«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңы 14-бабының 9-1) және 10) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмысында техникалық істен шығу туындаған жағдайда мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
2. «Мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға электрондық қызметтер көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 643 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5519 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2009 жылғы 7 наурызда № 65 (25809) болып жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу әдiснамасы департаментi (Г.Ә. Әмрина) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы 27 наурыздағы
№ 133 бұйрығына
1-қосымша
Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 14-бабының 9-1) тармақшасына сәйкес әзірленді, мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану тәртібін белгілейді және мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалануға қойылатын негізгі техникалық талаптарды қамтиды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпараттық қызмет – ақпараттық ресурсты пайдаланушыларға беру қызмет;
2) веб-порталға қатысушы (бұдан әрі – қатысушы) – веб-порталда тіркеуден өткен тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, әлеуетті өнім беруші;
3) веб-порталды пайдаланушы (бұдан әрi - пайдаланушы) - веб-порталда тiркеуден өткен қатысушының лауазымды адамы немесе өкiлi;
4) еңсерілмес күш жағдайлары – зілзала апаттар немесе көздеу немесе алдын алу мүмкін емес, веб-порталдың не тұтастай алғанда жүйенің жұмыс істеуін немесе тиісінше жұмысқа қабілеттілігін тоқтатуға әкеп соқтыратын өзге жағдайлар;
5) интерактивтік қызмет көрсету – өзара ақпарат алмасуды қажет ететін, пайдаланушыларға олардың сұраулары бойынша немесе тараптардың келісімі бойынша электрондық ақпараттық ресурстарды ұсыну жөнінде қызмет көрсету;
6) Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапы (бұдан әрі - ҚР СбҮТ) — электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын (электрондық цифрлық қолтаңбаны қалыптастыру және тексеру процестерін іске асыратын ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын) пайдаланумен шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалылығын растауды жүзеге асыратын мемлекеттік техникалық қызмет;
7) құжаттың электрондық көшірмесі – өтініш берушінің немесе аталған құжатты куәландыруға өкілеттіктері бар адамның не мемлекеттік қызмет көрсетуді алушының өзінің жеке қатысуы кезінде берген жазбаша келісімі негізінде халыққа қызмет көрсету орталығының уәкілеттік берілген қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, түпнұсқа құжаттың түрін және ондағы ақпаратты (деректерді) электрондық-цифрлық нысанда толығымен көрсететiн құжат;
8) мемлекеттiк сатып алу веб-порталы – электрондық мемлекеттiк сатып алудың электрондық қызмет көрсетулеріне қол жеткiзудiң бірыңғай нүктесiн ұсынатын мемлекеттiк ақпараттық жүйе;
9) мемлекеттiк сатып алу веб-порталында тiркелу (бұдан әрi - тiркелу) - мемлекеттiк сатып алу жүйесi субъектiсiнiң, оның лауазымды адамдары мен мүдделi тұлғалардың веб-порталда қатысуға қол жеткiзу;
10) мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң субъектiлерi – мемлекеттiк сатып алу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
11) техникалық және алдын алу жұмыстары – есептеу техникасы құралдарын және телекоммуникациялық жабдықты жұмысқа қабілетті жағдайда ұстау жөніндегі, оның ішінде техниканың және (немесе) жабдықтың жұмыс істемеуінің және оның уақытынан бұрын тозуының алдын алу мақсатында алдын алуды, ақауларды жоюды, жекелеген бөліктер мен блоктарды ауыстыруды, жабдықтың қуатын ұлғайту үшін жабдықтарды, қосымша қондырғылар мен жадыларды орнатуды және теңшеуді және пайдаланушыларға көмек көрсетуді қамтитын іс-шаралар кешені;
12) электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді иемденуші – аталған объектілерді олардың меншік иесі айқындаған шекте және тәртіппен иелену, пайдалану және оларға билік ету құқықтарын іске асыратын субъект;
13) ЭМС АИАЖ (бұдан әрі – Жүйе) – «Электрондық мемлекеттік сатып алу» автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесі;
14) электрондық құжат – өзіндегі ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
15) электрондық мемлекеттiк сатып алу – ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу;
16) электрондық мемлекеттiк сатып алу саласындағы бірыңғай оператор - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылатын, акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жалғыз меншiк иесi мемлекет немесе ұлттық холдинг болып табылатын, электрондық мемлекеттiк сатып алу саласында бірыңғай техникалық саясатты iске асыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
17) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі;
18) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті – кез келген тұлғаның қолы жететін және электрондық құжаттағы электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығын растауға арналған электрондық цифрлық нышандар дәйектілігі;
19) электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті – тіркеу куәлігінің иесіне белгілі және электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып электрондық цифрлық қолтаңбаны жасауға арналған электрондық цифрлық нышандар дәйектілігі.
