Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) Қаржы полициясы академиясына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының 2014 жылғы 6 мамырдағы № 164 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 11 маусымда № 9495 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2021 жылғы 17 ақпандағы № 63 бұйрығымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 17.02.2021 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 9-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 қаулысымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) (бұдан әрі - Агенттік) Қаржы полициясы академиясына оқуға қабылдау қағидалары бекітілсін.

      2. Кадрлар басқармасы Қаржы полициясы академиямен бірлесіп осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Төраға

Р. Түсіпбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрі

      ___________ А. Сәрінжіпов

      2014 жылғы 6 мамыр



  Қазақстан Республикасы
Экономикалық қылмысқа және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес агенттігі (қаржы полициясы)
Төрағасының бұйрығымен бекітілген
2014 жылғы 6 мамырдағы № 164

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу
бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы
Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
агенттігінің (қаржы полициясының) Қаржы полициясы академиясына
оқуға қабылдау қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) Қаржы полициясы академиясына оқуға қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңына және Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 қаулысына сәйкес әзірленді және Қаржы полициясы академиясының (бұдан әрі – Академия) магистратурасына және докторантурасына үміткерлерді қабылдау тәртібін анықтайды.

      2. Академияның магистранттары мен докторанттарының контингентін қалыптастыру жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру арқылы жүзеге асырылады.

      3. Академияның магистратурасы мен докторантурасына оқуға үміткерлерді қабылдау түсу емтихандарының қорытындысы бойынша конкурстық негiзде жүзеге асырылады.

      4. Магистратураға және докторантурасына оқуға түсушілердің құжаттарын қабылдау жыл сайын 10 - 30 шiлде аралығында жүргiзiледi.

      Академияның магистратурасына және докторантурасына түсу емтихандары жыл сайын 10 - 20 тамыз аралығында, қабылдау 25 тамызға дейiн жүргiзiледi.

2. Қаржы полициясы академиясының магистратурасына және
докторантурасына оқуға қабылдау тәртiбi

      5. Академияның магистратурасына жоғары білім берудің кәсiптiк оқу бағдарламаларын меңгерген қаржы полициясы органдарының қызметкерлері қабылданады.

      6. Академияның докторантурасына "магистр" академиялық дәрежесі және қаржы полициясы органдарында үш жылдан кем емес қызмет өтілі бар қаржы полициясы органдарының қызметкерлері қабылданады.

      7. Үміткерлерді магистратураға және докторантурасына оқуға іріктеу үшін қаржы полициясы органдарында іріктеу комиссиясы құрылады.

      Іріктеу комиссиясы құрамы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (бұдан әрі-Агенттік) Төрағасының бұйрығымен, қаржы полициясы органдары бөлімшесі бастығының бұйрығымен бекітіледі.

      Іріктеу комиссиясы Төрағадан, жауапты хатшы мен комиссияның 4 мүшесінен құрылады.

      8. Іріктеу комиссиясы осы Қағидалардың 10, 11-тармақтарында, ұсынылған құжаттарды зерделейді және, олардың қабылдау шарттарына сәйкестігін анықтайды.

      9. Іріктеу комиссиясы жұмысының нәтижелері хаттамамен ресімделеді.

      10. Қаржы полициясы органдарының кадрлар қызметтері магистратурада оқуға үміткердің мынадай құжаттардан:

      1) қаржы полициясы органдары бөлімшелерінің басшыларымен алдын ала келісе отырып, Академия бастығының атына жазылған баянаттан;

      2) осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары (олар бар болған жағдайда) және жоғары білімі туралы құжаттардың көшірмелерінен;

      3) қызметтік мінездемеден;

      4) сауалнамадан осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес және еңбек өтілін расталған жұмыс орнынан анықтама немесе еңбек кітапшасының көшірмесі;

      5) 3х4 сантиметр мөлшеріндегі алты фотосуреттен;

      6) жеке куәлігінің көшірмесінен;

      7) анықтама-объективкадан;

      8) кадрлар бөлімшелерімен расталған ғылыми жұмыстарының тізімінен және жарияланымдардың көшірмелерінен (бар болған жағдайда);

      9) іріктеу комиссиясының қызметкер магистратураны тәмамдағаннан кейін оны тағайындау ұсынылатын лауазым көрсетілген оқуға жіберу туралы хаттамасының көшірмесінен тұратын жеке ісін Академияға жолдайды.

