарлар мен өсімдіктерді радиоактивті, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) жұқтырудан, эпизоотиядан және эпифитотиядан қорғау жөніндегі шаралар кешені. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін медициналық-биологиялық қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық іс-шаралары

дәріс

1

23.

Халықты күшті әсер ететін улы заттардан қорғау

дәріс

1

24.

Химиялық қауіпті объектідегі және көліктегі авария кезіндегі химиялық жағдайды болжау және бағалау

практикалық сабақ

1

25.

Азаматтық қорғаныс мүлкі. Оларды пайдалану мен сақтауды ұйымдастыру. Радиациялық-химиялық барлау аспаптары. Тыныс алу органдары мен теріні жеке қорғау құралдары

практикалық сабақ

1

26.

Жер сілкінісі қаупі мен туындауы кезінде халықты қорғау

практикалық сабақ

1

27.

Су тасқыны мен сел кезінде қорғау іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу

дәріс

1

28.

Террористік акт барысында төтенше жағдайлар туындаған кездегі халық пен лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттері

сыныптық-
топтық сабақ

1

29.

Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету. Табиғи зілзала, авария, апат, зақымдану ошағы аудандарынан зардапшеккендер мен науқастарды эвакуациялауды ұйымдастыру және жүргізу

практикалық сабақ

1

30.

Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсету, оларды өткізудің түрлері мен тәсілдері

практикалық сабақ

1

31.

Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру негіздері

дәріс

1

32.

"Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру" командалық-штабтық оқу-жаттығу

командалық-штабтық оқу-жаттығу

4

33.

Тестілеуден өту

тест

2

      Ескерту: оқу сағаттарының жалпы көлемі – 40 сағат, оның ішінде Дәрістер, сыныптық –топтық және практикалық сабақтар – 38 сағат, тестілеу – 2 сағат. Сабақтардың тақырыптары білім алушылардың санатын ескере отырып қалыптастырылады.

2-Тарау. Азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдардың басшы құрамы мен қызметкерлерін даярлаудың (қайта даярлаудың) оқу бағдарламасы

1-Параграф. Сабақ тақырыптарының тізімі


р/с

Тақырыптар атауы

Оқу сабақтарының түрлері

Оқу сағаттарының саны

1

2

3

4

34.

Азаматтық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілер

дәріс

1

35.

Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы

дәріс

1

36.

Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу

дәріс

1

37.

Объектідегі азаматтық қорғаныс іс-шараларын жоспарлау

дәріс

1

38.

Объектідегі азаматтық қорғаныс саласындағы құжаттаманың тізбесі

дәріс

1

39.

Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау

дәріс

1

40.

Азаматтық қорғаудың объектілік құрылымдары және олардың міндеттері

дәріс

1

41.

Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу кезінде объектіде басқару мен байланысты ұйымдастыру

дәріс

1

42.

Азаматтық қорғаныстың қорғаныс құрылыстары (теория-1 сағат, практика-1 сағат)

дәріс,
практикалық сабақ

2

43.

Азаматтық қорғаныстың қорғаныс құрылыстары бойынша нормативтік құқықтық актілер

дәріс

1

44.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастыру

дәріс

1

45.

Объектіде эвакуациялық іс-шараларды жоспарлау

дәріс

1

46.

Қазіргі заманғы зақымдау құралдарына, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға әсер ететін (бұзатын) факторлардың әсерінен азаматтық қорғаныс бойынша санатқа жатқызылған ұйымдардың бейбіт және соғыс уақытында жұмыс істеуінің орнықтылығын арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру

дәріс

1

47.

Тыныс алу органдары мен теріні жеке қорғау құралдары. Қолдану түрлері мен әдістері

дәріс

1

48.

Радиациялық-химиялық барлау және дозиметриялық бақылау аспаптары

практикалық сабақ

1

49.

Арнайы өңдеу жүргізу

дәріс

1

50.

Радиациялық жағдайды бағалау

дәріс

1

51.

Химиялық жағдайды бағалау

дәріс

1

52.

