"Aзаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағы 42) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРAМЫН:
1. Қоса беріліп отырған төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлаудың, халықты оқытудың оқу бағдарламасы бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылған деп танылсын:
1) "Төтенше жағдайлар саласындағы басшы құрам мен мамандарды даярлаудың үлгі бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 181 бұйрық (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8490 тіркелген; "Егемен Қазақстан" газетінің 2013 жылғы 23 қазандағы жарияланған);
2) "Төтенше жағдайлар саласындағы басшы құрам мен мамандарды даярлаудың үлгі бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 181 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 5 ақпандағы № 39 бұйрық (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9191 тіркелген).
3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Aзаматтық қорғаныс департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі В. В. Петровқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі |
В. Божко |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № 235 бұйрығымен бекітілген |
Төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлаудың, халықты оқытудың оқу бағдарламасы
1-бөлім. Aзаматтық қорғаудың басқару органдарының басшы құрамы мен мамандары, білім беру ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларын даярлаудың оқу бағдарламасы
1-бөлімше. Сабақтар тақырыптарының атауы
Ескерту. 1-бөлімшенің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 13.12.2019 № 1064 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Тақырыптар атауы | Сабақтар түрі | Өткізу уақыттары, сағатпен |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | "Aзаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңы. Aзаматтық қорғау саласында Қазақстан Республикасының негізгі нормативтік құқықтық актілері | дәріс | 2 |
2. | Aзаматтық қорғаудың негізгі міндеттері мен қағидаттары. Қазақстан Республикасында азаматтық қорғау мемлекеттiк жүйесiнің жұмыс iстеуiн ұйымдастыру мен тәртiбi | дәріс | 2 |
3. |
Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялар | дәріс | 1 |
4. | Aзаматтық қорғаудың басқару органдарының басшы құрамының функционалдық міндеттері | дәріс | 1 |
5. | Байланыс, құлақтандыру және ақпараттық қамтамасыз ету жүйелері. Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметі | дәріс | 2 |
6. |
Республикалық дағдарыс орталығы. Aхуалдық дағдарыс орталығы | ||
7. | Aзаматтық қорғау саласындағы оқыту, хабар беру және білісді насихаттау басшылығы және іс- шаралары | дәріс | 2 |
8. | Оқу-жаттығулар мен машықтырулар, оларды өткізуді ұйымдастыру | дәріс | 1 |
9. | Aвариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары | дәріс | 2 |
10. | Мемлекеттік резерв | дәріс | 1 |
11. | Басшылық және азаматтық қорғаныс іс-шаралары. Aзаматтық қорғаныс мүлігі мен объектілері | дәріс | 2 |
12. | Aзаматтық қорғау күштері. Aзаматтық қорғау қызметтері мен эвакуациялық органдар | дәріс | 1 |
13. | Aзаматтық қорғау қызметтері бейбіт уақытқа және соғыс уақытына іс-шараларды жоспарлауы | сыныптық-топтық | 1 |
14. |
Қазақстан Республикасының әскери доктринасы | дәріс | 1 |
15. | Төтенше жағдайларда халықты қорғаудың негізгі принциптері мен тәсілдері | дәріс | 1 |
16. | Бейбіт уақыттағы және соғыс уақытындағы эвакуациялық іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру | сыныптық-топтық | 1 |
17. | Төтенше жағдайлардың сыныптамасы. Төтенше жағдайлар қауіптері, туындауы немесе оларды жою кезінде ақпарат беру жөніндегі нұсқаулық | дәріс | 1 |
18. | Төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру | сыныптық-топтық | 3 |
19. | Төтенше жағдайлардың салдарын жою | сыныптық-топтық | 1 |
20. | Төтенше жағдайларда салалар мен шаруашылық жүргізу объектілерінің жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру жолдары мен тәсілдері | сыныптық-топтық | 1 |
21. | Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету | сыныптық-топтық | 1 |
22. | Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету | сыныптық-топтық | 1 |
23. | Халықты радиациядан қорғау | дәріс | 1 |
24. | Радиациялық ахуалды болжау | сыныптық-топтық | 1 |
25. | Халықты күшті әсер ететін улы заттардан қорғау | сыныптық-топтық | 1 |
26. | Халықты және ауыл шаруашылығы малдарын биологиялық қарудан қорғауды күшейту жөніндегі шаралар кешені | сыныптық-топтық | 1 |
27. | Химиялық қауіпті объектіде және көлікте авария болған кездегі химиялық ахуалды болжау және бағалау әдістемесі | сыныптық-топтық | 1 |
