«Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңның 29-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 ақпандағы № 172 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (Азбаев Б.О.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Н. Қаппаров
Қазақстан Республикасы
Қоршаған орта және су
ресурстары министрінің
2014 жылғы 17 қаңтардағы
№ 9-ө бұйрығымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары
министрлігінiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті»
мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi - Комитет) орман шаруашылығы, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында атқарушылық, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлiгiнiң (бұдан әрі – Министрлік) құзыретi шегінде ведомство және уәкілетті орган болып табылады.
2. Комитет өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитеттің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрімен келісіп алғаннан кейін Министрліктің Жауапты хатшысы бекітеді.
4. Комитет Министрлiкке ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы жазылған мөрлерi мен мөртабандары, белгiленген үлгідегi бланкілерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.
6. Егер Комитетке заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берiлген болса, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуына құқығы бар.
7. Комитет өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Заңды тұлғаның заңдық мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Сол жағалау, Орынбор көшесі 8, «Министрліктер үйі», 5-кіреберіс.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi» мемлекеттiк мекемесi.
10. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
11. Комитет қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттердi орындау мәселесіне кәсiпкерлiк субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге Комитетке тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық актілермен оған табыстар әкелетiн қызметті жүзеге асыру жөнінде құқық берiлсе, мұндай қызметтен алынған табыстар мемлекеттік бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.
13. Комитет:
1) орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасынан;
2) жануарлар дүниесі басқармасынан;
3) қаржылық және ұйымдық-құқықтық жұмыс басқармасынан тұрады.
14. Комитеттің мынадай аумақтық бөлімшелері бар:
1) «Ақмола облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
2) «Ақтөбе облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
3) «Алматы облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
4) «Атырау облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
5) «Шығыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
6) «Жамбыл облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
7) «Батыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
8) «Қарағанды облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
9) «Қостанай облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
10) «Қызылорда облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
11) «Маңғыстау облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
12) «Павлодар облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
13) «Солтүстік Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
14) «Оңтүстiк Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
15. Комитет мына мемлекеттік мекемелерді басқаруды жүзеге асыратын орган болып табылады.
1) «Ақсу-Жабағылы мемлекеттiк табиғи қорығы» республикалық мемлекеттiк мекемесi;
2) «Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттiк мекемесi;
3) «Алматы мемлекеттiк табиғи қорығы» республикалық мемлекеттiк мекемесi;
4) «Барсакелмес мемлекеттiк табиғи қорығы» республикалық мемлекеттiк мекемесi;
5) «Батыс Алтай мемлекеттiк табиғи қорығы» республикалық мемлекеттiк мекемесi;
6) «Қаратау мемлекеттiк табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесi;
7) «Қорғалжын мемлекеттiк табиғи қорығы» республикалық мемлекеттiк мекемесi;
8) «Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттiк мекемесi;
9) «Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттiк мекемесi;
10) «Үстiрт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесi;
11) «Баянауыл мемлекеттiк ұлттық табиғи паркi» республикалық мемлекеттiк мекемесi;
12) «Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркi» республикалық мемлекеттiк мекемесi;
13) «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркi» республикалық мемлекеттiк мекемесi;
14) «Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркi» республикалық мемлекеттiк мекемесi;
15) «Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесi;
16) «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі;
17) «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі;
18) «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі;
19) «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі;
20) «Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттiк мекемесi;
21) «Катонқарағай мемлекеттiк ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесi;
22) «Ертiс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» республикалық мемлекеттiк мекемесi;
23) «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» республикалық мемлекеттiк мекемесi;
24) «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі;
25) «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі;
26) «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі;
27) «Қазақ мемлекеттік республикалық орман тұқымы мекемесi» республикалық мемлекеттік мекемесi;
28) «Сандықтау оқу-өндiрiстiк орман шаруашылығы» республикалық мемлекеттік мекемесi.
16. Комитет мына мемлекеттік кәсіпорындарды басқаруды жүзеге асыратын орган болып табылады.