Азаматтық қорғау жүйесін бейбіт жағдайдан әскери жағдайға ауыстыру

дәріс

1

53.

Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру негіздері

дәріс

1

54.

Азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдарда жұмысшылар мен қызметшілерді брондауды ұйымдастыру

дәріс

1

55.

Ұйымның азаматтық қорғау жүйесін бейбіт жағдайдан әскери жағдайға ауыстыру бойынша штабтық жаттығу

жаттығу

1

56.

Халыққа және азаматтық қорғау саласындағы мамандарға хабар беру, білімді насихаттау, оқыту (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 шілдедегі № 494 бұйрығы)

дәріс

1

57.

Азаматтық қорғау жөніндегі шартты белгілер мен белгілер. Топографиялық картаға жағдай жасау (Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 23 тамыздағы № 47 бұйрығы)

практикалық сабақ

1

58.

Соғыс уақытында зардап шеккендерге көмек көрсету

практикалық сабақ

1

59.

Соғыс уақытында зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсету

дәріс

1

60.

Халық пен жануарларды биологиялық қарудан қорғауды күшейту жөніндегі шаралар кешені

дәріс

1

61.

Тестілеуден өту

тест

2

      Ескертпе: азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдардың басшы құрамы мен қызметкерлерін оқытуға арналған оқу сағаттарының жалпы көлемі – 40 сағат, оның ішінде дәрістер, сыныптық-топтық және практикалық сабақтар – 38 сағат, тестілеу – 2 сағат. Сабақтардың тақырыптары білім алушылардың санатын ескере отырып қалыптастырылады.

3-тарау. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде оқуға жататын лауазымды тұлғаларды даярлаудың (қайта даярлаудың) оқу бағдарламасы 1-Параграф. Сабақ тақырыптарының тізбесі


р/с

Тақырыптар атауы

Оқу сабақтарының түрлері

Оқу сағаттарының саны

1

2

3

4

62.

Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі. Рөлі, негізгі міндеттері мен принциптері

дәріс

1

63.

Авариялық-құтқару қызметтері мен азаматтық қорғау құралымдары қызметінің құрамы, міндеттері мен негізгі қағидаттары

дәріс

1

64.

Азаматтық қорғау саласындағы заңнамалық актілер. Қазақстан Республикасында азаматтық қорғауды құрудың және оның жұмыс істеуінің негізгі міндеттері, ұйымдастырушылық принциптері

дәріс

1

65.

Облыс, қала аумағында болуы мүмкін авариялар мен апаттар және олардың халық пен шаруашылық объектілері үшін салдары

дәріс

1

66.

Жер сілкінісінің салдарын жою кезінде авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу

дәріс

1

67.

Халықты және шаруашылық объектілерін бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлардың салдарларынан қорғаудың негізгі тәсілдері. Инженерлік қорғау

дәріс

1

68.

Тыныс алу органдары мен теріні жеке қорғау құралдары

дәріс

1

69.

Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар кезінде эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастыру

дәріс

1

70.

Сейсмикалық қауіпті аймақта тұратын халықты қорғауды ұйымдастыру

сыныптық-топтық сабақ

1

71.

"Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының рөлі мен маңызы. Халықты күшті әсер ететін улы, радиоактивті заттар мен бактериялық заттардан қорғауды ұйымдастыру

дәріс

1

72.

Ауыл шаруашылығы жануарлары мен өсімдіктерін, ауыл шаруашылығы өндірісінің өнімдерін, суды және табиғи ортаны күшті әсер ететін улы, радиоактивті заттар мен бактериялық заттардан қорғау

дәріс

1

73.

Су тасқыны және селдер кезінде халықты қорғауды ұйымдастыру

семинар

1

74.

Өрт қауіпсіздігі. Негізгі ережелер

дәріс

1

75.

Газ шаруашылығы объектілеріндегі авариялар кезінде халықты қорғауды ұйымдастыру

дәріс

1

76.

Азаматтық қорғау күштері, құрамы және мақсаты

дәріс

1

77.

Азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау және тарту

дәріс

1

78.

