"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 9-бабының 1-тармағына сәйкес, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 шілдедегі Заңының 7-бабы 3-тармағының 5) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламаларын қысқартылған мерзімде іске асыратын Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің қаржы полициясының) Қаржы полициясы академиясына оқуға түсетін адамдармен келісімшарт жасасу, өзгерту, бұзу және тоқтату қағидалары бекітілсін.
2. Қаржы полициясы академиясы Агенттіктің Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаментімен бірлесе отырып, осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға | Р. Түсіпбеков |
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының 2014 жылғы 8 сәуірдегі № 133 бұйрығы бекітілген |
Жоғары білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын қысқартылған
мерзімде іске асыратын Қазақстан Республикасы Экономикалық
қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі
(қаржы полициясы) Қаржы полициясы академиясына оқуға түсуші
адамдармен келісім-шартқа отыру, өзгерту, бұзу және тоқтату
қағидасы
1. Жалпы ережелер
Осы Жоғары білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын қысқартылған мерзімде іске асыратын Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) (бұдан әрі - Агенттік) Қаржы полициясы академиясына (бұдан әрі - Академия) оқуға түсуші адамдармен келісім-шартқа отыру, өзгерту, бұзу және тоқтату қағидасы (бұдан әрі - Қағида) "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" 2002 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес әзірленді және жоғары білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын қысқартылған мерзімде іске асыратын Академияға түсуші адамдармен келісім-шартқа отыру, бұзу және тоқтату тәртібін белгілейді.
2. Академияға оқуға түсуші адамдар осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша Академияда оқу мерзіміне және сонымен бірге Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарында Академияда оқуын бітірген соң орта және аға басшы құрам лауазымдарында күнтізбелік есеппен бес жыл қызмет өткеру туралы келісім-шартқа отырады.
3. Келісім-шартта тараптардың (оқуға түсші адамдар мен құқық қорғау органның лауазымды адам) өзара міндеттемелері мен жауапкершіліктері белгіленеді, сондай-ақ Академияда оқуды бітірген соң құқық қорғау органдарында одан әрі қызмет өткеру шарты мен мерзімін қарастырады.
4. Келісім-шартқа мандаттық комиссияның Академияға оқуға қабылдау туралы шешімі шығарып, оқуға қабылдау туралы бұйрық шығарылған отырады.
Келісім-шарт жазбаша түрде құрастырылады, курсант (тыңдаушы) және Академия бастығы қол қояды. Келісім-шарт екі данада мемлекеттік және орыс тілдерінде ресімделеді, олардың бірі жеке іске жинақталады, ал екіншісі курсантқа (тыңдаушыға) беріледі. Әрбір келісім-шарттың заңды күші бар.
5. Келісім-шарттың қолданысқа енгізілуінің күнтізбелік мерзімі оған Академия бастығы қол қойған күннен болып табылады, келісім-шарт қолданысы мерзімінің аяқталуы келісім-шарт мәтінінде көрсетілген мерзім болып табылады.
Келісім-шарт тараптардың келісімі бойынша өзгертілуі мүмкін.
6. Академияда оқытудың қысқартылған түрін аяқтаған адамдар құқық қорғау органдарында бес жыл кем емес мерзім қызмет өткереді.
7. Келісім-шарт:
1) әскери-дәрігерлік комиссияның тыңдаушыны (курсантты), қызметкерді денсаулық жағдайы бойынша қызметке жарамсыз немесе шекті түрде жарамды деп таныған;
2) өз еркі бойынша;
3) оқу орнын аяқтаған соң 5 жыл ішінде қызметкердің құқық қорғау органдарында қызмет өткеруден бас тартқан;
4) өзге мемлекеттік орган және ұйымдарға белгіленген тәртіпте ауысқан;
5) оқу үлгерімі нашар болған жағдайда;
6) әскери тәртіпті өрескел бұзғаны үшін;
7) құқық қорғау органдарына кір келтіретін теріс қылықтар жасағаны үшін;
8) соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгенде немесе ақталмау негіздері бойынша қылмыстық іс қысқартылған жағдайда мерзімінен бұрын бұзылады.
8. Келісім-шартты мерзімінен бұрын бұзған курсанттар (тыңдаушылар) арнайы есептен шығарылады және Академияның кадрлар бөлімшесі әскери есепке қою, белгіленген тәртіпте әскерге шақыру үшін тұрғылықты жері бойынша әскери органға жолдайды.