Осы Қағидаларда көрсетілмеген басқа ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын мәндерде пайдаланылады.
2. Электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланған кезде пайдаланушылар осы Қағидаларды және «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңын басшылыққа алады.
2. Мемлекеттік сатып алу веб-порталды қолдану тәртібі
3. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру мақсатында электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге байланысты ұсынылатын құжаттар мен мәліметтерді веб-порталды пайдаланушы электрондық құжаттар немесе құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде орналастырады және веб-порталдың тиісті қатысушысының атынан әрекет етуге құқығы бар адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады.
4. Веб-порталда барлық электрондық құжаттарды және құжаттардың электрондық көшірмелерін жасау, алу және жөнелту уақыты Жүйенің (Астана қаласының жергілікті) уақыты бойынша тіркеледі.
5. Веб-порталда жұмыс істеу және (немесе) мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін веб-порталды пайдаланушылар мынадай іс-әрекеттер жиынтығын жасайды:
1) электрондық цифрлық қолтаңба сертификаттарын (ашық және жабық кілт) пайдалану мүмкіндігі үшін қажетті аппаратты-бағдарламалық қамтымды орнатады;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығында не Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының куәландырушы орталықтарында электрондық цифрлық қолтаңбаның сертификаттарын (Кеден одағының қатысушы елдерінің пайдаланушылары үшін) белгіленген тәртіппен алады;
3) веб-порталда тіркелу рәсімін өтеді.
6. Веб-порталда Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының, сондай-ақ ҚР СҮТ тексерген Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының куәландырушы орталықтарының жеке және заңды тұлғалар үшін шығарған электрондық цифрлық қолтаңба сертификаттары қолданылады.
7. Веб-порталда:
1) адам абыройына кір келтіретін қорлау мазмұнындағы, қандай да бір белгілер бойынша адамдарды кемсітуді, зорлық-зомбылықты, жек көрушілікті насихаттайтын ақпаратты;
2) зиян келтіретін бағдарламалық қамтамасыз етуді қамтитын ақпаратты және (немесе) материалдарға сілтемені қамтитын құжаттарды орналастыруға болмайды;
3) Қазақстан Республикасының тұтастығын жою, конституцияның қатарына зорлау өзгерісін енгізу мақсатымен үгіттеу немесе насихаттау жүргізетін ақпаратты;
4) терроризмді немесе экстремизмді насихаттайтын ақпаратты;
5) ұлтаралық қастандықты туғызуға бағытталған ақпаратты;
6) суицидті насихаттайтын ақпаратты;
7) есірткі заттарын, прекурсорлар психотроптық заттарын насихаттайтын ақпаратты;
8) қатыгездік пен зорлыққа бас ұру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, сословиялық және рулық артықшылықты наисхаттайтын және үгіттейтін ақпаратты;
9) порнографиялық және арнайы сексуалдық-эротикалық сипаттағы ақпаратқа тыйым салу.