Табиғи зілзалалардың, авариялар мен апаттардың зардаптарына төнген және оларды жою кезіндегі құралымдар командирлерінің іс-қимылдары

дәріс

1

79.

Радиациялық және химиялық барлау, дозиметриялық бақылау аспаптары

практикалық сабақ

1

80.

Радиациялық және химиялық бақылау бекетінің құрамы, міндеттері мен іс-әрекеттері

дәріс

1

81.

Облыстың, қаланың, ауданның төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясының жұмысын ұйымдастыру

дәріс

1

82.

Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің қызметін ұйымдастыру

дәріс

1

83.

Дүлей зілзалалардың, авариялар мен апаттардың салдарын жою кезіндегі басқару органдарының басшы құрамының іс-қимылдары

дәріс

1

84.

Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда азаматтық қорғау басқармасын ұйымдастыру негіздері

дәріс

1

85.

Төтенше жағдайлар қаупі төнген және туындаған кезде халықты байланыстыру, хабардар ету және хабардар етуді ұйымдастыру

сыныптық-топтық сабақ

1

86.

Азаматтық қорғау қызметтері дүлей зілзалалардың, авариялар мен апаттардың салдарын жою барысында авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз ету бойынша орындайтын іс-шаралар

дәріс

1

87.

Азаматтық қорғау қызметтерінің міндеттері

дәріс

1

88.

Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда шаруашылық жүргізу объектілері жұмысының орнықтылығын арттыру жолдары мен тәсілдері

дәріс

1

89.

Азаматтық қорғау жүйесін бейбіт жағдайдан әскери жағдайға ауыстыру және зақымдану ошақтарында авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезіндегі басшы құрамның іс-қимылдары

сыныптық-топтық сабақ

1

90.

Техниканы, мүлікті ішінара және толық арнайы өңдеуді және жеке құрамды санитарлық өңдеуді ұйымдастыру

практикалық
сабақ

1

91.

Күшті әсер ететін улы, радиоактивті заттармен және бактериялық құралдармен зақымдану кезінде, сондай-ақ қан кету, сыну, шығу, күйік, ұзақ қысу синдромы және басқа да жазатайым оқиғалар кезінде халыққа көмек көрсету

практикалық
сабақ

1

92.

Азаматтық қорғаныс іс-шараларын жоспарлау

дәріс

1

93.

Басшы құрамды, азаматтық қорғау құралымдарын дайындау және халықты төтенше жағдайларда іс-қимылдарға оқыту

дәріс

1

94.

Халыққа және азаматтық қорғау саласындағы мамандарға хабар беру, білімді насихаттау, оқыту (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 шілдедегі № 494 бұйрығы)

дәріс

1

95.

Төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлаудың, халықты оқытудың оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № 235 бұйрығы)

дәріс

1

96.

Азаматтық қорғау саласында оқу-жаттығулар мен жаттығуларды ұйымдастыру және өткізу

сыныптық-топтық сабақ

1

97.

Төтенше жағдайларда халықты моральдық-психологиялық даярлаудың негізгі бағыттары

дәріс

1

98.

Азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттауды ұйымдастыру

дәріс

1

99.

Азаматтық қорғауды қалыптастыруға кірмейтін жұмысшылармен және қызметшілермен ұсынылған тақырып бойынша сабақтар өткізуді ұйымдастыру

дәріс

1

100.

Азаматтық қорғаныс жоспарларының және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларының құрылымдары (Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 258 бұйрығы)

дәріс

1

101.

Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұны (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 24 қазандағы № 732 бұйрығы)

дәріс

1

102.

Су айдындарындағы қауіпсіздік (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 бұйрығы)

дәріс

1

103.

Адамдарды үйінділерден, қираған ғимараттардан іздеу, құтқару жолдары

практикалық
сабақ

1

104.

Азаматтық қорғау күштерін ұсыну маршруттарында, дүлей зілзалалар, авариялар, апаттар аудандарында және зақымдану ошақтарында барлау жүргізу кезінде барлау құралымы командирінің іс-қимылдары

дәріс

1

105.