      11. Қаржы полициясы органдарының кадрлар қызметтері докторантурасында оқуға үміткердің мынадай құжаттардан:

      қаржы полициясы органдары бөлімшелерінің басшыларымен алдын ала келісе отырып, Академия бастығының атына жазылған баянаттан;

      2) осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары (олар бар болған жағдайда) және жоғары білімі туралы құжаттардың көшірмелерінен;

      3) қызметтік мінездемеден;

      4) сауалнамадан осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес және еңбек өтілін расталған жұмыс орнынан анықтама немесе еңбек кітапшасының көшірмесі;

      5) 3х4 сантиметр мөлшеріндегі алты фотосуреттен;

      6) жеке куәлігінің көшірмесінен;

      7) анықтама-объективкадан;

      8) кадр бөлімшесімен расталған ғылыми жұмыстарының тізімінен және жарияланымдар көшірмелерінен;

      9) болжанатын отандық және шетелдік ғылыми кеңесшімен осы Қағидаларға 2-қосымша нысанына сәйкес келісілген жоспарланатын диссертациялық зерттеу негіздемесінен;

      10) іріктеу комиссиясының қызметкер докторантурасын тәмамдағаннан кейін оны тағайындау ұсынылатын лауазым көрсетілген оқуға жіберу туралы хаттамасының көшірмесінен тұратын жеке ісін Академияға жолдайды.

      Магистратураға және докторантурасына үміткерлер қаржы полициясы органдарының кадрлар қызметтеріне осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен қатар, құжаттардың түпнұсқаларын салыстыру үшін қоса ұсынады. Салыстыру жүргізілген соң түпнұсқалар қайтарылады.

      12. Академияның магистратурасына және докторантурасына түсу емтихандарын өткізу кезеңінде қабылдау және емтихан комиссиясы құрылады.

      Қабылдау және емтихан комиссиясының құрамы Агенттік Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

      13. Қабылдау комиссиясы Төрағадан, жауапты хатшы мен комиссияның 7 мүшесінен құрылады.

      Қабылдау комиссиясы:

      1) оқуға түсуге үміткердің жеке ісін қарастырады;

      2) оқуға қабылдау сұрақтары бойынша өтініштер мен арыздарды қарастырады;

      3) оқуға түсуге үміткердің тізімді дайындайды;

      4) үміткерлерді оқуға қабылдау қорытындыларына талдау жүргізеді және осы жұмысты одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді;

      5) Академия магистранттары және докторанттары құрамына қабылдауды жүзеге асырады.

      14. Академия бастығы немесе оны алмастырушы тұлға қабылдау комиссиясының Төрағасы болып тағайындалады.

      Қабылдау комиссиясының Төрағасы қабылдау комиссиясының қызметіне басшылық етеді.

      15. Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы болып Академияда 5 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар Академия қызметкері тағайындалады.

      16. Қабылдау комиссиясының қызметі жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Қабылдау комиссиясының отырысы қабылдау комиссиясы төрағаның шешімі бойынша қажеттілігіне байланысты жүргізіледі және хаттамамен ресімделеді.

      17. Қабылдау комиссиясының шешімі хаттамамен ресімделеді және бекітілген құрамның кемінде үштен екісінің дауысының көпшілігімен қабылданады. Дауыстардың теңдігі кезінде төраға дауысы шешуші болып табылады.

      18. Емтихан комиссиясы мамандық бойынша емтиханды өткiзу үшін құрылады.

