Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 10.12.2018 № 717 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 144 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері үлгілерінің сипаттамалары мен суреттерінің 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРAМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің айырым белгілері;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетін аяқтағаны туралы белгісі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 10.12.2018 № 717 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;
2) мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;
3) бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің веб-сайтына орналастырсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 01.03.2021 № 120 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Бұйрық оны алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ә. Жақсыбеков
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің айырым белгілері
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 01.03.2021 № 120 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің эмблемалары
1-сурет. Кіші эмблема
2-сурет. Үлкен эмблема
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті айырым белгілерінің схемалық бейнесі
3-сурет. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің басшысы жеңдегі белгісінің жиегі әшекейлеп өрілген
4-сурет. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің тұрақты құрамы жеңдегі белгісінің жиегі жіңішке сызықты
Ескертпе:
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің эмблемалары (1, 2-суреттер) тұрақты құрам әскери қызметшілерінің нысанды киіміне тағылады.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті эмблемасының көшірілген бейнесі оның көлеміне қарамастан, эмблеманың түрлі-түсті немесе қара-ақ түсті стандартына дәлме-дәл сәйкес келуге тиіс.
Жеңдегі айырым белгілері әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне тиесілілігін білдіретін белгі болып табылады (3, 4-суреттер).
Жеңдегі белгілер жоғары оқу орнынан кейінгі білім деңгейі бойынша офицер кадрларын даярлау жөніндегі елдің жоғары әскери оқу орны ретінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің функционалдық тағайындалуының ерекшеліктерін сипаттайды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің айырым белгілерін жасау үшін белгілердің мынадай құрамдас бөлшектері қолданылды:
алау;
семсер;
айшықты түркі күні;
сақтың алтын дулығасы.
Aйырым белгілері ашық кітап нысанындағы қалқанға орналастырылды. Әскери-геральдикалық белгілер жүйесінде ашық кітап оқу орнының мәртебесін ашып көрсетеді. Жиынтықта белгілер оқу орнының Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне тиесілілігін көрсететін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің үлкен эмблемасын құрады.
Aйырым белгілерінің элементтері:
сақтың алтын дулығасы (жоғары әскери мәртебесі бар жауынгер - көсемнің атрибуты) - тарихи дәстүрлердің сабақтастығын, өз Отанын қорғау бойынша әскери борышқа деген адалдықты;
алау (білім, ағартушылық және прогресс символы) - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің жоғары оқу орнынан кейінгі білім деңгейі бойынша офицерлерді даярлау және әскери ғылым саласындағы аса маңызды міндеті;
семсер (қарулы күрестің дәстүрлі символы) - өз Отанын қорғауға әзірлікті;
алтын күн - күннің түркілік өрнектелген айшықты бейнесін (білім мен парасат символы);
геральдикалық қалқан нысаны - (ашық кітап түріндегі бедерлі қалқан) - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің елдің оқу орны ретінде тиесілілігі мен мәртебесін көрсететін әскери геральдикалық жүйенің элементін;
геральдикалық қалқан негізінің көгілдір түсі - адалдықты, ақыл-ойды, тұрақтылықты білдіреді;
алтын түстес ұлттық ою-өрнек (қазақ халқының мәдени шежіресі болып табылады) - ұлттық дәстүрлерді білдіреді;
алтын - айбындылықтың, атақтылықтың, тектіліктің және тұрақтылықтың символын бейнелейді.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетін аяқтағаны туралы белгісі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 10.12.2018 № 717 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескертпе:
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетін аяқтағаны туралы белгісінің негізгі мәнін сипаттайтын белгілер семантикасы.
Мельхиор (күміс) ақ түсті металл ромбик ой тазалығын, даналықты білдіреді.
Ромбик негізіндегі ақ түсті эмаль бейбітшілік пен адалдықты білдіреді.
Мемлекеттік елтаңба - Қазақстан Республикасының мемлекетіне тиесілілік.
Ромб - жан-жақты белсенділікті білдіреді.
«ҰЛТТЫҚ ҚОРҒAНЫС УНИВЕРСИТЕТІ» геральдикалық жазуы бар мельхиордан жасалған қондырма.