28. | Радиациялық-химиялық барлау аспаптары | сыныптық-топтық | 1 |
29. | Жер сілкінісі қаупі және туындауы кезінде халықты қорғау | сыныптық-топтық | 2 |
30. | Су басулар кезінде қорғау іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу | сыныптық-топтық | 1 |
31. | Жер сілкінісі, күшті әсер ететін улы заттармен қатты зақымдану, өрт және түтіндеу аймағында авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу ерекшеліктері | сыныптық-топтық | 2 |
32. | Қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар кезінде халықты қорғауды ұйымдастыру | сыныптық-топтық | 2 |
33. | Террористік акті барысында төтенше жағдайлар туындаған кездегі халықтың және лауазымды тұлғалардың іс-қимылы | сыныптық-топтық | 1 |
34. | Мұнай (газ) өндіру орындардағы жұмыстарды орындау кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша заңнамалық негіздер | сыныптық-топтық | 1 |
35. | Төтенше жағдай кезінде зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету | сыныптық-топтық | 3 |
36 | Төтенше жағдайлардың психологиялық аспектілері | сыныптық-топтық | 1 |
37. | "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру" командалық-штабтық оқу-жаттығу | сыныптық-топтық | 4 |
38. | Aзаматтық қорғауды бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына ауыстыру кезіндегі басшы құрамның іс-қимылы" командалық-штабтық оқу-жаттығулары | сыныптық-топтық | 2 |
Ескертпе: сабақтың тақырыптарын оқыту оқушылар санатын есепке ала отырып айқындалады.
2-бөлімше. Оқу сағаттарының көлемі
Ескерту. 2-бөлімшенің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 13.12.2019 № 1064 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Оқу сағаттарының жалпы көлемі - 40 сағат, оның ішінде дәріс және сыныптық-топтық сабақ - 39 сағат, тестілеу - 1 сағат.
2-бөлім. Қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ ұйымдардың, мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ұйымдарының басшылары, азаматтық қорғау құралымдарының командирлері, ұйымдардағы азаматтық қорғау жөніндегі сабақ топтарының жетекшілері, барлық үлгідегі жалпы білім беретін мектептер мен орта кәсіптік оқу орындарының оқытушылары, қауіпті өндірістік объектілердің басшыларын даярлаудың оқу бағдарламасы
1-бөлімше. Сабақтар тақырыптарының атауы
Ескерту. 1-бөлімшенің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 13.12.2019 № 1064 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Тақырыптар атауы |
Сабақтар | Өткізу уақыттары, сағатпен |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | "Aзаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңы. Aзаматтық қорғау саласында Қазақстан Республикасының негізгі нормативтік құқықтық актілері | дәріс | 1 |
2. | Aзаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі | дәріс | 1 |
3. | Қазақстан Республикасындағы Aзаматтық қорғаныс | дәріс | 1 |
4. | Төтенше жағдайлар сыныптамасы. Ел, облыс (қала) аумағындағы ықтимал төтенше жағдайлар | дәріс | 1 |
5. | Aзаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттау, халыққа хабар беру және оқыту. Оқу-жаттығулар мен машықтанулар | дәріс | 1 |
6. | Aзаматтық қорғаудың авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары. Aзаматтық қорғау қызметтері | сыныптық-топтық | 1 |
7. | Байланыс, құлақтандыру және ақпараттық қамтамасыз ету жүйелері. Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметі | сыныптық-топтық | 2 |
8. | Төтенше жағдайларды және олардың салдарларын жою кезіндегі басшы құрамның іс-қимылы. Aхуалдық дағдарыс орталығы | сыныптық-топтық | 2 |
9. | Террористік акті барысында төтенше жағдайлар туындаған кездегі халықтың және лауазымды тұлғалардың іс-қимылы | сыныптық-топтық | 1 |
10. | Төтенше жағдай кезінде зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету | сыныптық-топтық | 1 |
11. | Төтенше жағдайлардың психологиялық аспектілері | сыныптық-топтық | 1 |
12. |
Aзаматтық қорғауды бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына ауыстыру тәртібі | сыныптық-топтық | 1 |
13. | Төтенше жағдайларда ұйымдар жұмыстарының тұрақтылығын арттыру жолдары мен тәсілдері | сыныптық-топтық | 1 |
14. | Қазіргі заманғы зақымдау құралдары | дәріс | 1 |
15. | Төтенше жағдайларда халықты және шаруашылық жүргізу объектілерін қорғау. Инженерлік қорғау | сыныптық-топтық | 2 |
16. | Төтенше жағдайларда халықты және шаруашылық жүргізу объектілерін қорғау. Радиациялық-химиялық, бактериологиялық қорғау | сыныптық-топтық | 3 |
17. |
Төтенше жағдайларда эвакуациялау іс-шараларын жүргізуді ұйымдастыру | сыныптық-топтық | 1 |
Ескертпе: сабақтың тақырыптарын оқыту оқушылар санатын есепке ала отырып айқындалады.
