Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 8 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 20 наурызда № 9263 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Сақтандыру нарығында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және одан айыру, актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру, тәуелсіз актуарийдi тарту, тәуелсіз актуарийдiң актуарлық есептердің шынайылығын тексеру нәтижесін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға беру тәртібі туралы ережені бекіту туралы» 2001 жылғы 20 сәуірдегі № 120 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1532 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сақтандыру нарығында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлік қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру, актуарийдің біліктілік емтиханын тапсыру, актуарийдiң қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийдi тарту, тәуелсіз актуарийдiң сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүргізген есептердің шынайылығын тексеру нәтижелерін жіберу қағидаларын бекіту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру нарығында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлік қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру, актуарийдің біліктілік емтиханын тапсыру, актуарийдiң қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийдi тарту, тәуелсіз актуарийдiң сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүргізген есептердің шынайылығын тексеру нәтижелерін жіберу қағидалары бекітілсін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру нарығында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және одан айыру, актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру, тәуелсіз актуарийдi тарту, тәуелсіз актуарийдiң есептердің шынайылығын тексеру нәтижесін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға беру тәртібі туралы ережеде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сақтандыру нарығында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлік қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру, актуарийдің біліктілік емтиханын тапсыру, актуарийдiң қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийдi тарту, тәуелсіз актуарийдiң сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүргізген есептердің шынайылығын тексеру нәтижелерін жіберу қағидалары»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Сақтандыру нарығында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлік қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру, актуарийдің біліктілік емтиханын тапсыру, актуарийдiң қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийдi тарту, тәуелсіз актуарийдiң сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүргізген актуарлық есептердің шынайылығын тексеру нәтижелерін жіберу қағидалары «Сақтандыру қызметi туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi – Заң) сәйкес әзiрлендi және сақтандыру нарығында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлік қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру, актуарийдің біліктілік емтиханын тапсыру, актуарийдiң қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийдi тарту, тәуелсіз актуарийдiң сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүргізген актуарлық есептердің шынайылығын тексеру нәтижелерін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – уәкілетті мемлекеттік орган) жіберу тәртібін, сондай-ақ актуарийлердің халықаралық қауымдастықтарының тізбесі мен оларға қойылатын талаптарды айқындайды.»;
      17-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «17-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы Ереженің 2-тарауында белгіленген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарийдің қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тартады.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарийдің қызметіне қызметін осы актуарий тәуелсіз актуарий ретінде тексеру аяқталған күннен бастап күнтізбелік бір жыл ішінде тексерген тәуелсіз актуарийдің тексеру жүргізуіне жол берілмейді.»;
      17-3 және 17-4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «17-3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы тәуелсіз актуарийді міндетті не бастама жасап тексеру үшін тартады.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан тәуелсіз актуарий осы Ереженің 11-тармағына сәйкес алған құжаттар және мәліметтер уәкілетті мемлекеттік органға берілген құжаттармен және мәліметтермен салыстырылып тексеріледі.
      17-4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатындағы актуарийдің қызметін міндетті тексеру есепті жылдан кейінгі жылдың
1 қаңтарындағы жағдай бойынша күнтізбелік жылда кемінде бір рет жүргізіледі.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарийдің қызметін міндетті тексеру осы Ереженің 9-тармағында көзделген актуарлық есептерге тексеру жүргізуді, сондай-ақ осы Ереженің 10-тармағында көзделген актуарлық қорытындыны қамтиды.»;
      17-8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «17-8. Тәуелсіз актуарийдің актуарлық қорытындысының бір данасын осы Ереженің 45-2-тармағының 1), 2), 4), 5), 6) тармақшаларына сәйкес құжаттарды қоса бере отырып тәуелсіз актуарий тексеру аяқталғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде, бірақ есепті жылдан кейінгі жылдың 30 сәуірінен кешіктірмей уәкілетті мемлекеттік органға береді, бір данасы тәуелсіз актуарийде сақталады, ал қалған даналары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына иелік етуге беріледі.
      Уәкілетті мемлекеттік органға бір сақтандыру ұйымының штатында тұрған актуарийдің қызметін тексеру нәтижелері бойынша біреуден көп тәуелсіз актуарлық қорытынды ұсынылған жағдайда, уәкілетті мемлекеттік орган неғұрлым консервативтік есебі бар актуарлық қорытындыны қабылдайды.»;
