«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 12-тармағына, «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жоғары әскери оқу орындарына қабылдау қағидалары бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2012 жылғы 4 маусымдағы № 227 бұйрығының («Казахстанская правда» газетінде 2012 жылғы 18 шілдеде № 229-230 (27048-27049) болып жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 2 шілдеде № 7784 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;
2) мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;
3) ресми жарияланғаннан кейін бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің веб-сайтына орналастырсын.
4. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Б.Ж. Әбдірайымға жүктелсін.
5. Бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Ә. Жақсыбеков
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Сәрінжіпов
2014 жылғы «___» _________
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2014 жылғы 17 наурыздағы
№ 109 бұйрығымен
бекітілген
Жоғары әскери оқу орындарына қабылдау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Жоғары әскери оқу орындарына қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) жоғары әскери білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын жоғары әскери оқу орындарына қабылдау тәртібін айқындайды.
2. Жоғары әскери оқу орындарына «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Занының 39-бабында көрсетілген адамдар түсуге құқығы бар.
3. Жергілікті әскери басқару органдары облыстардың және Астана, Алматы қалаларының білім беру басқармаларымен (бөлімдерімен) бірлесіп, әскери бөлімдер және мамандандырылған мектептер, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес бекітілген нысан бойынша мамандықтар тізбесі және қабылдау жоспары негізінде кәсіби бейімдеу жұмысын жүргізеді және:
1) Ұлттық бірыңғай тестілеуді (бұдан әрі – ҰБТ) немесе кешенді тестілеуді (бұдан әрі – КТ);
2) қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) медициналық тексеруінің нәтижелері бойынша оқу істерін ресімдей отырып, оқуға түсетін адамдардың тізімдерін жасайды.
2. Жоғары әскери оқу орындарына қабылдау үшін
құжаттарды ұсыну тәртібі
4. Әскери қызметшілер қатарынан оқуға түсетін адамдар түсу жылы 1 маусымға дейін әскери атағын, тегін, атын және әкесінің атын, туған күнін, атқаратын лауазымын, білім деңгейін, әскери оқу орнының және ол бойынша оқуға ниет білдірген мамандықтың атауын көрсете отырып, командирдің (бастықтың) атына баянатпен өтініш жасайды.
Әскери бөлімнің командирі (бастығы) оқуға түсетін адамның баянаты негізінде оған оқу демалысы есебінен осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес құжаттар тізбесінде әскери қызметшілер үшін көрсетілген құжаттарды жинау және КТ-ны тапсыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
5. Әскери қызметте тұрмайтын азаматтар және тәрбиеленушілер қатарынан оқуға түсетін адамдар түсу жылы 25 шілдеге дейін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес құжаттар тізбесінде әскери қызметте тұрмаған азаматтар үшін көрсетілген құжаттарды тіркей отырып, тегін, атын және әкесінің атын, туған күнін, білім деңгейін, әскери оқу орнының және ол бойынша оқуға ниет білдірген мамандықтың атауын көрсете отырып, жергілікті әскери басқару органдарына немесе мамандандырылған мектептердің бастықтарына өтініш жасайды.
3. Жоғары әскери оқу орындарына қабылдау тәртібі
6. Жоғары әскери оқу орындарына қабылдауды қабылдау комиссиясы жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті (бұдан әрі – ӘБҒД) жыл сайын түсу жылы 20 маусымға дейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен қабылдау және апелляциялық комиссиялардың құрамдарын, олардың міндеттерін, қабылдау комиссиясының жұмыс жоспарын, сондай-ақ ҰБТ-дан және КТ-дан өту балын бекітеді.
Бұл ретте, болжамды өту балы туралы ақпарат жергілікті әскери басқару органдарына және мамандандырылған мектептерге түсу жылы 20 мамырға дейін жолданады.
Қабылдау комиссиясының төрағасы болып жоғары әскери оқу орнының бастығы немесе әскери оқу орындарына жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесінен өкіл тағайындалады.
Қабылдау комиссиясының құрамына: тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімінің, кадрлар бөлімінің, заң бөлімінің (қызметінің) бастықтары (бастықтың орынбасарлары), медициналық басқарманың, кәсіби іріктеу тобының өкілдері, әскери психолог және ӘБҒД-ның шешімі бойынша басқа да лауазымды адамдар енгізіледі.
Жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша қабылдау комиссиясының құрамына мәслихаттардан, ардагерлер ұйымдарынан және басқа да мүдделі органдардан өкілдер енгізіледі.