Осы қағидалардың 7-тармағы 1 азат жолынан басқа келісім-шартты мерзімінен бұрын бұзған курсанттар (тыңдаушылар) олардың оқу кезеңінде стипендия төлеу, тамақтану, заттай үлесіне жұмсалған бюджеттік қаражаттарды мемлекетке қайтаруға міндетті. Ұстауға жататын сома Академияда болған әр толық айға тең есептеледі.
9.Оқудан шығарылған Академия курсанттарынан (тыңдаушыларынан) бюджеттік қаражаттарды мемлекет пайдасына қайтаруын Академия жүзеге асырады.
Жұмыстан шығарылған қызметкерлерден бюджеттік қаражаттарды мемлекет пайдасына қайтаруын Академия қаржы полициясы органдарының аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп жүзеге асырады.
10. Келісім-шарттың қолданысы оның мерзімі аяқталған күні, сондай-ақ келісім-шартта көрсетілген барлық міндеттемелерді орындау кезінде тоқтатылады.
Нысан
Жоғары білім берудің кәсіби, оқу бағдарламаларын қысқартылған
мерзімде іске асыратын Қазақстан Республикасы Экономикалық
қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі
(қаржы полициясы) Қаржы полициясы академиясында мамандарды
даярлауға арналған келісім-шарт
1. Жалпы ережелер
Осы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Қаржы полициясы
академиясында мамандар даярлауға арналған келісім-шарт (бұдан әрі -
келісім-шарт) Академия мен
_____________________________________________________________________
(оқу орын, - заңды тұлға толық атауы және оның орналасқан жері)
_____________________________________________________________ атынан
(заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу нөмірі және мерзімі)
_____________________________________________________________________
(лауазымы, арнайы (әскери) атағы, аты-жөні,)
екінші жағынан ______________________________________ мекенжайында
тұратын оқуға түскен тыңдаушы (курсант)
_____________________________________________________________________
(тыңдаушының (курсанттың) Т.А.Ә.)
№ _____________________________ "____" _____________________________
(жеке куәліктің нөмірі) (берілген уақыты)
ЖСН _____________________________ арасында жасалды.
1. Академия тыңдаушыға (курсантқа) ____________________________
__________________________ мерзім ішінде ____________________________
(мамандықтың атауы мен шифрі, оқыту нысаны)
______________________________________ бойынша білім алуына қажетті
жағдайлар жасайды.
Оқыту мерзімі____________________________________________ басталады.
2. Академияның құқықтары және міндеттері
2. Академияның құқығы бар:
1) заңнамада белгіленген тәртіпте осы келісім-шартты өзгертуге және бұзуға;
2) өз құзыреті шегінде актілер шығаруға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіпте тыңдаушыны (курсантты) көтермелеуге, оны тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тартуға;
4) тыңдаушының (курсанттың) оқу кезеңінде Академия мүлкіне келтірген залалды төлетуге;
5) осы Қағиданың 6 тармағына сәйкес келісім-шартты мерзімінен бұрын бұзуға.
3. Академия міндетті:
1) тыңдаушыны (курсантты) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білім алу жағдайларымен қамтамасыз етуге;
2) тыңдаушыға (курсантқа) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген ай сайын оған тиесілі ақшалай төлем (стипендия) төлеуге;
3) тыңдаушыны (курсантты) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тиесілік нормалары бойынша нысанды және арнайы киім-кешекпен тегін қамтамасыз етуге;
4) нормативтік актілермен белгіленген оқу жағдайларын жасауға және тыңдаушыны (курсантты) қажетті жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етуге;
5) тыңдаушыға (курсантқа) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес каникулдық демалыс және басқа түрлі демалыс беруге;
6) тыңдаушыны (курсантты) заңнамада белгіленген тәртіппен медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз етуге;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда тыңдаушыға (курсантқа) қызметтік міндеттерін орындаумен байланысты келтірілген зиянды өтеуге;
8) жеке ісінің, әскери билетінің (тіркеу куәлігінің), сондай-ақ еңбек кітапшасының сақталуын қамтамасыз етуге және оған қажетті жазбалар енгізуге;
9) тыңдаушының (курсанттың) жеке ісіне оның оқуына жұмсалған шығын туралы анықтаманы тіркеуге;
10) тыңдаушыны (курсантты) комиссияның шешімі бойынша одан әрі қызметін өтеуге үшін аумақтық қаржы полициясы органдарына жіберуге.