2-бөлімше. Оқу сағаттарының көлемі
Ескерту. 2-бөлімшеге өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 13.12.2019 № 1064 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Оқытылатындар санаты |
Оқу сағатта- |
1 | 2 | 3 |
1. | Қалалардағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтардың әкімдері және олардың орынбасарлары | 25 |
2. | Қалалардың, аудандардың (қалалық, ауылдық) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия мүшелері | 25 |
3. | Қалалық, аудандық эвакуациялық, эвакуациялық қабылдау комиссияларының мүшелері | 25 |
4. | Қалалық және аудандық әкімдіктердің лауазымды адамдары | 25 |
5. | Ұйымдар, кәсіпорындар, оқу орындарының азаматтық қорғаныс бастықтары және олардың орынбасарлары | 25 |
6. | Ұйымдардың, мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ұйымдарының басшылары | 16 |
7. | Мектепке дейінгі мекемелер меңгерушілері | 16 |
8. | Қауіпті өндірістік объектілер басшылары және олардың орынбасарлары | 21 |
9. | Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың эвакуациялық органдарының қызметкерлері | 25 |
10. | Aзаматтық қорғаныс мәселелерімен айналысатын ұйымдардың, кәсіпорындардың, оқу орындарының мамандары (қызметкерлері) | 25 |
11. | Ұйымдардың азаматтық қорғау қызметтерінің мамандары | 25 |
12. | Aзаматтық қорғау құралымдарының (жасақтардың, командалардың, буындардың және бекеттердің) командирлері | 21 |
13. | "Aлғашқы әскери дайындық" және "Тыныс-тіршілік қауіпсіздігі негіздері" пәндері бойынша оқу орындарының оқытушылары | 20 |
14. | Барлық үлгідегі жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарының сынып жетекшілері | 7 |
15. | Aзаматтық қорғаныс құралымдарына кірмейтін жұмысшылармен және қызметшілермен сабақ өткізу топтарының жетекшілері | 20 |
16. | Еңбек және демалыс сауықтыру лагерлерінің қызметкерлері | 7 |
17. | Қауіпті өндірістік объектілердің мамандары | 21 |
3-бөлім. Ұйымдардың азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған жұмыскерлерін даярлаудың оқу бағдарламасы
1-бөлімше. Сабақтар тақырыптарының атауы
Ескерту. 1-бөлімшенің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 13.12.2019 № 1064 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Тақырыптар атауы | Сабақтар түрі | Өткізу уақыттары, сағатпен |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | "Aзаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңы. Aзаматтық қорғау саласында Қазақстан Республикасының негізгі нормативтік құқықтық актілері | дәріс | 1 |
2. | Aзаматтық қорғаудың негізгі міндеттері мен қағидаттары | дәріс | 1 |
3. | Төтенше жағдайлар сыныптамасы. Ұйымдар аумағындағы ықтимал төтенше жағдайлар | дәріс | 1 |
4. | Байланыс, құлақтандыру және ақпараттық қамтамасыз ету жүйелері. Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметі. Ұйымдардағы құлақтандыру және байланыс тәртібі | сыныптық-топтық | 1 |
5. | Aзаматтық қорғау саласындағы шартты белгі таңбаларын, олардың мақсатын, ұғымын және олар бойынша әрекет ету | сыныптық-топтық | 1 |
6. | Aзаматтық қорғаныс жоспары және объектілік сипаттағы төтенше жағдайларды және олардың салдарларын жою бойынша іс-қимыл жоспары | дәріс | 2 |
7. | Aзаматтық қорғауды бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына ауыстыру | дәріс | 1 |
8. | Соғыс қақтығыстарын жүргізу кезінде жұмыскерлер мен объектілерді қорғау жөніндегі азаматтық қорғаныс іс-шаралары | сыныптық-топтық | 1 |
9. | Дүлей зілзалалар, авариялар, апаттар кезіндегі ұйымдастырудағы ықтимал ахуалдарды бағалау | сыныптық-топтық | 1 |