Комиссия құрамы мүшелердің тақ санынан тұрады. Шешімдер комиссия мүшелерінің жалпы санынан дауыс көпшілігімен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
7. Жоғары әскери оқу орындарына қабылдау түсу жылы 1 – 25 тамыз кезеңінде сертификат балдарын, сондай-ақ медициналық, дене бітімі, психикалық-физиологиялық көрсеткіштер бойынша деректерді ескере отырып, конкурстық негізде жүргізіледі.
Қабылдау комиссиясының отырыстары бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі, хаттамаларды ресімдеумен сүйемелденеді.
8. Апелляциялық комиссия бірыңғай талаптарды сақтауды қамтамасыз ету, даулы мәселелерді шешу мақсатында құрылады және қабылдау комиссиясының жұмысы кезеңінде әрекет етеді.
Медициналық және психикалық-физиологиялық қорытындымен, дене дайындығының бағасымен келіспейтін оқуға түсетін адамдардан өтініштер нәтижелерді жариялағаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады.
Хаттамамен ресімделген апелляцияның мәнісі бойынша шешім өтініш келіп түскен сәттен бастап күнтізбелік бір күн ішінде шығарылады.
9. Қабылдау комиссиясының қорытынды отырысында оқуға түсетін адамға оқуға қабылдау немесе одан бас тарту туралы шешім жарияланады.
10. Қабылдау комиссиясының жұмысы аяқталғаннан кейін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқуға түскені немесе одан бас тартуы туралы адамдардың сауалнамалық деректерін көрсете отырып, шешім жасалады, олар 1 қыркүйекке дейін ӘБҒД-ға ұсынылады.
11. Егер шетел мемлекетінің жоғары әскери оқу орнына оқуға қабылдау шарттары осы Қағидаларда көрсетілген оқуға қабылдау шарттарынан ерекшеленсе, конкурстық іріктеу тараптардың халықаралық келісімдері және/немесе оқуға шақыру негізінде өткізіледі.
12. Қабылдаушы тарап конкурс бойынша өткен оқуға түскен адаммен әңгімелесу және/немесе қабылдаушы тараптың талаптарына сәйкестігіне емтихандар өткізеді. Әңгімелесу және/немесе емтихандар нәтижелері оқуға қабылдау кезінде шешуші болып табылады.
13. Жоғары әскери оқу орнының бастығы білім беру қызметтерін көрсетуге шарт, «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы»» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 777 Қаулысымен бекітілген әскери қызмет өткеру туралы келісім-шарттың үлгі нысанын жасайды және оқуға түскен адамды жоғары әскери оқу орнының тізімдеріне қабылдау туралы бұйрық шығарады.
14. Шетел мемлекетінің жоғары әскери оқу орнына түскен адамдарға шетел мемлекеті жоғары әскери оқу орны бастығының қарамағына жіберу үшін негіздеме Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығы болып табылады, әскери қызмет өткеру туралы келісімшартты ӘБҒД бастығы жасасады.
Оқуға қабылдау туралы бұйрықты шетел мемлекеті жоғары әскери оқу орнының бастығы шығарады.
15. Жоғары әскери оқу орнының кадрлар органы он жұмыс күні ішінде оқуға қабылдау туралы бұйрықтан үзінділерді жергілікті әскери басқару органдарына, әскери бөлімдерге және мамандандырылған мектептерге жолдайды.
Бұйрықтан үзінді оқуға қабылданған әскери қызметшілерді әскери бөлімдердің тізімдерінен алу үшін негіздеме болып табылады.
Жоғары әскери оқу орындарына
қабылдау қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Келісілді Бекітемін
ҚР Қорғаныс министрінің ҚР Қорғаныс министрі
орынбасары
20__ ж. «___» _______ 20__ ж. «___» _______
Мамандықтар тізбесі және қабылдау жоспары
Р/с |
Жоғары әскери оқу орындарының/мамандықтың атауы |
Қабылдау жоспары |
ҰБТ-ны немесе КТ-ны таңдау бойынша пән |
|||||
барлығы |
оның ішінде |
|||||||
Қорғанысмині |
шет елдері |
|||||||
1. |
||||||||
ЖИЫНЫ |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы _____________________________________________________
(Ф.И.О., подпись)
«___» __________ 20__ г.