8. Жүйеге жүктелетін файлдардың немесе файл мұрағаттарының мөлшері 20 мегабайттан асқан жағдайда, оларды жүйеге бөліктермен жүктеу қажет, олардың әрқайсысы 20 мегабайттан аспауы тиіс, бұл ретте файлдардың саны шектелмеген.
9. Оператор мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілеріне мынадай ақпараттық және интерактивтік қызметтерді пайдаланудың техникалық мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді:
1) мемлекеттік сатып алу саласында мемлекеттік ақпараттық жүйелерді әзірлеуді, енгізуді, ақпараттық-техникалық сүйемелдеу және пайдалануды;
2) мемлекеттік сатып алу саласында тізілімді техникалық сүйемелдеуді;
3) мемлекеттік сатып алу веб-порталының құрылуын, жұмыс істеуін және оны техникалық сүйемелдеу;
4) осы Заңға сәйкес өтеусіз негізде міндетті түрде жариялануға жататын мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді мемлекеттік сатып алу веб-порталына орналастыру;
5) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес өтеусіз негізде ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға электрондық қызмет көрсету;
6) электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілеріне өтеусіз негізде консультациялық және практикалық көмек көрсету;
7) мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы мемлекеттік сатып алу жобаларын басқаруды және оны техникалық сүйемелдеу функцияларын жүзеге асыру;
8) мемлекеттік сатып алу саласындағы есептілікті техникалық сүйемелдеу;
9) мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар интеграциясы және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ақпараттандыру саласында ұлттық оператормен өзара іс-қимыл жасау;
10) анықтамалықты енгізе отырып, тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалардың дерекқорын енгізуді және сүйемелдеу жүзеге асырады.
10. Мемлекеттік сатып алу саласында ақпараттық және интерактивтік қызметтер өтеусіз негізде оператор ұсынады.
11. Оператор веб-порталдың жұмыс істейтіні туралы мынадай жедел ақпаратты веб-порталда орналастырады:
веб-порталды пайдаланушыларға ақпарат беру үшін веб-порталдың жаңа мүмкіндіктері туралы;
оператор орындайтын регламенттелген техникалық және алдын алу жұмыстары туралы ақпаратты және веб-порталда оларды жою мерзімдерін көрсете отырып, техникалық іркілістер туралы хабарламаларды.
12. Веб-порталда ақпаратты орналастыру кезінде веб-порталды пайдаланушы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі әріптер мен символдарды пайдалану осындай ақпаратты, атап айтқанда интернет – ресурстардың электрондық мекенжайларын, электрондық почтаның мекенжайларын көрсеткен кезде бұрмалауға әкеп соғатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік және орыс тілдерінде сөздерді жазу кезінде латын және өзге символдар мен әріптерді пайдалануға құқығы жоқ.
13. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес айқындалатын еңсерілмес күш жағдаяттары, сондай-ақ веб-порталды пайдаланушыға байланысты емес жағдаяттар пайда болған кезде оператор осындай жағдаяттардың пайда болуы, әсер етуінің және тоқталуының болжамды мерзімі туралы иеленушіні және веб-порталдың пайдаланушыларға жазбаша нысанда дереу хабарлайды.
14. Еңсерілмес күш жағдаяттар туындаған жағдайдың рести түрде растаған жағдайда оператор осыған байланысты иеленушіні алдын ала хабарлай отырып, мемлекеттік сатып алуды осы кезеңге сәйкес келетін күндер есебіне көшіреді.
15. Осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген белгілер байқалған кезде оператор қатысушының веб-порталда жарияланған ақпараттың мазмұнында осындай ақпаратты жою жөнінде шаралар қабылданғанға дейін оның ақпаратын көруді бұғаттау туралы хабардар етеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы 27 наурыздағы
№ 133 бұйрығына
2-қосымша
Мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмысында техникалық істен
шығу туындаған жағдайда мемлекеттік сатып алу веб-порталының
жұмыс істеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмысында техникалық істен шығу туындаған жағдайда мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 14-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмысында техникалық істен шығу туындаған жағдайда мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмыс істеу тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпаратқа санкцияланбаған әсер тигізу – рұқсат қағидасын және (немесе) белгіленген құқықтарды бұзу жолымен қорғалған ақпаратқа кіруіне байланысты кемуіне, бұрмалауға, жалғанға, жоюға, блок жасауға, және де жойылуға немесе ақпараттың сақтаушысының іс-әрекетіне ақау келтіру ықпал жасау;
2) веб-порталға қатысушы - (бұдан әрi - Қатысушы) - тапсырыс берушi, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы, веб-порталда тiркеуден өткен әлеуеттi өнiм берушi;
3) веб-порталды пайдаланушы (бұдан әрi - Пайдаланушы) - веб-порталда тiркеуден өткен Қатысушының лауазымды адамы немесе өкiлi;
4) жүйенің стандартты жұмыс істеуі – нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес ақпараттық жүйенің техникалық істен шығуы болмаған кезде өңделетін ақпараттың берілген режимі мен көлемінде жұмыс істеуі;
5) мемлекеттiк сатып алу веб-порталы – электрондық мемлекеттiк сатып алудың электрондық қызмет көрсетулеріне қол жеткiзудiң бірыңғай нүктесiн ұсынатын мемлекеттiк ақпараттық жүйе;
6) техникалық істен шығу – бір немесе бірнеше қатысушылардың Жүйені пайдалану мүмкіндігін болдырмауға әкеліп соғатын Жүйенің аппараттық-бағдарламалық кешенінің немесе оның жеке құрауыштарының жоспарланбаған уақытша істен шығуы (апаттық тоқтауы, жады мазмұнының күйреуі, аппараттық-бағдарламалық қамтамасыз ету ресурстарының артық салмағы және қабылданған технологияны елеулі бұзатын және жүйенің жағдайында бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалануға мүмкіндік бермейтін басқа да ахуалдар, оның ішінде бағдарламалық қамтамасыз ету беретін қате шығыс деректері (нәтижелері);
7) техникалық және профилактикалық жұмыстар – есептеу техникасы құралдарын және телекоммуникациялық жабдықты жұмысқа қабілетті жағдайда ұстау жөніндегі, оның ішінде техниканың және (немесе) жабдықтың жұмыс істемеуінің және оның уақытынан бұрын тозуын болдырмау мақсатында профилактикалық ақауларды жоюды, жекелеген бөліктер мен блоктарды ауыстыруды, жабдықтың қуатын ұлғайту үшін жабдықтарды, қосымша қондырғылар мен тақтайшалар орнатуды және теңшеуді және пайдаланушыларға көмек көрсетуді қамтитын іс-шаралар кешені;
8) электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді иемденуші – аталған объектілерді олардың меншік иесі айқындаған шекте және тәртіппен иелену, пайдалану және оларға билік ету құқықтарын іске асыратын субъект;
9) электрондық мемлекеттiк сатып алу – ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу;
10) электрондық мемлекеттiк сатып алу саласындағы бірыңғай оператор - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылатын, акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жалғыз меншiк иесi мемлекет немесе ұлттық холдинг болып табылатын, электрондық мемлекеттiк сатып алу саласында бірыңғай техникалық саясатты iске асыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
11) ЭМС АИАЖ (бұдан әрі – Жүйе) – «Электрондық мемлекеттік сатып алу» автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесі.
2. Осы Қағидаларда көрсетілмеген басқа ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын мәндерде пайдаланылады.
2. Мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмысында техникалық
істен шығу туындаған жағдайда мемлекеттік сатып алу
веб-порталының жұмыс тәртібі
3. Техникалық істен шығудың туындауы туралы ақпарат көздері мыналар:
1) жүйенің жұмысында немесе конфигурациясында стандартты жұмысқа сәйкес келмейтін өзгерістерді тапқан кезде оператор қызметкерлерінің хабарлауы;
2) техникалық істен шығуы байқалған Жүйе функционалының жұмыс қабілеті мен қол жетімділігін айқындау үшін пайдаланылатын веб-порталдың ақаулығының мониторинглеу және анықтау жөніндегі бағдарламалық-ақпараттық құралдар.