      Емтихан комиссиясы Төрағадан, комиссия хатшысынан, Агенттік өкілі мен екеуі ғылым докторлары болатын комиссияның үш мүшесінен құрылады.

      Академия бастығы емтихан комиссиясының төрағасы болып тағайындалады.

      Емтихан комиссия емтихандарды қабылдау нәтижелері бойынша хаттама жасайды, оған емтихан комиссиясының мүшелері қол қояды.

3. Қаржы полициясы академиясына түсу емтихандарын өткізу
тәртібі

      19. Академияның магистратурасы мен докторантурасына қабылданатын үміткерлер келесілер:

      1) бiр шет тiлi (ағылшын, француз, немiс);

      2) мамандығы бойынша түсу емтихандарын тапсырады.

      20. Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық стандарттарына сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар үміткерлер мынадай емтихандар:

      ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP – кемінде 460 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 87), (TOEFL, шекті балл - кемінде 560 балл), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл – кемінде 6.0);

      неміс тілі: Deutsche Sprachprьfung fur den Hochschulzugang (DSH, Niveau C1/С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (Niveau C1/С1 деңгейі);

      француз тілі: Test de Francais International™ (TFI – оқу және тындалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d'Etudes en Langue francaisе (DELF, В2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue francaisе (DALF, С1 деңгейі), Тest de connaissance du francais (TCF – кемінде 400 балл) бойынша шет тiлiнен магистратураға және PhD докторантураға түсу емтихандарын тапсырудан босатылады.

      21. Шет тiлдерi бойынша түсу емтихандарын Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнің Ұлттық тестiлеу орталығы жүргізеді.

      22. Магистратураға және докторантурасына оқуға түсетіндер үшін мамандығы бойынша емтихан ауызша билет түрінде өткізіледі.

      Магистратураға және докторантурасына түсетіндерге арналған емтихан билеттерінің сұрақтары алдындағы білім беру деңгейінің кәсіптік оқу бағдарламасы көлемінде құрастырылады.

      23. Түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етiлмейдi.

      24. Апелляциялық комиссия магистратураға және докторантураға түсуге үміткерлердің емтихан комиссиясының шешімімен келіспегені туралы өтініштерін қабылдау және қарастыру үшін құрылады.

      Апелляциялық комиссия төрағадан комиссияның үш мүшесінен тұрады. Комиссия құрамын қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді.

      25. Магистратураға және докторантурасына оқуға түсуге үміткер апелляцияға өтiнiшті апелляциялық комиссия төрағасының атына түсу емтиханының нәтижелерi жарияланғаннан кейiн келесi күнi сағат 13.00-ге дейiн береді және апелляциялық комиссия оны өтiнiш берген күннен бастап бiр күн iшiнде қарастырады.

      Апелляциялық комиссия әр үміткермен жеке тәртiпте жұмыс iстейдi. Үміткер апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда оның апелляцияға берген өтiнiшi қаралмайды.

      26. Апелляциялық комиссияның шешiмi комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады, дауыс берулер тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болады.

      Апелляциялық комиссия жауаптардың толықтығы мен дұрыстығын анықтаған жағдайда мамандығы бойынша емтихан нәтижелеріне апелляцияға берген адамға балдар қосу туралы шешім қабылдайды. Апелляциялық комиссияның жұмысы төраға және комиссияның барлық мүшелерi қол қоятын хаттамамен ресiмделедi.

4. Қаржы полициясы академиясының магистратурасына және
докторантурасына қабылдау тәртібі

      27. Академияның магистратурасына және докторантурасына түсу емтихандарының сомасы бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша бағаларды ауыстыру жүйесi бойынша 150 балдан кем емес ең жоғары балл жинаған үміткерлер қабылданады.

      Осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетiлген шет тiлiн (ағылшын, француз, немiс) меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар үміткерлерге бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша ең жоғары балл қосылады.