Жоғары әскери оқу орындарына
қабылдау қағидаларына
2-қосымша
Құжаттар тізбесі
1. Әскери қызметшілер үшін:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) білімі туралы құжаттың көшірмесі;
3) КТ сертификатының көшірмесі (шет тілінен тест тапсыру туралы сертификаттың көшірмесі (қажет болған кезде);
4) көлемі 4,5х6 сантиметр алты фотосурет;
5) өмірбаян (терілген және өз қолымен жазылған);
6) командир (бастық) қол қойған әскери қызметі бойынша мінездеме;
7) қызметтік карточка;
8) нысанын, нөмірі мен күнін көрсете отырып, мемлекеттік құпияларға рұқсатнама туралы мәліметтер;
9) медициналық тексеру нәтижесі;
10) психиатриялық, наркологиялық, тері-венерологиялық және туберкулез диспансерлерінен, АҚТВ-ға анықтамалар;
11) неке қию (некені бұзу) туралы, балалардың тууы туралы куәліктің көшірмесі (бар болған кезде);
12) жеңілдіктерге, басымдықтарға құқық беретін құжаттардың көшірмелері (жалғыз немесе ата-анасының екеуі де баланы қамқорлыққа ала алмау фактісін растайтын, нотариус растаған құжаттардың көшірмелері (қайтыс болу туралы куәлік, ата-анасын ата-ана құқығынан айыру, олардың ата-ана құқықтарын шектеу, ата-аналарын хабарсыз кеткен, қабілетсіз (қабілеті шектеулі) деп тану (оларды қайтыс болды деп жариялау) туралы сот шешімі, ата-анасын іздеуді, баланы (балаларды) ата-анасынан тартып алуды, ата-аналарының ұзақ уақыт денсаулық сақтау ұйымдарында емделуде болғанын растайтын құжаттар, баланы тастап кету туралы акті немесе қамқорлыққа алуды растайтын құжаттар (тек жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін).
Құжаттардың түпнұсқаларын, сондай-ақ әскери билетті оқуға түсетін адамдар қабылдау комиссиясына келгеннен кейін ұсынады.
2. Әскери қызметте тұрмаған азаматтар үшін:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) білімі туралы құжаттың көшірмесі,
3) ҰБТ немесе КТ сертификатының көшірмесі (шет тілінен тест тапсыру туралы сертификаттың көшірмесі (қажет болған кезде);
4) жұмыс немесе оқу орнынан мінездеме;
5) өмірбаян (терілген және өз қолымен жазылған);
6) нысанын, нөмірі мен күнін көрсете отырып, мемлекеттік құпияларға рұқсатнама туралы мәліметтер;
7) көлемі 4,5х6 сантиметр алты фотосурет;
8) қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) медициналық тексеру нәтижесі;
9) психиатриялық, наркологиялық, тері-венерологиялық және туберкулез диспансерлерінен, АҚТВ-ға анықтамалар;
10) неке қию (некені бұзу) туралы, балалардың тууы туралы куәліктің көшірмесі (бар болған кезде);
11) жеңілдіктерге, басымдықтарға құқық беретін құжаттардың көшірмелері (жалғыз немесе ата-анасының екеуі де баланы қамқорлыққа ала алмау фактісін растайтын, нотариус растаған құжаттардың көшірмелері (қайтыс болу туралы куәлік, ата-анасын ата-ана құқығынан айыру, олардың ата-ана құқықтарын шектеу, ата-аналарын хабарсыз кеткен, қабілетсіз (қабілеті шектеулі) деп тану (оларды қайтыс болды деп жариялау) туралы сот шешімі, ата-анасын іздеуді, баланы (балаларды) ата-анасынан тартып алуды, ата-аналарының ұзақ уақыт денсаулық сақтау ұйымдарында емделуде болғанын растайтын құжаттар, баланы тастап кету туралы акті немесе қамқорлыққа алуды растайтын құжаттар (тек жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін).
Құжаттардың түпнұсқаларын, сондай-ақ әскери билетті немесе тіркеу куәлігін оқуға түсетін адамдар қабылдау комиссиясына келгеннен кейін ұсынады.
Жоғары әскери оқу орындарына
қабылдау қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Мамандықтар бойынша оқуға қабылдау (бас тарту) туралы
қабылдау комиссиясының шешімі
__________________ 20 __ жылғы «___» _______
(толтыру орны) (толтырылған күн)
Қабылдау комиссиясы өз отырысында мынадай шешім қабылдады:
Р/с № |
Тегі |
Аты |
Әкесінің аты |
Басым құқығы |
Бірдей көрсеткіштер болған жағдайдағы басым құқығы |
Денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы |
Кәсіби жарамдылық тобы |
Дене дайындығы |
Аттестаттың орташа балы |
ҰБТ немесе КТ нәтижелері |
||||
Қазақ (орыс) тілі |
Қазақстан тарихы |
Математика |
4-ші пән+балдар |
Жалпы балы |
||||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
кестенің жалғасы
Туған күні, айы және жылы |
Ұлты |
Білімі |
Оқу тілі |
ҚІД/мекеме |
Отбасы жағдайы |
Дауыс беру нәтижелері |
Комиссия шешімі |
||
иә |
қарсы |
қалыс қалды |
|||||||
16 |
17 |
18 |
19 |
20 |
21 |
22 |
23 |
24 |
25 |
Комиссия төрағасы:__________________
Комиссия мүшелері: _________________