Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 23-2)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 22.11.2016 № 609 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен1. Қоса беріліп отырған Біліктілік емтиханын өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ә.С. Жұмаділдаев) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Орынбасарының - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 191 бұйрығымен бекітілген |
Біліктілік емтиханын өткізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Бұл Біліктілік емтиханын өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 15-бабы 23-2)-тармақшасына сәйкес әзірленген және біліктілік емтиханын өткізу тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 22.11.2016 № 609 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Біліктілік емтиханды тапсыру өтініш берушінің хабарламасын уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылар қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар хабарламаларының тізіліміне енгізу үшін негіз болып табылады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 07.06.2018 № 585 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылар қызметін жүзеге асыруға үміткер (бұдан әрі – үміткер) тұлға біліктілік емтиханды тапсыру туралы өтінішті (бұдан әрі - өтініш), біліктілік емтиханды өткізу комиссиясына (бұдан әрі – Комиссия), біліктілік емтиханын тапсыру тілін (қазақ немесе орыс) көрсете отырып, мынадай тәсілдердің бірімен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – Комитеті) кеңсесі арқылы;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы;
3) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы жолдайды.
Өтінішке мынадай құжаттар:
Комитеттің кеңсесіне немесе Мемлекеттік корпорацияға:
1) жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін - Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаты;
2) салыстыру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, жоғары заң немесе экономикалық білімі туралы дипломның көшірмесі немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3) салыстыру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып, экономикалық, қаржы немесе заң саласындағы қызметте кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі;
4) оларды ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын, тұрғылықты жері бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлер берген медициналық анықтаманы не нотариалды куәландырылған көшірмесі;
электрондық цифрлық қолтаңба болған кезде веб-порталға:
1) жоғары заң немесе экономикалық білім туралы дипломның электрондық көшірмесі;
2) экономикалық, қаржы немесе заң саласындағы қызметте кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
3) оларды ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын тұрғылықты жері бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлер берген медициналық анықтамалардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 07.06.2018 № 585 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-1. Біліктілік емтиханды ұйымдастыру және қабылдау Комиссиямен жүзеге асырылады.
Комиссия құрамы Комитет төрағасының бұйрығымен бекітіледі.
Ескерту. Қағида 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 16.02.2015 № 93 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Алып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 16.02.2015 № 93 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Алып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 16.02.2015 № 93 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6. Комиссия төраға мен алты мүшеден - екі әкімшіден, Комитеттің бес өкілінен тұратын тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.
Әкімшілердің кандидатураларын дәрменсіз борышкердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың кәсіптік бірлестіктері (бұдан әрі - кәсіптік бірлестік) бір жылдан аспайтын мерзімге анықтайды және Комиссия құрамына енгізу үшін ұсынады.
Кәсіптік бірлестік сайлаған кандидаттардың оңалту және банкроттық саласында кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі болуы тиіс.
Комиссия құрамына енгізу үшін ұсынылатын кандидаттар туралы мәліметтер жыл сайын 15 қаңтардан кешіктірілмей мынадай ақпараттарды көрсете отырып, Комитетке жіберіледі:
кандидатты сайлаған кәсіптік бірлестіктің атауы;
кәсіптік бірлестіктің сандық құрамы;
кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және оның оңалту және банкроттық саласындағы жұмыс тәжірибесі.
Комитетке кәсіптік бірлестіктер сайлаған кандидат ретінде екеуден артық кандидат түскен жағдайда, Комиссия құрамына оңалту және банкроттық саласында жұмыс тәжірибесі көп әкімшілер енгізіледі. Жұмыс өтілі тең болған жағдайда мүшелері көп кәсіптік бірлестік сайлаған кандидат енгізіледі.
Комитет өкілдері, оңалту және банкроттық мәселелерін жетекшілік ететін Салық комитеті төрағасы орынбасарының ұсынысы негізінде комиссия құрамына енгізіледі.
Егер комиссия мүшелерінің кемінде үшеуі қатысса комиссия отырысы заңды болып табылады.
Комиссия қызметін ұйымдастыру үшін Комитет қызметкерлері санынан Комиссия хатшысы тағайындалады.