1) «Қазақ ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны;
2)«Охотзоопром» ӨБ» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны;
3) «Жасыл Аймақ» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны;
4) «Қазақ мемлекеттік орман шаруашылығын жобалау жөніндегі жобалау-iздестiру институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
5) «Алматы орман селекциялық орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны;
6) «Көкшетау орман селекциялық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны;
7) «Қазақ орман орналастыру кәсiпорны» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны.
2. Комитеттің негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен
мiндеттіліктері
17.Комитеттің міндеттері:
1) орман ресурстарын сақтау;
2) ормандарды молықтыру және орман өсіру.
18. Комитет мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) орман шаруашылығын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының орман шаруашылығымен айналысатын құрылымдық бөлімшелерінің, сондай-ақ орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдарының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру мәселелері бойынша қызметін үйлестіру;
3) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген құзыреті шегінде мемлекеттік орман қорын иелену мен пайдалануды жүзеге асыру;
4) ормандарды қорғауды, күзетуді, молықтыруды және орман өсіруді ұйымдастыру мен қамтамасыз ету, өзінің функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қоры аумағында орман пайдалануды реттеу;
5) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде есептік кеспеағаш аймағын және ағаштың кесілетін жасын белгілеу мен бекітуді қамтамасыз ету;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен орман қатынастары саласындағы халықаралық келісімдер мен шарттарды іске асыру;
7) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының орман шаруашылығымен айналысатын құрылымдық бөлімшесі басшысының, сондай-ақ орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары басшыларының орман қорының жай-күйі, оны күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру мәселелері бойынша есебін тыңдау;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығын, сондай-ақ ормандардың жай-күйi мен молықтырылуына қауiп төндiретiн жұмыстарды тоқтата тұру, шектеу, тоқтату;
9) орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру, орман селекциясы және орман тұқым шаруашылығы саласындағы ғылыми-техникалық даму бағыттарын айқындау, ғылыми зерттеулер мен жобалау-iздестiру жұмыстарын ұйымдастыру;
10) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкілді және атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен өзінің қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерiндегі орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер ұйымдастыру және өткiзу;
11) Қазақстан Республикасының орман заңнамасы, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасы саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарау;
12) мемлекеттік орман иеліктерінің орман орналастыру жобаларын және басқа да орман орналастыру құжаттарын бекіту;
13) мемлекеттік орман қоры аумағында ағаш кесудің жыл сайынғы көлемдерін қалыптастыру және бекіту;
14) орман тұқымдарын аудандастыруды бекіту;
15) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беру және осы учаскелерді осындай объектілер салу үшін пайдалануға рұқсат беру;
16) орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, мемлекеттік орман қоры аумағында ормандар мен орман орналастырудың мемлекеттік мониторингін жүргізуді қамтамасыз ету;
17) ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде орман пайдаланушылар әзірлейтін өртке қарсы іс-шаралар жоспарларына қойылатын талаптарды өрт қауіпсіздігі жөніндегі уәкілетті органмен бірге айқындап алу;
18) орман өртінің шығу қатері орын алуы мүмкін климаттық және ауа райы факторларын басшылыққа ала отырып, ормандағы өрт қауіпі бар маусымды анықтау;
19) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман шаруашылығы іс-шараларының орындалу сапасына және олардың орман орналастыру жобаларына сәйкестігіне мемлекеттік бақылау жасау;
20) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдіктердің санатына жатқызылған түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беру;
21) нормативтік құқықтық актілер әзірлеу жөнінде жұмыс органы болып табылады, реттейтін саладағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік органдарда келісуден (тіркеуден) өтуіне қатысады;
22) Комитеттің, Комитет басқаратын ұйымдардың және аумақтық бөлімшелердің бюджеттік өтінімін дайындауды, оны Министрлікке беруді, сондай-ақ бюджеттік процестің өзге рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
23) мынаған:
орман қорының жай-күйіне, оны күзетуге, қорғауға, пайдалануға, ормандарды молықтыруға және орман өсіруге;
орман қорының сандық және сапалық өзгерiстерiне, ормандардың санитариялық жай-күйiне, ормандардағы орманның патологиялық жағдайына;
мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын орман пайдалануға беру тәртібіне және ұзақ мерзімді орман пайдалану шарттарының сақталуына;
ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптарының, ормандағы өрттердiң алдын алу, оларды дер кезiнде байқау мен жоюды қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шаралардың орындалуына, сондай-ақ өртеңдер алқаптарының есебiн жүргiзудiң және мемлекеттiк орман қорына өрттен келген залалды анықтаудың дәлме-дәлдiгiне, орман өрттерiнiң зардаптарын жою жөнiндегi шаралардың уақтылы қабылдануына;
орман шаруашылықтарын кешенді жүргізу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жер учаскелерінің меншік иелеріне немесе жер пайдаланушыларға пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі ағаш және бұта өсімдіктерінің жай-күйіне, күзетілуіне, қорғалуына, пайдаланылуы мен молықтырылуына;
ормандарды орман зиянкестері мен ауруларынан қорғау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуына, орман зиянкестерi мен аурулары ошақтарының пайда болуының, таралуының, екпелердiң табиғи, антропогендік және техногендік сипаттағы қолайсыз әсерлерден қурап-солып қалуының алдын алу жөнiндегi шаралардың дер кезiнде қабылдануына, олардың есебiн жүргiзу мен болжаудың дәлме-дәлдiгiне;
кеспеағаштардың бөлінуіне;
мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату мен ағаш кесу қағидаларының, орман пайдаланудың өзге де қағидаларының сақталуына;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ормандарында күзет режимдерінің сақталуына;
мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман тұқымдарын аудандастырудың сақталуына, орман тұқымдарының дайындалуына, өңделуіне, сақталуы мен пайдаланылуына, питомник шаруашылығының жүргiзілуіне;
орман қоры жерлерiнiң олардың нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылуына және осы жерлердiң қорғалуына;
құрылыс жұмыстары, пайдалы қазбалар өндiру, коммуникациялар тарту және орман шаруашылығын жүргiзумен және орман пайдаланумен байланысты емес өзге де жұмыстарды орындау кезiнде мемлекеттiк орман қорын пайдалану тәртiбiнiң сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру.
19. Комитеттің міндеттері:
1) жануарлар дүниесі ресурстарын сақтау;
2) жануарлар дүниесі ресурстарының өсімін молайту.
20. Комитет мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету;
2) аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің аккредиттелген республикалық қауымдастықтарының қатысуымен бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алу квоталарын бөлу;
3) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында ғылыми-зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруды және (немесе) қамтамасыз ету;
4) жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізуді ұйымдастыру;
5) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, сондай-ақ жасанды түрде өсіру жөніндегі қызметті ұйымдастыру;
6) аңшылық алқаптардың резервтік қорында және (немесе) учаскелерінде жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және мемлекеттік есепке алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
7) резервтік қордың аңшылық алқаптарының шаруашылықаралық аңшылық ісін ұйымдастыруды жүзеге асыру;
8) жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу жөнінде ұсыныс жасау;
9) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын анықтау мақсатында жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қызметін тексеру;
10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу;
11) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында халықаралық келісімдер мен шарттарды іске асыру;
12) дала және тышқан тектес кемiргiштердi жойған кезде, сондай-ақ жануарлардың құтыру індеті және басқа аурулары жағдайында улы химикаттар қолдануды келiсіп алу;
13) аңшылық алқаптарды бекітіп беру туралы облыстың жергілікті атқарушы органының шешімін келісу;
14) жануарлар дүниесін пайдаланушылармен аңшылық шаруашылығын жүргізуге шарттар жасасу;
15) жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншігіндегі немесе уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелерінде орналасқан аңшылық алқаптарын толықтай бекітіп беруге ұсыным жіберу, олар белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен олардың өтінімі бойынша конкурс өткізбей-ақ бекітіп беру;
16) біліктілік талаптарына сәйкес келген, шарттық міндеттемер орындалған жағдайда бұдан бұрын бекітілген, бекіту мерзімі өтіп кеткен аңшылық алқаптарын олар бекітілген тұлғалардың өтінімі бойынша оларды конкурс өткізбей-ақ қайта бекітуге ұсыным жіберу;
17) аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарына кредиттеуді жүргізу;
18) Әкімшілік органның Жабайы флора мен фаунаның құрып кету қаупi төнген түрлерiнің халықаралық саудасы туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағында әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсат беру;
19) жануарлар дүниесінің объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санаттарға жатқызылған жануарлар түрлерін әкелуге және әкетуге рұқсаттар беру;
20) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру;
21) сирек кездесетіндерін және құрып кету қаупі төнгендерін қоспағанда, жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсаттар беру;
22) уәкілетті орган белгілеген жануарларды интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру тәртібінің сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалау жасау;
23) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалау жасау.