Киімді, аумақты, техниканы, жабдықтар мен құрылыстарды зарарсыздандыру құралдары мен тәсілдері

практикалық
сабақ

1

106.

Күшті әсер ететін улы заттардың ошақтарын оқшаулау және бейтараптандыру

дәріс

1

107.

Техниканы, мүлікті ішінара және толық арнайы өңдеуді және жеке құрамды санитарлық өңдеуді ұйымдастыру

практикалық
сабақ

1

108.

Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, есепке алу, есептен шығару және кәдеге жарату (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 611 Бұйрығы)

дәріс

1

109.

Азаматтық қорғау құралымдарының жеке құрамын бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлардың салдарларынан қорғауды ұйымдастыру

дәріс

1

110.

Азаматтық қорғау күштерінің іс-шаралары мен іс-қимылдарын қамтамасыз ету

дәріс

1

111.

Құралымдардың жеке құрамын моральдық-психологиялық даярлау

дәріс

1

112.

Қорғаныс құрылыстарының арнайы жабдығы және оны пайдалануәрт

дәріс

1

113.

Бейбіт уақытта баспана ұстау

дәріс

1

114.

Өртті сөндіру тәсілдері мен әдістері

дәріс

1

115.

Авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезіндегі өртке қарсы құралым командирінің іс-қимылдары

дәріс

1

116.

Аварияларды оқшаулау және жою, коммуникация учаскелерін уақытша қалпына келтіру бойынша орындалатын жұмыстар

дәріс

1

117.

Авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезінде байланысты ұйымдастыру жөніндегі құралым командирінің іс-қимылы

дәріс

1

118.

Аумақты және мал шаруашылығы үй-жайларын залалсыздандыру, газсыздандыру, дезинсекциялау, дезинфекциялау және дератизациялау құралдары мен тәсілдері

практикалық
сабақ

1

119.

Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін қорғау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу

дәріс

1

120.

Өсімдік шаруашылығы өнімдерін қорғау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу

дәріс

1

121.

Авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезінде материалдық қамтамасыз етуді қалыптастыру командирінің іс-қимылы

дәріс

1

122.

Санитариялық жасақтың (бекеттің) басқа құралымдармен өзара іс-қимылын басқару және ұйымдастыру негіздері

дәріс

1

123.

Жұмыс учаскесінде (объектісінде) барлауды ұйымдастыру және жүргізу

дәріс

1

124.

Тестілеуден өту

тест

2

      Ескертпе: азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде оқуға жататын лауазымды тұлғалар үшін сабақтардың тақырыптары білім алушылардың санатын ескере отырып, оқу сағаттарының санына қарай қалыптастырылады.

2-Параграф. Оқу сағаттарының көлемі


р/с

Сабақ тақырыптарының атауы

Оқу сағаттарының саны

1

2

3

125.

Қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері

21

126.

Қалалардың, аудандардың (қалалық және ауылдық) төтенше жағдайлар комиссияларының мүшелері

21

127.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың эвакуациялық органдарының қызметкерлері

21

128.

Қалалық, аудандық эвакуациялық, эвакоқабылдау комиссияларының мүшелері

21

129.

Қалалық және аудандық әкімдіктердің лауазымды адамдары

21

130.

Азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жататын ұйымдардың басшылары

21

131.

Ұйымдардың, кәсіпорындардың, оқу орындарының басшылары және олардың орынбасарлары

16

132.

Азаматтық қорғаныс мәселелерімен айналысатын ұйымдардың, кәсіпорындардың және оқу орындарының мамандары (қызметкерлері)

16

133.

Азаматтық қорғау қызметтерінің мамандары

16

134.

Азаматтық қорғау құралымдарының командирлері (жасақтардың, буындардың және бекеттердің)

16

135.

"Дене шынықтыру", "Алғашқы әскери даярлық", "Тыныс-тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің негіздері" пәндері бойынша оқу мекемелерінің оқытушылары

16

136.

Мектепке дейінгі мекемелердің меңгерушілері

10

137.

Барлық типтегі жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарының сынып жетекшілері

10

138.

