Жеке сот орындаушысы кеңсесінің орналасқан жеріне және жабдықталуына қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2014 жылғы 7 наурыздағы № 100 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 20 наурызда № 9259 тіркелді

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Тақырыпты жаңа редакцияда енгізу көзделген - ҚР Әділет министрінің 30.11.2015 № 601 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 167-бабының 11) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған жеке сот орындаушысы кеңсесінің орналасқан жеріне және жабдықталуына қойылатын талаптары бекітілсін.
      2. «Жеке сот орындаушысы кеңсесінің орналасқан жеріне және жабдықталуына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 3 қарашадағы № 307 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6629 тіркелген, 2010 жылғы 30 қарашадағы № 506-512 (26355) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитеті (Ж.Б. Ешмағамбетов):
      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің төрағасы Ж.Б. Ешмағамбетовке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                            З. Баймолдина

Қазақстан Республикасы      
Әділет министрі міндетін атқарушының
2014 жылғы 7 наурыздағы № 100   
бұйрығымен бекітілген       

Жеке сот орындаушысы кеңсесінің орналасқан жеріне және
жабдықталуына қойылатын талаптар

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Талапты жаңа редакцияда енгізу көзделген - ҚР Әділет министрінің 30.11.2015 № 601 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Жеке сот орындаушысы кеңсесінің орналасқан жеріне және жабдықталуына қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 167-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді.
      2. Кеңсенің жабдықталуы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1682 қаулысымен бекітілген Өрт қaуiпciздiгi қағидаларын қадағалаумен жүзеге асырылады.
      3. Кеңсе жеке тұрған үлгілік ғимараттарда немесе ғимаратқа жапсарлас бейімді үй-жайларда орналасады. Кеңсеге бөлек кіру есігі болған жағдайда, кеңселердің тұрғын үй ғимараттарында орналасуына рұқсат етіледі. Кеңселердің ғимараттардың жертөле үй жайларында орналасуына жол берілмейді. Кеңсеге кірген кезде қабілеті шектеулі адамдар үшін пандустарды көздеу қажет.
      4. Кеңсе жеке сот орындаушысының қызметі үшін анықталған атқарушы округтың аумағында еркін қатынау үшін ашық орында орналасуы және азаматтарды қабылдау үшін жарамды болуы тиіс.
      Кеңсенің жұмыс уақыты және жеке сот орындаушысының қабылдау сағаты кеңсеге кірер алдында жазылады.
      5. Жеке сот орындаушысының кеңсесі жеке сот орындаушысының кабинетінен, азаматтарды күту, атқарушылық iс жүргiзулерді сақтайтын үй-жайлардан тұрады.
      Атқарушылық iс жүргiзулерді сақтау үшін жеке үй-жай болмаған жағдайда, атқарушылық iс жүргiзулерді жеке сот орындаушысының кабинетінде жабылатын темір шкафтарда сақтауға жол беріледі.
      Жеке сот орындаушысының лицензиясы азаматтарға қол жетімді жерде орналастырылуы қажет.
      6. Бір атқарушылық округте қызметін жүзеге асыратын жеке сот орындаушыларының аумақтық органның рұқсатымен жалпы кеңсесі болуы мүмкін, бұл ретте әрбір жеке сот орындаушысы өз өкілеттіктерін өз атынан жүзеге асырады.
      7. Кеңсенің үй-жай алаңы қажетті кеңсе жиһазы мен жабдығын еркін орналастыруды қамтамасыз етуі қажет және әрбір жеке сот орындаушысына 12 м2 кем болмауы тиіс.
      8. Жеке сот орындаушысының жұмыс орны кеңсе үстелін, компьютер не ноутбукты, принтерді қамтуы тиіс. Кеңседе көшіру аппараты және сканер болуы тиіс. Принтер, көшіру аппараты және сканер осы техниканың функцияларын көздейтін бір жабдыққа жинақталуы мүмкін. Құжаттарды, мөрлер мен мөртабандарды сақтау үшін үй-жайда сейф болуы қажет.