21. Комитеттің міндеттері:
мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін сақтау.
22. Комитет мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттік органдардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы салааралық қызметін үйлестіру;
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
3)ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында халықаралық келісімдер мен шарттарды орындау;
4) заңды тұлға мәртебесіндегі республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшерін бекіту;
5) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың техникалық-экономикалық негіздемелерін түзету жобаларын бекіту;
6) табиғат қорғау ұйымының рәміздерін (эмблемасы мен жалауын) бекіту;
7) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды және республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын азайту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді бекіту;
8) өзінің қарауындағы табиғат қорғау мекемелерінің ережелерін бекіту;
9) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді бекіту;
10) заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына енетін су объектілерінде балық аулау көлемін бекіту;
11) туристік соқпақтар мен маршруттардың паспорттарын бекіту;
12) аса құнды экологиялық жүйелер мен объектілерді қамтымайтын арнайы бөлінген учаскелерде мемлекеттік табиғи қорықтарда реттелмелі экологиялық туризмді жүргізу үшін экскурсиялық соқпақтар мен маршруттардың паспорттарын бекіту;
13) өздерінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйі, оларды күзету, қорғау, пайдалану және қаржыландыру мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың есептерін қарау;
14) өзінің қарауындағы республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, экологиялық дәліздерді құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелер жобаларының әзірленуін ұйымдастыру және бекіту;
15) өзінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастыру;
16) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ғылыми қызметті ұйымдастыру;
17) өзінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға басшылық жасау, оларда күзетуді, қорғауды және қалпына келтіруді, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргізілуін қамтамасыз ету;
18) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын жүргізу;
19) өздеріне туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің учаскелерін құрылыс объектілерін салуға пайдалануға жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беру;
20) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда биологиялық негіздеменің негізінде заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды, ғылыми–зерттеу мақсатында аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды жүзеге асыруға рұқсат беру;
21) табиғат қорғау мекемелерінің учаскелерін қысқа мерзімді пайдалануға рұқсат беру;
22) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын келісу;
23) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды функционалды аймақтарға бөлуді түзету жобаларын келісу;
24) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемаларын, аумақтық дамудың өңіраралық схемаларын, қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын және экологиялық дәліздердің аумақтарын қамтитын өзге де қала құрылысы құжаттамаларын келісу;
25) өзге орталық атқарушы органдардың қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын келісіп алу және тіркеу;
26) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді келісу;
27) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ұсынымы бойынша жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесін келісу;
28) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты функционалдық аймақтауды түзету жобасы мен басқару жоспарын, паспорттарын келісіп алу;
29) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы қалпына келтіру іс-шараларын келісіп алу;
30) Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізу;
31) өз құзыреті шегінде мемлекеттік табиғат ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи қаумалдарды және мемлекеттік қорық аймақтарын қорғау мақсатында оларды орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелеріне, табиғат қорғау мекемелеріне бекітіп беру туралы шешімдер қабылдау;
32) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі белгілеген арнайы экологиялық талаптарды ескере отырып, мемлекеттік қорық аймақтарының аумағында геологиялық зерттеуді, пайдалы қазбалар барлауды келісіп алу;
33) өзінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын тіркеу;
34) салынуы мен жұмыс істеуі ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін босалқы жерлерге ауыстыруды қажет ететін туризм объектісін, су шаруашылығы құрылысын, Мемлекеттік шекара объектісін ықтимал орналастырудың басқа нұсқаларының (орындарының) болмауы мәселесін қарау үшін комиссия құру;
35) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің жай-күйіне, күзетілуіне, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;
36) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін босалқы жерлерге ауыстырудың техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобаларын келісіп алу;
37) аумақтық бөлімшелердің құзіретін белгілеу.