Азаматтық қорғау құралымдарына кірмейтін жұмысшылармен және қызметшілермен өткізілетін сабақ топтарының басшылары

16

139.

Сауықтыру еңбек және демалыс лагерьлерінің қызметкерлері

10

140.

Волонтерлық ұйымдардың (топтардың) басшылары мен үйлестірушілері

10

141.

Қауіпті өндірістік обьектілердің басшылары

16

142.

Қауіпті өндірістік обьектілердің мамандары

16

4-тарау. Жұмыс орны бойынша азаматтық қорғау құралымдарының жеке құрамын даярлаудың (қайта даярлаудың) оқу бағдарламасы

1-Параграф. Сабақ тақырыптарының тізімі


р/с

Тақырыптар атауы

Оқу сабақтарының түрлері

Оқу сағаттарының саны

1

2

3

4

143.

"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы. Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілері

дәріс

1

144.

Азаматтық қорғаудың негізгі міндеттері мен принциптері

дәріс

1

145.

Төтенше жағдайлардың жіктелуі. Ұйым аумағында болуы мүмкін төтенше жағдайлар

дәріс

1

146.

Байланыс, хабарлау және ақпараттық қамтамасыз ету жүйесі

дәріс

1

147.

Азаматтық қорғау саласындағы белгілеудің шартты белгілері, оларды тағайындау және олар бойынша іс-әрекеттер (Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 23 тамыздағы № 47 бұйрығы)

дәріс

1

148.

Азаматтық қорғаныс жоспарын және объектілік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеу және қолданысқа енгізу

дәріс

1

149.

Азаматтық қорғауды бейбіт жағдайдан әскери жағдайға ауыстыру

дәріс

1

150.

Әскери жанжалдарды жүргізу кезінде қызметкерлер мен объектілерді қорғау жөніндегі азаматтық қорғаныс іс-шаралары

дәріс

1

151.

Табиғи зілзалалар, авариялар, апаттар кезінде ұйымдағы ықтимал жағдайды бағалау

дәріс

1

152.

Рельефтің радиоактивті ластануы. Сәулелену дозалары туралы негізгі түсініктер. Әр түрлі беттер мен объектілердің ластануының рұқсат етілген деңгейлері

дәріс

1

153.

Дозиметриялық және химиялық бақылау

дәріс

1

154.

Химиялық, радиациялық, жарылыс және өрт қауіпті кәсіпорындарда өндірістік персонал мен материалдық-техникалық құралдарды қорғауды ұйымдастыру

дәріс

1

155.

Радиоактивті заттармен, бактериялық құралдармен және күшті әсер ететін улы заттармен жұқтыру кезінде азаматтық қорғау құралымдарының жеке құрамын арнайы өңдеуді ұйымдастыру

сынып-топтық сабақ

1

156.

Азаматтық қорғау құралымдары командирлерінің функционалдық міндеттері. Азаматтық қорғау құралымдарын әзірлікке келтіру

дәріс

1

157.

Табиғи зілзалалардың, авариялар мен апаттардың зардаптарына төнген және оларды жою кезіндегі құралымдар командирлерінің іс-қимылдары

дәріс

1

158.

Радиациялық және химиялық бақылау бекетінің құрамы, міндеттері мен іс-әрекеттері

дәріс

1

159.

Азаматтық қорғау қызметтері дүлей зілзалалардың, авариялар мен апаттардың салдарын жою барысында авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз ету бойынша орындайтын іс-шаралар

дәріс

1

160.

Басшы құрамды, азаматтық қорғау құралымдарын дайындау және халықты төтенше жағдайларда іс-қимылдарға оқыту

дәріс

1

161.

Азаматтық қорғау саласындағы халықты және мамандарды ақпараттандыру, білімді насихаттау, оқыту (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 шілдедегі № 494 бұйрығы)

дәріс

1

162.

Адамдарды үйінділерден, қираған ғимараттардан іздеу, құтқару жолдары

дәріс

1

163.

Азаматтық қорғау күштерін ұсыну маршруттарында, дүлей зілзалалар, авариялар, апаттар аудандарында және зақымдану ошақтарында барлау жүргізу кезінде барлау құралымы командирінің іс-қимылдары

дәріс

1

164.