3) техникалық істен шығудың туындауын немесе туындау ықтималдығын айғақтайтын жазбалары бар Жүйенің жүйелік журналдар болып табылады.
4. Пайдаланушы сатып алуға қатысуға, не сатып алуды өткізуге кедергі келтіретін сатып алу рәсімдерін өткізу барысында техникалық істен шығу туындаған кезде, аукцион тәсілімен сатып алуда баға ұсыныстарын қабылдауды қоспағанда, веб-порталда көрсетілген телефон және электрондық почта арқылы техникалық істен шығу уақытын тіркеп, операторды хабардар етеді.
5. Аппараттық-бағдарламалық қамтамасыз етуде техникалық істен шығудың туындаған жағдайларда оператор веб-порталды иеленушінің міндетті түрде қатысуымен бағдарламаның істен шығу фактісіне (істен шыққан күні мен уақытын көрсете отырып) акті жасайды.
6. Техникалық істен шығу туралы ақпарат болған кезде оператор екі сағаттың ішінде техникалық істен шығудың болу фактісін растайды немесе жоққа шығарады. Оператор техникалық істен шығу расталған жағдайда оны дереу жоюға кіріседі.
7. Оператор техникалық істен шығу расталған кезде оның күрделілік деңгейін белгілейді.
8. Техникалық істен шығу дәрежесі жағынан олардың жүйе бағдарламалық-аппараттық кешенінің жұмыс істеуіне және сатып алудың рәсімдеріне ықпал ету бойынша мынадай күрделілік деңгейіне бөлінеді:
1) қысқа мерзімді және сатып алуға қатысу мүмкіндігіне кедергі жасамайтын істен шығу. Күрделілік деңгейі – төмен;
2) электрондық түрде өткізілетін сатып алуға бір немесе бірнеше қатысушылардың қатысуына мүмкін болмауына әкеп соғатын, бірақ функционалдық модульдардың немесе бүкіл жүйенің жұмыс қабілетіне ықпал етпейтін, сондай-ақ басқа да Жүйені пайдаланушылардың жұмысына ықпал етпейтін істен шығу. Күрделілік деңгейі – орташа;
3) істен шығу ықпалына ұшыраған сатып алудың барлық қатысушыларына қатысуына мүмкін болмауына әкеп соғатын, не пайдаланушылардың немесе жүйенің алдындағы жұмыстарының нәтижелерін құнсыздандыратын бір немесе бірнеше функционалдық модульдардың істен шығуы. Күрделілік деңгейі – жоғары;
4) Жүйе функцияларының орындауын толық тоқтатуға әкелетін істен шығулар, бұл жағдайда жүйені пайдаланушылардың барлығында сатып алуға қатысу мүмкіндігі болмайды. Күрделілік деңгейі – өте жоғары.
9. Төмен және орташа күрделілік деңгейі бар техникалық істен шығулар пайда болған жағдайда, оператор:
1) қате расталған кезде екі сағат ішінде веб-порталда қатысушының тіркеу деректерінде көрсетілген электрондық почта мен телефон, не проблеманы жоюға жоспарланған мерзімдер туралы техникалық көмекке жүгінген пайдаланушының телефоны бойынша хабардар етеді және олар өзгерген жағдайда пайдаланушыны жедел қайтадан етеді;
2) техникалық істен шығу жойылғаннан кейін қатысушыларды жасалған жұмыстың аяқталғаны және техникалық істен шығу жойылғаны туралы электрондық почта не телефон бойынша қайта хабардар етеді.