Комиссия хатшысы Комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады және отырыс хаттамаларын ресімдейді. Хатшы Комиссия мүшесіне жатпайды.
Егер Комиссия мүшесі емтихан тапсырушы тұлғаның жақын туысы болып табылатын болса Комиссия мүшесі отырысқа қатыса алмайды және бас тартуға (өздігінен бас тартуға) жатады.
Комиссия құрамынан өздігінен бас тартпау дерегі анықталған жағдайда, Комиссия мүшесі Комиссия құрамынан шығарылып, шығарылған күннен бастап бір жыл ішінде кіргізілмейді.
Комиссия мүшесінің және (немесе) емтихан тапсырушы тұлғаның себептерді көрсете отырып, бас тартуы және өздігінен бас тартуы отырыстың басталуына дейін, сонымен бірге отырыс барысында мәлімделеді.
Бас тарту (өздігінен бас тарту) туралы шешім Комиссия мүшелерінің көп дауысымен жазбаша нысанда қабылданады.
Комиссия мүшелерінің дауыстар саны тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Комиссия хатшысының дауыс беру құқығы жоқ.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 16.02.2015 № 93 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Алып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 16.02.2015 № 93 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Біліктілік емтиханды өткізу
8. Біліктілік емтиханына жіберілген үміткерді оның өту күніне дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей біліктілік емтиханының күні, уақыты мен орнын көрсете отырып, Комитет хабардар етеді.
Мыналар:
1) өтінішті беру кезінде олар көрсеткен пошталық мекенжайға жолданған жазбаша хабарлама;
2) веб-портал арқылы жолданған хабарлама үміткерді тиісінше хабардар ету болып танылады.
Біліктілік емтиханына жіберілген үміткерлердің тізімі, біліктілік емтиханын өткізу күніне дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, оны өткізу күні, уақыты мен орны көрсетіле отырып, Комитеттің интернет-ресурсында орналастырылады.
Біліктілік емтиханына келген кезде үміткер оның жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатты көрсетеді.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 07.06.2018 № 585 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Біліктілік емтиханы қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.
10. Біліктілік емтиханы бір күн ішінде екі кезеңде өтеді:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне компьютерлік тест тапсыру;
2) үміткердің емтихан билеттері бойынша білімін тексеру.
Тестілік сұрақтар мен емтихан билеттері тізілімі Комиссия шешімімен бекітіледі және қажеттілігіне қарай жаңаланады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 16.02.2015 № 93 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Біліктілік емтиханын өткізу алдында Комиссия үміткерді біліктілік емтиханының өту тәртібі туралы хабарландырады.
12. Тестілік сұрақтардың мазмұны жалпы заң нормалары, оңалту және банкроттық туралы заңнама нормалары, оңалту және банкроттық рәсімдерді жүргізуге байланысты өзге де аралас салалар білімін болжайды. Сұрақтардың жауаптарының кемінде үш нұсқасы болуы тиіс.
Тестілеу компьютер техникасын пайдалана отырып өткізіледі. Тестілеуде сұрақтар саны елуден аспайды. Тестілеу үшін бөлінген уақыт қырық минутты құрайды.
Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 16.02.2015 № 93 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Тестілеудің дұрыс жауаптарын есептеу қолданылатын компьютерлік бағдарламаның көмегімен автоматты түрде жүргізіледі. Тестілеу нәтижелері принтерде екі данада басылып шығарылады, Комиссия хатшысымен бұрыштама қойылады және үміткерге жеке қол қойдыру арқылы танысу үшін ұсынылады.
Тестілеу нәтижесінің бір данасы үміткерге табыс етіледі, екіншісі Комиссияға беріледі.
14. Егер дұрыс жауаптардың саны ұсынылған сұрақтардың жалпы санының 70 және одан көп пайызын құраса, үміткер тестілеуден өтті деп саналады және екінші кезеңге жіберіледі.
Тестілеу нәтижелері бойынша екінші кезеңге жіберілмеген үміткер біліктілік емтиханынан өтпеді деп есептеледі.