      28. Конкурстық балдардың көрсеткiштерi бiрдей болған жағдайда қабылдау кезiнде басым құқыққа мамандығы бойынша ең жоғары баға алған үміткер ие болады, егер мамандығы бойынша түсу емтихандарының көрсеткiштерi бiрдей болған жағдайда басым құқыққа шет тiлi бойынша ең жоғары баға алған үміткер ие болады. Одан кейін таңдалған мамандық бағытына сәйкес ғылыми жетістіктері ескерiледi: ғылыми жарияланымдар, оның ішінде рейтингік ғылыми журналдардағы жарияланымдар; ғылыми әзірлемелер туралы куәліктер; ғылыми стипендияларды, гранттарды беру туралы сертификаттар, ғылыми конференцияларға және конкурстарға қатысқаны үшін берілген грамоталар/дипломдар ескеріледі.

      29. Қабылдау комиссиясы хаттамасының шешімі негізінде Академия бастығы үміткерлерді оқуға қабылдау туралы бұйрықты шығарады, бұл бұйрық үміткерді Академия қарамағына магистратурада және докторантурасында оқу үшін біруақытта құжаттарын Академияға жолдай отырып, іссапарға жіберуге негіздеме болады.

      30. Академияның магистратураға және докторантурасына оқуға түскен қызметкерлермен осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген нысанға сәйкес Білім беру қызметтерін (магистратураға/докторантурасына) жүргізу бойынша келісім-шарт жасасады.

      31. Магистратураға және докторантурасына қабылданбаған үміткерлердің құжаттары жинақтау орындары бойынша қайтарылады.

      32. Қабылдау комиссиясы жұмыс аяқталған соң күнтiзбелiк он күн iшiнде Агенттікке қабылдау қорытындылары бойынша қорытынды есеп, сонымен қатар Академияның магистратурасына және докторантурасына қабылдау туралы бұйрықтардың көшiрмелерiн ұсынады.

      33. Осы Қағидалармен реттелмеген сұрақтарды қабылдау комиссиясы "Білім туралы"және "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес шешіледі.

  Жоғары оқу орнынан кейінгі білім
берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын
іске асыратын Қазақстан Республикасы
Экономикалық қылмысқа және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің
(қаржы полициясының) Қаржы полициясы
академиясына оқуға қабылдау қағидаларына
1-қосымша

САУАЛНАМА

      1. Тегі _________________________________________ Фотосуретке

      Аты _____________________________________________ арналған

      Әкесінің аты (бар болған жағдайда) ______________ орын

2. Егер тегіңізді, атыңызды не әкеңіздің атын өзгерткен болсаңыз, онда қашан, қандай себептермен өзгерткеніңізді көрсетіңіз


3. Туған жылы, күні, айы және орны (ауыл, деревня, қала, аудан, облыс, өлке, республика)


4. Азаматтығы (егер өзгерткен болсаңыз, қашан және қандай себептермен өзгерткеніңізді көрсетіңіз)


5. Білімі (қашан, қандай оқу мекемелерін бітірдіңіз, диплом нөмірі). Диплом бойынша мамандығыңыз. Диплом бойынша біліктілігіңіз.


6. Ғылыми дәрежеңіз, ғылыми атағыңыз (қашан берілген, диплом нөмірі)


7. Қандай шетел тілдерін және Қазақстан халықтарының тілдерін білесіз және түсінісе аласыз (еркін сөйлейсіз)


8. Сіз және сіздің туысқандарыңыз сотталған ба (қашан және не үшін)


9.Шетелде болдыңыз ба (қайда, қашан және қандай мақсатпен)



      10. Еңбек жолының басынан бастап атқарған жұмысыңыз (жоғары және орта оқу орындарындағы оқуды, әскери қызметті, қосымша жұмысты, кәсіпкерлік қызметті, т.с. қоса алғанда)*

Айы мен жылы

Лауазымы, ұйымды көрсетумен

Ұйымның орналасқан жері

Түскен

Шыққан






















      * Кәсіпорынды, мекемені және ұйымды кезіндегі атаулармен жазу қажет, әскери қызметті лауазымды және әскери бөлімше нөмірін көрсетумен жазу қажет.