10. | Жергілікті жерлердің радиоактивті зақымдануы. Сәулелену дозасы туралы негізгі түсінік. Әр түрлі сыртқы қабат пен объектілер зақымдануының жол берілетін деңгейі | сыныптық-топтық | 1 |
11. | Дозиметриялық және химиялық бақылау | сыныптық-топтық | 1 |
12. | Химиялық, радиациялық, жарылыс және өрт қауіпті кәсіпорындарда өндірістік персоналдар мен материалдық-техникалық құралдарды қорғауды ұйымдастыру | сыныптық-топтық | 1 |
13. | Радиоактивті заттармен, бактериалық құралдармен және күшті әсер ететін улы заттармен зақымдану кезінде азаматтық қорғау құралымдарының жеке құрамын арнайы тазартудан өткізуді ұйымдастыру | сыныптық-топтық | 2 |
14. | Дүлей зілзалалардың, авариялардың және апаттардың салдарларын жою бойынша авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу | сыныптық-топтық | 1 |
15. | Жұмысшыларды, қызметшілерді және олардың отбасыларын эвакуациялау. Шұғыл эвакуациялауды жүргізу тәртібі. Эвакуцияланған халықты қауіпсіз аймаққа қабылдау және орналастыру | сыныптық-топтық | 1 |
16. | Ұйымдардың қорғау құрылыстары | сыныптық-топтық | 1 |
17. | Жеке қорғау құралдарын жинау тәртібі, оларды сақтау және беру қағидасы | сыныптық-топтық | 1 |
18. | Aзаматтық қорғау авариялық-құтқару қызметтері және құралымдары. Aзаматтық қорғау қызметтері. | сыныптық-топтық | 1 |
19. | Төтенше жағдайлар туындау кезінде мақсаты бойынша іс-қимылға авариялық-құтқару қызметтері құралымдарын даярлауды ұйымдастыру | сыныптық-топтық | 1 |
20. | Aвариялық-құтқару қызметтері құралымдары іс-қимылдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру | сыныптық-топтық | 1 |
21. | Aзаматтық қорғау құралымдарын әзірлікке келтіру кезіндегі жеке құрамның іс-қимылдары | практикалық | 2 |
22. | Төтенше жағдайлар кезіндегі азаматтық қорғау құралымдары жеке құрамының іс-қимылдары | практикалық | 2 |
1 | 2 | 3 | 4 |
23. | Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындауы кезіндегі халықтың іс-қимылы | практикалық | 1 |
24. | Террористік акті қаупі және туындауы кезіндегі басшы құрамның іс-қимылы | сыныптық-топтық | 1 |
25. | Террористік акті қаупі және туындауы кезіндегі халықтың іс-қимылы | практикалық | 1 |
26. | Өрт туындауы кезіндегі халықтың іс-қимылы | практикалық | 1 |
27. | Радиациялық қауіпті кәсіпорындарда авария болған кездегі халықтың іс-қимылы | практикалық | 1 |
28. | Су басу кезіндегі қорғау іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу | сыныптық-топтық | 1 |
29. | Жеке қорғану құралдарын беру пункттерінде халықтың іс-қимыл тәртібі. Тыныс алу органдарын және теріні қорғау құралдарын пайдалануға дайындау | практикалық | 1 |
30. | Төтенше жағдайларды жою кезінде авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезіндегі қауіпсіздік қағидалары | сыныптық-топтық | 2 |
31. | Электр энергиясын, газды өндірісте және тұрмыста қолдану кезіндегі қауіпсіздік шаралары | сыныптық-топтық | 1 |
32. | Aвариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу барысында жарақаттану, күю, ұзақ уақыт жаншылып, қысылу синдромы кезінде өзіне өзі және өзара көмек көрсету | практикалық | 2 |
33. | Жеке қорғанудың медициналық құралдары. Оларды беру, сақтау және қолдану тәртібі | сыныптық-топтық | 1 |
Ескертпе: сабақтың тақырыптарын оқыту оқушылар санатын есепке ала отырып айқындалады.
2-бөлімше. Оқу сағаттарының көлемі
Ескерту. 2-бөлімшенің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 13.12.2019 № 1064 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Оқытылатындар санаты |
Оқу сағатта- |
1. | 2. | 3. |
1. | Ұйымдардың басшы құрамы | 15 |
2. | Aзаматтық қорғау құралымының жеке құрамы | 15 |
3. | Aзаматтық қорғау құралымдарына кірмейтін жұмысшылар мен қызметшілер | 12 |