3. Тыңдаушының (курсанттың) құқықтары мен міндеттері
4. Тыңдаушы (курсант)құқығы бар:
1) осы келісім-шартты заңнамада белгіленген тәртіппен өзгертуге және бұзуға;
2)қолданыстағы заңнамаға сәйкес ақшалай қаражатты төлеуге;
3) қауіпсіздік және гигиена талаптарына жауап беретін оқыту, тұру және медициналық қамтамасыз ету жағдайларына;
4) қызметтік міндеттерін орындаумен байланысты денсаулығына келтірілген зиянның өтелуіне;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген кепілдіктермен өтемақыларды ұсынылуына;
6) ұзақтығы "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының заңында және өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген демалыс алуға;
7) белгіленген мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес кәсіби білім алуға;
8) оқу процесі, тәрбие және мәдени-ағартушылық жұмыстарды жетілдіру, оқу үлгерімі, тәртібі және тұрмысын жақсарту мәселелерін шешуге қатысуға.
5. Тыңдаушы (курсант)міндетті:
1) осы келісім-шартта көрсетілген кәсіби қызметтің барлық түрлерін дұрыс меңгеруге;
2) қызметтік, әскери тәртіпті сақтауға;
3) оқу процесінде мүліктік залал келтіруге жол бермеуге;
4) еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі ережелері мен санитарлық-гигиеналық нормалардың талаптарын орындауға;
5) оқу процесі барысында алған және заңмен қорғалатын қызметтік және өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жарияламауға;
6) адамдардың өмірі мен денсаулығына, Академия мен білім алушылар мүліктерінің сақталуына қауіп төндіретін жағдайлардың туындауы туралы хабарлауға;
7) отбасы жағдайы өзгергенде, өзі немесе жақын туысқандары қылмыстық жауапкершілікке тартылғанда, олардың біреуі шетелге кеткен жағдайларда бұл туралы үш күн мерзім ішінде баянат арқылы тікелей бастығына баяндауға;
8) Академияның бітірушілерін дербес бөлу хаттамасына сәйкес бөлінген жерге бес жұмыс күні ішінде келуге;
9) құқық қорғау органдарында бес жылдан кем емес қызмет өткеру;
10) Осы Қағиданың 7 тармағында көрсетілген жағдайларда оқыту кезеңінде стипендия төлеуді, оның оқу кезеңінде тамақтануы мен заттай үлесіне жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке қайтаруға;
11) тыңдаушы (курсант) оқу орнын бітіргеннен кейін құқық қорғау органдарында 5 жыл қызмет өткеруден бас тартқан немесе "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңыда көзделген негіздер бойынша келісім-шартты бұзған жағдайда стипендия төлеуді, тамақтануы, заттай үлесін қоса алғанда, оқуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке қайтаруға міндетті;
12) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес сеніп тапсырылған мүлікті (қару, арнайы техника) ұқыпсыз сақтау, қасақана зақым келтірген және жойу жағдайында шығынды өтеуге;
13) ереуілдерді ұйымдастыру мен өткізуге қатыспауға.
4. Келісім-шартты бұзу және тоқтату негіздері
6. Осы келісім-шарт тараптардың келісімі немесе тараптардың біреуінің бастамасы бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша бұзылуы мүмкін.
7. Келісім-шарт жазбаша түрде екі данада, мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы белгіленген мөрмен басылады. Келісім-шарттың бір данасы тыңдаушының (курсанттың) жеке ісінде сақталады, екіншісі қолына беріледі.
Осы келісім-шартқа ____________________________________________
(тыңдаушының (курсанттың) оқу орнына тапсырған жеке
____________________________________________________ қоса беріледі.
құжаттарының тізбесі)
8. Академия тыңдаушыға (курсантқа) қатысты келесі бұйрықтар шығарды:
оқуға қабылдау туралы 20 __ жылғы "____"_________№______
МО
келісім-шарттың мерзімін ұзарту туралы 20 __ жылғы "___"________№____
МО
келісім-шартты бұзу немесе тоқтату туралы 20 _ жылғы "__"_________№___
МО
Келісім-шартты бұзу негізі_____________________________________
_____________________________________________________________________
9. Осы келісім-шартта көзделген міндеттемелерді орындамағаны және тиісті түрде орындамағаны үшін тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап береді.
10. Осы келісім-шартта қарастырылмаған мәселелер "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерімен реттеледі.
11. Осы келісім-шарттың тараптары арасындағы оның талаптарының орындалмауы бойынша туындаған даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен шешіледі.
Академия бастығы Академия тыңдаушысы (курсант)
________________________________ __________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (тыңдаушының (курсанттың)
тегі, аты, әкесінің аты)
________________________________ __________________________________
(қолы) (қолы)
20__ "___" ______________ 20__ "___" __________________
МО