      11. Сіздің жақын туысқандарыңыз (әке, шеше, ағалар, апалар, балалар), сондай-ақ зайыбыңыз (әйеліңіз) соның ішінде бұрынғылар

Туысқандық деңгейі

Тегі, аты, әкесінің аты**

Туған күні, жері

Жұмыс орны, лауазымы

Тұрғылықты жерінің мекенжайы
































      ** Егер туысқандарыңыз тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен болса, олардың бұрынғы тегін, атын, әкесінің атын көрсету қажет.

      12. Сізде немесе зайыбыңызда (әйеліңізде) шетелде тұрақты

      туысқандар барма (тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда),

      туған жылын, туысқандық деңгейін, тұрғылықты жерін, тұратын елін,

      олар шетелде қай уақыттан бері тұратындығын көрсетіңіз)

      13. Сізде шетелдік төлқұжат бар ма? ___________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (нөмірі, сериясы қашан және кім берген)

      14. Әскери қызметке қатысыңыз және әскери шеніңіз

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      15. Тұратын мекен-жайыңыз және телефон нөміріңіз

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      16. Төлқұжат __________________________________________________

      (номірі, сериясы, қашан және кім берген)

      17. Қосымша мәліметтер (мемлекеттік) наградалар, сайлау

      органдарына қатысуы, сондай-ақ ресімделуші өзі туралы хабарлағысы

      келетін басқа

      ақпарат______________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      "_____" ___________ 20__ жыл Қолы ____________

  Жоғары оқу орнынан кейінгі білім
берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын
іске асыратын Қазақстан Республикасы
Экономикалық қылмысқа және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің
(қаржы полициясының) Қаржы полициясы академиясына
оқуға қабылдау қағидаларына 2-қосымша

Жоспарланатын диссертациялық зерттеу бойынша негіздеме

      1. Аты, жөні және тегі (бар болған жағдайда), арнайы шені, оқуға үміткердің лауазымы;

      2. Аты, жөні және тегі (бар болған жағдайда), ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, лауазымы, болжамды отандық және шетел кеңесшісі жұмыс істейтін ЖОО;

      3. Жоспарланатын диссертациялық зерттеудің тақырыбы;

      4. Жоспарланатын диссертациялық зерттеу тақырыбының өзектілігі;

      5. Ғылыми мәселенің әзірлену деңгейі;

      6. Жоспарланатын диссертациялық зерттеудің мақсаты мен міндеттері;

      7. Жоспарланатын диссертациялық зерттеудің нысаны мен пәні;

      8. Жоспарланатын диссертациялық зерттеудің әдіснамасы;

      9. Диссертациялық зерттеуден күтілетін қорытындылар, олардың теориялық және тәжірибелік маңыздылығы. Оларды енгізу және апробациясының болжанатын бағыттары.

      Ескерту: Жоспарланған диссертациялық зерттеу бойынша негіздеме компьютерлік техника құралдарының көмегімен 14 Times New Roman шрифті өлшемімен бір жоларалық интервал арқылы басылады. Негіздеменің көлемі үш парақтан кем болмауы тиіс.

      ______________________________________________________________

      (оқуға үміткердің қолы, аты, жөні, тегі (бар болған жағдайда))

      "Келісілді"

      _________________________________

      (ғылыми кеңесшінің)

      ____________________________________________

      (қолы, аты, жөні, тегі(бар болған жағдайда))

  Жоғары оқу орнынан кейінгі білім
берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын
іске асыратын Қазақстан Республикасы
Экономикалық қылмысқа және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің
(қаржы полициясының) Қаржы полициясы академиясына
оқуға қабылдау қағидаларына 3-қосымша

Бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша бағаларды ауыстыру жүйесi

Бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша балдар

Бағалаудың 4 балдық шкаласы бойынша балдар

95-100

Өте жақсы (5)

90-94

85-89

Жақсы (4)

80-84

75-79

70-74

Қанағаттанарлық (3)

65-69

60-64

55-59

50-54

0-49

Қанағаттанарлықсыз (2)

  Жоғары оқу орнынан кейінгі білім
берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын
іске асыратын Қазақстан Республикасы
Экономикалық қылмысқа және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің
(қаржы полициясының) Қаржы полициясы
академиясына оқуға қабылдау қағидаларына
4-қосымша

Білім беру қызметтерін көрсетуге арналған
келісім-шарт(магистратура/докторантуpaсы)

      Астана қаласы 20 _____ жылғы "____"_______

      Осы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас

      жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) Қаржы

      полициясы академиясында Білім беру қызметтерін (магистрант/PhD

      докторант) көрсетуге арналған келісім-шарт Ақмола облысы Целиноград

      ауданының Қосшы кенті мекен-жайы бойынша орналасқан Қаржы полициясы

      академиясы (____ жылғы "____" ________№____ мемлекеттік тіркеу туралы

      куәлік, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі берген

      20___ жылғы "___" ________ сериясы ___ №_________________лицензия)

      бір жағынан, бұдан әрi "Қаржы полициясы академиясы" деп аталатын,

      Жарғы негiзiнде әрекет ететiн, Қаржы полициясы академиясы бастығының

      _____________________________________________________________________

      (арнайы атағы, аты, жөні, тегі, (бар болған жағдайда))

      атынан және екінші жағынан, _________________________________________

      бұдан әрі "магистрант/докторанты" деп аталатын,

      ______________________________________________________________

      (лауазымы, арнаулы атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған

      жағдайда))

      қаржы полициясы органының қызметкері, арасында жасалды.

      1. Қаржы полициясы академиясы жоғары оқу орнынан кейінгі білім

      берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес күндізгі

      оқыту нысаны бойынша магистратураның/докторантурасының білім беру

      бағдарламалары бойынша білім алушының оқуын ұйымдастыру бойынша

      міндеттерді өзіне алады.

      Мамандықтың шифры және атауы:__________________________________

      Мерзімі

      _____________________________________________________________________

2. Тараптардың құқықтары және міндеттері

      2. Қаржы полициясы академиясы:

      1) магистранттан/докторантынан осы Келісім-шартқа, Академияның ішкі тәртіп қағидаларына және Жарғысына сәйкес міндеттерін адал және тиісті түрде орындауды талап етуге;

      2) магистрантқа/докторантына оқу және жеке жоспарын орындамағаны үшін, Академияның Ішкі тәртіп қағидаларын және Жарғыны бұзғаны үшін оқудан шығаруға дейінгі тәртіптік ықпал ету шараларын қолдануға;

      Қаржы полициясы академиясы:

      1) мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес магистрантты/докторантын конкурстың қорытындылары бойынша қабылдауға;

      2) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сәйкес оқытуды қамтамасыз етуге;

      3) магистрантқа/докторантына оқуға жіберілгенге дейін атқарған соңғы штаттық лауазымы (уақытша атқарған емес) бойынша лауазымдық айлықақысының жетпіс пайызы мөлшерінде лауазымдық айлықақы төлеуге міндетті.

      4.Магистрант/докторанты:

      1) магистратураның/докторантурасының білім беру бағдарламасымен көзделген тапсырмаларды орындау мақсатында білім беру ұйымының материалдық-техникалық жарақтарын пайдалануға;

      2) ғылыми-зерттеу жұмыстарының барлық түрлеріне, конференцияларға, симпозиумдарға қатысуға, басылымдарға, оның ішінде білім беру ұйымының басылымдарына өзінің жұмыстарын ұсынуға;

      3) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу процесін ұйымдастыру мазмұнын, оқыту әдістемесін жетілдіру бойынша кез келген түрде (жазбаша, ауызша) енгізуге құқылы.