Азаматтық қорғау құралымдарының жеке құрамын бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлардың салдарларынан қорғауды ұйымдастыру

дәріс

1

165.

Құрамалардың жеке құрамын моральдық-психологиялық даярлау

дәріс

1

166.

Авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезіндегі өртке қарсы құралым командирінің іс-қимылдары

дәріс

1

167.

Авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезінде байланысты ұйымдастыру жөніндегі құралым командирінің іс-қимылы

дәріс

1

168.

Аумақты және мал шаруашылығы үй-жайларын залалсыздандыру, газсыздандыру, дезинсекциялау, дезинфекциялау және дератизациялау құралдары мен тәсілдері

практикалық
сабақ

1

169.

Авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезінде материалдық қамтамасыз етуді қалыптастыру командирінің іс-қимылы

дәріс

1

170.

Санитариялық жасақтың (бекеттің) басқа құрамалармен өзара іс-қимылын басқару және ұйымдастыру негіздері

дәріс

1

171.

Жер сілкінісінің салдарын жою кезінде авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу

сынып-топтық сабақ

1

172.

Халықты және шаруашылық объектілерін бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлардың салдарларынан қорғаудың негізгі тәсілдері. Инженерлік қорғау

дәріс

1

173.

Тыныс алу органдары мен теріні жеке қорғау құралдары

дәріс

1

174.

Табиғи зілзалалардың, авариялар мен апаттардың салдарын жою бойынша авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу

сынып-топтық сабақ

1

175.

Жұмысшыларды, қызметшілерді және олардың отбасы мүшелерін эвакуациялау. Эвакуациялауды қауіпсіз аймақта қабылдау және орналастыру

дәріс

1

176.

Ұйымдардың қорғаныс құрылыстары

дәріс

1

177.

Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, есепке алу, есептен шығару және кәдеге жарату (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 611 бұйрығы)

дәріс

1

178.

Авариялық-құтқару қызметтері және азаматтық қорғауды қалыптастыру. Азаматтық қорғау қызметтері

дәріс

1

179.

Төтенше жағдайлар туындаған кезде азаматтық қорғау құралымдарын мақсаты бойынша іс-қимылдарға дайындауды ұйымдастыру

дәріс

1

180.

Азаматтық қорғау құралымдарының іс-қимылдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру

сынып-топтық сабақ

1

181.

Азаматтық қорғау құралымдарын әзірлікке келтіру кезіндегі жеке құрамның іс-әрекеттері

дәріс

1

182.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде азаматтық қорғау құралымдарының жеке құрамының іс-әрекеттері

дәріс

1

183.

Террористік акт қаупі төнген және туындаған кездегі басшы құрамның іс-әрекеттері

дәріс

1

184.

Химиялық қауіпті кәсіпорындағы авария кезінде азаматтық қорғау құралымдарының іс-әрекеттері

практикалық

1

185.

Су тасқыны кезінде қорғау іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу

дәріс

1

186.

Төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлаудың, халықты оқытудың оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № 235 бұйрығы)

дәріс

1

187.

Өндірісте және тұрмыста электр энергиясын, газды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары

сынып-топтық сабақ

1

188.

Авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу барысында жаралар, күйіктер, ұзақ қысу синдромы кезінде алғашқы көмек көрсету

практикалық

1

189.

Қазіргі заманғы зақымдау құралдарына, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға әсер ететін (бұзатын) факторлардың әсерінен азаматтық қорғаныс бойынша санатқа жатқызылған ұйымдардың бейбіт және соғыс уақытында жұмыс істеуінің орнықтылығын арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру

дәріс

1

190.

Тестілеуден өту

тест

2

      Ескертпе: жұмыс орны бойынша азаматтық қорғау құралымдарының жеке құрамын оқытуға арналған оқу сағаттарының жалпы көлемі – 40 сағат, оның ішінде дәрістер, сыныптық-топтық және практикалық сабақтар 38 сағат, тестілеу – 2 сағат.