15. Емтихан билеттері әкімші қызметін жүзеге асыру үшін білуді қажет ететін үш теориялық сұрақтан және бір тәжірибелік тапсырмадан тұрады.
16. Емтихан билеттерінің сұрақтарына жауаптар дайындауға 30 минут беріледі. Емтихан билеттерінің сұрақтарына үміткердің ауызша жауаптарының дұрыстығын Комиссия мүшелері бес балдық жүйе бойынша бағалайды.
Комиссияның әрбір мүшесі басқалардан тәуелсіз үміткердің жауаптарын бағалайды.
Комиссия хатшысы екінші кезеңнің қорытындылары бойынша Комиссия мүшелері шығарған нәтижелерді есептейді және жалпы орташа балды шығарады.
Комиссия мүшелерінің бағалары, сондай-ақ үміткердің емтихан билетінің сұрақтары бойынша жинаған жалпы орташа балы Комиссияның хаттамасында көрсетіледі.
Егер жалпы орташа балл кемінде төрт балды құраса, үміткер аттестаттаудан өтті деп саналады.
Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 16.02.2015 № 93 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Біліктілік емтихан кезінде үміткерлерге басқа адамдармен сөйлесуге, материалдармен алмасуға, қағаз және электрондық тасығыштардағы ақпаратты пайдалануға, бөлмеден шығуға тыйым салынады. Тестіден өтуші адамдардың қабылдайтын – жіберетін электрондық құрылғылары (оның ішінде қалта дербес компьютерлері мен өзге де электрондық жабдықтар) тестілеу кезінде сөндіріледі.
Аталған талаптарды бұзған жағдайда үміткер Комиссия шешімі бойынша біліктілік емтиханынан шығарылады.
Біліктілік емтиханынан шеттетілген үміткер, осы Ереженің 3-тармағымен көзделген тәртіпте шешім шығарылған күннен бастап алты ай өткеннен кейін, өтінішті қайта бере алады.
Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 07.06.2018 № 585 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Тестілеу және (немесе) емтихан сұрақтарына жауап беру нәтижелері бойынша Комиссия біліктілік емтиханын тапсырғаны (тапсырмағаны) туралы дәлелді шешім шығарады.
Біліктілік емтиханының нәтижелері біліктілік емтиханы өткен күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей веб-порталға орналастырылады.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 07.06.2018 № 585 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. Комиссияның біліктілік емтиханын тапсырғаны туралы шешімі уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылар қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар хабарламаларының тізіліміне хабарлама беру үшін негіздеме болып табылады.
Комиссияның біліктілік емтиханын тапсырғаны туралы шешімі біліктілік емтиханы өткен күннен бастап бір жылға жарамды.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 07.06.2018 № 585 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. Біліктілік емтиханынан өтпеген адам, нәтижесі бойынша біліктілік емтиханынан өтпеді деп таныған адам, біліктілік емтиханы өткен күнінен бастап үш айдан кейін оны қайта тапсыра алады.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 07.06.2018 № 585 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.21. Біліктілік емтиханының барысы хаттама түрінде ресімделеді, сондай-ақ жазу техникалық құралдарының көмегімен тіркеледі.
Хаттамада: отырыс өтетін күні, уақыты мен орны, үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), тестілеу нәтижесі, емтихан билетінің нөмірі мен мазмұны, үміткердің жауаптары, емтихан сұрақтары бойынша Комиссия мүшелері берген балл және жалпы орташа бал, сондай-ақ Комиссия шешімі көрсетіледі, хаттамаға Комиссия мүшелерінің барлығы қол қояды.
22. Үміткер келмеген жағдайда оның өтінішін Комитет:
1) табыс етілген құжаттармен бірге, өтінішті беру кезінде олар көрсеткен пошталық мекенжайға;
2) веб-портал арқылы қайтарылады.
Өтініш біліктілік емтиханы өткен күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірілмей қайтарылады.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 07.06.2018 № 585 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Біліктілік емтиханды өткізу қағидаларына қосымша |
Біліктілік емтиханын тапсырғаны (тапсырмағаны) туралы
Комиссия шешімі
Ескерту. Қосымша алып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 16.02.2015 № 93 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.