      5. Магистрант/докторанты:

      1) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының көлемінде білімді, іскерліктерді және практикалық дағдыларды меңгеруге;

      2) Академия басшысының бұйрықтары мен өкімдерін, Ішкі тәртіп қағидалары мен Жарғысын және осы Келісім-шарттың шарттарын сақтауға және орындауға;

      3) отбасы жағдайы, тұрғылықты орны, телефоны өзгерген жағдайда жоғарыда көрсетілген жағдайлар басталған сәттен бастап ол туралы үш жұмыс күні ішінде хабарлауға;

      4) оқуды аяқтаған соң құқық қорғау органдарында кемінде үш жыл қызмет етуге;

      5) магистратурада/докторантурасында білім алу кезеңінде:

      жеке оқу жоспарын;

      ғылыми-зерттеу/эксперименттік-зерттеу жұмысын (тақырыбы, зерттеу бағыты, есептілік мерзімі және нысаны);

      тәжірибені (бағдарлама, база, есептілік мерзімі және нысаны);

      негіздемесі мен құрылымы бар магистрлік/докторлық диссертациялар тақырыптарын;

      магистрлік/докторлық диссертацияларды орындау жоспарын;

      ғылыми жарияланымдар мен тағылымдамалар жоспарын;

      Академиямен бекітілген мерзімдерде жеке жоспардың орындалуы туралы есеп беруді;

      аралық аттестаттаудан өтуді;

      магистрлік/докторлық диссертацияларды даярлауды;

      диссертацияны сараптамалық кеңеске ұсынуды;

      қорытынды аттестаттаудан өтуді: кешенді емтихан тапсыруды, магистрлік/докторлық диссертацияны қорғауды қамтитын жеке жұмыс жоспарын орындауға міндетті.

3. Тараптардың жауапкершілігі

      6. Келісім-шарттың 4-тармағын орындамағаны үшін магистрант/ докторанты өзінің білім алуымен байланысты республикалық бюджет шығыстарын өтеуге міндетті.

      7.Тараптар өзінің міндеттерін осы Келісім-шартта көзделмеген жағдайларды орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      8. Магистрант/докторанты оқудан шығып кеткен не ауысқан жағдайда мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алу құқығынан айырылады.

4. Дауларды шешу тәртібі

      9. Тараптар осы Келісім-шартты орындау процесінде туындайтын келіспеушіліктерді және дауларды өзара қолайлы шешімдерге келуі мақсатында тікелей қарайды.

      10. Тараптар келіссөздер, өзара қолайлы шешімдер жасау арқылы шешілмеген мәселелерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес немесе сот тәртібінде шешеді.

5. Шарттың қолданылу мерзімі, талаптарын өзгерту және
оны бұзу тәртібі

      11. Осы Келісім-шарт оған тараптар қол қойған күнінен бастап күшіне енеді және оқуды аяқтағаннан кейін құқық қорғау органдарында үш жыл қызмет атқарғаннан соң өзінің қолданылуын тоқтатады.

      12. Осы Келісім-шарттың шарттары тараптардың өзара жазбаша келісімдері бойынша өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін.

      13. Осы Келісім-шарт бірдей заңды күші бар екі данада қазақ/орыс тілдерінде жасалады. Бір данасы Академияда қалады, 2-данасы магистранттың/докторантының жеке ісіне тігіледі.

магистрант/докторанты:

Қаржы полициясы академиясы:

ТАӘ ____________________________

________________________________

Жеке куәлігі № _________________

ЖСН ____________________________

Мекен-жайы _____________________

________________________________

Телефоны _______________________

Электрондық поштасы ____________

магистрант/докторанты __________

қолы _________

Академия бастығы _____________

Ақмола облысы

Целиноград ауданы

Қосшы кенті

СТН 031200002761

ЖСК KZ92070101KSN0000000

БСК KKMFKZ2A

БСН 980640001418