23. Комитеттің міндеті:
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің қарауындағы республикалық заңды тұлғалар жөнінде орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында тиімді басқару.
24. Комитет мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады;
2) республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсететін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;
3) республикалық мемлекеттік мекеме қызметінің нысанасы мен мақсатын айқындайды;
4) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға республикалық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсатын айқындау бойынша, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
5) республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды және бекітеді;
6) республикалық заңды тұлғалар мүлкінің сақталуын және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
7) акционері мемлекет болып табылатын тиісті саладағы ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының орындалуын бақылау мен және талдауды жүзеге асырады;
8) тиісті саладағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылау мен талдауды жүзеге асырады;
9) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға республикалық заңды тұлғаға берілген немесе ол өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін береді;
10) республикалық мемлекеттік мекемелердің ережесін, оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
11) республикалық заңды тұлғаның жылдық қаржылық есептілігін бекітеді;
12) республикалық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және сататын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) баға белгілейді;
13) республикалық мемлекеттік мекемелердің филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім береді;
14) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша республикалық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады;
15) жыл сайын еңбекке ақы төлеу қорының мөлшерін, бірінші басшылардың, оның орынбасарларының және бас бухгалтердің лауазымдық айлықақыларының мөлшерін, оларға сыйақы беру жүйесін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге сыйақы төлеу жүйесін белгілейді.
16) Қазақстан Республикасының заңнамасы оның құзыретіне жатқызған өзге де мәселелерді шешеді.
25. Негізгі міндеттерді орындау және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін Комитеттің өз құзіреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы орман қорының бүкiл аумағында ормандарды күзету, қорғау, молықтыру және орман пайдалану жөніндегі жұмыстар мен iс-шаралардың барлық түрлерiн тексерудi жүзеге асыруға;
2) орман шаруашылығын жүргізу, орман пайдалану, ормандарды молықтыру, күзету және қорғау қағидаларын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнаманы бұзушылықтарды жою туралы орындау үшiн мiндетті нұсқаулар беруге;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес орман пайдалану құқығын тоқтата тұруға, шектеуге, тоқтатуға;
4) Қазақстан Республикасының аумағында тұратын немесе оған келген азаматтардан, лауазымды тұлғалардан жануарлар дүниесiн пайдалануда белгіленген қағидалар мен нормаларды, тыйым салулар мен шектеулердi сақтауды талап етуге, тәртiп бұзушылықтарды тоқтату туралы орындау үшiн мiндетті нұсқаулар беруге;
5) жануарлар дүниесiн өз бетiмен пайдалануды тоқтатуға, жүргiзу кезiнде жануарлар дүниесін қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi ережелер, нормалар және өзге де талаптар бұзылатын жұмыстарды тоқтатуға;
6) өсiмдiктер дүниесiн пайдалануға шарттар жасасуға;
7) аңшылық шаруашылығын жүргізуге шарттар жасасуға;
8) облыстық атқарушы органмен бiрлесiп аңшылық алқаптарын бекiтiп беру жөнiнде конкурстық комиссия құруға;
9) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан өзiнiң функцияларын орындау үшiн қажет ақпаратты сұратуға және алуға;
10) өзінің құзыреті мәселелері бойынша болжау жасалып отырған жобалардың редакцияларын қоса тіркеп, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзiрлеу немесе оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнінде ұсыныстар енгізуге;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен сотқа талап-арыздармен жүгiнуге, оларды қарауға қатысуға;
12) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы және міндеттері бар.
3. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
26. Комитет заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажет өкілеттіктерге ие.
27. Комитет төрағасын қызметке Министр тағайындайды және қызметтен босатады.
28. Комитет төрағасының ұсынысы бойынша Жауапты хатшы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.
29. Комитет төрағасы Комитет қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы және оның өз функцияларының жүзеге асырылуы үшін жеке жауаптылықта болады.
30. Комитет төрағасы Министрліктің басшылығына Комитеттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсныстар береді.
31. Комитет төрағасы:
1) Комитет төрағасының орынбасарларынан басқа, Комитет қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
2) Жауапты хатшыға аумақтық бөлімшелердің бірінші басшылары мен олардың орынбасарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы, сондай-ақ оларды ынталандыру және тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы ұсынымдар енгізеді;
3) өз орынбасарларының, қызметкерлерінің, Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің және ол басқаратын ұйымдардың басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді және бекітеді;
4) өзінің құзыреті шегінде Комитетке сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасауға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін жеке жауаптылықта болады;
5) Комитет Төрағасының орынбасарларынан және аумақтық бөлімшелердің бірінші басшылары мен олардың орынбасарларынан басқа, Комитет қызметкерлерін, ведомстволық бағынысты ұйымдардың бірінші басшылары мен олардың орынбасарларын ынталандырады және оларға тәртіптік жаза қолданады;
6) іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, үстемақы мен сыйақы төлеу мәселелерін шешеді;
7) Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін, сондай-ақ өзінің құзіреті шегінде Комитет басқаратын ұйымдардың құрылтай құжаттарын бекітеді;
8) мемлекеттік органдарда, өзге ұйымдарда сенімхатсыз Комитеттің өкілі болады;
9) реттелетін салада мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар тұжырымдайды;
10) аумақтық бөлімшелердің Комитетпен өзара іс-қимылының құзыреті мен тәртібін айқындайды;
11) аумақтық бөлімшелер және басқаратын ұйымдар актілерінің қолданылуын жояды немесе толық немесе ішінара тоқтатады;
12) бұйрықтарға қол қояды;
13) Қазақстан Республикасының Парламентінде, мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда Комитеттің өкілі болады;
14) Комитет жұмысының регламентін бекітеді;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Төраға болмаған кезде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
30. Комитет қабылдайтын шешiмдер Комитет төрағасының бұйрықтарымен ресімделеді.
31. Комитет төрағасының орынбасарлары:
1) өздерінің өкілеттігі шегінде Комитет қызметін үйлестіреді;
2) Комитет төрағасы болмаған кезде Комитеттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Комитетке жүктелген міндеттерді орындау және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауаптылықта болады;
3) Комитет төрағасы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
32. Комитеттің құзіретіне енетін мәселелер бойынша Комитет атынан басқа мемлекеттік органдарға жіберілетін құжаттарға Комитет төрағасы, ал ол болмаған кезде – оны алмастыратын тұлға қол қояды.
4. Комитеттің мүлкi
33. Комитеттiң заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Комитеттiң мүлкi оған меншік иесі берген мүлiктiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасы тыйым салмаған өз қызметінің және өзге де көздердің нәтижесінде сатып алынған мүліктің (ақшалай табыстарды қоса алғанда) есебінен қалыптасады.
34. Комитетке бекiтiп берілген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
35. Комитеттiң өзiне бекiтілiп берiлген мүлiктi және, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
36. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.