10. Оператор жоғары және ең жоғарғы күрделілік деңгейі бар техникалық істен шығу пайда болған жағдайда:
1) екі сағат ішінде веб-портладың басты бетінде техникалық істен шығуды жоюдың жоспарлы уақытын көрсете отырып, техникалық істен шығу туралы ақпаратты орналастырады, сондай-ақ проблемаларды жоюдың мерзімі өзгерген кезде хабарландыруды толықтырады;
2) осы Қағиданың 13-тармағында белгіленген барлық сатып алуды, өтінімдерді немесе уақыт жағынан техникалық істен шығуға дөп келген бағалық ұсыныстарды қабылдау мерзімін уақытша тоқтатады;
3) техникалық істен шығуды жоюдың нақты күні мен уақыты туралы, сондай-ақ техникалық істен шығу себебінен барлық ұзартылған және көшірілген сатып алу туралы ақпаратты орналастыра отырып, пайдаланушыларды хабардар етеді.
11. Сатып алу мерзімдерін ұзарту немесе көшіру төмен және орташа күрделілік деңгейі бар техникалық істен шығуды жойған жағдайда жүргізілмейді.
12. Күрделілік деңгейлері бар техникалық істен шығулар болған жағдайда, оператор:
1) аукцион тәсілімен сатып алуды қоспағанда, конкурс немесе баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуға қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі ішінара сәйкес келген кезде конкурс немесе баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуға қатысуға өтінімдерді қабылдау рәсімдерінің уақыты техникалық істен шығу уақытына ұзартылады;
2) техникалық істен шығу уақыты және аукционда баға ұсыныстарын қабылдау уақыты ішінара немесе толық сәйкес келген кезде техникалық істен шығуды жою фактісі расталғаннан кейін аукционның 2 раундысын келесі жұмыс күніне көшіреді.
Жүйемен аукционды өткізу нәтижелері туралы хаттама автоматты түрде қалыптастырылған жағдайда осындай хаттама және берілген өтінімдер күшін жояды;
3) өтінімдерді қабылдау мерзімі немесе баға ұсыныстарының мерзімі техникалық істен шығу мерзімінен асатын болса, өтінімдер қабылдау мерзімі немесе баға ұсыныстары мерзімі келесі жұмыс күніне көшіреді.
13. Техникалық істен шығуға байланысты конкурс тәсілімен және баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды мерзімін көшірген не ұзартқан кезде өнім берушінің берілген өтінімдері жойылмайды.
14. Сатып алуды ұзарту не көшіру туралы шешім қабылдағаннан кейін жоғары және ең жоғары деңгейлері бар техникалық істен шығулар болған кезде оператор веб-порталда сатып алуды өткізудің жаңа мерзімін хабарландыру мен лоттардың нөмірін, сондай-ақ өнім берушілердің өтінімдерінің мәртебесін көрсете отырып, сатып алуды ұзарту және/немесе көшіру туралы хабарды орналастырады.
15. Сатып алуды өткізуге немесе сатып алудың өткізу рәсімін кедергі жасайтын және (немесе) ықпал ететін жүйенің ақпаратына рұқсатсыз әсер ету себебімен техникалық істен шығу фактісі болған жағдайда оператор осы сатып алудың жалғастырудың күні мен уақыты туралы осындай сатып алуды қатысушыларды міндетті түрде хабарлай отырып, ол техникалық істен шығудың түзетілген күнінен кейінгі келесі жұмыс күніне көшіреді.
16. Жүйеде техникалық және профилактикалық жұмыстарды жүргізу кезінде оның жұмыс істеуі иеленушімен алдын ала келісіле отырып және жоғарыда көрсетілген іс-шараларды өткізгенге дейін кемінде бес күнтізбелік күнінен бұрын жүйені пайдаланушыларға хабарлай отырып тоқтатыла тұруы мүмкін.
Бұл ретте, күндері осы кезеңге сәйкес келетін өтінімдерді қабылдау, ашу, рұқсат алу және сатып алу бойынша қорытындылар жасау рәсімдерін аяқтау мерзімі техникалық және профилактикалық жұмыстары жүргізілген күндердің санына ауыстырылатын болады.