      18-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес көзделген Актуарийлерді оқытудың ең төменгі мiндеттi бағдарламасына қатысты курс бойынша 80%-дан кем рейтингісі бар «Актуарий» мамандығы бойынша іскерлік басқару магистрінің, «Қаржы» мамандығы бойынша «Актуарий» мамандығының экономика және бизнес магистрінің дипломы бар, бірақ осы Ереженің 5-қосымшасында көзделген ең төменгі бағдарламаның орындалуын қамтамасыз ететін ұйымда осы курсты ойдағыдай тапсырған жеке тұлға.»;
      19-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) дипломға қосымшаны ұсына отырып, «Актуарий» мамандығы бойынша іскерлік басқару магистрі дипломының немесе «Қаржы» мамандығы бойынша «Актуарий» мамандығының экономика және бизнес магистрі дипломының көшірмесі (осы Ереженің 18-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тұлғалар үшін).»;
      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «39. Уәкілетті мемлекеттік орган актуарийдің лицензияны тоқтата тұру мерзімін қайта қарау немесе лицензияны қолдануды жаңарту туралы өтінішін қарайды және өтініш пен актуарийдің бұзушылықтарды немесе лицензияны қолдануды тоқтата тұру үшін негіз болған өзге де талаптарды жойғанын растайтын құжаттар ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде тиісті шешім қабылдайды.».
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптарды, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөніндегі талаптарды және сақтандыру агентінің делдалдық қызметті жүзеге асыруына өкілеттіктерін бекіту туралы» 2010 жылғы 1 наурыздағы № 25 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6164 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 30 қазанда № 450-451 (26294) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптарды, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөніндегі талаптарды және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруына өкілеттіктерін бекіту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптар, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөніндегі талаптар және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруына өкілеттіктері (бұдан әрі – Талаптар) бекітілсін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптарда, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөніндегі талаптарда және сақтандыру агентінің делдалдық қызметті жүзеге асыруына өкілеттіктерінде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптар, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөніндегі талаптар және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруына өкілеттіктері»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптар, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөніндегі талаптар және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруына өкілеттіктері (бұдан әрі – Талаптар) «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-1 және 18-баптарына сәйкес, сақтандыру шарттарын жасау және орындау кезінде, оның ішінде сақтандыру агенті сақтандыру ұйымының атынан және тапсырмасы бойынша сақтандыру шарттарын жасау бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыру кезінде туындайтын процестерді реттеу мақсатында әзірленді»;.
      8-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8-1. Сақтандыру агенттерінің тізілімі тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың бесiнші жұмыс күнінен кешiктiрмей, берілетін деректердің құпиялылығын және түзетілмеуін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғаныш құралдары бар ақпаратты кепілдікпен жеткізудің тасымалдау жүйесін пайдалана отырып электрондық тасымалдағышта қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұсынылуы тиіс.
      Сақтандыру агенттерінің тізіліміне сақтандыру ұйымының бірінші басшысы (ол жоқ болған кезде – оның орнындағы адам) қол қояды, мөрмен куәландырылады және сақтандыру ұйымында қағаз тасымалдағышта сақталады. Уәкілетті органның талап етуі бойынша сақтандыру ұйымы сұрату алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей қағаз тасымалдағышта есептілікті ұсынады.»;
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Заңды тұлғалар – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында, сақтандыру брокерлерінде және сақтандыру агенттерінде, жеке тұлғалар – актуарийлердегі және сақтандыру агенттеріндегі құжаттарды жасау, құжаттаманы басқару және құжаттарды сақтау тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 182 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6932 тіркелген) бекітілген Сақтандыру нарығының кәсіби қатысушыларының және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сақтандыру агенттерінің құжаттарды сақтау ережесіне сәйкес айқындалады.»;
      18-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) сақтандырушының бір жақты тәртіпте әзірлеген (қосылу шарты) үлгі талаптарына (сақтандыру ережелеріне) сақтанушының қосылуы және сақтандырушының сақтанушыға Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 24 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6171 тіркелген) бекітілген Сақтандыру полистері бланктерінің мазмұнына және оларды жасауға, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисін ресімдеуге, сондай-ақ міндетті сақтандырудың жекелеген түрлері бойынша міндетті сақтандыру шарттарын жасау үшін сақтанушы өтініштерінің мазмұнына қойылатын талаптарға сәйкес ресімделетін сақтандыру полисін беруі арқылы сақтандыру шартын жасасу.»;
      2-қосымшасы 1-жолының 7-бағаны:

«

Сақтандыру агентінің салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТТН), бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлға үшін) немесе жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса, жеке тұлға үшін)

7

                                                           »

мынадай редакцияда жазылсын:

«

Сақтандыру агентінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлға үшін) немесе жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға үшін, бар болса)

7

                                                          ».

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                          Қ. Келімбетов