Ұлттық қорғаныс университетінің айырым белгілерін және кеуде белгісін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 18 наурыздағы № 112 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 18 сәуірде № 9348 тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 144 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері үлгілерінің сипаттамалары мен суреттерінің 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ұлттық қорғаныс университетінің айырым белгілері;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Ұлттық қорғаныс университетінің кеуде белгісі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы:
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;
      2) мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;
      3) бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің веб-сайтына орналастырсын.
      3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Б.Ж. Әбдірайымға жүктелсін.
      4. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
      5. Бұйрық оны алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ә. Жақсыбеков

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2014 жылғы 18 наурыздағы
№ 112 бұйрығына  
1-қосымша     

Ұлттық қорғаныс университетінің айырым белгілері Ұлттық қорғаныс университетінің эмблемалары

3-сурет. Ұлттық қорғаныс университеті басшысының жеңдегі белгісінің өрнекпен өрілген жиегі

4-сурет. Ұлттық қорғаныс университеті тұрақты құрамының жеңдегі белгісінің жіңішке сызықты жиегі

      Ескертпе:
      Ұлттық қорғаныс университетінің эмблемалары (1, 2-суреттер) тұрақты және ауыспалы құрам әскери қызметшілерінің нысанды киіміне тағылады.
      Ұлттық қорғаныс университеті эмблемасының көшірілген бейнесі оның көлеміне қарамастан, эмблеманың түрлі-түсті немесе қара-ақ түсті стандартына дәлме-дәл сәйкес келуі тиіс.
      Жеңдегі айырым белгілері әскери қызметшілердің Ұлттық қорғаныс университетіне тиесілігін белгілейтін белгі болып табылады (3, 4-суреттер).
      Жеңдегі белгілер жоғары оқу орнынан кейін білім алу үшін офицер кадрларын даярлау жөніндегі елдің жоғары әскери оқу орны ретінде Ұлттық қорғаныс университетінің функционалдық арналуының ерекшеліктерін бейнелеп көрсетеді.
      Ұлттық қорғаныс университетінің айырым белгілерін жасау үшін белгілердің мынадай құрамдас бөліктері қолданылды: алау, семсер, айшықты түркі күні, сақтың алтын дулығасы. Айырым белгі ашық кітап түріндегі қалқанға орнатылды. Ашық кітап әскери-геральдикалық белгілер жүйесінде әскери оқу орнының мәртебесін ашып көрсетеді. Белгілер жиынтықта оқу орнының Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне тиесілігін көрсететін Ұлттық қорғаныс университетінің үлкен эмблемасын құрайды.
      Айырым белгілерінің элементтері:
      сақтың алтын дулығасы (жоғары әскери мәртебесі бар жауынгер – көсемнің атрибуты) – тарихи дәстүрлердің сабақтастығын, өз Отанын қорғау жөніндегі әскери борышқа деген адалдықты;
      алау (білім, ағартушылық және өрлеу нышаны) – Университеттегі кәсіби білім деңгейін (жоғары білімі және жоғары оқу орнынан кейінгі әскери білімі бар офицерлерді даярлау);
      семсер (қарулы күрестің дәстүрлі нышаны) – өз Отанын қорғауға әзірлікті;
      алтын күн – күннің түркілік өрнектелген айшықты бейнесін (білім және парасат нышаны);
      геральдикалық қалқанның нысаны (ашық кітап түріндегі таңба бедерлі қалқан) – елдің оқу орны ретінде Университеттің тиесілігі мен мәртебесін көрсететін әскери геральдикалық жүйенің элементін;
      геральдикалық қалқан алаңының көгілдір түсі тазалықты, ақыл-ойды, тұрақтылықты;
      алтын түсті ұлттық ою-өрнек (қазақ халқының мәдени шежіресі болып табылады) – ұлттық дәстүрлер нышанын;
      алтын – айбындылық, атақтылық, адамгершілік және тұрақтылық нышанын бейнелейді.

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2014 жылғы 18 наурыздағы
№ 112 бұйрығына 
2-қосымша    

Ұлттық қорғаныс университетін бітіргені туралы кеуде белгісі

      Ескертпе:
      Ұлттық қорғаныс университетін бітірушінің кеуде белгісінің негізгі мағынасын көрсететін белгілер семантикасы.
      Мельхиор (күміс) ақ түсті металл ромбик ой тазалығын, даналықты білдіреді.
      Ромбик алаңындағы ақ түсті эмаль бейбітшілік пен тазалықты білдіреді.
      Мемлекеттік елтаңба – Қазақстан Республикасы мемлекетіне тиесілігі.
      Ромб – жан-жақты белсенділікті білдіреді.
      «ҰЛТТЫҚ ҚОРҒАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ» геральдикалық жазуы бар мельхиордан дайындалған қондырма.

Ұлттық қорғаныс университетін бітіргені туралы кеуде белгісінің схемалық бейнесі мен сипаттамасы